kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сабақтарда АКТ қолдану тәсілдері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

9 сыныпқа арналған "Сабақтарда АКТ қолдану тәсілдері" тақырыбында баяндама

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сабақтарда АКТ қолдану тәсілдері"»

«Сабақтарда АКТ қолдану тәсілдері»

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп –үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалімдер. Өзгермелі қоғамдағы жаңашыл мұғалім – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, рухани дамыған, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған тұлға. Нарық жағдайындағы мұғалімдерге қойылатын талаптар өте көп. Солардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі - ақпараттық комуникациялық технологиялар. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның бүгінгі шарықтап даму кезінде осы заманға сай жан-жақты білімді шәкірт тәрбиелеу әрбір мұғалімнің басты міндеті .

«АКТ құралдары» дегеніміз - ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан-жақты тарату, программалық-аппарттық және техникалық құралдар мен құрылымдар.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдыры:

Интерактивті тақта; Мультимедия; Интернет кеңістігі; Электронды оқулық;

Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті , тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы - сабақта АКТ қолдану. Оқыту процесі барысында АКТ-ның бірі интерактивті тақтаның көмегімен сабақта тіл дамытуға арналған жаттығулар мен анимациялық форматта берілген есептер арқылы оқушылардың қазақ тілі мен математика пәніне қызығушылығын арттыруға болады. Ал видео –сабақтарды қолдану мен перзентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде, қиялды, абстрактілі ойлауды дамытады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды ( иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік , дидактикалық материалдар , т.с.с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса , екінші жағынан , мұғалімдерге осы материалды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео –сабақтар ақпараттық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Әдебиет сабақтарында үнтаспа арқылы түрлі аудио өлеңдер, ертегілер мен шығармаларды тыңдауға болады. Бұл бір сарынды өтілетін әдебиет сабақтарына ақпараттық технологиялар арқылы келген тағы бір өзгеріс болып отыр.

Төменгі сыныптарда АКТ-ның пайдалану аясы өте кең( Сауат ашу, математика, ана тілі, дүниетану және сергіту сәттерінде). Мен өз сабақтарымда АКТ-ны жиі қолдануға тырысамын. Сауат ашу кезеңінде электрондық әліппені пайдаланамын. Бұл 1 -сынып оқушыларына дыбыс пен әріп туралы түсінікті меңгертуді жеңілдетеді. Алуан түрлі суретті мысалдар көрсету арқылы әріптердің таңбасымен таныстырып, жазылу үлгісін электронды түрде көрсетемін.

Математика сабақтарында тақырыпқа байланысты презентациялар қолданамын. Сонымен бірге ережелерді электронды оқулықтарды пайдаланып түсіндіремін. Қарапайым оқулықтан оқығаннан гөрі көргендерін оқушылар есінде тез сақтап жатады. Ал үлгерімі төмен оқушыларға бұл жаңа материалды түсінуіне көмектеседі. Дүниетану сабақтарында табиғат, ауа, газ, т.б. тақырыптарды түсіндіргенде бейнероликтерді қосымша материал ретінде қолданамын.

Ал интернет кеңістігі арқылы мұғалімдер мен оқушыларға арналған түрлі қашықтан өтетін олимпиадалар мен интеллектуалды ойындарға қатысуға болады. Бұл өз кезегінде оқушылардың бойында бәсекелестікке қабілеттілікті арттырып, өзіне деген сенім тудырады.

АКТ-ның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға , ізденуге , тіл байлығын жетілдіруге, өз жұмысының нәтижесін көріп , өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігенен ләззат алуға мүмкіндік береді.

«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші , менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы елміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын, шығармашыл, ізденімпаз , ең бастысы еңбекқор болуы қажет.

XXI ғасыр - техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сындырлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса сабақтарда АКТ-ны қолдану мұғалім мен оқушыға да бірдей тиімді деп ойлаймын.

.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Сабақтарда АКТ қолдану тәсілдері"

Автор: Сапарбаева Құралай Жұмабекқызы

Дата: 30.12.2021

Номер свидетельства: 596648

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?аза? тілі саба?ында АКТ?ны ?олдануды? ма?ызы "
    ["seo_title"] => string(49) "k-azak-tili-sabag-ynda-aktony-k-oldanudyn-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "191710"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427360531"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Жыл мезгілдері."
    ["seo_title"] => string(15) "zhyl_mezgilderi"
    ["file_id"] => string(6) "514141"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1560139921"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?дістемелік баяндама"
    ["seo_title"] => string(22) "distiemielik-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "250280"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447066390"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру"
    ["seo_title"] => string(105) "khimiia-sabak-tarynda-ok-ushylardyn-tanymdyk-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyrug-a-bag-yttalg-an-tiekhnologhiialar"
    ["file_id"] => string(6) "157606"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421607841"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Джилгельдыева Турсунай Дуйсенбаевна"
    ["seo_title"] => string(41) "dzhilghiel_dyieva_tursunai_duisienbaievna"
    ["file_id"] => string(6) "463737"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1522138829"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства