Интерактивті та?та – б?л компьютерді? ?осымша ??рыл?ыларыны? бірі ж?не де д?ріс берушіге немесе баяндамашы?а екі т?рлі ??ралдарды біріктіретін: а?паратты? кескіні мен ?арапайым маркер та?тасын біріктіретін ??рал. Б?гінгі к?ні бірнеше ИТ т?рлері бар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Интерактивті ??ралдар презентация »
Activpanel активті сұйық кристалды панель. Оны жеке дербес компьютеріңізге қосуға болады, ол сымсыз қалам мен ACTIVstudio бағдарламасымен бірге берілетін 15 - дюймдік шағын тақта.
Сымсыз тиімді, толықтай интегралданған А5 формат көлемді өте кішкентай, орынын өзгертуге қолайлы және партаға сиятын шағын тақта. Activslate шағын тақтасы ACTIVboard интерактивті тақтасына сымсыз жолмен хабарлас ады.
Дербес компьютер мен мультимедиялық мәліметтермен бірге жұмыс істейтін ең тез және дәл, 2 м диоганальді үлкен и нтерактивті ACTIVboard тақта.
Кішкентай бойлы балалардың интерактивті ACTIVboard тақтасына бойы жетпеуіне байланысты, 54 см ұзындықтағы интерактивті таяқша жасап шығарды.
Берілген жауаптардың бір вариантын таңдауға арналған, жеңіл, қолайлы қолға сиятын ACTIVOTE тестілеуші пульті.
Кішкене тақташа ACTIVtablet қаламмен жұмыс жасауға арналған. Оны компьютерге жалғап, қаламмен жұмыс жасасақ, ондағы барлық қозғалыс экраннан көрініп тұрады. Егер ACTIVtablet дербес компьютермен жұмыс жасап тұрған болса, онда үлкен тақтаның қажеті жоқ.
Қалам – бұл сымсыз, батарейкасыз жұмыс жасайтын қалам-тышқан. Ол арқылы тақтаға жазу, сызу немесе бір файлды ашу жұмыстары жүргізіледі.
3
Интерактивті тақта–дегеніміз не?
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар.
Активті қалам–дегеніміз не?
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді.
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
Activslate-ті іске қосу.
Activslate – ті іске қосу үшін, тоқ көзін көрсеткіш батырманы дыбыстық сигнал шыққанға дейін басып тұрамыз.
Ашылатын терезе бағыттаушысын шертіп, қай елде қолданылып отырғанын белгілеңіз.
Ашылатын алаңнан жүйе мен канал идентификаторын таңдаңыз.
Тіркеу бағдарламасы терезесінен тіркелу деген батырманы басыңыз.
Activslate құрылғысындағы тіркеу батырмасын таңдау үшін қаламды қолданыңыз.
Құрылғыға сәйкес алаң режимін қаламмен басып тұрып, ашылған бағдарлама терезесіне Pin – код нөмерін енгізіңіз. Тіркелген құрылғылар Activslate - тің тіркелген құрылғылар терезесінде көрініп тұрады.
Тіркеу бағдарламасын жауып шығыңыз. Енді “ Activslate басқару” бағдарламасынан тіркелген құрылғылар көрініп тұрады.
Activslateқұрылғысын белсенді қылу
“ Activslate басқару” бағдарламасын ашыңыз. Activslate құрылғысын белсенді қылу үшін, Activslate - тің тіркелген құрылғылар белгісін шертіңіз.
“ Activslate басқару” бағдарламасы терезесінің белгісі өзгереді, ол дегеніміз белсенділенді деген. Енді Activslate – ті компьютерді басқаруға қолдануға болады.
Бағдарламаны жабыңыз. “ Activslate басқару” бағдарламасы жабық болса да, белсенді күйде болады.
Белсенділікті алып тастау үшін “ Activslate басқару” бағдарламасы ашып, Activslate құрылғысының белсенділік белгісін шертіңіз.
7
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
Құрал -саймандар
1. ACTIVstudio бағдарламасын іске қосқаннан кейін, таза ақ бет ашамыз – ол флипчарт деп аталады. Оны екі түрлі жолмен ашуға болады.
2) мына батырманы басу арқылы
1) Флипчарт батырмасын басу арқылы
2. мына батырманы басу арқылы құрал - саймандар панелін ашуға болады.
Олар үшке бөлінеді: стандартты, презентациялық және арнайы болып.
4
Activstudio Professional Edition - мұғалімдерге интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға негізделген программалық құрылғы.
Жұмыс үстеліндегі Activstudio Professional Edition таңбасына Activpen қаламымен екі рет шерту қажет.
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
1.Флипчарттың тақырып қатары
2.Флипчарттың жұмыс аймағы
3.Негізгі құралдар тақтасы
4.Тақырып қатарындағы батырмалар
5.Флипчарт беттерінің түстік аймағы
6.Флипчарт құралы
7.Қоржын
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
ACTIVstudio программасы іске қосылғанда бірден компьютердің экранына сәйкес келетін жаңа флипчарт құрылады. Бұл 1-ші флипчарттың қолдануға дайын беті. Флипчарт батырмасын басқаннан кейін ғана іске қосылады. Бұл батырманы ACTIVstudio мен Windows арасында байланыс жасауға қолданылады.
Негізгі құралдар тақтасы
Арнайы құралдар тақтасы
Флипчарттыңқұралдар тақтасы
Объектіні редакторлеу құралдар тақтасы
Бетті редакторлеу құралдар тақтасы
Тез таңдау құралдар тақтасы
Тақырып қатары
Басты меню
Жылжыту
ФлипчартБүктеу
Қаламның қалыңдығыЖұмыс үстелі
Түстер палитрасы
Еркін таңдау Қалам
МаркерӨшіргіш
МәтінТазалау
БолдырмауҚайталау
БүркемелеуПрожектор
ФотоаппаратМасштаб
Арнайы құралдарТану
ҚұюActivote
Негізгі құралдар тақтасындағы « Арнайы құралдар » батырмасын басып, осы құралдарды іске қосуға болады. Бұл тақтада қажетті 20 құралды пайдаланып, олармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Флипчарт құралдар тақтасы арнайы диапазон құралдарымен флипчарттағы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектеседі .
Объектіні редакторлеу тақтасының көмегімен объектіні редакторлеудің көптеген мүмкіндіктеріне қол жеткізуге болады. Тақта объектіде екі рет шерткенде пайда болады.
Бетті редакторлеу тақтасын іске қосу үшін, флипчарт бетінде екі рет шерту жеткілікті.
Құралды флипчарт бетінің қасиетін өзгертуге және флипчарттың құрылымын редакторлеуге қолданылады.
ACTIVboard –та презентация кезінде қажетті құралдарды тез іске қосу құралдар тақтасы мүмкіндік береді. Оң жақ батырманы бетте немесе объектіде шерткенде тез іске қосу тақтасы қосылады. Бұл тақтаға 12 құралды өз таңдауың бойынша қосуға болады.
Кітапхана ресурсының толық мүмкіндіктерін флипчарт құрғанда пайдалануға болады. Мұнда суреттер мен дыбыстардан бастап аяқталған іс-әрекеттер, оқу жоспарлары да бар. Ол мыңдаған дайын ресурстармен қамтамасыз етілген. Кітапхана ресурсын іске қосу үшін, флипчарттың құралдар тақтасынан «Кітапхана ресурсы» батырмасын басу керек.
1. Жалпы / М енің коллекци ям
2. Жалпы / М енің түсім
3. Жалпы / М енің торым
4. Жалпы / М енің кескінім
5. Жалпы / М енің мәтінім
6. Жалпы / М енің формам
7. Жалпы / Менің сызбам
8. Жалпы / Менің ескертпем
9. Жалпы / Менің дыбыстарым
10. Жалпы / Менің флипчартым
11. Жалпы / Менің флипчарт беттерім
12. Жалпы / Менің лентам
13. Жалпы / Менің көрсеткіштерім
14. Жалпы / Менің бейнем
15. Жалпы / Менің веб-сілтемелерім
16. Жалпы / Менің іс-әрекеттерім
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1.Бормен тақтаға жазылған кескінді, интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.