kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Php негіздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл арнайы Ақпараттық жүйе мамандығындағы студенттерге арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Php негіздері»

САБАҚ ЖОСПАРЫ

PHP НЕГІЗДЕРІ.ДЕРЕКТЕР ТҮРІ (ТИПІ).

PHP деректері бірнеше түрге бөлінеді:

ТӨРТ ЖАЙ ТҮРІ БОЛАДЫ-

1. boolean   2. integer   3. float   4. string

ЕКІ АРАЛАС ТҮРІ-

1. array      2. object

ЕКІ АРНАЙЫ ТҮРІ-

1. resource  2. NULL

Алдыңғы сабағымның соңында айтып кеткенімдей программа жазғанда әр деректің түрін жазып қажеті жоқ, себебі PHP интерпретаторы деректің жазылуына байланысты оның түрін өзі белгілеп отырады.|

BOOLEAN.БУЛЕВ - ЛОГИКАЛЫҚ ТҮР.

Бұл түр берілген деректің не шын  не жалған  екенін көрсететін ең қарапайым түр болып есептеледі.

Яғни бұл екі мағынаны білдіру үшін PHP-да мынандай логикалық мәндер қолданылады: шындық-"true", жалған-"false".

Егер бұл мәндерді экранға шығарсақ, онда олар браузер бетінде "true" деген "1" болып көрсетілсе, ал "false" "0" -ді яғни ештеңе көрсетілмейді.

INTEGER (БҮТІН САН).

Өздеріңіз білетіндей, сандар оң, теріс және әр түрлі санау системасы түрінде болады.

Біз бүтін сан ретінде {....,-2,-1,0,1,2,.....} жиынтығындағы сандарды айтамыз.

                     

Байқап отырғаныңыздай, сегіздік санау жүйесіндегі санды жазғанда алдына 0, ал он алтылық санды жазғанда санның алдына 0x қояды.

FLOAT (БӨЛШЕК САН).

                                                        

STRING (ТАРМАҚША).

Тармақша дегеніміз кез келген ұзындықтағы таңбалар жиынтығы.

Тармақшаны үш түрде анықтайды:

1. ДАРА ЖАҚШАМЕН (АПОСТРОФ) БЕЛГІЛЕУ АРҚЫЛЫ-

                           

Суреттегі жасыл нұсқағыш кері слэшті көрсетіп тұр, ол арқылы біз тағы бір дара жақшаны PHP интерпретаторына оны ескеру керектігін нұсқап тұрмыз.Бұл әрекетті зкрандау дейді.

Және бұл жерде жұптасқан жақшаларды дара жақшалардың ішіне салып тұрмыз.

2. ЖҰПТАСҚАН ЖАҚШАЛАРМЕН БЕЛГІЛЕУ АРҚЫЛЫ-

Жұптасқан жақшалардың ішіне айнымалыны жазып оның мәнін көрсете аламыз, себебі дара жақшалар олай істей алмайды.

                 

Бұл жақшалардың дара жақшалардан тағы бір артықшылығы-оның ішінде арнайы басқарушы таңбалар тізбегін жазуға болады.Мысалы,\n -келесі қатарға өту, \t -табуляция,  \\ - кері слэш, \" -жұптасқан жақша т.т.

3. HEREDOC-СИНТАКСИСІ АРҚЫЛЫ -

Бұл синтаксис арқылы жазғанда алдымен оператор

                             

ARRAY (МАССИВ).

Array - бұл айрықша түрдегі айнымалы деп атауымызға болады, себебі мұның құрамына кез келген түрдегі элементер шектеусіз кіре алады.

Массив ішіндегі элементтерге олардың индекстері арқылы байланыса аламыз.Индекс сандық не тармақша түрде болуы мүмкін.Осы қасиеттеріне байланысты массивтерді индексті және ассоциативті деп екіге бөледі.

Ассоциативті массивтегі индекс ключ-кілт деп аталады.

Индексті массивтерді тек "массив" деп атайды да, ал ассоциативті массивтерді "хеш", "ассоциативті" болмаса "сөздік" деп атай береді.

МАССИВТЕР ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛАДЫ?

Массивтерді жасаудың үш түрі бар.

1. Арнайы функция array() арқылы:

                 

Кілт көрсетілмегендіктен, PHP массивке өзі санды индекстер тағайындайды, яғни кілт нөмірлері нольден басталады.

Кейде кілтті аралап беруге болады:

                                         

Енді массив элементтерін көрсету үшін $new_array[0]='a', $new_array[5]='c' деп квадрат жақшаны пайдаланамыз.

Ал ассоциативті массив құрғанда онда қалайда кілт=мән болуы керек:

                         

Бұл массивтің әр элементін тағы да сол квадрат жақша арқылы көрсете аламыз, яғни  $months['Январь']='30', $months['Июль']='31'.

2. array() дің орнына квадрат жақшалар қолдану арқылы.Бірақ бұл алдыңғы үрдіске ұқсас-айырмашылықтары нұсқағышпен көрсеткендей тек квадрат жақшаны қолдануда ғана:

                                  

бұл суреттен және бір ескеретін нәрсе-ол массивтердің кілттері әр түрлі типте бола беретіндігі.

Мысалы, мына массивтің бір кілті "күн" типі "string" болса, екіншісінікі "12" - "integer".

3. Массив құрудың үшінші жолы-ол массивке атау беріп квадрат жақша арқылы көрсету:

                               

Ал енді массив элементін жойып жіберу үшін unset() қолданылады.

unset($weekdays[1]) - массивтегі екінші элемент 'Сейсенбі'- ні жойып жібереді, ал unset($weekdays) - түгел массивті жоқ қылады.

OBJECT (ОБЪЕКТ).

Объект туралы айтпас бұрын класс ұғымын түсіну керек, себебі ол объект жасауға арналған шаблон коды.

Класс class деп аталатын арнайы тағайындалған сөзден кейін класс атауы берілу арқылы анықталады.

Оның атауы кез келген сөз бен сандардан құралуы мүмкін, тек санмен басталмаса болғаны.Класс коды фигуралы жақшаның ішінде жатуы керек.

Класс ішінде айнымалылар мен функциялар да анықталуы мүмкін-олар класстың қасиеттері мен әдістері деп аталады.

                 

Сонымен объект деп оның шаблоны класс арқылы сипатталып анықталатын деректерді айтады.Объектіні кейде класстың данасы деп те атайды.

Объект класстан new деп аталатын оператор арқылы жасалады.

                

Класс ішіндегі қасиеттер мен әдістер public,private,protected деген арнайы сөздермен анықталады.

Жоғарыда көрсетілген әдіс "function getst() -дың ішіндегі $this - жалған айнымалы деп аталады.Ол сол жоғарғы суретте жазылғандай класс ішіндегі оның қасиеті мен әдісіне жүгіну үшін қолданылады және бұл класс үшінде ол ешқандай мәнге ие бола алмайды, яғни тек жай сипатталады.

Ал класс арқылы объект жасалғанда осы аталған $this - те осы объектінің сілтемесі сақталады.

Ал класс пен объект дегенді түсіну үшін мынадай мысал келтіруге болады:

Егер класс пластмасса машиналарды құятын қалып болса, онда сол машиналар объектілер болып саналады.Машиналар бірдей қалыптан шықса да олар бір-бірінен түсімен және кейбір элементерімен өзгешеленуі мүмкін.

Яғни біз бір класс арқылы бірнеше объектілер жасай аламыз.

АРНАЙЫ ӘДІС-КОНСТРУКТОР.

Класс ішінде тағы бір әдіс анықталуы мүмкін.Ол конструктор деп аталады және әр объект жасалған сайын класты инициализациялау, мысалы оның қасиеттеріне жаңа мәндер беру үшін, шақырылып тұрады.Ол конструктордың  кәдімгі әдіс-функциялар сияқты параметрлері болуы мүмкін.

Әдісті конструктор қылып анықтау үшін оны" __construct()"  деп сипаттайды.

     

Сонымен, new операторы арқылы объект жасалған сайын "__construct" әдісі шақырылып тұрады.Ал жақша ішіндегі аргумент мәндері конструкторға беріледі.Осы мәндерді жасалып жатқан объектінің қасиеттеріне беру үшін конструктор ішіндегі жалған айнымалы $this қолданылады.

RESOURCE (РЕСУРС).

Ресурс дегеніміз сыртқы ресурсқа, мысалы деректер базасына не болмаса файлға сілтеме жасайтын арнайы айнымалы-көрсеткіш.Олар арнайы функциялар арқылы жасалып пайдаланылады.

    

NULL.

Null деген сөзді түсінбес бұрын алдында айтып өткенімдей компьютер жады дегенді анықтап алайық. 

Компьютер жады біздер жазған деректер салынатын өте көп кішкентай ұяшықтардан тұрады.Бұл ұяшықтармен байланыс олардың орнын анықтайтын идентификаторлары арқылы жүзеге асады.

Біз тек айнымалымен оның идентификаторын білмей-ақ жұмыс істей береміз, себебі интерпретатор айнымалы мен идентификаторды байланысын өзі қадағалап отырады.

Біз алғашында айнымалыға қандай да бір мән бергенде интерпретатор ол мәнді жадының бір ұяшығына салып, идентификатор мен ұяшықты өзара байланыстырып қояды.Яғни осындай байланыстағы айнымалы "анықталған" болып есептеледі.

Ал бос айнымалы дегеніміз ұяшықтың іші бос дегенді білдіреді.

Егер айнымалыны былай  $a = Null деп анықтасақ, онда айнымалы мен ұяшық арасындағы байланыс жойылады да, айнымалы жоқ болғандықтан ол "анықталмаған" болып есептеледі.





Сабақтың тақырыбы: Курстық жұмысты жазу.

Сабақтың мақсаты: Курстық жұмысты жазудың ережесін білу

Білімділігі: Оқушыларға курстық жұмысты жазу туралы нақты білім беру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: кж

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Курстық жұмысты жазу.


Курстық жұмыс титул бетінен басталуы керек. Титул бетінде оқу орнының толық атауы, сіз білім алып жатқан факультет, кафера жазылады. Әрбір жазылған атау бір жолға жазылады және соңында ешқандай тыныс белгісі қойылмайды.Ары қарай, жол тастап, сіздің толық аты-жөніңіз. Тағы жол тастап курстық жұмыстың тақырыбын жазуыңыз керек.  Осының барлығын ортаға жинақтайсыз. Титул бетінің ең соңғы жолына қалаңызды және курстық жұмысты жазып отырған жылды жазасыз(барлығын ортаға жинақтайсыз). Жол соңында нүкте қойылмайды.

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс қандай да бір арнайы пәннің мәселелерін жазбаша түрдегі студенттердің өз бетінше жасалған жұмысы. Шығармашылық өрісін және тәжірибелік  қабілеттілігін жүйелі, теориялық, тәжірибелік  ақпараттарды терең игеру сәйкесінше оқу жоспары бойынша студент курстық жұмысты орындайды.

Курстық жұмыстың жазылуының негізгі мақсаты таңдалған тақырыпты зерттеудегі мақсаттылығы мен тереңділігі болып табылады. Курстық жұмыстың орындауының міндеттері келесідей:

  • Мамандық бойынша теориялық білімнің ауқымдылылығы, қорытындылылығы және жүйелілігі;

  • Әдеби көздер мен методикалық, инструктивтік, анықтама – нормативтік және басқа материалдармен жұмыс жасауын терең игеру;

  • Жалпы материалды дұрыс жүйеленген ғылыми негізгі нәтижелер және нақты экономикалық көрсеткіштердің ұсынысы бойынша іс-әрекеттерін байланыстыра білу;

Студенттің курстық жұмыспен шұғылдануы жеке этаптардан тұрады олардың маңыздылығы мыналар:

  1. Тақырып таңдау;

  2. Қажетті әдебиетті таңдап оқу;

  3. Жұмыстың жоспарын жасау;

  4. Жұмыстың қағаз түрінде дайындалуы;

Студент курстық жұмыстың тақырыбын оқытушы  ұсынған тақырыптар ішінен таңдайды. [Гқосымша «Курстық жұмысты орындауға тапсырма »]

[ Е қосымша «Қаржылық есеп» пәнінен курстық жұмыс тақырыбының тізімі»]

Сонымен қатар келесі факторлар ескерілуі қажет:

  • Бір мәселеге қызығушылығының болуы;

  • Мәселенің болуы;

  • Жүйелі ақпараттардың басқа да объективтік және субъетивті кезеңдерді қабылдауына байланысты.

Курстық жұмыс тақырыбына сай әдебиет оқытушылардың, кітапхананың көмегімен алынады.

Студенттердің өзі курстық жұмыстың жоспарын жасап безендіреді. Дұрыс құрастырылған жұмыстың жоспары бланкілі деңгейде студенттерге түсінік тақырыптарға жалпы алғанда және ішкі қарым – қатынасты байланыстыра білу. Оқытушыдан кеңес алуға мүмкіндік береді. Курстық жұмыстыдайындаған кезде және жазған кезде студенттер арнайы және периодтық деректерді терең зерттейді, статистикалық ақпараттарды теоретикалық ақпараттарды шығармашылық жағынан қабылдауды үйренеді және оның негізінде ғылыми негізделген қорытынды жасауды үйренеді. Бұның барлығы студенттерге ғылыми зерттеу және практикалық негіздерді алуға мүмкіндік береді және мазмұнын белгілі тақырыпқа жазуды үйренеді.

Жоспарға сәйкес тақырыптың мазмұнын міндетті түрде логикалық ашу керек. Бұл жағдайда ақпаратты үстіртін құрастырудан аулақ болу керек, яғни кітап сөзімен, Пайдаланылған  деректерді дәл көшірмеу керек. Өйткені курстық жұмысты орындау кезіндегі шығармашылық қасиеті жоғалады. Мәтіннің жұмысын құрастыра отырып, бөлек қаулыларды декларациялаумен шектелуге болмайлы, олардың әрқайсысын дәлелдеу және нақты фактылық ақпаратпен бекіту.



IV. Сабақты бекіту .

Жаңа сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма беру. Курстық жұмысты жазу.

6.Оқушыларды бағалау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Php негіздері

Автор: Шарападин Самұрат Талғатұлы

Дата: 14.01.2017

Номер свидетельства: 379132

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Қарапайым және ассоциятивті массив"
    ["seo_title"] => string(39) "k_arapaiym_zh_nie_assotsiiativti_massiv"
    ["file_id"] => string(6) "354810"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478148257"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Открытый урок М.Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі"
    ["seo_title"] => string(40) "otkrytyi_urok_m_monkeuly_ush_kiian_oleni"
    ["file_id"] => string(6) "514364"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1560245986"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Идеяларды құру. Нобай."
    ["seo_title"] => string(24) "idieialardy_k_u_ru_nobai"
    ["file_id"] => string(6) "455896"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1518142496"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ф. О??арсынова «Оюлар»"
    ["seo_title"] => string(18) "fongarsynovaoiular"
    ["file_id"] => string(6) "281009"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453459836"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства