Біліммен көпті ұғаласың, Биіктерге шыға аласың. Жаңашылдыққа апаратын, Ой көпірі құламасын. Көпір тапсырмасы. Оқушылармен талқыланатын сұрақтар: Уақытты қандай өлшем бірлікпен өлшейді? Арақашықтықты қандай өлшем бірлікпен өлшейді? Температураны қандай өлшем бірлікпен өлшейді? Сіз ақпаратты қандай өлшем бірлікпен өлшейтінін білесіз бе? " Болжау" әдісін ұсынамын: "Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?"деген сұрақ қойылады.Оқушылар осы сұраққа ойланып,өз ойларын ортаға салады. Кейінірек оларға "Сіздердің болжауларыңыз тура келді ме? Неліктен деп ойлайсыздар? деген сұрақ қойған орынды. Жаңа сабақ. Ақпараттың өлшем бірлігі Ақпарат – информация – information Дабыл – сигнал – signal Өлшем –измерение - measurement Өлшем бірлік – единицы измерение – unit measurement Құжат – документ- document Диск – диск – disk Flash жады - Flash карта – Flash drive Bilimland.kz сайтынан бейнеролик көрсету
Ақпараттың өлшем бірліктері 1 байт = 8 бит 1 Килобайт (КБ) = 1 024 Б 1 Мегабайт (МБ) = 1 024 КБ 1 Гигабайт (ГБ) = 1 024 МБ 1 Терабайт (ТБ) = 1 024 ГБ Мысал: Битті байтқа айналдырсақ 224 бит/8 = 28 байт, ал керісінше байтты битке айналдырсақ, байтты 8-ге көбейтеміз 368 байт *8 = 2944бит Бармақ бөтен болғанмен білек бір, Тірлік бөтен болғанмен тілек бір. Топтық жұмыс «Коллаж әңгіме» әдісі Оқушыларға түрлі-түсті тақырып бойынша суреттер мен сөздер беріледі. Олар қағаздардан қиып алып, алған суреттерін А3 қағазға жабыстырып, әңгіме құрастырады. Оқулықпен жұмыс №1 топ. Ақпараттың өлшем бірліктері №2 топ. Ақпарат тасығыштардың өлшемдері «Семантикалық карта» әдісі Оқушылар сәйкестендіру жұмысын жүргізеді. 1 байт 1 024 КБ 1 Килобайт 1 024 МБ 1 Мегабайт 1 024 ГБ 1 Гигабайт 1 024 байт 1 Терабайт 8 бит Оқушылар жеке ақпараттың өлшем бірліктерін үлкеннен/кішіге қарай орналастырады. 1 ГБ 1 КБ 1025 байт 1 МБ Жауабы: 1 Гбайт 1 Мбайт 1025 байт 1 Кбайт «Смайлик» әдісімен қалыптастырушы бағалау Сергіту сәті. «Бүгін қандай күн?Биыл қандай жыл?» «Елу жылда ел жаңа» демекші қаламызда көптеген оң өзгерістер болып жатыр. Мұғалжардай аудан асыл, Қандыағаштай мекен жасыл. Туған өлкем асқақтасын, Дартарханда мол боп асың. Жерлестерім аман жүрсін, Домалатып өрге тасын. Құтты болсын қос қуаныш, Тойлататын халқың басым. Ауданымызға 20жыл, Қаламызға жарты ғасыр. «Адамды сөзімен емес, ісімен бағала» Тәжірибелік жұмыс. «Ақпаратпен бөлісу» әдісі 50%+50% А деңгейі (Жұптық жұмыс) Есептеңіз:
2 Мб | 2048 КБ | 3ГБ | 3072МБ | 96 бит | 12 байт | 4096 ГБ | 4 ТБ |
Компьютермен жұмыс. В деңгейі (Жеке жұмыс) Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар. Блокнот бағдарламасын іске қосыңыз. «Ақпарат» мәтінін теріңіз. «Мәтін» атымен ақпаратты сақтаңыз. Блокнот бағдарламасын жабыңыз. Өз қапшығыңызда «Мәтін» құжатын табыңыз және бұл құжаттың қасиетін қараңыз(контексттік менюден). Бұл құжаттың көлемін анықтаңыз. Құжаттағы символдар санын санап, қорытынды жасаңыз. С деңгейі (Жеке жұмыс) Ақпарат тасығыш құрылғылардың көлемін анықтаңыз: Қатқыл дискі, Flash-жады, Лазерлік дискі «Бриллант» әдісімен қалыптастырушы бағалау Сабаққа кірген мұғалімдерге «Әсем гүлдер» атты тренинг Ұстаздарға жігер мен күш, қарқын қонсын, Білім менен сусындалып шәкірт озсын. Алдарыңызға шашылсын әсем гүлдер, Өмірлеріңіз гүлдей жайнап жарқын болсын! |