Алматы облысы Жамбыл ауданы
Сүйінбай атындағы орта мектеп ҮБМКММ
Инеформатика пәнінің мұғалімі – Сайдаева Г.А.
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді танып алу программасы.
Сабақтың мақсаты: а) Жаңа тақырыпты түсіндіру, мәтінді тану ұғымдарын қалыптастыру.
ә) Логикалық ойлау қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамыту.
б) Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың көпнекілігі: компьютер, мәтіналғы, принтер, флипчарт, тапсырма карточкалары
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ –жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, жоқ оқушылардың себебін анықтау. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексерукезеңі
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі
Қазіргі кезде нарықта сәйкестендіру жүйелерінің бірнеше жүйелері бар, олар әртүрлі іскерлік ортадағы қолданушыға, сондай-ақ әртүрлі платформаға негізделген. Мысалы: Fine Reader Online.ru, ABBYY : Fine Reader, Persian Reader және т.б.
Атауы
Лицензия
ОЖ
Ескерту
Fine Reader Online.ru,
Коммерциялық
Online
Сканерленген көптілді құжатты фотосуреттерді сәйкестендіре алатын Online OCR жүйесі. Жұмыс нәтижесі редакторланатын (PDF, DOC, RTF, {LS,TXT) форматына конверттеледі.
ABBYY Fine Reader,
Коммерциялық және жекеменшік
Windows, Linux, Mac OS
Қандайда бір тілде сәйкестендіру үшін сол тілді қолдану керек.
Readiris
Коммерциялық және жекеменшік
Windows
Белгиялық фирманың – I.R.I.S. Group өнімі. Сәйкестендірудің аймақтық және Азия тілдері мен орталық шығыс тілдерін қамтиды.
Persian Reader
Коммерциялық және жекеменшік
Windows, Mac OS
Парсы тіліне арналған
Программаның терезе құрылымы:
- Бет терезесі
- Сурет терезесі
- Мәтін терезесі
- Жылдам қол жеткізу панелі
- Басты құралдар панелі
- Бет, сурет, мәтін құралдары панелі
- Мәтін терезесіндегі мәтін қасиеті панелі
- Үлкейтіп көрсету.
Басты құралдар панелінде негізгі іс-әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан. ABBYY Fine Reader – де құжатты енгізу 4 кезеңнен тұрады: кескінді алу, сәйкестендіріп тану, құжатты тексеру, сақтау.
- Бірінші құжатты мәтіналғығы саламыз
- Құралдар тақтасынан сканерлеу бұйрығын таңдаймыз
- Сканерленген құжат кескіндеме терезесіне келіп түседі
- Сәйкестендіріп тану үшін Құралдар тақтасынан танып алу бұйрығын басамыз
- Оны тексереміз
- Құжатты мәтіндік процессорға экспорттаймыз.
ІУ. Бекіту кезеңі
Тапсырма №1,2 оқулықта 57 бет
У. Қорытындылау кезеңі
1. ABBYY Fine Reader программасының қызметі қандай?
2. ABBYY Fine Reader терезесінің құрылымын атаңдар?
3. ABBYY Fine Reader программасында құжат енгізу қанша кезеңнен тұрады?
УІ. Бағалау кезеңі
УІІ. Үйге тапсырма.
Таұырыпты оқу. ІІІ тарау бойынша тест шешу.
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Сүйінбай атындағы орта мектеп ҮБМКММ
Инеформатика пәнінің мұғалімі – Сайдаева Г.А.
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді сәйкестендіріп тану технологиясы.
Сабақтың мақсаты: а) Жаңа тақырыпты түсіндіру, мәтінді тану ұғымдарын қалыптастыру.
ә) Логикалық ойлау қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамыту.
б) Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың көпнекілігі: компьютер, мәтіналғы, принтер, флипчарт, тапсырма карточкалары
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ –жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, жоқ оқушылардың себебін анықтау. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексерукезеңі
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі
Сканерленген құжатты сурет куйінде сақтап қоюға немесе мәтінді өңдеп, мәтіндік редакторға сақтап қоятын арнайы программалар жүйесі – OCR (Optical Character Recognition) жүйесі қажет. Бұл үрдіс кескінді компьютерге сканерлеу арқылы немесе басқа да жолдар арқылы енгізгеннен кейін орындалады. OCR пакеті 2 типке бөлінеді: оқытылатын және зияткерлік. Оқытылатын пакетпен жұмыс өте көп уақыт алады. Ал зияткерлік пакетте, суретті мәтіналғыдан өткіземіз, сосын OCR жүйесінің программасы арқылы автоматты сәйкестендіреміз.Осы пакет арқылы минутына 1200 символды сканерлеп, сәйкестендіріп үлгеруге болады.
ІУ. Бекіту кезеңі
Тапсырма: Кез-келген информатикаға қажетті құжатты сканерлеңдер. Құжатты өз бумаларыңда сақтаңдар.
У. Қорытындылау кезеңі
1. Бүгінгі сабақта не білдік?
2. Не үйрендік?
УІ. Бағалау кезеңі
УІІ. Үйге тапсырма.
Таұырыпты оқу. Тақырып бойынша 4 сұрақ ойластырып келу.