kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

КЕСТЕЛЕР. КЕСТЕЛЕР ??РУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

САБА? ЖОСПАРЫ                                                                «Бекітемін»

                                                                                                ________________

                                                                                         О?у ісіні? ме?герушісі

                                                                                 «___________» ________2013 ж

П?н аты:   Информатика

Класы:  7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Саба?ты?  та?ырыбы:     Кестелер.  Кестелер ??ру.  Кестелерді редакциялау.  

Саба?ты? ма?саты:                                    

Білімділік:  Кесте ??ру. ?яшы?тарды ?осу, ?шіру ж?не біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін ?алыптастыру;

Т?рбиелік:    Жан-жа?ты болу?а, ?з бетімен ж?мыс  істеуге т?рбиелеу;

Дамытушылы?:  О?ушыларды? есте са?тау ж?не зейіндік ?абілеттерін дамыту, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.

Саба?ты? т?рі:     Практикум элементтеріні? к?мегімен демонстрациялау, баяндау ар?ылы т?сіндіру.

Саба??а ?олданылатын к?рнекті ??ралдар:       компьютер, о?улы?, практикум, та?та.

                                                                  Саба?ты? ?ту барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і.

ІІ. ?йге берілген тапсырманы тексеру.

    (Практикум ж?мыстарын тал?ылау )

    ?ткен саба?тар бойынша ?айталау с?ра?тары:

1. М?тіндік ??жатты пішімдеу деп нені т?сінесі?дер?

2. М?тінді белгілеу т?сілдерін ата?дар?

3. М?тінді пішімдеу режимін ата?дар?

4. Абзацты? шегіністерді? ?андай т?рлерін білесі?дер?

5. Жоларалы? интервал т?рлерін ата?дар?

ІІІ. Жа?а  та?ырыпты т?сіндіру.

             М?тін ?сынуды? келесі ?дісін ?арастырайы?, б?л–м?тінді жолдар мен ба?андар к?мегімен ?сынатын кестелер. Word к?лемі ?р т?рлі, м?тіндік ж?не графиктік а?параты бар кестелер ??ру?а м?мкіндік береді. 

              Кесте – б?л жолдар мен ба?андарда реттеліп берілген а?парат. Кесте жолдар мен ба?андарды? ?андай да бір санынан т?руы м?мкін. Жолдар мен ба?андар ?иылысып, ?яшы? ??райды.

           Жол –    к?ршілес ?яшы?тарды? к?лдене? бірлестігі.

           Ба?ан – к?ршілес ?яшы?тарды? тік бірлестігі.

           Ба?андар мен жолдар ?иылысып ?яшы?тар т?зеді.

           ?яшы? –дерек са?талатын орын.

            Word м?тіндік редакторында кестелерді екі т?рлі ?діспен: менюді? Таблица командасыны? к?мегімен ж?не аспаптар панеліндегі Добавить таблицу батырмасын пайдаланып ??ру?а болады.

       ??жатты кесте ??ру ?шін Таблица–Добавить таблицу командасын оры?да?дар. Экранда Вставка таблицы диалогтік терезесі пайда болады.

      Число столбцов опциясыны? ?рісіне кесте ба?андарыны? саны енгізіледі. Word ?нсіз келісім бойынша 2 ба?ан ?сынады, біра? ?анша болса да енгізуге болады. Таблица –Добавить столбцы командасын  орындап, кестеге ба?ан ?осу?а болады.

Число строк опциясыны? ?рісіне кесте жолдарыны? саны енгізіледі. Кейін Таблица –Добавить строки командасын орындап, жол санын к?бейтуге болады.

    Ширина столбца ?рісінде ?нсіз келісім бойынша орнатыл?ан AUTO параметрлерін ?алдыру?а болады, не ба?ан еніні? м?нін енгізуге болады.  

IV. Саба?ты бекіту.

Жа?а саба?ты бекіту с?ра?тары:

1. Кесте деген не?

2. Кесте ??ру жолдарын ата?

3.?яшы?тарды біріктіру, б?лу, ?осу ?шін ?андай командаларды орындаймыз?

4. Кестені пішімдеуді? жолдарын ата.

V.  ?йге тапсырма беру.

VI. О?ушыларды ба?алау.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«КЕСТЕЛЕР. КЕСТЕЛЕР ??РУ »

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі 2,4,6 қыркүйек 2014 ж ________________


Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Программалық Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы

дидактикалық бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары.

қамтылуы: Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты: 1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы

ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру

ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет

ережелерімен таныстыру.

2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы.

Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс:

қойылатын талаптар - ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;

  • компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін;

  • қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

- көз талғандағы жаттығуларды жасауды;

- өрт сөндіргішті қолдануды;

- жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;

- статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

1) жалпы;

2) ДК-де жұмысты бастау алдында;

3) жұмыс істеу кезінде

4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,

5) жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.

  4. Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды

  5. Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады

  6. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс

  7. Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды

  8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары

  1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары

  1. ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.

  2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

  4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

  5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.

Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

  1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.

  2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

  3. Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.

  4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

  5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары

  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек

3. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК.

Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.

Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды

Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады

Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды

Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады

Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайды

Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады

Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды

Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады

Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды

Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайды

Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайды

Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды

Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды

Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болады

Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды

Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады

Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды

Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады

Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды

Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болады

Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды

4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)

  2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату

  3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету

  4. Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.

Күйген кезде көмек көрсету

Адам күйікке шалынған жағдайда:

  1. Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.

  2. Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.

  3. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.

  4. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Талып қалғандағы көмек көрсету

Адам талып қалған жағдайда:

  1. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.

  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету

Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:

  1. Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;

  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

  3. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту

Қауіпсіздік ережелері бойынша бекіту сұрақтары бойынша, сынақ

V. Қорытындылау

Үйге тапсырма

ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.

Оқушыларды бағалау






САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі 9, 11, 13 қыркүйек 2014 ж ________________

Пән аты: Информатика

Класы: 7«А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Компьютерде ақпараттарды ұсыну

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.

Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу нәтижесінде пайда болады.

Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады.

Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.

Ақпарат түрлері

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:

  1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

  2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;

  3. басқарушы және мәлімет беруші;

  4. объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:

Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.

Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.

Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.

Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.


Үйге тапсырма: : Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Ақпарат қасиеті. Әлемнің ақпараттық бейнесі.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі 23,25,27 қыркүйек 2014 ж ________________


Пән аты: Информатика

Класы: 7«А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Компьютерлік ақпартты қорғау, ДК-ді қорғау ерекшеліктері. Кодтан шыгаруды үйрену.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы

түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымадстыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Тақырыбы:

Біз осыған дейін ақпарат деген не, ол қайда кездеседі деген сұрақтардың жауабын бердік. Енді ақпаратты қалай бағалайды, оны өлшеудің тәсілдері бар ма деген сұрақтарға жауап беріп көрелік. Ақпаратты бағалаудың маңызы өте зор. Оны түсіндіру үшін ақпаратты қолданудың «адам» және «техника» деген екі бағытын қарастырамыз. Адам үшін ақпарат бір нәрсені хабарлау, мәлімет беруді білдіреді. Олай болса кез келген хабар ақпарат бола ма, соны қарастыралық.

1-мысал, Егер біреу «Күндіз – жарық, түнде – қараңғы» десе, бұл хабар тек бізді таң қалдырар еді. Себебі ол белгілі нәрсе. Демек хабар ақпарат болуы үшін ол жаңа, адам үшін белгісіз болуы керек.

2-мысал, «Каузалды схема - әлеуметтік қабылдауда талдау, себептілік принциптерін белгілеу үшін қолданылатын ұғым». Бұл «Каузалды схема» ұғымы әлеуметтік психологиядан алынған. Біз бұл ұғымды бірінші рет кездестірсек те, ол біз үшін ақпарат емес, себебі біз

әлеуметтік психологиямен таныс емеспіз, және оның терминдерін түсінбейміз.

Демек, хабар ақпарат болуы үшін, ол түсінікті болуы керек.Сонымен ақпарат алу деген бізге жаңа, түсінікті бір нәрсені білуді, яғни білім алуды білдіреді. Мысалы сендер күнделікті сабақта ақпарат аласыңдар. Себебі оқытушы жаңа тақырыпты сендердің алдыңғы

білімдеріңе сүйеніп, түсіндіреді. Адам үшін ақпарат тек нұсқаулар мен фактілер емес, ол бізді қуанышқа бөлейтін, қайғыртатын да нәрсе. Сөйлесу барысында алынған мәліметтің жартысынан көбі әңгімелесушінің дауыс ырғағына, оның бет-әлпетінің құбылуына, қолының қимыл қозғалысына, яғни сөйлесудің жалпы жағдайына байланысты бағаланады.

Сонымен ақпарат толық, обьективті, жаңа, пайдалы әрі нақты болса, ол біз үшін бағалы болады.

Мысал: хабардың ақпарат болатынын емес болмайтынын анықтау керек.

Ертең математикадан бақылау жұмысы болады.

Периодтық жүйедегі элементтің номері оның ядросындағы протондардың санына тең.

Әлемдегі ақпарат мөлшері әр он жыл сайын екі есе өсіп отырады.

Жаңа жыл 1 қаңтарда. Түнде кенет суық. Үздік оқушылар келеді. түсуі күтіледі. емтиханнан

босатылады.

Шілдеде орташа температура 5-10 градус.


Тісті екі рет жуу керек

– таңертең және кешке

Пингвиндер Антарктидада өмір сүреді. Жұма күні сабақтан кейін 7а мен 7в сыныптары арасында футбол ойыны болады.

Егер бір жерде біреу жоқ болса, онда біреу бір жерде бар болғаны. Бірақ бұл біреу қайда және ол қайда кіріп кетуі мүмкін. Кешенді сандардың анықтамасына олармен жүргізілетін

операцияларға қатысты келісімдер де кіреді.

Помпей – бұл Италияның ең құнарлы әрі әсем бөлігі, ежелгі Кампанияның көптеген қалаларының бірі.

Ал ең күрделісі – ақпаратты саны жағынан бағалау мәселесі. Ақпаратты техникалық жағынан өлшеуге болады. Себебі, ақпараттың қанша мөлшері хабар жіберу жүйесі арқылы өтетінін, алдыңғы ақпарат жадыдан қанша орын алғанын, келесі ақпаратқа жадыдан қанша орын бөлінуі керек екенін анықтап отыру керек. Техникада ақпаратты мағынасы жағынан бағаламай, оын тек сандық жағынан бағалайды.


Үйге тапсырма: Есеп шығару



САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі 30 қыркүйек , 2,3 қазан 2014 ж ________________

Пән аты: Информатика

Класы: 7«А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақтын тақырыбы: Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі.

Сабақтың мақсаты: Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі туралы түсіндіру.

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен,

компьютер өндейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және

бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен таныстыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,интер.тақта, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

Ақпараттың қандай қасиеттері бар ?

Хабардың ақпараттық көлемі деген не ?

Жаңа түсініктер

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады. Ақпаратық процесті жүзеге асыратын негізгі құрылғы компъютер деп аталады. Ақпаратты автоматты түрде өндеу адамының қатысуынсыз өңдеу , бұл кезде компьютер алдын ала берілген багдарлама боиынша ақпаратты өңдеуі алғашқы мәліметтер енгізуден бастап нәтеже алғанға дейін жүргізіледі.

Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мүмкін:

Мәтіндік ақпарат

Оқулықтағы мәтін,дәптердің шығарма,ауа райын болжау,радио арқылы хабар

Сандық

Көбейту кестесі,арифметикалық мысал,хоккей оцындағы есеп.

Графикалық апарат

Суреттер,схемалар,сызбалар,фотосуреттер.

Музыкалық апарат

Дыбыстар,музыка,сөз.

Бейне апарат

Түрлі түсті графика,дыбыс,фильмдер,екі және үш өлшемді жылжымалы обьектілер.

Компьютердің аппараттық құралдары: * Бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларына:

* Ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды сақтауға арналған кампьютерлік жадынан: * Мәліметтерді өңдеу процесін басқаратын процессрдан.

* өңдеу нәтижелерін шығаратын-шығару құрылғылардан :

* барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпараттық

Бағдарламалық құралдар - әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды.

Олар:

Жүйелік деп, аталатын, к-ң барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын;

Қолданбалы деп, аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;

Бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.

Программалық жабдықтамалар

Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.

Жүйелік бағдамалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система –ОС) негізгі болып табылады.

ОЖ - компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ-әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады, компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді.

ОЖ - лер өте көп, бірақ біздің қарастыратынымыз үйде және мектептерде тұрған компьютелердің операциялық жүйелері. Бұдан аз-ақ уақыт бұрын мұндай компьютерлерде ОЖ MS DOS тұратын. Қазірг кезде кең тараған жүйелер: WINDOWS 95, WINDOWS 98, WINDOWS NT.

Бұл операциялық жүйелердің және көпдеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың, бағдарламалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жауапшысы) американың Microsoft фирмасы.

Компьютерде жұмыс істеу- негізінде оның ОЖ-мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және жақын долстықта екендігі өте маңызды.

Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілін интерфейс деп те атайды.Дербес компьютерлерде қатынасудың –интерфейстің-команданың және терезелік екі тәсілі болады.

Командалық интерфейсте адам компьтермен ОЖ-нің командаларының жиынтығының көмегімен қатынас құралады,олар өте көп және жазылу түрлері де әр түрлі.Командалық интерфейсі бар ОЖ-ға ОЖ МSDOS жатады,олкомпьютерлерде соңғы жылдарға дейін негізгі болып келді.компьютерде дұрыс жұмыс істеу үшін,ОЖ MSDOS нұсқауларының қалың томдарын оқып үйрену қажет болды.

