kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Методические рекомендации "Развитие творческих способностей учащихся на уроках информатики в школе"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Для развития творческих способностей учащихся на уроках используются методы, стимулирующие учащихся к получению знаний. В школьном курсе информатики при изучении графического редактора, на своих уроках ученикам предлагаю задания, придуманные мной, и это дает положительные результаты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Методические рекомендации "Развитие творческих способностей учащихся на уроках информатики в школе"»

АЛҒЫ СӨЗ

Қазіргі қоғам талабына сай адам - рухани интеллекті, шығармашылық қабілетті болу керектігі өмір талабынан туындап отыр. Сондықтан білім беру жүйесі де қоғам дамуымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. Ендеше еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін жас ұрпаққа сапалы білім, ұлағатты тәрбие беру, жалпы адамдық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен ұлттық қолөнер тәжірибелерін үйрету, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.

Әрбір адамда дүниетану, білімге талпыну болмаса, еңбекке үңіле қарамаса, ілгері басу, прогресс те болмас еді. Сондықтан, ұлттық мәдениетті көтеретін, ұлттық әдет-ғұрыпты, намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарай алатын оқушы дайындауымыз керек. Олар жаңа ойларға, идеяларға шығармашыл болып, күтпеген жерден пайда болған мәселелерді шеше біліп, ақпараттарды саралай білулері керек. Оқушылар кез келген жалпыға танымал ақпарттарды сын тұрғысынан шығармашылықпен қарап, оның ұтымды жақтарын қолдануға тиісті.

Білім беру саласында жас ұрпақты пәндік біліммен қаруландыру ғана емес, олардың бойына өзін-өзі дамыта алатын, өздігінен ізденіп, зерттеуді жүргізе білетін, өзіне-өзі қызмет көрсете алатын, қоғам талабына сай еңбекқор, мәдениетті, ұлттық рухани-адамгершілікті және шығармашылықпен жұмыс істей алатын іскерлік қабілеттерін дарыту, қазақтың ұлттық қолөнерінің ұзақ ғасырлық тарихы бар мол мұра – мәдениетіміз екенін танытуды мақсат етеміз.























Кіріспе.


Оқушының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту: тоқтаусыз өзгерістегі қоғам талабына сай рухани интеллекті, өз ұлтының тілін, ұлттық мәдениеті мен дінін ғана біліп қоймай, басқа ұлттардың да мәдениеттерін танып, біліп, оны құрметтеуге үйретуде, жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерді сын көзбен саралай алуға, өзін-өзі басқара алуға, жаңаша жобалар мен идеяларға шығармашыл болуға, сайып келгенде, оқушының жан-жақты дамуындағы проблемалық жағдайларды туғызатын теориялық маңызды, практикалық тұрғыдан өзекті мәселе болып есептеледі. Сондықтан, жаңаша білім беру жүйесіндегі «Информатика» білім беру саласының арнайы тарауларын оқыту, сабақта жаңа технологиялар мен шығармашылық жобалау әдістері арқылы оқушылардың өз бетімен іздену, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмір ағымындағы материалдық қажеттіліктен туындаған бұйымды дайындау технологиясын үйрету, оның экономикалық тиімділігі, дизайн талаптарына сәйкестігі мен жобалау іс-әрекетінің іскерлік қабілеттілігін қалыптастыра отырып, оқушыларға экологиялық және эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке баулу, шығармашылықпен ойлау қабілеттіліктерін дамыту, тарихи ұлттық мұраларымызды ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыруға баулу, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру міндетіміз.

Қойылған мақсат, міндеттерге жету жолындағы әдіс-тәсілдерге: интернет жүйесімен жұмыс, институт, университеттермен, мәдениет үйі мекемелерімен, кітапхана орталықтарымен, ғылыми - зерттеу мекемелерімен, көркем сурет мектептерімен байланыс, педагогикалық бақылау ( әңгімелесу, сауалнама алу, эксперимент жүргізу, салыстыру), мониторинг шығару, талдау, жинақтау, бағалау жатады. Информатика сабағында оқушылардың ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерінің қалыптасу, даму жолдары зерттеу обьектісі болып саналады.

Оқушыны оқыту, тәбиелеу процесінде өзіндік іздену, зерттеу мен шығармашылық қабілеттілігін дамыту мақсатта жобалау әдісі ұсынылып отыр. Бұл әдіс жас ұрпақтың ақпараттық мәдениеттілік қабілеттерін, оқушы мен оқытушы және ата-ана арасындағы бірлесе жақын қарым-қатынаста жұмыс істеу мүмкіндіктерін қалыптастыруда, өзіне-өзі қызмет көрсете алуға үйретуде, материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыра алуға баулуда, қажеттілік пен сұраныстың экономикалық тиімділік жақтарын пайдалана алуға үйретуде ерекше практикалық тұрғыдан маңызды болмақ.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “Педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасында елбасының “Біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеттері ретінде:

  • Оқу –тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жасау;

  • Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру;

  • Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру.

Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.

Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:

  • Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;

  • Білім, біліктілігін арттыру;

  • Еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу;

  • Мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету.

Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.



I бөлім.Оқушылардың шығармашылығын дамыту әдістерінің бірі – жобалау әдісі.

Жалпы шығармашылық іс-әрекеттерін зерттей келе, мамандар бұл ұғымға

«Шығармашылық- бұл жекелеген мотивациялық құрылым арқылы берілетін ақыл-ой жемісі, ол жеке тұлғаның бойында білім мен ептілік, қызығушылық қабілеттерінің әсерімен айқындалатын қоғамдық маңызды нәтиже... Шығармашылық потенциал әр адамның миында әрбір іс-әрекеттердің формасы ретінде жинақталады» деп тұжырымдады.

Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі: «...Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі- ішсем, жесем, кисем» деп тұрады, екіншісі- «көрсем, білсем» деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді...», деген ой-тұжырымы растайды.

Оқушылардың шығармашылығын дамытудың әдістерінің бірі – жобалау әдісі. Жобалау оқыту әдісі бойынша оқушылардан күтілетін нәтиже төмендегідей болмақ:

  • оқушының бойында рухани- адамгершілік қасиеттер қалыптасады;

  • ізденімпаздық, зерттеушілік қабілеттері дамиды;

  • ұқыптылық, жинақылыққа, икемділікке дағдыланады;

  • жауапкершілікке үйренеді;

  • шығармашылық қабілеті дамиды;

  • өз елінің ұлттық рухани және материалдық құндылықтарын құрметтей алатын, патриот тұлға болып қалыптасады.

Шығармашылық, ізденушілік кез-келген кәсіппен тікелей байланысты.

Жобаның тақырыбы оқушының мүмкіншілігіне сай, қазіргі күнделікті өмірдегі өзекті мәселелерге байланысты, ал шығарылған қорытынды тәжірибе жүзінде іске асып, адам қажеттілігін қанағаттандырарлықтай болуы шарт. Бұл оқушының бағалы, әрі сапалы жұмыс істеуін, жауапкершілігінің жоғары болуын, өзіне талап қоя алуын, қойған мақсатына жетуін, топтаса жұмыс істеу дағдыларын, шығармашылық қабілетінің артуын қалыптастырады. Шығармашылық жобаны орындау барысында оқушы технология пәнінен алған білімін пайдаланып қана қоймай, басқа пәндерден де алған білімін пайдалана алады.

Жобаның тақырыбын таңдауда әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктеріне, олардың бейімділігі мен психофизиологиялық қабілетіне, икемділігі мен қызығушылығына мән беру керек.

Баланы ізденушілік, шығармашылыққа баулу, оған зерттеу дағдысы мен білктілігін игертіп, жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету үшін, баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін, зерттеу жүргізу керек. Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре алу болып табылады. Мұғалім оқушының қабілеттілігін жан-жақты зерттемей отырып, оның тәрбиесі мен оқуында нәтижелі жетістікке жетуі мүмкін емес.

Оқушылардың жобамен жұмыс істеуге дайындықта, жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруда төмендегі кілттік құзыреттіліктерді меңгеруі керек:

  • Проблемаларды шешу мен өзіндік менеджмент;

  • проблемалық жағдайларды көре алуы;

  • қажеттілікті анықтай алуы;

  • мақсат қоя білу, оған жету үшін міндеттерді анықтай алуы;

  • ақпараттық мәліметтерді жинақтай білу, оның негізгісін анықтай алуы;

  • нақты нәтижені анық айқындап көрсете алуы;

  • өз мүмкіндігін дұрыс бағалай білуі.


Ақпараттық құзыреттілік:

  • жоба бойынша ақпараттарды алудың түрлі көздерін білуі;

  • әдебиеттер, анықтама құралдар, ғылыми мақалалар мен оқулықтар, түрлі кешендерді пайдалануы;

  • әдебиеттерге талдау жасай алуы және қажетті мәліметтерді бөліп алуы;

  • интернет байланыстарын пайдалана алуы;

  • қажетті ақпаратты тауып, жоба бойынша технологиялық карта құру;

  • жоба туралы ақпаратты, оның нәтижесін сауатты түрде ұсыну.

Әлеуметтік құзыреттілік:

  • топта жұмыс істей отырып, топ мүшелерін тыңдау білуі; өзгенің пікірін құрметтеп, сұрақтарды талдай алуы;

  • жоба бойынша серіктесімен қарым-қатынас орнатуы;

  • өз ой-пікірін анық, нақты және сауатты жеткізуі;

  • өз көзқарасын жеткізіп, пікірталасқа түсе білуі;

  • интернет байланыстарымен жұмыс жасау дағдыларын меңгеруі;

  • жоба жұмысын ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, презентациясын дайындап, оны қорғауы.




    1. Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту

Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.

Келешек елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпаққа білім мен тәлімтәрбие беру ұстаз алдындағы ең ауыр міндеттің бірі.Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуде, мұғалім үздіксіз ізденіп, кез-келген тосын сүраққа жауап бере алатын, кез-келген ситуациядан шыға алатын, білімдар болу қажет. « Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады » деген қағидасын ұлы педагог К.Д.Ушинский нақты айтқан болар. Мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ барысында оқушыларға терең де, тиянақты теориялық және тәжірибелік білім беру.

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы, ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Бала мектепке оқып – үйренуге деген үлкен ынтасымен , ықыласпен келеді.Оқушыны «қабілетті» және «қабілетсіз» деп бөле қарауға болмайды. Себебі, әр оқушының өзіндік көзқарасы әр түрлі.

Сабақ барысында оқушымен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынас тығыз байланыста болу қажет. Бұл оқушының қиялын, өзіндік көзқарасын еркін айтып, ұстаз тарапынан тарапынан нұсқау алуына мүмкіндік береді.
К.Д.Ушинский « ... Қызығушылық туғызбайтын оқу бірте-бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш-жігерін тәрбиелемесе мәнін жоғалтады» - деген екен.

Осы қағидаға сүйене отырып, технология пәнін оқыту үрдісінде мына бағыттардыұстанамын: 

1.Білім берудің балама жолдарын қалыптастыру.

2.Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып, сабақ барысында қызықты, тиянақты, нақты, білім беруде уақытты ұтымды пайдалану.
3.Оқулықтан тыс қосымша оқу материалдарын жүйелеп, оқу үрдісінде қолдану
4. Оқушылардың өз бетімен ізденуіне қалыптастыру.

Әрине, бұл талаптарды орындауда мұғалім ұдайы ізденісте болуы керек. 
Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде.

Информатика сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын, шығармашылыққа баулитын сабақ түрлерін қолданып жүрмін. Мысалы, сайыс сабағы, кіріктірілген сабақ, көрме сабақтары, өзгеше интерактивті тақтаменшығармашылық сабақтары, т.б.өткізудемін.

Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.


1.2.Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары.

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.

Біздің оқушыға қойған талабымыз:

  • қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;

  • ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

  • алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

  • өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;

  • басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

  • қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу.

Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Көбінесе “Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

  • Оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

  • Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

  • Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

  • Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

  • Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;

  • Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

  • Ата- аналармен ынтымақтастық құру.

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

  • өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

  • оқушы дарындылығының моделін білу;

  • қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

  • дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

  • дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:

  • дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

  • дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

  • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

  • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

  • дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

  • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Шын мәнінде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.


1.3. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.

Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, қазақ тілі пәні мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.

Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».

Қорытынды.


Адам шығармашылық жұмыспен шұғылданған кезде оның бойындағы барлық рухани күштер іске қосылады, таным, түйсік, пайымдау, оқу мен практика кезінде жинақталған шеберліктері, әсіресе, қиял арқылы ойлау үдерісі шығармышылық жұмыста өз нәтижесін береді.

