Ұзақ мерзімді жоспардың таралуы: 7.2. Ақпаратты өлшеу бірліктері Күні: Сынып: 7 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Ақпаратты өлшеу бірліктері |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.1.1- ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту 7.2.1.2- ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыруды жүзеге асыру |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: • Ақпараттың түрлерін, өлшем бірліктерін білу, атау. Басым бөлігі : • Ақпараттың өлшем бірліктеріне қатысты есептеулерді орындау Кейбір оқушылар: • Үлкен көлемдегі ақпараттардың көлемін анықтау, түрлендіру |
Жетістік критерийі | Ақпараттың өлшем бірліктерін біледі, атай алады Ақпараттың өлшем бірліктеріне қатысты есептеулерді жүргізеді Берілген ақпараттың көлемін салыстырып, ажырата алады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - Ақпаратты өлшем бірліктерін түгендей алады Пәнге қатысты лексика және терминология: Бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт, терабайт Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы - Файл өлшемін байттан килобайтқа ауыстыру үшін … қажет - Файлды басқа форматта сақтау үшін … қажет |
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жеті негізгі мемлекет құраушы жалпыұлттық құндылықтарының Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығын сақтай отырып, -шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту; -алған білімдерін өмірде қолдана алуға дағдыландыру; |
Пәнаралық байланыстар | Математика (үлкен өлшем бірліктен, кіші өлшем бірлікке ауыстыру үшін, кіші өлшем бірліктің үлкен өлшем бірлікке ауыстыру үшін математикалық есептеулер арқылы жүзеге асырылады). |
Алдыңғы білім | Оқушылар компьютерлердің негізгі сыртқы және ішкі құрылғыларымен таныс. Оқушылар ақпаратты өлшеу бірліктеріне қатысты «кило», «мега», «гига» және «терра» жалғауларын еркін пайдаланады деп ұйғарылады. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 2мин 4 минут Білу | Ұйымдастыру: «Flash жады» ,«CD-ROM» және «Қатқыл диск» топтарына топтастыру | 1-топ «Flash жады» 2-топ «CD-ROM» 3топ «Қатқыл диск» |
«Миға шабуыл» Дағды: оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру, қызықтыру, білімді нәтижеге бағытталған тұрғыдан қолдану дағдыларын дамыту мақсатында келесі тапсырма беріледі . Топпен жұмыс Логикасы неде? Тапсырма Оқушылар нысандарды сәйкестендіру арқылы сабақтың тақырыбын ашады, мақсатын болжайды. Оқушылармен бірлесе отырып сабақтын тақырыбын нақтылап, мақсат құрамыз. . | |
| Бағалау: Сабақтың басында оқушыларға «Білім банкі» бланкісі таратылады. Әр оқушы өзінің біліміне сәйкес алған баллын әр тапсырма тұсына салып отырады. Мұғалім топтарды жылдамдықтарына қарай 1 аяқтаған топқа «Жұлдызша» 2 аяқтаған топқа «Төртбұрыш» 3аяқтаған топқа «Үшбұрыш» қиындылары беру арқылы бағалайды | |
7 мин Түсіну Сабақтың ортасы Қолдану 11 минут | Белсенді оқу Оқулықпен жұмыс 1-тапсырма. //Т а/ «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Оқушылар мәтінді жеке оқиды.Ақпараттың өлшем бірліктерін анықтайды, топта талқылайды мысалдар келтіреді. Дескриптор: Ақпараттың өлшем бірліктері туралы түсінік қалыптасты. Ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыру әдістерін білді. Өз білгендері туралы ой бөлісе алды. Бағалау: Фигуралар арқылы ә/ «Қабырғадағы сурет» әдісі //ЖЖ Жаңа тақырып бойынша білімдерін қолдана отырып,сұлбаны толтырады. Оқушылар тапсырманы жұп болып орындайды. Бірін-бірі бағалайды Дескриптор: Бағалау Жұптар бірін-бірі фигуралармен бағалайды. ә/ «Кім жылдам» әдісі /Ж Ақпаратты тасымалдаудың сыйымдылығына қарай сәйкестендіріңіз Дескриптор: Ақпарат тасымалдаушылардың сыйымдылығын анықтай алады Бағалау Топтар бірін-бірі фигуралармен бағалайды | |
Талдау 8минут Жинақтау 8минут | 2 Тапсырма /Ж Сыныптағы саралау жұмысының «Тапсырма» әдісі А деңгей Кітапта 400 бет және әр бетте 70 символдан тұратын 55 қатары бар. Осы кітаптың көлемі н Кб-пен есептеңіздер В деңгей Жедел жадтың көлемі 512 Мб, ал қатқыл дискінің көлемі 120 Гб. Қатқыл дискінің көлемі жедел жадтан неше есе артық екенін табыңдар. С деңгей 8 Мб ақпаратты 85 Кб/с жылдамдықпен тасымалдау үшін қанша уақыт қажет? Ал 10 Гб үшін ше ? Дескриптор: Берілген есепті есептеп,жауабын шығара алады /А/ Ақпарат көлемін өлшем бірліктеріне сүйене отырып салыстыра алады /В/ Ақпарат көлемін тасымалдау үшін уақытты есептей алады /С/ Бағалау: Оқушылар өзін-өзі бағалайды Сергіту сәті: «Сандар» Сандарды ауады дене мүшелерімен салу 4- тапсырма. Критериалды бағалау Компьютердегі тәжірибелік жұмыс (Т) Шығармашылық жұмыс «Екі компьютер туралы хикая» Критерий Екі компьютер жайлы хикаяның жалғасын ойластырыңыз? «Қызық пен жаңалыққа толы ИНФОРМАТИКА елінде АТЛОН және СЕЛЕРОН деген екі компьютер өмір сүріпті. Күндердің күнінде екеуі кімнің жұмыс жасау қабілетінің күшті екенін шеше алмай дауласып қалады. АТЛОН өзінің жадысы Гигабайтпен өлшенетінін алға тартса, СЕЛЕРОН Терабайтпен өлшенетінін айтады. Екеуі даудың шешімін шығаруға ПЕНТИУМ қарияға келеді…» ___________________________________________________________________________» Дескриптор: 1.Оқушылар компьютердің өлшем бірліктерін ажырата алады 2.Өлшем бірліктерін нақты қолдана алады Бағалау: Топтар бірін-бірі фигуралармен бағалайды | Қауіпсіздік техникасын естен шығармайық! |
Сабақтың соңы 5 мин Бағалау | Рефлексия «Нысана» Оқушылар сабақ барысында -Сабақтың қаншалықты түсінікті болғанын; -Сабақ барысының қызықты өтәлуін; -Өзінің белсенділігін; -Алған жаңа ақпарат өлшемін Нысанаға баллдық жүйемен іледі | |
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз. Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырасыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақтау.
|
А деңгей Кітапта 400 бет және әр бетте 70 символдан тұратын 55 қатары бар. Осы кітаптың көлемі н Кб-пен есептеңіздер В деңгей Жедел жадтың көлемі 512 Мб, ал қатқыл дискінің көлемі 120 Гб. Қатқыл дискінің көлемі жедел жадтан неше есе артық екенін табыңдар. С деңгей 8 Мб ақпаратты 85 Кб/с жылдамдықпен тасымалдау үшін қанша уақыт қажет? Ал 10 Гб үшін ше ? Дескриптор: Берілген есепті есептеп,жауабын шығара алады /А/ Ақпарат көлемін өлшем бірліктеріне сүйене отырып салыстыра алады /В/ Ақпарат көлемін тасымалдау үшін уақытты есептей алады /С/ | | Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме? Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |