Сабақ № 5 | Күні: 3. 10. 2015 ж. |
Сабақ тақырыбы: | Алгоритм ұғымы |
Сілтеме: | Жоспар (күнтізбелік жоспар) |
Жалпы мақсаттар: | Оқушыларға жалпы алгоритм ұғымын, жазу жолдарын, қасиеттерін, графикалық кескінделуі туралы түсінік беру, программалау тілі және программалау тәсілдерін үйрету. Оқушылардың сабақ мақсатында және дүниетанымын кеңейту мақсатында программалардың жаңа мүмкіндіктерін, қосымша мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін меңгерту. Алгоритмді белгілі бір жағдайларда қолдануын дамыту және оның ерекшеліктерін үйрету. |
Оқыту нәтижелері: | Алгоритм туралы түсінік алу, алгоритмді графика арқылы кескіндеу. Зерттеу арқылы оқушылардың арасындағы қарым-қатынасын жақсарту, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуының басымдықтарын айқындау. |
Түйінді идеялар: | Оқушылар бойында алгоритм ұғымын қалыптастырып, қасиеттерін түсіндіру, сонымен қатар алгоритмді ұсынудың графикалық әдісін меңгерту. |
Орындалатын іс-әрекеттер: |
Мұғалімнің орындалатын іс-әрекеттері | Оқушының орындалатын іс-әрекеттері |
1.Ұйымдастыру. 3 (мин). | 1.Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы. |
2.Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық: а) Алгоритм, оның қасиеттері туралы ұғымын тексеру. ә) Программа туралы ұғымын тексеру. б) Оқушылардың программамен жұмыс істеу дәрежесін анықтау. (әр оқушының) | 2. Сұрақтарға жауап береді, пікір алмасу: а) Алгоритм дегеніміз не? Қалай орындалады? ә) Алгоритмнің қасиеттері қандай? б) Алгоритмнің жазылу жолдары? |
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: а) Алгоритмнің жазылу жолдарын таныстырып, графикалық кескіндеу принциптерін меңгерту. ә) Алгоритмнің блок-схемалары бойынша мәлімет беріп, көрнекілік слайд көрсету. б) Алгоритмді программалау тілдері бойынша және тілдердің жалпы ережелер бойынша түсінік беру, . | 3. Презентация бойынша, интерактивті тақтада мысалдар: а) Алгоритмнің жазылуы бойынша мысалдар көрсету. (1- қосымша, презентация). ә) Слайдты талқылау, блок-схемаларды пайдаланып алгоритм құрылымын жазу, (мысалдар орындау) , (2 – қосымша). б) Болк-схемалардың қасиеттерімен танысып, тапсырмалар орындау. (компьютерлік тапсырмалар), (3 – қосымша тапсырмалар орындау) |
4. Жаңа материалды меңгергенін тексеру: а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, бақылау, қосымша бағыт-бағдар беру. | 4. Жеке-жеке тапсырмалар беріледі: а) Оқушылар оқулықтағы өзіндік тапсырманы орындайды. ә) Карточкалар үлестіріліп, деңгейлік тапсырмалар жеке-жеке орындалады. (3-қосымша бойынша тапсырмалар орындау). б) Математикалық есептерді (мысал) алгоритм құрылымына сәйкес блок – схема түріне келтіру. (4-қосымша, логикалық есептерге алгоритм құру) |
5. Сабақты бекіту: а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, қалыптастыру, бағыт-бағдар беру. | 5. Оқушылардың білімдерін бекіту: а) «Әрбір жоспарланған әрекеттер әрқашанда нәтижеге жеткізеді» тақырыбында постермен жұмыс жасалады. |
6. Үйге тапсырма беру, сабақты қорытындылау, бағалау. | 6. Сабақты қорытындылау: а) Үй тапсырмасына түсініктеме беріп, орындауға бағыт-бағдар беру. ә) Оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша қосымша деректер (баяндамалар, мәнмәтін, қосымша ақпарат) жазып, қорғау. б) Сабақ соңында тапсырмалардың қорытындысын жасап, оқушыларды бағалау. |