Терезелік интерфейстің жөні басқа,ол WINDOWS тіпті Ож-де жүзеге асырылған.Мұнда компьютермен қатынасу көбіне тек маус құрылғысы арқылы жасалады.Компьютермен жұмыс істеу үшін,экранда графикалық формаларды компьютермен қатынас құруды сезу дәрежесіндетүсінікті еді.

Оның үстіне ОЖ WINDOWS бір мезгілде бірнеше мәсел елерді,ал MSDOS тек бір мәселені ғана шешуге мүмкіндік береді.

Әрине, WINDOWS типті ОЖ-лар тек белгілі жағдай жасалғанда,яғни процессордың жұмысының жылдамдығы арттырылғанда, компьютердің жедел және тұрақты жадының көлемі үлкейтілген ғана MSDOS-тың орнын басты.

Қолданбалы бағдарламалық жасақтама мәліметтерді өңдеудің нақты мәселелерін шешуге арналған.Олардың көмегімен құжаттар құруға, графикалық объектілер даярлауға, әр түрлі есептеу жүргізуге және өздеріңнің демалыстарынды ұйымдастыруға көмектеседі.

Қолданбалы бағдарламаларды арнайы және әмбебап бағдарламалар деп екі топқа бөлінеді.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Компьютер дегеніміз не?

  • Ақпараттық құралдар неден тұрады?

  • Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?

  • Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?


Үйге тапсырма: Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі.



































САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі 7,9,11 қазан 2014 ж ________________


Пән аты: Информатика

Класы: 7«А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Жады

Сабақтың мақсаты: Компьютердің жады және оның түрлері туралы түсіндіру.

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өндейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен таныстыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,интер.тақта, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

Пән аралық байланыс: Физика, математика

Оқыту құралдары: Кітап, ережелер, интерактивті тақта

I. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, сыныптың тазалығын тексеріп, кезекшілерден «жоқ» оқушылардың тізімін алу. Оқушылар орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу, «жоқ» оқушылардың тізімін беру Зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру: Ауызша, сұрақ - жауап

III. Жаңа материалды хабарлау:

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАР

Компьютердің бағдарламалық жасақтамалары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система - ОС) негізгі болып табылады.

ОЖ — компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ - әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады, компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді. ОЖ - лер өте көп, бірақ біздің арнайы қарастыратынымыз — үйде және мектептерде тұрған компьютерлердің операциялық жүйелері. Бұдан аз - ақ уақыт бұрын мұндай компьютерлерде ОЖ МS Dos тұратын. Қазіргі кезде кең тараған жүйелер: ОЖ Windows XP, 7, Vista, т. б.

Бұл операциялық жүйелердің және көптеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың, бағдарламалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жасаушысы) — американың Місгоsoft фирмасы.

Компьютерде жұмыс істеу - негізінде оның ОЖ - мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және "жақын достықта" екендігі өте маңызды.

Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас тәсілін интерфейс деп те атайды. Дербес компьютерлерде қатынасудың - интерфейстің - командалық және терезелік екі тәсілі болады.

Компьютер жады екілік есте сақтау элементтерінен құралған –8 биттен біріктірілген топтар, яғни бұлар байттар деп аталады. (жад өлшем бірлігі ақпарат өлшем бірлігімен сәйкес келеді). Барлық байттар нөмірленген. Байт нөмірін оның адресі деп атайды.. Байттар ұяшықтарға біріге алады, олар сондай –ақ сөздер деп аталады. Әрбір компьютер үшін сөз ұзындығы анықталған – екі, төрт немесе сегіз байт. Бұл ұзындығы басқа жад ұяшықтарын қолдана беруге болмайды деген сөз емес. (мысалы, жартысөз, екі сөз). Ереже бойынша, бір машиналық сөзде бір бүтін сан немесе бір команда көрсетілуі мүмкін. Бірақ-та, ақпаратты көрсетуге айнымалы форматтар жіберіледі. Үлкен көлемді жад көлемінің өлшем бірлігі көп қолданылады: Kuлoбайт, Мегабайт, Гигабайт, сондай-ақ соңғы уақытта, Терабайт және Петабайт. Қазіргі компьютерлер арнауы бойынша бір-бірінен едәуір ажыратылатын көптеген есте сақтау құрылғыларына ие, уақытша мінездемесімен, сақталатын ақпарат көлеміне және біркелкі ақпарат көлемінсақтау бағасы. Жадтың екі негізгі түрі ажыратылады – Ішкі және сыртқы жады. Ішкі жад құрамына жедел жад, кэш-жад, және арнайы жад кіреді.. Жедел жад Жедел жад (ОЗУ, англ. RAM, Random Access Memory — өзінше ені жады) — бұл процессормен баланысқан және есептеу жазбалары және орындалатын бағдарламалар және осы бағдарламалармен өңделетін берілгендерді сақтау үшін тез есте сақтау құрылғысы. Жедел жад тек қана бағдарламалар мен берілгендерді уақытша есте сақтау үшін қолданылады. Машина өшірілген уақытта ОЗУ тұрған барлық ақпарат жоғалады.жедел жад элементтеріне ену түзуінен– бұл дегеніміз жадттың әрбір байты өзіндік адреске ие деген сөзді білдіреді. ОЗУ көлемі әдетте 32-512 Мбайтты құрайды, Қазіргі уақытта бағдарламалық жабдықтаудың тиімді жұмысы үшін 256 Мбайт ОЗУ кем болмағаны жөн. әдетте ОЗУ DRAM жадттың интегралды микросхемасымен орындалады. (Dynamic RAM — динамическое ОЗУ). DRAM микросхемалары басқа түрлі жадттарға қарағанда ақырын жұмыс істейдір, бірақ арзан тұрады. DRAM әрбір ақпараттық бит кіші конденсаторлар жартылай өткізгіш кристалл құрылмында будандалған электрлік заряд түрінде есте сақталады. Ток күші берілмеген жағдайда бұндай кондесаторлар тез разрядтталады, және оларды оқтын-оқтын арнайы құрылғы зарядтап тұрады (мысалы әрбір 2 миллисекундта). Бұл процесс жад регенациясы деп аталады (Refresh Memory). Қазіргі уақыттағы микросхемалар 1-16 Мбит және одан жоғары сыйымдылыққа ие. Олар қорапқа орнатылып жад модуліне жиналады. Көптеп тараған модулдер типі DIMM және SIMM. SIMM модулінде жад элементтері ұзындығы 10 см болатындай кіші баспа платасында жиналады. Бұндай модулдердің сыйымдылығы әртүрлі -— 256 Кбайт, 1, 2, 4, 8, 16, 32 және 64 Мбайт. SIMM нің әртүрлі модулдері әртүрлі микросхемалар санына ие болуы мүмкін — тоғыз, үш немесе бір, және әртүрлі контактылар санымен — 30 немесе 72. Жад модулдерінің ең керек мінездемесі — берілгендерге ену уақыты әдетте 60-80 наносекунд құрайды. Қазіргі уақытта SIММ'дар көп қолданылмайды. Оларды ауыстыруға қазір DIMM`дар келді, ал DIMMдарға DDR және RIMM келіп жатыр, бірақ DIMM салыстырғанда олар өте жоғарғы баға тұрады және сәйкесінше алмасу жылдамдығы артады. КЭШ-жад КЭШ (англ. сасhe), немесе жоғарғы жедел жад — сыйымдылығы кіші өте жылдам есте сақтау құрылғысы. Бұл бірнеше шама төмен әрекет жасайтын және процессормен ақпаратты өңдеу жылдамдығы арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру үшін жедел жад пен микропроцессор арасында ақпарат алмасу кезінде қолданылады. Кэш-жадты арнай құрылғы басқарады — контроллер. Бұл орындалып жатқан бағдарламаға анализ жасай келіп, жақын арада процессорға қандай командалар керек екенін алдын ала көруге тырысады және оларды кэш-жадқа тартып алады. Бұл кезде "дәл түсу", сондай-ақ "дәл түспеу" болуы мүмкін. Егер дәл түскен жағдайда, яғни егер кэш керекті берілгендер тартып алынған болса, оларды жадттан ажырату тоқтаусыз болып жатады. Егер де керек ақпарат кэш болмаса, онда процессор оны жедел жадттан оқиды. Дәл түсу саны мен дәл түспеу саны ара қатынасы кэштеудің тиімділігін анықтайды.. Кэш-жад SRAM статистикалық кэш жад микросхемаларында таралады (Static RAM), Бұл DRAM қарағанда жылдам, қымбат және аз сыймдылық. Қазіргі уақытта микропроцессорлар енгізілген кэш-қа ие, бұларды 8-16 Кбайт көлеммен бірінші деңгейлі кэш жад деп атайды. Бұдан басқа компьютердің жүйелік платасында екінші деңгейлік кэш орнатылуы мүмкін. сыйымдылығы 64 Кбайт бастап 256 Кбайт

IV. Жаңа материалды бекіту

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?

2. ОЖ - нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атаңдар.

3. Интерфейс деген не? Қандай интерфейстерді білесіңдер?

4. Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?

5. Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

6. Мәліметгер ішкі жадта қалай орналасады?

7. Сыртқы жадтың қандай құрылғыларын білесіңдер?

8. Файл дегеніміз не?

9. Ішкі және сыртқы жадтарда ақпарат қалай іздестіріледі?

10. Файлдармен қандай операциялар жүргізуге болады?

V. Үй тапсырмасы Жады

VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!




























САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі 14,16,18 қазан 2014 ж ________________


Пән аты: Информатика

Класы: 7«А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: . Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Процессор дегеніміз не?

  2. Микропроцессордың құрылымына қандай құрылғылар кіреді?

  3. Арифметикалық құрылғысы не істейді?

  4. Басқару құрылғысы не істейді?

  5. Тактілік жиілік деген не?

  6. Ақпараттық кеңарна деген не?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Операциялық жүйе дегеніміз не?

Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және програмалық жасауының жұмысын басқарук үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.

Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі –операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.

Операциялық жүйелерді жіктеу.

Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:

  • Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;

  • Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;

Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.

Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.

Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:

І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.

ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.

ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйе не үшін қажет?

  3. Интерфейс деген не?

  4. Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?

  5. Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің айырмашылығы қандай?

Үйге тапсырма: Операциялық жүйе.


Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,

бағалау.













































САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі 21,23,25 қазан 2014 ж ________________

Пән аты: Информатика

Класы: 7«А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Программалау – алгоритмді формальді жазу тәсілі. Программалау тілінің синтаксисі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа сабақты түсіндіру

Алгоритм, программа ұғымдары

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.

Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.

Алгоритмнің орындалу

Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритм мынадай қадамдарын орындау керек:

  1. Мектепті тәмамдау.

  2. Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.

  3. Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.

  4. Конкурстан өту.

  5. Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.

Бұл пункттердің орнын ауыстыруға бомайды. Олар көрсетілген ретпен кезегі орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.

Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі.

Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.

Алгоритм қасиеттері

Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық әрекеттердің мағынасы айқын, нықты анықталған болу керек. Онда қандай қадам көрсетілсе тек солар ғана орындалуы қажет. Есеп шығаруға керектің бәрі анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.

  1. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек. Бұл қасиеті бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттер жіктеледі. Сондықтан алгоритмді, екі-үш бқлікке бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде жұмыс істелінуі қажет.

  2. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез-келген алгоритмнің нәтижесі болу керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет.

  3. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға қарсы ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.

  4. Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы оныәр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.

Алгоритм жазу жолдары

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:

1) табиғи тілдегі жазылуы;

2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу;

3) графиктік жолмен жазу;

4) программалау тілдеріндегі жазылуы.

Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен қолданылады.

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.

Блоктар кескіндемесі

Блоктар қызметі

1



Алгоритм басы

2



Алгоритм соңы

3



Есептеуіш әрекет

4



Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару

5






жоқ иә


Шартты тексеру

6



Циклдың басы

7



Көмекші алгоритмді шақыру

8



Байланыс бағытын көрсету

Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы

Интерпретатор – берілген прогамманың әрбір жолын (командасын) жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.

Компилятор – бірден барлық программа мәтінін толық аударып машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің алауымыз бойынша орындайды.

Сабақты бекіту сұрақтары

      • Алгоритм дегеніміз не?

      • Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?

  • Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

  • Блок-схема дегеніміз не? Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?

  • Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не? Түйінді сөздерге нелер жатады?

  • Интерпретатор, компилятор және ассемблердің айырмашылықтары қандай?

Үйге тапсырма:

Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар.




САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі 28,30 қазан, 1 қараша 2014 ж ________________

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету;

Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма


Өткен материалды қайталдау сұрақтары

  • Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

  • Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшілектері қандай?

  • Блок-схема дегеніміз не?

  • Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?

  • Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?

Жаңа сабақты түсіндіру

Алгоритм командалары

Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама командалардан тұрады.

Жай команда. Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу және нәтиже алу командалары жатады.

Құрама командалар. Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құралады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу және циклдік топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдардан тұрады. Олардың жай командадан ерекшелігі бірнеше командадан құрылады және орындалуы берілген шарттарға негізделеді.

Алгоритм құрылымы

Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуысызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы:

алг үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу, тиісті бетін ашу,

үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы

Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.

2 2 2

Z = ax + b + cos (ax + b) – tg (ax + b)

Бұл функцияның мәнін табу үшін алдымен жақшада тұрған

ax 2 + b көпмүшелігін жеке есептеп алу қажет, себебі ол

тізбек үш рет есептеліп, орындаушы машина оған уақытты

көп кетіреді. Есептеліп болған Z функциясының мәні

қағазға не экранға басылып шығуы тиіс. Жалпы компьютер

жадына a, b, x мәндері алдын – ала енгізілуі керек.

алг Z функциясын есептеу

(нақ a, b, x, z )

арг a, b, x

нәт z

басы

a, b, x енгізу

t : = ax 2 + b

z : = t + cost + tgt

x, z шығару

соңы

Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық

алгоритмнің мысалы ьолып табылады. Мұндағы 2-блок - a, b, x

мәндерін пернелерден программаға енгізу блогы, 3-блок t - ның,

ал 4-блок Z функциясының мәндерін есептейді. 5-блок х

айнымаласының және Z функциясының нәтижесін қағазға басып шығарады.

2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпеес, бітті

түйінді сөздері пайдаланылады. Орынду тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.

3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түінді сөздер қолданылады.

Тапсырма: (33 бет 2 жаттығу)

Екі үшбұрыш қабырғалары a, b, c және d, e, f деп берілген. Қайсы үшбұрыштың үлкен екенін

анықтау қажет.

  1. Күрделі тармақталу

  2. Күрделі шарттарды пайдалану

  3. Арифметикалық циклдер

  4. Итерациялық (қадамдық) цикл.

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?

  • Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?

  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  • Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?

  • Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?


Үйге тапсырма: 1.9 - 1.10 тақырыптарын оқу. 32 бет, 1, 4 жаттығулар.


























САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі 13,15,18 қараша 2014 ж ________________


Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: : Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылығы:  Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма

І. Өткен материалды қайталдау сұрақтары

1. Алгоритммен программаның қандай
ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
2. Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
3. Алгоритмдерді график арқылы кескіндеу ерекшеліктері қандай?
4. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
5. Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қандай командаларға бөлінеді?

Компьютерде есеп шығару кезеңдері
А) берілген есепті математикалық түрде өрнектеу;
Ә) есеп шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық тәсілін анықтау;
Б) есеп шығару жолын алгоритм түрінде кескіндеу;
В) есепті компьютерде шығару программасын құру және оның қатесін түзету.
Г) есепке керекті мәліметтер мен берілгендерін жинақтау.
Д) компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады. Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си, т. б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т. б. амалдар орындалады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу;
(-) – азайту;
(*) – көбейту;
(/) – бөлу.
DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);; (нүктелі үтір); ` (апостроф); (;); [;]; {;}.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), (тең емес), (үлкен), = (үлкен не тең).
Сергіту сәті:
Полиглот
Жаңа сабақты түсіндіру

Өрнектер және олардың жазылуы
Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:
(5+7*х)/1. 8;
(sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т. б

Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си , т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.

Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді.
Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады. 

Тапсырмалар № 1
(a + b):(ху)
8-2+[21/4];мұндағы [] бүтін бөлу дегенді білдіреді.
(2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар
(5+2*4):3
(3,18-4,98)(1,171-0,27):(2,7-1,9)+5,96
(8+4):10
25 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар
42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар
Өрнекті Паскаль ережесі бойынша жазыңыз. 

Тапсырмалар №2

Сабақты бекіту сұрақтары
• Атаулар дегеніміз не ,олар не үшін қолданылады?
• Сандарды жазу ережесі қандай?. Паскальда сандардың қандай типтері бар?
• Айнымалы , тұрақты шамалар деп қандай шамаларды айтады?
• Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
• Төмендегіөрнектіңмағнасы бола ... 2.5 DIV ... 7 MOD 1.2 ...
Рефлексия 
Үй тапсырмасы: Өрнектердің жазылу ережелері. Жаттығу
Бағалау
































САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

21, 23 мамыр 2015 ж ________________


Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақ тақырыбы: Қорытынды тест

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың 7 сыныптағы алған білімдерін тексеру және бағалау.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа,тиянақтылыққа үйрету:

Дамытушылы: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту:

Сабақтың түрі: Сынақ сабақ.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Тест сұрақтары:

1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал...

А) Компьютер Ә) Модем Б) Калькулятор В) Машина.

2. Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталды.

А) 1823, МИНСК Ә) 1946, ЭНИАК Б) 1951. ІВМ В) 1949, ЭНИАК

3. Қай сөйлем дұрыс.

А) Пернетақта- енгізу құрылғысы В) Принтер- енгізу құрылғысы

Ә) Пернетақта- шығару құрылғысы Б) Монитор- енгізу құрылғысы

4. Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы-

А) Сканер Ә) Плоттер Б) Прцессор В) СД-РОМ

5. Иілгіш дискетаны оқуға арналған құрылғы-

А) Принтер Ә) Дискжетек Б) Процессор В) СД-РОМ

6. Ақпаратты шығару құрылғыларын көрсетіңіз...

А) Монитор, принтер Ә) Монитор, тышқан

Б) Процессор, принтер В) Принтер, сканер.

7. Бағдарламау жасақтамалары қандай топтарға бөлінеді.

А) Жүйелік, қолданбалы,бағдарламау жүесі.

Ә) Жүйелік, әмбебап, қолданбалы

Б) Қолданбалы, бағдарламау тілдері, операциялық жүйелер

8. Комьютердің ішкі жадысының неше түрі бар?

А)Тұрақты, уақытша жадтайтын құрылғы

Ә)жедел, тұрақты жадтайтын құрылғы

Б)жедел, оперативті сақтайтын құрылғы

9. Дискілердің қандай түрлері бар?

А) иілгіш, қатты, жұмсақ Ә) иілгіш, қатты, компакт

Б) қатты, иілгіш,терте

10. Экранның төртбұрыштың қоршаулы аумағы...

А) Терезе Ә) Шартбелгі Б) Жұмыс үстелі В) Бума

11. Жұмыс столында жаңа бума құру әрекеті қалай

орындалады?

А) Қосымша меню-Создать-папку Ә) Қосымша меню Открыть-папку

Б)Негізгі меню-Создать- Папку

12. Кез келген команданы жылдам орындау үшін қолданылатын терезе бөлігі..

А) жұмыс алаңы Ә) тақырыптық қатар

Б) меню қатары В) құралдар тақтасы

13. WordPad мәтіндік редакторында файлдың типі қандай болады?

А).doc ә).bmp б).txt в).exe

14. Paint графиктік редакторында файлдың типі қандай болады?

А).doc ә).bmp б).txt в).exe

15. Paint графиктік редакторында үзінділерді еңкейту мен созу командалары қалай орындалады?

А) Үзіндіні белгілеу, қосымша меню- Отразить/ Повернуть

Ә) Үзіндіні белгілеу, негізгі меню- Отразить/Повернуть

Б) Үзіндіні белгілеу, қосымша меню- Растянуть/Наклонить

В) Үзіндіні белгілеу, негізгі меню- Растянуть/Наклонить

16. Өте кішкентай мәтіндік редактор қалай аталады?

А)Wort Pad Ә)Раіnt Б)Microsoft Word B)Блакнот

17. Компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс істейтін қолтанбасы...

А) калькулятор Ә) Блакнот Б)Wort Pad B)Раіnt

18 . Компьютердің дыбыс жазуға арналған қолтанбасы...

А) Wort Pad Ә) Зувукозапись Б)Раіnt B) Блокнот



САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі 4, 6, 9 желтоқсан 2014 ж ________________


Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару, меншіктеу операторы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету;

Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталдау сұрақтары

  • Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

  • Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшілектері қандай?

