Әлеуметтік желілердің жасөспірімдер өміріндегі маңызын , көзқарасын, жасөспірімдердің әлеуметтік желіге тіркелуін, интернеттегі тәуелділік деңгейлерін анықтай отырып, тәуелділікті жеңу жолдарын іздестіру.
Әлеуметтік желі дегеніміз не?Әлеуметтік желі- ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін. Әлеуметтік желілерде адамдар өзі жайлы мәлімет тастап қалдыра алады (туған күні, оқыған мектебі, университеті, ермектері және т.б.), басқа қатынасушылар осы мәліметтерді пайдаланып сол адамды таба алады.
Әлеуметтік желілердің тарихы
Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. My Space,Facebook жобалары шықты.
Сауда ұжымдары әлеуметтік желілерге үлкен қызығушылық көрсетті. Осындай жобалар бірнеше миллиондық аудиторияны тартты әрі олардың жарнамасы қатты әсер жасады.
Әлеуметтік желінің қанша түрі бар?
Facebook
Тіркелгендер шамамен 640 млн адам, бір айда 550 млн адам кіреді екен.
Құрылған жылы 2004 ж, ақпан айы, қолданылатын тілі 100 мемлекет.
Штаб-пәтер калифорния қаласы, қызметкерлер саны 2000 адамнан аса.
Тіркелу үшін ең төмен жас 13. Негізін қалаушы Марк Цукерберг.
Twitter
Тіркелген адамдар 200 млн, 1 айда сайтқа кірушілер 96 млн.
Құрылған жылы 2006 шілде айы. 7 тілде қолданылады.
Штаб-пәтер Сан-Фрнациско, Калифорния, қызметкерлер саны 450 адам.
Тіркелу үшін ең төменгі жас 13. Негізін қалаушы Джек Дорси.
Bebo
Тіркелген адамдар саны 117 млн, 1 айда сайтқа кірушілер 7 млн.
Құрылған жылы 2005 ж, шілде. Қолданатын тілдер саны 5.
Штаб-пәтер Сан-Фрнациско, Калифорния. Қызметкерлер саны 50.
Тіркелу үшін ең төменгі жас 13. Негізін қалаушы Майкл Брич
MySpace
Тіркелгендер саны 100 млн. Бір айда сайтқа кірушілер 80 млн.
Құрылған жылы тамыз, 2003 жыл. Қолданатын тілдер саны 15.
Штаб-пәтер Беверли-хиллз, Калифорния. Қызметкер саны 1000.
Тіркелу үшін ең төменгі жас 13. Негізін қалаушы Томас Андерсон.
Linkedln
Тіркелгендер саны 100 млн. Бір айда сайтқа кірушілер 50 млн.
Құрылған жылы мамыр, 2003 жыл. Қолданатын тілдер саны 6.
Штаб-пәтер Маунтин-Вью, Колифорния. Қызметкер саны 1000.
Тіркелу үшін ең төменгі жас 18. Негізін салушы Рейд Хоффман.
Тіркелудің түрлері:
Әлеуметтік желілер туралы қызықты да күтпеген фактілер және олардың адам өміріндегі орны.
1. Әр 20 минут сайын facebook-те бір миллион сілтеме таралады.
2. Әр сағат сайын facebook-те 4,5 миллион адам қандай да бір іс-шараға шақыру алады.
3. Әр минут сайын facebook-те 100 мың адам дос болып қабылданады.
4. Барлық қолданушылардың 50 пайызы аптасына 1-5 сағат уақытын әлеуметтік желілерде сөйлесумен өткізеді.
5. Әр секунд сайын 8 адам қандай да бір әлеуметтік желіге тіркеледі.
6. Google-дегі іздеу саны күніне 1 миллиардтан асады.
7. Адам саны жағынан Facebook Қытай, Үндістан елдерінен кейінгі әлемдегі үшінші мемлекет.
8. Орта есеппен алғанда әрбір қолданушы өз аккаунтына күніне 2 рет кіреді.
9. Әлеуметтік желілердегі үлкен қарқынмен өсіп келе жатқан қолданушылар сегменті – 55-65 жастағы әйелдер.
10. Эштон Катчер мен Бритни Спирстің фолловерлер саны Ирландия, Норвегия немесе Панама елдерінің халқымен тең.
Қауіпті әлеуметтік желілер:
11. Жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады.
12. Әлеуметтік желі әлемдегі әрбір үшінші жұптың айрылысуының басты себепшісі.
Әлеуметтік желілер және жанұя:
13. АҚШ елінде қиылған некелердің 10 пайыздан астамы әлеуметтік желілердің арқасы.
14. Ата-аналардың 69 пайызы әлеуметтік желіде өз балаларымен дос.
Балалардың 80 пайызында әлеуметтік желілерде өздерінің жеке аккаунты бар.
15. 80 пайыз ата-ананың айтуынша, олар балаларының интернетте немен айналысатынын біледі. Алайда, балалардың 31 пайызы әке-шешелерінің ештеңе білмейтініне сенімді.
