kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абзацтар, шегіністер және интервалдар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл 6 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абзацтар, шегіністер және интервалдар»

САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Тексердім»

«___________» ________2017 ж

Оқу ісінің меңгерушісі


___________________

Пән аты: Информатика


Сыныбы: 6«А»



Сабақтың тақырыбы: Абзацтар, шегіністер және интервалдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ms Word мәтіндік редакторының абзацтары, шегіністері мен интервалдардын мәтінді теруде пайдалану жолдарымен таныстыру

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 

Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, слайд, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы: 


І. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері ( ортаға оқушыларды шығарып өлеңді оқытып, 2 – топқа бөлу)

Амансың ба Алтын күн!

Амансың ба Көк аспан

Амансың ба Достарым!

Сендерді көрсем қуанам  

Айналаға алақанмен

Жылулықты шашайық

Сәттілік тілеп күлімсіреп

Біз сабақты бастайық!


ІІ. Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға БОЛМАЙДЫ.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютермен жұмыс істеуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға

  4. ТИІСУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

  5. Дербес компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  6. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.


ІІІ Үй тапсырмасы сұрақ - жауап

1. Microsoft Word – ты қалай іске қосамыз? (Жауабы: Бастау (Пуск)-Барлық программалар (Все программы Microsoft Office 2013) -Word 2013

2. Microsoft Word мәтіндік процессорының терезелерін атаңыздар? (Office батырмасы, Жылдам қол жеткізу батырмасы, Тақырып жолы, Пішімдеу сызғышы, Жолақ, Айналдыру жолағы, Масштаб, Қалып-күй жолы)

3. Қалып күй жолы не үшін керек? (Жауабы:Экранда төменгі жол қалып күй немесе ақпараттық жол деп аталады, себебі оның құрамынп құжатпен жұмыс істеу барысында өзгеріп тұратын әртүрлі ақпарат кіреді. Бұл жолда жалпы құжаттың беттер санының ішінен ағымдағы беттің нөмері құжаттағы беттер саны, тілі көрсетілген)

4. Пернетақтада жоқ символды кірістіруге көмектесетін бұйрық қандай? (Жауабы: Кірістіру Символ Басқа символдар)

5. Интервал деген не? (Жауабы: Интервал – қаріптер арасындағы интервалды ұлғайтыға

және кішірейтуге мүмкіндік береді)

6. Кегль деген не?( Жауабы: Қаріптің пункттерде берілген мөлшері)

7. « » мәтінін теру үшін қандай батырманы басу керек?( Жауабы: жолүсті белгісін)


ІV. Ребус әлеміне саяхат( Ребустың жауабы 1. Абзац 2. Шегіністер 3. Интервал)

V. Жаңа сабақ

Пішімдеу ағымдағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген фрагментіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен (1-сурет), жолақтың Басты – Абзац бөлімі (2-сурет) немесе Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің мәзірі (3 сурет) бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады.

Мәтіннің мақсатына байланысты пайдаланудың төрт түрі болады:

- сол жақ шетке қарай туралау – жәй құжат мәтіндерін тергенде қолданылады;

- оң жақ шетке қарай туралау – колонтитулдарда, яғни бөлім тақырыптарын бетердің жоғарғы жағына тұрақты күйде жазу кезінде;

- жол ортасына қарай туралау – тақырыптар жазғанда;

- екі жақ шеттін де туралау – іс қағаздарын, баспахана материалдарын даярлауға пайдаланылады.

Абзацтың ішінде жоларалық интервалды баптау (4 сурет). Тура сол баптаулар Абзац бұйрығының сұхбат терезесінде бар. Жол арасындағы интервал – жолдардың ара қашықтығын тағайындайды. Екі интервалды орнатқанда жолдардың арасына тағы да бір жол тұтастай сиып кетеді

Жоларалық интервалдардың әртүрлі баптаулары бар. Олар: Бірлік интервал, Бір жарым интервал, екілік интервал, екі жарымдық үштік және тағы басқа. Пішімдеу сызғышын экраннан алып тастауға және қайта қоюға болады. Ол үшін пішімдеу сызғышын экранда көрсетуге Түр(Вид)- Көрсету немесе-Жасыру-Сызғыш бұйрығын басамыз.

Пішімдеу сызғышының қызметі: абзацтың параметрлерін (сол жақ және оң жақ шеттер шегіністерін, азат жолды баптау)


VІ. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

Тапсырма №1
1. Мына берілген мәтінді тер. Мәтіннің бар бөлігіне сызғыштан 1,5 см азат жолды тағайындаңдар

2. Жол аралық интервалын пайдаланып арасын 2 етіп орында.

