Просмотр содержимого документа
«"Paint ?арапайым графикалы? редакторы". Ашы? саба?.»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Paint графикалық редакторы, редактордың құрал – саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту; Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, таратпалар, электрондық оқулық Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, бейнелеу өнері, орыс тілі, информатика пәндері
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын сұрау “Кім жылдам?” ойыны 1. Иілгіш диск? 2. Ақпаратты шығару құрылғысы? 3. Пернетақтаның қандай блоктары бар? 4. Принтердің неше түрі бар? 5. Корзинаны қалай тазартуға болады? 6. Дискілерді пішімдеудің неше әдісі бар? 7. Компьютердің құрылғыларын атаңыз?
IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Компьютер график құруда және графикалық кескіндерді өңдеуде ең қолайлы және қуатты құрал болып табылады. Ең қарапайым графикалық редакторлар сурет салуға, түрлі қылқаламдарды пайдаланып, суреттерді әр түрлі түске бояуға, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтарды сызуға, суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Paint графикалық редакторы сурет салу программасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. Paint программасында өзіміз сурет салуымызға, Windows-тің басқа қолданбаларынан алмастыру көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай - ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу Paint программасын іске қосу үшін мына әрекеттерді орындау керек 1. Пуск батырмасын шертіңіз 2. Бас менюден Программы командасын таңдаңдар 3. Ашылған бағыныңқы менюден Стандартные командасын таңдаңдар 4. Келесі бағыныңқы менюден Графический редактор Paint – ты таңдаңдар.
Бұдан былай осындай әрекеттер тізбегін мына түрде орындаймыз: Пуск →Все программы →Стандартные →Paint
Командалар орындалғаннан кейін, экранға графикалық Paint редакторының терезесі шығады. Көріп отырсыңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты, бірақ мұнда салынатын кескіннің түсін де таңдауға болатын түстер палитрасын қосылған. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік – сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы – құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар. Түстер палитрасының екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі – біз онымен сурет салатын түс және қосымша – бұл фон беретін түсі. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі – қара, ал фонның түсі ақ болып шығады. Палитраның сол жағында бірін - бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.
Сурет салу кезеңдері Сурет салу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады: 1. Құралды таңдап алу керек. Paint редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады: Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады; бұл Белгілеу құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады; Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған; Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды; Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді; Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді; Қарындаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған; Қылқалам (Кисть), ерікті сызықтарды салуға арналған. Қылқаламның қажетті түрін таңдап алуға болады; Бүріккіш пульверизатор эффектісін береді; Жазу, бұл сурет ішіне мәтінді орналастырады; Сызық, түзу сызықтар салуға арналған; Қисық, тегістелген, қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді; Тік бұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған; Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады; Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған; Бұрыштарды дөңгеленген (доғал) тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді;
2. Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау. Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта (орында) жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап, бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
3. Кескіннің түсін таңдау. Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шертіңдер
4. Фонның түсін таңдау. Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш).
Практикалық жұмыс Мына фигураларды салыңдар.
ІҮ. Бүгінгі тақырыбымызды қалай меңгердік? Тест арқылы табайық 1. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз А) Пуск – программы – Paint Б) Пуск – Paint С) Пуск – программы – Стандартные – Paint 2. Графикалық редакторды көрсетіңдер А) MS Word Б) Paint С) MS Excel 3. Paint графикалық редакторда қанша құрал бар А) 19 Б) 13 С) 16 4. Жазу құралы дегеніміз не А) Түзу сызық салуға арналған Б) Көпбұрыш салуға арналған С) Сурет ішіне мәтін орналастыруға арналған 5. Құю (Заливка) құралы дегеніміз не? А) Кез келген сызықты сызуға арналған Б) Суретті өшіруге арналған С) Кескін немесе фон түсімен бояйды Ү. Оқушыларды бағалау ҮІ. Үйге тапсырма Paint графикалық редакторы