Әлеуметтік желілер және бизнес:
16. Жаңалықтар адамдарға басқа каналдар арқылы әсіресе әлеуметтік желілер арқылыкелетін болғандықтан әлемдік 25 газеттің 24-інде тираж саны азайған.
17. Танымал әлеуметтік желілердің көбісі қолданушының өшірген суреттерін сақтайтыны анықталды.
18. Facebook бар болғаны бір жыл ішінде 200 миллион қолданушы жинаған, ал телеөндіріске 60 миллион көрермен жинауға 13 жыл уақыт кетті.
19. Бүгінде 5 компанияның төртеуі жұмысшыларды іздеу кезінде әлеуметтік желілердің көмегіне жүгінеді.
Әлеуметтік желіге тәуелділік
Әлеуметтік желілердің ақпарат қоғамындағы рөлін көрсету үшін бірнеше статистикалық мәліметтерге тоқталсақ:
— Әлемдегі отыз жасқа дейінгі адамдардың 50 пайызы, жаңа ғасырда туылғандардың 96 пайызы әлеуметтік желілерді пайдаланады; — «Facebook»-тің апталық трафигі «Google»-дікінен де асып түсті; — АҚШ-тың әрбір сегізінші жұбы әлеуметтік желілер арқылы танысқан; — 50 миллион қолданушыны өзіне қарату үшін радио отыз сегіз жыл, телевизия он үш жыл, интернет төрт жыл талмай қызмет етсе, әлеуметтік желілердің тек біреуі — «Facebook» бір жылда 200 милллион адам жинады; — Егер «Facebook» мемлекет болғанда, халық саны бойынша үшінші орында тұрар еді. Себебі 800 миллион қолданушысы бар. — Компаниялардың 80 пайызы кадр табуда әлеуметтік желілерге жүгінеді; — Леди Гага мен Джастен Бибердің твиттердегі қонақтарының саны Қазақстан халқынан да көп; — «Facebook»-та тіркелушілер саны Қытай халқының өсу үдерісінен де асып түсуде.
Әлеуметтік желіге көзқарасыңыз?
Әлеуметтік желілердің пайдасы :
Әлеуметтік желілердің жасөспірімдер денсаулығына зияны: Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді. Және де жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады. «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы.
Интернетте тәуелділікті жеңудің 10 жолы бұл кезеңде интернет тәуелділікті жеңудің 10 жолын талқылап, өз өмірімізге қажеттісін алу
1.Кесте бойынша кір. Қағазға бір апталық кесте сызып, ғаламторға белгілі бір уақытта кіріп, қай уақытташығуды жазып қой. Бір апта бойы осы кесте ғана арқылы кір. Егер сен ғаламторда көп уақыт отыруға үйреніп қалсан, алғашқы күндері қиналасын бірақ уақыт өте үйреніп кетесін. 2. Білім деңгейіңізді көтеріңіз. Үйіңізде бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітаптар бар шығар. Соларды оқуға кірісіңіз. Википедияның орнына энциклопедия оқыңыз. Осылайша интернеттен алшақтап қана қоймай, өз біліміңізді де жетілдіресіз. 3. Керегіңді жазып ал . Егер ғаламторда саған керек мәліметтер, жаңалықтар, кестелер, күнтізбелер және ойындар болса оларды қағазға жазып ал. Есесіне сен ғаламторға көп отырмайсың, әрі уақытында басқа керек сайттарға кіруге пайдаланасың. 4. Әуесқой бол. Белгілі бір курстарға жазыл. Өзіне ұнайтын спортпен, ән айтумен, би мен айналыс. Достарынмен киноға немесе концерттерге бар, қызықты кітаптар оқы. Интернет қолжетімді жерлерге барудан бас тартыңыз, мысалы, интернет-кафеге.
5. Отбасы көмегі. Үйдегілердің көмегіне жүгін. Олардан ғаламторда артық уақыт отырғаныңды көрсе, орнынан тұрғызып жіберуін өтін. Мысалы: ғаламторда, компьютерді, тоқты өшіру сияқты. 6. Компьютерде отыру уақытын шектеңіз. Күніне осынша сағаттан осыншаға дейін отырамын деп арнайы уақыт тағайындаңыз. Аптасына қанша рет шығу керектігіне де кесте жасаңыз. Егер жұмысыңызды аяқтасаңыз, тез шығып кетуге тырысыңыз. 7. Достарыңызбен интернет арқылы сөйлескенше, кездесіп әңгімелесуге тырысыңыз. Әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлмеуге тырысыңыз. 8. Таймер қолданыңыз. Компьютерге отырарда таймерді 30 минутқа қойып қойыңыз. Сигнал компьютер алдында қанша уақыт отырғаныңыз жайлы хабар беріп отырады. 9. Компьютер алдында тамақ жемеңіз. Ас үйге барып, тамақ ішу онлайн режимнен біраз уақытқа болса да босатады. 10. Шынай өмірде бол. Ғаламтордың ішіндегі барлық нәрсе шын өмірде бар екенің ұмытпа. Аң – құстарды көргін келсе зоопаркке бар. Футбол көргін келсе стадионға барып көр. Әншілерді көргін келсе олардың концертіне бар.