  • Блок-схема дегеніміз не?

  • Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?

  • Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?


Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуысызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы:

алг үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу, тиісті бетін ашу,

үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы

Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.

2 2 2

Z = ax + b + cos (ax + b) – tg (ax + b)

Бұл функцияның мәнін табу үшін алдымен жақшада тұрған

ax 2 + b көпмүшелігін жеке есептеп алу қажет, себебі ол

тізбек үш рет есептеліп, орындаушы машина оған уақытты

көп кетіреді. Есептеліп болған Z функциясының мәні

қағазға не экранға басылып шығуы тиіс. Жалпы компьютер

жадына a, b, x мәндері алдын – ала енгізілуі керек.

алг Z функциясын есептеу

(нақ a, b, x, z )

арг a, b, x

нәт z

басы

a, b, x енгізу

t : = ax 2 + b

z : = t + cost + tgt

x, z шығару

соңы

Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық

алгоритмнің мысалы ьолып табылады. Мұндағы 2-блок - a, b, x

мәндерін пернелерден программаға енгізу блогы, 3-блок t - ның,

ал 4-блок Z функциясының мәндерін есептейді. 5-блок х

айнымаласының және Z функциясының нәтижесін қағазға басып шығарады.

2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпеес, бітті

түйінді сөздері пайдаланылады. Орынду тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.

3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түінді сөздер қолданылады.

Тапсырма: (33 бет 2 жаттығу)

Екі үшбұрыш қабырғалары a, b, c және d, e, f деп берілген. Қайсы үшбұрыштың үлкен екенін

анықтау қажет.

  1. Күрделі тармақталу

  2. Күрделі шарттарды пайдалану

  3. Арифметикалық циклдер

  4. Итерациялық (қадамдық) цикл.

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?

  • Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?

  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  • Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?

  • Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?


Үйге тапсырма: Сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару, меншіктеу операторы.






















































САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру, модель түрлерімен, модельдеу кезеңдерімен таныстыру. Статистикалық және динамикалық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере отырып ой – өрістерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Өткен материалды қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары

* Ауқымды желі дегеніміз не?

* Брандмауэрлер дегеніміз не?

* Интернетке қандай анықтама беруге болады.

* ТСР/ІР хаттамасы қандай қызмет атқарады.

* Провайдер дегенімз не?

* Серверлер деп қандай компьютерді айтады?

* Электрондық плшта дегеніміз не?

* Электронды поштаның кәдімгі поштадан қандай айырмашылығы бар?

* Телеконференциялар дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?

* Броузерлер дегеніміз не? Олардың атқаратын қызметі?

* E – mail адресі қандай элементтерден тұрады?

* Қандай пошталық программалар бар?

Жаңа сабақты түсіндіру

Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықщам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың (макетін) құру.

Әрбір адамның күнделікті іс - әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.

Модель – көрнекті түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады.

Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз.Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіпқайта жаңарту болып табылады.

Модель түрлері

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай топтарға жіктейді:

1. Қолданылу аймағы

2. Модельде уақыт факторын ескеру

3. Білім саласына қарай топтау

4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау

Қолданылу аймағына қарай модельдеу келесі түрде жіктеледі.

1. Оқу

2: Тәжірибелік

3. Ғылыми – техникалық

4. Ойын

5. Имитациялық

Оқу моделі - көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

Тәжірибелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда оюъектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер – объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.

Ғылыми - техникалық модельдер – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.

Ойын моделдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.

Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.

Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.

Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б.

Динамикалық модель уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.

Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл – үйдің статистикалық моделі. Сондай – ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторларына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады.

Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау

Модель

Материалдық Ақпараттық

3. Таңбалық Вербальдық

Компьютерлік Компьютерлік емес

Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.

Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмеіндік береді.

Ақпараттық модель дегеніміз – объектіні, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.

Таңбалық және вербальдық ақпараттық модельдер

Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.

Көрсету түріне қарай ақпараттық моделді мынадай топтарға жіктеуге болады:

Геометриялық модельграфикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

Ауызша модель иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

Математикалық модельобъект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

Құрылымдық модельдерсхема, графиктер мен кестелер т.б.

Логикалық модельой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс - әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдерноталар, химиялық формулалар.

Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер

Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.

Компьютерлік модель деп программалық орта іске асатын модельдерді айтады.

Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және орындалатын іс - әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Ол шын мәнінде бар немесе жобаланатынын объект(процесс) болуы мүмкін.

Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Күнделікті тұрмыста адам әр түрлі шешім қабылдайды. Демек, модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады.

Модельдеудің енгізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады. Модельдеудің жалпы кезеңдерін келесі төменнен көруге болады. Бірақ, модельдеу шығармашылық процесс болғандықтан, бұл кезеңдердің кейбір блоктары болмауы немесе жақсартылуы, ал бірқатары толықтырылуы мүмкін.

1 – кезең.Есептің қойылуы 2 – кезең. Модельді құру

Есептің берілгені Ақпараттық модель

Модельдеу мақсаты Таңбалық модель

Объектіні талдау Компьютерлік модель

3-кезең.Компьютерлік эксперимент 4 – кезең. Модельдеу нәтижесін талдау

Модельдеу жоспары Нәтиже мақсатқа Нәтиже мақсатқа

Модельдеу технологиясы сай келеді сай келмейді

Жалпы алғанда еспеп дегеніміз – шешілуге тиісті мәселе болып табылады. Есептің қойылымнда берілген бастапқы мәліметтермен қатар мақстаны анықтау және объектіні немесе процесті талдау анық көрсетілуі қажет.

Шығарылуы: 1 – кезең. Жазықтықтағы үш нүкте арқылы үшбұрыш сызу сол нүктелердің орналасуына байланысты болады. Сондықтан үш нүкте қалай орнлаласқан кезде үшбұрыш сызуға болатындығын анықтау керек. Мысалы:келесі суретте көрсетілгендей а), ә) жағдайларында берілген үш нүкте арқылы үшбұрыш сызуға болмайды, үш нүкте бір түзудің бойында жатады;ә)жағдайында үш нүктенің координаталары бірдей; б)үшбұрыш құрылады. Сонымен модельдеудің мақсаты үшбұырш төблерінің координаталары қандай болған кезде үшбұрыш құрылатынын анықтау. Объектіні талдау мақсаты үшбұрыш құрылған жағдайда сол үшбұрыштың қандай болатындығын анықтау болып табылады.

2 – кезең. Модель құру. 1. Ақпараттық модель құру мақсатында қандай ақпаратпен жұмыс атқару керектігін анықтау қажет. Біздің жағдайымызда жазықтықта орналасқан үш нүктенің координаталары берілуі тиіс. Координаталара міндетті түрде сандық мән арқылы беріледі, яғни олардың типі бүтін немесе нақты болуы мүмкін. 2. Үш нүктенің координаталарын сәйкес (х1,у1), (х2,у2), (х3, у3) деп белгілейік. Сонымен, ақпарат сөз түрінен таңбалық белгілеуге көшірілді. Енді оны таңба түрінде де жазуға да болады. Алынатын нәтижені де таңба түрінде, мысалы үшбұрыш құрылады дегенді «1», ал құрылмайды дегенді «0» арқылы белгілеуге немесе сөз арқылы жазуға да болады.

3 – кезең. Компьютерлік модель құру және алгоритм анықтау үшін үшбұрыштың құрылу шартын жазу және құрылған жағдайда оның түрін анықтау керек. 1. Жазықтықта үш нүкте бір түзудің бойында жататын жағдайды қарастырайық. Оны аналитикалық жол арқылы, яғни ұқсас үшбұрыштардың қабырғаларының пропорционалдық қасиеті арқылы анықтауға болады.

М1М2А және М1М3В үшбұрыштарының ұқсастық шартынан төмендегі қатынасты жазуға болады:

|M2|/|M1|=|B3|/|B1| немесе y2-y1/x2-x1=y3-y1/x3-x1.

Демек, үш нүктенің бір түзудің бойында жату шарты:егер екі төбесі бір нүкт бойында орналасса, онда 0/0=у3-у1/х3-х1 (1, а – сурет), ал үш төбенің бір нүктесінде орнласса, онда 0/0=0/0 (1, ә - сурет) зерттеу қажет етілмейді.

(у2-у1)(х3-х1) =(у3-у1)(х2-х1).

Бұл шартты программа арқылы тексеру өте оңай. Яғни алгоритмдік тілде:

онда нәтиже: =«үшбұрыш құрылмайды»;

әйтпесе нәтиже: «үшбұрыш құрылады» бітті.

4 – кезең. Жоғарыда қарастырылған модельге және оған сәйкес алгоритмге Паскаль тілінде программа құрып төбелерінің координаталарын әр түрлі мәндер беріп, тәжірибе жүргізейік:

program ysb;

label 5;

const n=3;

var x:array [1..n] of real;

y:array [1..n] of real;

a,b,c,r:real; i:integer;

begin

writeln (‘координатасын енгізу);

for i=1 to n do

read (x[i], y [i]);c:=sqr(x[2]-x [1])+sqr(y[2]-y [1]);

a:= sqr (x[3] -x [2])+ sqr (y[3] -y[2]);

b:= sqr (x[3] -x [1])+ sqr (y[3] -y[1]);

writeln (‘a=’, a:8:3, “:4, ‘b=’,b:8:3,’:4,c’ ,c:8:3);

if(x[3] -x[1])* (y[2] -y[1]) (x[2] -x[1])* (y[3] -y[1]) then

writeln (‘үшбұрыш құрылады’)else

writeln (‘үшбұрыш құрылмайд);goto 5;

if a=b+c then writeln (‘үшбұрыш тікбұрышты’)else

if aүшбұрыш сүйірбұрышты’)else

writeln (‘үшбұрыш доғал бұрышты’);

5: end.

5 – кезең. Программа орындалғандағы нәтиже есептің дұрыс жауабын көрсетеді.

Сабақты бекіту сұрақтары

* Модель дегеніміз не?

* Модельдің өмірдегі нақты объектіден немесе процестен қандай айырмашылығы бар?

* Модельдеу деген не?

* Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

* Статистикалық модель мен динамикалық модельдің айырмашылықтары қандай?

* Материалдық модель дегеніміз не?

* Ақпараттық модель дегеніміз не?

* Вербальдық модель дегенімізне?

* Таңбалық модель дегеніміз не?

* Көрсету әдісіне қарай модель қандай топтарға жіктеледі?

* Компьютерлік модельдеу не үшін қажет?


Үйге тапсырма: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі білім салаларының мысалдарына модельдерді зерттеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық

ақпаратты жасау туралы түсінік беру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық- абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру

2 .Үйге берген тапсырманы тексеру

3 .Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмаларды орындау

5. Сабақты бекіту

6. Үйге тапсырма беру.


















САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

9,11,18 сәуір 2015 ж ________________


Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторына жұмыс істеуге үйрету. Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдаастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмалады орындау

  5. Үйге тапсырма беру


Өткен ақпаратты қайталау. Бос орынды толықтыр
1. бұл графикалық экранда әрбір пиксельдің жарықталыну түсі мен белгісі кодталған оперативті жадының бөлігі -...( Экран буфері)
2. графикалық экрандық беттер - пайдаланылған графикалық экранның режиміне, дисплейдің... (типіне) және жадының... (көлеміне) тәуелді графикалық экран үшін бір немесе бірнеше буфер.
3. Borland International фирмасы... (СRAPH) арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған.
4. Мәтіндік режимде процедураларды пайдалану үшін алдымен... (GRT) модулін іске қосу керек.
5. Графикалық экранның мүмкіндігі дегеніміз – бұл экранға шығарылатын бейненің... (дәлдігі).
6. Графиктік режимнен шығу үшін... (Closegraph) процедурасы пайдаланылады.
7. Графикалық режимді алғаш рет іске қосу үшін (INITCRAPH) процедурасы қолданылады
8. (PutPixel) процедурасы экранға нүктені көрсетілген координатасымен және түсімен шығарады.
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау
Компьютерлік графиканың түрлері

Жалпы компьютерлік кескндік ақпараттың негізгі екі түрі бар. Біріншісі растрлық және екіншісі векторлық. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену, компьютерде кескіннің сипатталуы жағынан және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады. 

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. 

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. 

Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады. 

VI. Үйге тапсырма. Бағалау
Графика түрлері. Шығу тарихы.

























САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программмалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу боййынша программасының интерфейсі.

Сабақтың мақсаты.

Білімділік. Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;


Тәрбиелік. Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;


Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін ,логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер.

Өткен ақпаратты қайталау. Бос орынды толықтыр

  1. бұл графикалық экранда әрбір пиксельдің жарықталыну түсі мен белгісі кодталған оперативті жадының бөлігі - ...( Экран буфері)

  2. графикалық экрандық беттер - пайдаланылған графикалық экранның режиміне, дисплейдің... (типіне) және жадының... (көлеміне) тәуелді графикалық экран үшін бір немесе бірнеше буфер.

  3. Borland International фирмасы... (СRAPH) арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған.

  4. Мәтіндік режимде процедураларды пайдалану үшін алдымен... (GRT) модулін іске қосу керек.

  5. Графикалық экранның мүмкіндігі дегеніміз – бұл экранға шығарылатын бейненің... (дәлдігі).

  6. Графиктік режимнен шығу үшін... (Closegraph) процедурасы пайдаланылады.

  7. Графикалық режимді алғаш рет іске қосу үшін (INITCRAPH) процедурасы қолданылады

  8. (PutPixel) процедурасы экранға нүктені көрсетілген координатасымен және түсімен шығарады.