3. Мәтінді сары түспен бояңдар

Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.

Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы апарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналдар жіберу.

Сигналдар аналогтық (үздіксіз), дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтық сигналдарға мысалдары: температура, ток, кернеу, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфабит әріптері, музыкалық нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудіү уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айнаддыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді

Тапсырма №2
1. Мына берілген мәтінді тер. Жол аралық интервалын пайдаланып арасын 1,5 етіп орында.

2. Абзацта мәтінді ортасы бойынша түзетіп орында.

3. Экраннан сызғышты алып тастаңдар

Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді архивтеу терминімен аталады. Архивтеу мәні әдеттегі файлдарды немесе қапшықтарды арнайы архивтік файлға ретпен қаттаудан және орналастырудан тұрады.

Архивтік файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.

Көлемі бойынша үлкен архивтік файлдар бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай архивтер көптомды деп аталады. Том – бұл көптомды архивтің құраушы бөлігі. Архивті бірнеше бөліктерден құрастыра отырып, оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады. Егер қаттау процесі болса, онда кері архивтік файлдарды шешу (архивтен алу) процесі де болуы керек.



VІІ. Сергіту сәті: Орындыққа еркін отырып, көзімізді жұмамыз. Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін қойып, менің сөздеріме құлақ саламыз.Өздеріңізді жасыл тау бөктерінде серуендеп жүрміз деп сезініңіздер,солай елестетіңіздер. Ағып жатқан бұлаққа қарап, қолымызды созып, Саусақтарды жұмып ашу, қолдың білезігін сағат тілімен оңға және солға айналдырамыз (4-5 рет қайталаймыз). Тау бөктеріндегі қалың қарағайға қарап басымызды Басты сағат тілімен және керісінше бұрып, жоғары-төмен, оңға-солға бұрамыз (4-5 рет қайталаймыз) Көздерімізді ашамыз.



VІІІ. Сабақты қорытындылау (үлестірмелі қағаздар)

  1. Сұрақ: Мәтіндік процессордың терезесіндегі пішімдеу сызғышын қалай қосып/ өшіруге болады? Жауабы: пішімдеу сызғышын экранда көрсетуге Түр (Вид) Көрсету немесе жасыру Сызғыш бұйрығын орындаймыз

  2. Сұрақ: Жолдар арасындағы қашықтықты қалай өзгертеміз? Жауабы: Интервал арқылы

  3. Сұрақ: Жоларалық интервалдардың қандай баптаулары бар? Жауабы: Бірлік интервал, бір жарым интервал, қос интервал тағы сол сияқты

  4. Сұрақ: Мәтіннің атауын жолдың ортасына қалай орналастырамыз? Жауабы: Мәтінді ерекшелеп, ортасы бойынша батырмасын басамыз

  5. Сұрақ: Пішімдеу сызғышының қызметі? Жауабы: Абзацтың параметрлерін (сол жақ және оң жақ шеттер шегіністерін, азат жолды баптау)


ІХ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау

Өзін-өзі бағалау парағы

«5» «4» «3» «2»


Х. Үйге тапсырма: §18 Абзацтар, шегіністер және интервалдар оқу, 109 беттегі тестті орындау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Абзацтар, шегіністер және интервалдар

Автор: Бериккалиева Арайлым Бериккалиевна

Дата: 09.02.2017

Номер свидетельства: 389745

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Word м?тіндік редакторы. Абзацтар, шегіністер ж?не интервалдар"
    ["seo_title"] => string(61) "wordmtindikriedaktoryabzatstarshieghinistierzhnieintiervaldar"
    ["file_id"] => string(6) "319552"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460883213"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(144) "Ашы? саба? "Word м?тіндік редакторы. Абзацтар, шегіністер ж?не интервалдар" 6 сынып "
    ["seo_title"] => string(89) "ashyk-sabak-word-m-tindik-riedaktory-abzatstar-shieghinistier-zh-nie-intiervaldar-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "195651"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427952225"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Абзац, шегіністер ж?не интервалдар"
    ["seo_title"] => string(41) "abzats-shieghinistier-zh-nie-intiervaldar"
    ["file_id"] => string(6) "290223"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454933949"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Абзацтар, шегіністер, интервалдар"
    ["seo_title"] => string(35) "abzatstarshieghinistierintiervaldar"
    ["file_id"] => string(6) "275414"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452575051"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Абзацтар шегіністер және интервалдар"
    ["seo_title"] => string(46) "abzatstar_shieghinistier_zh_nie_intiervaldar_1"
    ["file_id"] => string(6) "408187"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491835809"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства