Просмотр содержимого документа
«Презентация по прикладной информатики»
Мақсаты:
Білімділігі:
о қушыларды операциялық жүйе түрлерімен таныстыру;
операциялық жүйенің маңызын білу, кластары туралы мағлұмат беру;
интерфейс ұғымын кеңейту.
Дамытушылығы:
Оқушылардың білімге құштарлық қабілетін арттыру, компьютердің жұмысы туралы білігін арттыру, қолданбалы жүйелерде көпміндетті, көрнекілік, интеграция қалай білінетінін анықтауды меңгерін арттыру.
Операциялық жүйе (ОЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. ОЖ бағдарламалар жүйесін компьютердің мәліметтерді өндеу жөніндегі бүкіл жұмысын ұйымдастырады.Ол пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.
ОЖ болмаса, қазіргі заманғы компьютердің апараттары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес.Барлық ақпараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады.
Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің оңай да тартымды болуының маңызы зор.Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу деп те аталады.Дербес компьютерде тілдесудің әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе (ОЖ) - бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа
Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Дербес компьютерге арналған ОЖ-лер
бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын.
бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын.
Бір міндетті операциялық жүйе дегеніміз:
Қай кезде де адамның компьютерде тек
бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана
мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режімде бір программаны және фондық деп аталатын режімде тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді.
Мысалы, негізгі режімде мәтіндер редакторын,ал фондық режімде басу прогграммасын іске қосуға болады.
Көп міндетті операциялық жүйе дегеніміз:
- бірнеше программаны қатар іске
қосуға мүмкіндік береді.
Бұл прогграммалар бір – біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді.Мысалы,
бір программа адаммен шахмат ойнағанда,басқасы басқа компьютермен бірге
модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін. Бірмендетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуаты аз компьютерлерде жұмыс істей береді, жұмыс істеу қолайлығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтанда біртіндеп ығыстырылуда.
Бір адам пайдаланатын ОЖ дегеніміз:
компьютерде тек бір ғана адамның мұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы
компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады.
Бірнеше адам пайдаланатын ОЖ дегеніміз:
- бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбір пайдаланушы
өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жеке өзінің ғана аша
алатын ақпаратына шыға алады.
Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы,UNIX, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек.Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар(пернетақтасы бар бейнемонитор), не ДК-де іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін.Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады.
ОЖ-лер компьютермен бірге дамып, жылдан-жылға қолдануға қолайлы болып жетіліп келеді. Оның орта ғасырлық болса да тарихы бар. Енді осы тарихи деректерге тоқталып өтелік.
1965-1975Алғашқы операциялық жүйелердің қалыптасып, даму кезеңі. Бұл кез жаңа буын компьютерлерінің пайда болған уақыты еді. Сонымен қатар мини-компьютерлер кең таралды. Мультипрограммалық, көпмақсатты, файлдар жүйесімен тиімді жұмыс жасайтын ОЖ қажет болды. Алғашқы ОЖ-дің біріOЖUNIX болды.
1981-1985Microsoftфирмасы -MS DOS, IBM фирмасы - PC DOS, Novell фирмасы - Novell DOS операциялық жүйелерін шығарды және әр жыл сайын жетілдіріп, жаңа версияларын шығарып отырды. Мысалы:MS DOS 1.0; MS DOS 1.1; MS DOS 2.0...MS DOS 3.1;т.с.с.
Дамыған сайын олардың мүмкіндіктері көбейіп, жаңа командалар қосылып отырды.
1985, ХІMicrosoft Windows ОЖ-нің алғашқы 1.0 версиясы құрылды.
1987,IV IBM фирмасы OS/2 ОЖ-ін іске қосты.
1987, ХІMicrosoft Windows 2.0
1990,VMicrosoft Windows 3.0
1992,IVMicrosoft Windows 3.1
1993, IVMicrosoft Windows NT
1994. ІІІUNIX ОЖ-і негізінде Linux 1.0 ОЖ-і шықты
1995, VIIIWindows 95ОЖ-і жарық көрді.Бұл компьютер әлемініңкөптен күткен арманы еді. Қолданушы интерфейсі, қосымша мүмкіндіктері, т.б. көптеген ерекшеліктері ОЖ-ің рыноктағы ерекше орнын анықтады.
1996,VIIWindows NT 4.0компьютерлік желілермен жұмыс жасауға негізделген ОЖ-сі шықты.
1998,VIIWindows 98 ОЖ-і жарық көрді. Бұл версияда Интернет желісіне, компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктеріне көп көңіл бөлінді.
2000 жылWindows 2000 (Win-NT), Windows Me (Millennium Edition - Win-98) . Бұл жүйелер тағы да жетілдірілген, мәлімет қорғау жүйесі жақсы ескерілген.
Windows - 98
2001 жылWindows XPоперациялық жүйесі. Бұл жүйе қауіпсіз, сенімді және жылдам жұмысты қамтамасыз етті. Әрі қолданушыға оңай меңгеруге жағдай жасалған. Оның бірнеше варианттары бар.Windows XP Home Edition, Windows XP Professional.
2005, VIWindows VistaОЖ-інің бета версиясының презентациясы болды.
Билл Гейтс(William Bill Gates)
Билл Гейтс 1955 жылы қазан айында Сиэтледе қарапайым ұстаздар отбасында дүниеге келді.
Ол 13 жасында алғашқы программасын жазып үлгерді.
Досы Пол Алленмен бірігіп,
“Жас программистер” клубын құрды.
Сөйтіп Гарвард университетіне түсулеріне қаражат қорын жинады.
1975 жылы Билл Гейтс және Пол Аллен бірігіп, университет бітірулеріне 2 жыл қалғандаMicrosoftдеп аталатын фирма ашты. Алғашында Билл программа құрып,көп ізденсе, кейіннен басқа әдіс ойлап тапты. Ол программасымен авторларды да қоса фирманы сатып алды. ОсылайшаMicrosoftимпериясы пайда болды.
Билл Гейтс жұбайы Мелинда және қызы Дженифермен қаладан тыс жерде орналасқан үйде тұрады. Ол кітап оқығанды, бридж және гольф ойнағанды жақсы көреді. Компьютер алдында бірнеше күн отыруға бар. Билл Гейтстің үйі қиял-ғажайып әңгімелердегі ұқсас компьютерлермен жабдықталған.