Сабақ № | Күні: 6 сынып, информатика Пән мұғалімі: Бексегуров А Ж |
Сабақ тақырыбы | Алгоритм және оның атқарушылары |
Сілтеме | Информатика 6-сынып, Е.А Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов |
Жалпы мақсаты | Оқушылардың алгоритмдік тілдегі орындаушы ұғымы, орындаушы командалар жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру. |
Міндеттер | - Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру ; - Жаңа тақырыпты оқушылардың білімдерін пайдалана отырып жеткізу ; - Оқушыларды орындаушы және орындаушы командалар жүйесі ұғымдарымен таныстыру. |
Мұғалім үшін оқу нәтижелері | - Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы толықтырып, тақырыпты пысықтау ; - Берілген тапсырмаларды, топта орындауға үйрету; - Оқушылардың бір-бірін бағалауға дағдыландыру; |
Сабақ түрі, әдіс-тәсілдері | топпен жұмыс,АКТ, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» |
Сабақтың көрнекілігі | Интербелсенді тақтада слайдтар, топтарға арналған тапсырма , бағалау парағы. |
Күтілетін нәтиже | Алгоритмдік тілдегі орындаушы ұғымы, орындаушы командалар жүйесі туралы білу. Жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады. |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут | Смайликтер бойынша 2 топқа бөлу Бағалау критерийлері • Өз бетімен білім алуы • Дербес жұмыс жасауы • Топта жұмыс жасауы • Ақпараттық білімі |
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Білу - 3 минут ЭЕМ-нің даму тарихы неше кезеңге бөлінеді? Әр кезеңдегі ЭЕМ-нің негізгі элементтерін атап шық? Аналитикалық машина жобасы қай жылы салынды? | Берілген сүрақтарға әр топ мүшелері шапшаң жауап беруі керек. Топ жетекшілері белгілеп отырады. |
ТҮСІНУ - 10 мин Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру. | А) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды. Сыни тұрғадан ойлау арқылы берілген тапсырманы қорғайды. Постерге түсіреді. |
ҚОЛДАНУ – 10 мин Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар | Тапсырмаларды орындау: Тапсырма №1. Өзіңе таныс бірнеше (3) алгоритмді мысалға келтір. Жұмыс дәптеріңе пункттер бойынша жаз. Тапсырма №2. Жұмыс дәптеріңе орында. У функциясының мәнін табу алгоритмдерін жаз: а) y=(5x2 – 4)(x2 + 7); b) y=(4x + 2)2 + x3; |
ТАЛДАУ – 7 мин Сыни ойлауын дамыту. Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды. | Алгоритм дегеніміз не? Алгоритм сөзі қайдан шыққан? Программа дегеніміз не? Атқарушы дегеніміз не? Мысал келтір. Алгоритм командасы дегеніміз не? Атқарушы – адам мен атқарушы – машина айырмашылығы қандай? Атқарушы командалар жүйесі дегеніміз не? |
ЖИНАҚТАУ- 6 мин Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету | Тапсырма №3. Жұмыс дәптеріңе орында. Келесі алгоритм бойынша У функциясының формуласын тап. а) 1) х –ті х – ке көбейіп, нәтижені а1 деп белгілеу; 2) а1 – ді 5 –ке көбейтіп, нәтижені а2 деп белгілеу; 3) а2–ден 6–ны алып тастап, нәтижені а3деп белгілеу; 4) а1 – ге 4-ті қосып, нәтижесін а4 деп белгілеу; 5) а2 – ні а4 – ке бөліп, нәтижені У деп белгілеу. б) 1) х – ке 1-ді қосып, нәтижені b1 деп белгілеу; 2) 1 – ді b1- ге бөліп, нәтижені b2 деп белгілеу; 3) b2 – ден 1 –ді алып тастап, нәтижені b3 деп белгілеу; 4) b2 –ге 1 –ді қосып, нәтижені b4 деп белгілеу; 5) b3 – ті b4 – ке бөліп, нәтижені b5 деп белгілеу; 6) b5 – тен 1-ді алып тастап, нәтижені У деп белгілеу. |
БББ кестесін тарату білемін | білдім | Білгім келеді | | | | | 2 минут Оқушылар кестені толтырады |
Бағалау | 2 минут Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды. |
Қорытынды баға шығару | Бағалау парағы бойынша бағалау. |
Үйге тапсырма беру / 1минут |
Үйге: Алгоритм және оның атқарушылары | Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу. |
Рефлекция / 1 минут |
Стиккерлер тарату | Оқушылар стикерлерге «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» жазып жапсырады. |