Просмотр содержимого документа
«Информатика пәні бойынша қауіпсіздік ережелер жинағы»
Нұсқау алушыңын аты – жөні
Нұсқау беру мерзімі
сынып
Нұсқаудың мерзімі мен нұсқау атауы
Нұсқау алушының қолы
Сынақ бағасы
Қауіпсіздік техникасы
Сіздің жұмыс орныңызда дербес компьютердің құрамдас бөліктері – жүйелік қорап, пернетақта, тінтуір және монитор орналасқан.
Аппараттармен, кабелдермен және мониторлармен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық электр тоғынан зардап шегуге әкеп соқтырып, аппараттарды күйдіріп жіберу мүмкін.
● Қоректендіру сымдарына және жерге қосу құрылғыларына қол тигізуге:
● Бейне бетке және монитор мен пернетақтаның сырт жағына қол тигізуге:
● Монитор мен пернетақтаға диск, дәптер, кітап сияқты заттарды қоюға:
● Дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.
Күйген иіс шыққан жағдайда жұмысты дереу тоқтатып, құрылғыларды сөндіріп, техникалық қолдау орталығына немесе мұғалімге жүгіну қажет.
Жұмысты бастамас бұрын:
жұмыс орнында көзге көрінетін ақаулар жоқтығына көз жеткізіп алыңыз;
керу сызығы экранның ортасына келетіндей, пернетақтаны еңкеймей пайдаланып, бейне бетке шығарылатын ақпаратты оңай қабылдауға ыңғайлы болатындай етіп орналасыңыз.
Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Аталған міндеттерді орындауда оқушы төмендегідей талаптар мен ережелерді білуге тиіс:
1. Жалпы ережелер.
2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдында.
3. Жұмыс жасау кезінде.
4. Апаттық жағдайда.
5. Жұмыс соңындағы.
1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
- Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
- Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;
- Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
- Дербес компьютерде жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
- Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды;
- Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптар:
- Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына көз жеткізу керек;
- Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
- Жұмыс жасау орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Нұсқау алушыңын аты – жөні
Нұсқау беру мерзімі
сынып
Нұсқаудың мерзімі мен нұсқау атауы
Нұсқау алушының қолы
Сынақ бағасы
Нұсқау алушыңын аты – жөні
Нұсқау беру мерзімі
сынып
Нұсқаудың мерзімі мен нұсқау атауы
Нұсқау алушының қолы
Сынақ бағасы
3.Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
- ЭЕМ -мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70см қашықтықта ұстау керек;
- Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
- Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуын орындауға болады.
- Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдармен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білуі қажет.
4. Аппаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
- Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек:
- От сөндіруге көмек көрсету қажет:
- Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білу керек:
- Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуі қажет. Оған құм және т.б өрт сөндіргіш құрал-жабдықтарын пайдалануға болмады;
-Электр тоғының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әр түрлі материалдарды (электр тоғы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кезіндегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:
- Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;
- Жұмыс орнын ретке келтіру;
- Жұмыс орнындағы тіркеу журналына бегі қою.
Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.
Тоқты өшіру щиттағы (қалқандағы) батырманы басу арқылы;
Зақымданушыны ток әсерінен (сымнан) босату;
Дәрігер шақыру;
4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына байланысты көмек көрсету.
1. Күйген жағдайда:
- Ауырғанды сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян, және т.б.) беру;
- Күйген жерге арнайы май жағу;
- Зақымданған жерге суық су құю;
- Алдын-ала жараланған жерді, микроптар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен (целлофанмен) орау.
2. Есінен танып қалған жағдайда:
- Зақымдаушыны жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына қаратып, қырымен орналасып керек.
3. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:
- Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексеру керек, егер тіл күрмеліп қалған болса, оны қолмен дұрыс қалпына келтіру қажет.
- Дем алыс жағдайына келген дейін, қолдан дем алдыру (ауызбен ауызға) немес дәрігенге дейін жаттығулар жасау.
Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар.
1. Шаршаған кезіндегі көздің қарау бағытаын өзгерту (ауыстыру):
- Алысқа-жақынға, оңға-солға, жоғары-төмен қарау;
- Сағат тілінің бағытымен және керісіңше көзді айналдыра, қозғалыс жасау;
- Көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыр.
2. Басты бұру жаттығуларын жасау:
- Басты сағат тілі және керсіңше бұрып айналдыру;
- Басты жан-жаққа бұру.
3. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың білезігің босаңсыту.
4. Денені босаңсыту және оны керіліп ширықтыру.
Нұсқау алушыңын аты – жөні
Нұсқау беру мерзімі
сынып
Нұсқаудың мерзімі мен нұсқау атауы
Нұсқау алушының қолы
Сынақ бағасы
Нұсқау алушыңын аты – жөні
Нұсқау беру мерзімі
сынып
Нұсқаудың мерзімі мен нұсқау атауы
Нұсқау алушының қолы
Сынақ бағасы
Нұсқау алушыңын аты – жөні
Нұсқау беру мерзімі
сынып
Нұсқаудың мерзімі мен нұсқау атауы
Нұсқау алушының қолы
Сынақ бағасы
Нұсқау алушыңын аты – жөні
Нұсқау беру мерзімі
сынып
Нұсқаудың мерзімі мен нұсқау атауы
Нұсқау алушының қолы
Сынақ бағасы
Көз жаттығулары
Жаттығу отырған күйде орындалады.
1-жаттығу.
Көзді 3-4 секунд қатты жұмып, содан кейін ашып, 1-6 сек уақыт алысқа көз жіберу керек. Осы әрекетті 4-5рет қайталау керек.
2-жаттығу.
Сұқ саусақты көздің алдына 25-30см қашықтыққа қойып, 3-4 сек қарау керек, содан кейін алысқа көз жіберу қажет. Осы әрекетті 4-5 рет қайталау керек.
3-жаттығу.
Көзді жұмып, қабақты айналдырып 1 мин уақыт саусақпен уқалау керек.
4-жаттығу.
Басты қозғатпай отырып, айналма қозғалыс бойымен көзді жоғары-оңға, төмен-солға және керсіңше бағытта қозғалту керек. Содан кейіналысқа көз салу қажет. Осы әрекетті 4-5 рет қайталау керек.
5-жаттығу.
Мұрының ұшына 1-4 сек уақыт қарап, 1-6 сек алысқа көз салу керек. Осы әрекетті 4-5рет қайталау керек.
Нұсқау алушыңын аты – жөні
Нұсқау беру мерзімі
сынып
Нұсқаудың мерзімі мен нұсқау атауы
Нұсқау алушының қолы
Сынақ бағасы
Нұсқау алушыңын аты – жөні
Нұсқау беру мерзімі
сынып
Нұсқаудың мерзімі мен нұсқау атауы
Нұсқау алушының қолы
Сынақ бағасы
Техника қауіпсіздігінің сақталу ережелері
§1
1. Мұғалімің айтқанын бұлжытпай орындау керек.
2. Ұқыпты, таза әрі сақ болу керек.
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз заттарды ұстамау керек
4. Жұмысқа кіріспес бұрын, мұғалімнен сұрап ол туралы нұсқауды мұқият (сұрап) оқып, оны орындау тәртібін сақтандар.
5. Жұмыс орындарын шашпай, таза ұстау керек
6. Пайдаланған заттарды ұқыпты, орнына қоюды ұмытпа