Кез – келген кәсіби іс-әрекетте шығармашылықтың бір көрінісі болады, яғни ғылыми шығармашылық табиғи мәнді кемелденудің жемісі, жалпы алғанда құрылымдық деңгейінің жоғарылауы. Демек, болмыс заңдылығынан адамзатты шығармашылыққа жетелейтін реттілік пайда болады: қозғалыс – даму – орындау – шығармашылық.

Шығармашылық нәтижесі іздену барысында пайда болатын затта, іс-әрекетте және ойда орындалады. Олай болса, шығармашылық адам іс-әрекетінің барысы тәрізді маңызды сипатта болады.

Шығармашылық жаңаның, бұрынғыны қайталамайтын ойлау қабілетінен туындаған өнімнің пайда болуына жеткізеді. Шығармашылықты танып білудің жолдары философияда, психологияда және педагогикада қарастырылған.

Сабақ барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке қажетті ақыл-ой дамуы жүреді. Ақыл-ой дамуының жолдарына: еңбек іс-әрекетіне байланысты білімдерді игеру; логикалық ойлаудың дамуы; интелектуалды ептіліктер мен дағдылардың қалыптасуы,оның ішінде өзінің жұмысын жоспарлай білуі; оны жүзеге асыру үшін сәйкес құралдарды таңдау (қажетті материал, құрал-саймандарды).

Демек, шығармашылық іс-әрекет оқу мен тәрбиелеудің белгілі бір мақсатты көздеген жаңашыл техникалық нысандарды жасау құралы ретінде қарастырылатының дәлелдедік.

Библиографиялық тізім

1. Катран Д. Қазақтың дәстүрлі ас-тағам мәдениеті тарихи-этнографиялық зерттеу): Монография. – Алматы, 2002. – 208б.

2. Казахская кухня// Семерка.- 2007.- 21 сентября. – стр.25

3. Кенжеахметұлы Сейіт «Қазақтың дархан дастарханы»/ Алматы: Алматыкітап, 2005.- 244б.

4. Қажыбеков Е. Тағам атауларының да тарихы бар// Қазақстан әйелдері, 1982,9. 14-15б.

5. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық./ Алматы: «Аруна» баспасы, 2005. – 530б

6. Қазақ ұлттық тағамдары//Қазақ тілін үйретейік! – 2003. - №2(10). – 1б

7. Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы //Егемен Қазақстан. – 1996. – 7 тамыз. - 5б

8. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/ Алматы: Қазақ эециклопедиясының бас редакциясы, 2003. –720б.

9. Қазақша - орысша терминологиялық сөздік. Тамақ өнеркәсібі

10. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: Тлеужан Турсын Тлеужанулы

Дата: 10.08.2019

Номер свидетельства: 517532

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "План работы ШМО учителей естественно - математического цикла на 2015 - 2016 уч.год "
    ["seo_title"] => string(92) "plan-raboty-shmo-uchitieliei-iestiestvienno-matiematichieskogho-tsikla-na-2015-2016-uch-ghod"
    ["file_id"] => string(6) "244712"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1445980188"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(196) "Исследовательская тема: "Использование инновационных технологий при преподавании физики в средней школе" "
    ["seo_title"] => string(116) "issliedovatiel-skaia-tiema-ispol-zovaniie-innovatsionnykh-tiekhnologhii-pri-priepodavanii-fiziki-v-sriedniei-shkolie"
    ["file_id"] => string(6) "161301"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422199945"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "РАБОЧАЯ ПРОГРАММА  по изобразительному искусству  5 – 7  классы "
    ["seo_title"] => string(61) "rabochaia-programma-po-izobrazitiel-nomu-iskusstvu-5-7-klassy"
    ["file_id"] => string(6) "186863"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426427907"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) ""Инновационные компоненты в традиционных формах обучения" "
    ["seo_title"] => string(64) "innovatsionnyie-komponienty-v-traditsionnykh-formakh-obuchieniia"
    ["file_id"] => string(6) "179458"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425017688"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Через тесты к знаниям "
    ["seo_title"] => string(26) "chieriez-tiesty-k-znaniiam"
    ["file_id"] => string(6) "105942"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402926725"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства