Саба?ты? т?рі: практикум элементтері бар к?рсете т?сіндіру.
Саба?ты? жабды?ы: о?улы?, дербес компьютер, ACTIVOTE ??рыл?ысы, суреттер.
Саба?ты? барысы:
1. ?йымдастыру кезе?і.
2. ?й тапсырмасын тексеру.
§3 бойынша ACTIVOTE ??рыл?ысы к?мегімен тест тапсырмасы орындалады.
3. Білімді ?зектендіру.
С?ра?тар:
1. Біз а?паратпен не істейміз?
2. А?паратты ?алай ?лшеуге болады?
4. Жа?а саба?ты т?сіндіру.
Компьютер – электронды машина. Ол тек электр сигналдарын «?абылдайды». Сонды?тан компьютердегі а?паратты электр сигналдары т?рінде ?ана елестетуге болады. А?паратты компьютерге жазу ?шін, компьютердегі ?рбір белгі (?ріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналды? жо? болуы 0 ар?ылы, ал бар болуын 1-ді? к?мегімен белгілеу ?абылдан?ан.
М?нда «н?л» мен «бір» бит деп аталады.
Бит 0 немесе 1 сия?ты екі м?нні? бірін ?ана ?абылдай алады. Бит а?паратты ?лшеуді? е? кішкене бірлігі болып табылады.
А?паратты ?лшеуді? келесі бірлігі байт деп аталады. 1 байт 8 битке те?. ?детте 1 байтты? к?мегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі: ?ріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.
Сонымен біз а?паратты? ?лшем бірлігі байт екенін білдік. ?мірде ?лкен к?лемді а?паратпен ж?мыс істеуге тура келеді. Сонды?тан а?паратты ?лшеуді? ірі бірліктері де кездеседі:
Енді сендер а?паратты ?лшей аласы?дар. Заманауи технологиялар к?п к?лемді а?паратты тасымалдау?а м?мкіндік береді, мысалы, Интернет желісі ар?ылы. А?паратты жеткізу жылдамды?ы дегеніміз – бір уа?ыт бірлігінде ж?нелтілетін а?парат саны. М?ндай жылдамды? бит/с, байт/с ж?не т.с.с. ?лшенеді.
Сабақтың түрі: практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.
Сабақтың жабдығы: оқулық, дербес компьютер, ACTIVOTE құрылғысы, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
§3 бойынша ACTIVOTE құрылғысы көмегімен тест тапсырмасы орындалады.
3. Білімді өзектендіру.
Сұрақтар:
1. Біз ақпаратпен не істейміз?
2. Ақпаратты қалай өлшеуге болады?
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
Компьютер – электронды машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуы 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.
Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.
Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.
Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады. 1 байт 8 битке тең. Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.
Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:
1 Килобайт (КБ) = 1024 байт
1 Мегабайт (МБ) = 1024 КБ
1 Гегабайт (ГБ) = 1024 МБ
1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб.
Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.
100Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:
Мәтін беттері – 50000
Түрлі түсті слайдтар – 150
Музыкалық фрагмент – 10 минут
Фильм – 15 секунд
Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы, Интернет желісі арқылы. Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с. өлшенеді.
5. Компьютермен жұмыс
А деңгейі
Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.
1. ПускКомпьютер батырмаларын таңдаңдар.
2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар.
3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар.
4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен,Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калкульяторды қолдануға болады.
В деңгейі
1. А деңгейдегі тапсырманы орындаңдар.
2. Документы бумасын ашыңдар.
3. 1 Гбайт көлемді флэшкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.
С деңгейі
Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін калькулятор программасын пайдаланыңдар.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Ақпараттың өлшем бірліктерін (ең кішісінен ең үлкеніне дейін) атаңдар.
2. Бат Кбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем?
3. 1 байттан неше бит бар?
4. «Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген ақпаратта қанша көлемдегі ақпарат бар?
5. «Алақай! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.
6.* Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін?
6. Сабақты қорытындылау.
Тәжірибелік жұмыс және есеп шығарғандары үшін оқушылардың білімдерін бағалау.
7. Үйге тапсырма беру.
§4, тест сұрақтары бойынша өз білімдерін тексеру, сұрақтарға жауап беру. 4 – 6 тапсырмаларды орындау.