Алгоритм терминімен біз таныспыз. Алгоритм – қажетті нәтижеге жеткенге дейін орындалуы тиіс әрекеттер т ізбегі. Басқаша айтқанда орындалуы, алға қойған мақсатқа жетуде қандай ірекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқаулар. Алгоритм орындалуына байланысты әр түрлі болып келеді. Алгоритмнің 3 түрі бар. Сызықтық алгоритм Тармақталған алгоритм Циклдік алгоритм Сызықтық алгоритм қарапайым қадамдар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің бірінен кейін бірі тізбектеле орындалуы сызықтық алгоритм деп аталады. | Бутерброд дайындау алгоритмі Басы: Нанның бір тілімін кесемін Май жағамын Ірімшіктің бір тілімін кесемін Нанның бетіне қоямын соңы Мұнда алгоритм қадамдары бірінен кейін бірі тізбектеле орындалады. Тармақталған алгоритм – белгілі бір логикалық шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайды. Тармақталу алгоритмде егер, онда, әйтпесе (болмаса) тірек сөздері қолданылады. | Ауа райына қарай киіну алгоритмі Басы: Егер сыртта жаңбыр болса, Онда етік киемін, Болмаса туфли киемін соңы Егер алгоритмде бірнеше рет қайталанатын қадамдар болса, мұндай алгоритмді циклдік деп атаймыз. |
Тапсырма №1 Берілген мәтін және сурет бойынша: топтар тапсырманы орындап, топта талқылау арқылы постер құрады және қорғайды. 1-топ. «Көшет отырғызу» алгоритмі 2-топ. «Компьютер сөндіру» алгоритмі
Сергіту сәті: If You're Happy Тапсырма №2 Алгонритм орындаушысын тауып сәйкестендіріңдер. Тапсырма №3 Жалған немесе ақиқат 1.Билл Гейтс алгоритм ұғымының негізін қалаушы (Бұрыс) Неправда 2.Алгоритмнің сызықтық, тармақталған, циклдік түрлері бар (Дұрыс) Правда 3.Бағдарламалар алгоритмді қолдану арқылы жасалады. (Дұрыс) Правда 4.Алгоритм атқарушысы -Робот (Дұрыс) Правда 5. алгоритм атқарушысына сандар жатады. (Бұрыс)Неправда 6. Пернетақта компьютердегі ақпаратты шығару құрылғысы. (Бұрыс) Неправда Тест тапсырмасын орындау 1. Алгоритмнің неше түрі бар? a) 3 b) 4 c) 5 d) 6 2. Алгоритм орындаушысы a) Робот b) телевизор c) Мектеп d) Ит 3. Алгоритм атауы қай ғалымның есіміне байланысты аталған? a) Әл-Хорезми b) Әл-Фараби c) Блез Паскаль d) Исаак Ньютон 4. Алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен сипатталады? a) Эллипс b) Паралелограмм c) Ромб d) Тіктөртбүрыш 5. Алгоритмнің қасиеті a) Үзіктілік b) Толықтылық c) Анықтылық d) Графикалық 6. Алгоритм түрлері: a) Сызықтық, тармақталған, циклдік b) Үзіктілік, нәтижелілік c) Жалпылылық, формальдылық d) Бейне, графика, сандық |