ІІІ. Жаңа сабақты баяндау

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:















































IV. Ой қорыту. Сабақты бекіту

Топтастыру(оқушылар көмегімен)
































Бүгінгі сабаққа қатысы бар сөзді тауып сызыңыздар!

В

П

Л

Ь

А

Д

Ж

Е

И

Е

Ч

К

Н

Т

К

К

С

О

Р

Е

Ү

Т

А

П

Т

Е

Г

С

О

Й

Н

Н

Н

Т

А

Р

А

Т

Ы

О

Ф

Л

Р

С

О

Й

Т

О

У

Б

Т

Р

Ф

О

Р

М


Графика

Растрлық

Векторлық

Фракталдық




+




+



+



+






+


V. Компьютермен жұмыс

1 Paintnet графикалық редакторында төмендегі нысанды салыңыз!

2. Paintnet графикалық редакторында төмендегі нысанды салыңыз! Түстер палитрасын қолданыңыз!

Күрделі тапсырмалар:


VI. Үйге тапсырма. Бағалау Графика түрлері. Шығу тарихы.













































САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

30 сәуір, 2 мамыр 2015 ж ________________


Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Оқушылар wordpad мәтіндік редакторының қосымша

мүмкіндіктерімен таныстыру.

Білімділік: Алмасу буфер ісімен жұмыс істеу, мәтінге графикалық

объектілері және графика мәтінде енгізуді үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абсракциясын дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларың ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтын қолданылатын көрнекті құралдары : компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақыфрыпты түсіндіру

4.Тапсырмаларды орындау

5.Сабақты бекіту

6.Үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

.WordРad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

.wordРad редакторын қалай іске қосамыз?

.wordРad мәтірдік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

.Мәтіннің әріпін, өлшемін әлпетім қалай өзгертеміз?

Мәтінді тегістеуің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

Жаңа түсініктер:

WordРad бғдарламсында мәтіннің үзінділерін маустың көмегімен апару және көшіру әдісатері немесе командалары ақылы көшіруге және жылжытуға болады.

Апару және орналастыру әдісі-бұл мәтіннің үзіндісін бөліп ,қажетті орынға апарып орналастыру.

Мәтіннің бөлігін көшіру үшін алдымен мәтіннің бөлігін белгілейміз, одан кейін Ctrl пернесін басып тұрып, қажетті орынға апарамыз. WordРad – та жұмыс істеген кезде мәтіннің бір бөліктерін құжаттың ішінде бір орнынан басқа орынға, тіпті басқа мәтінге, басқа құжаттар арсында, басқа қолданбалардың құжаттарының арасында ауыстырып апаруға және көшіруге тура келеді. Бұл жағайда жылжытатын немесе көшіретін ақпаратты уақытша сақтауға арналған алмасу буферін пайдаланған жөн.

Мәтіннің бір бөлігін көшіру әрекеті:

  1. Көшіретін мәтін бөлігін белгілейміз:

  2. Правка – Копировать командасын орындаймыз немесе Қосымша меню – Копировать, пернетақтаның көмегімен Ctrl + С

Мәтіннің бір бөлігін жылжыту әрекеті:

  1. Жылжытатын мәтін бөлігін белгілейміз

  2. Правка – Вырезать командасын орындаймыз немесе Қосымша меню – Вырезать, пернетақтаның көмегімен Ctrl+Х

Көшірілген немесе жылжытылған мәтінді кірістіру әрекеті:

  1. Көшірілген немесе жылжытатын мәтінді кірістіретін орынға меңзерді орналастыру.

  2. Правка – Вставить командасн орындаймыз немесе Қосымша меню – Вставить, пернетақтаның көмегімен Ctrl+V

Құжатқа суреттерді кірістіру:

  1. Paint пайдаланып сурет саламыз немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан аламыз.

  2. Суретті белгілейміз.

  3. Правка – Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз.

  4. суретті кірістіретін мәтінді ашамыз.

  5. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастымазы.

  6. Правка-Вставить командасын орындаймыз.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Мәтіннің бір бөлігін көшіру және жылжыту дегеніміз не?

  • Мәтіннің бір бөліктерін жылжыту немесе көшіру әрекеттері қалай орындалады?

  • Жылжыту, көшіру әрекеттерін орындаудың бірнеше жолдарын көрсет.

  • Мәтінге сурет, енгізу әректі қалай орындалады?

Үйге тапсырма: Мәтінді редакциялау және пішімдеу. Қаріп. Абзац. Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Аралас құжаттарды құру

















































САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Калькулятор. Блокнот. Обработка звуковой информации. Звукозапись.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың блокнот және калькулятор қолданбаларын таныстыру.

Білімділік: Калькулятор және Блокнот қолданбаларының міндеттері

таныстыру көшіру мен кірістіріп қою командаларын үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа

үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

  1. оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. тапсырмаларды орындау

  5. сабақты бекіту

  6. үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

    • Wordpad мәтіндік редакторыныңатқаратын қызметі қандай?

    • WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

    • WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

    • WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

    • Мәтінің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

    • Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындаолады?әрекеттерін

    • Мәтінің бір бөлігі көшіру жәнежылжыту дегеніміз не?

    • Мәтіннің бір бөліктерін жылжыту немесе көшіру әрекеттері қалай орындалады?

    • Жылжыту көшіру әрекеттерін орындаудың бірнеше жолдарын көрсет

    • Мәтінге сурет енгізу әрекеті қалай орындалады?

Жаңа түсініктер

Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа бағдарламаларға беруге болады. Сонымен қатар калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді. Жүйеде қалькулятор екі түрлі болады: Қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу: Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор. Калькулятордың түрін ауыстыру үшін: Вид менюін пайдаланамыз.

Калькулятордағы цифрлық ақпараттарды басқа бағдарламаларға көшіру үшін: Правка – Копировать немесе Вырезать және Вставить командаларын пайдаланымыз.

Инженерлік калькулятордың түрін көрейік. Жоғарыда айтылғандай, инженерлік калькуляторды «шақыру» үшін :

Пуск –Все программы- Стандартные-Калькулятор –Вид Инженерный командаларын орындаңдар.

Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет атқарады. Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізу, тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды орындау үшін қолдануға болады.

Егер бұл калькуляторда жұмыс істеп отырып, оның кейбір функциялары қалай орындалатынын ұмытып қалсаңдар, онда анықтамалық жүйені пайдаланыңдар. Мысалы, батырмалардың міндеттерін анықтау үшін, динамикалық менюді пайдалануға болады.

Ол үшін, әдеттегідей, өздеріңе қажет тышқанның оң жақ батырмасын шертіңдер. Сонда кішкене жақтау үшін «Что это такое?» жазуы шығады. Бұл жазуда тышқанның сол жақ батырмасын шертсеңдер, осы батырма жөнінде ақпарат пайда болады.

Инженерлік калькулятор төрт санау жүйесінде жұмыс істейді: ондық, сегіздік, екілік және оналтылық..

Блокнот-бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жатқан аз көлемі қажет. Блокнотжұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған.Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз. Пуск-Все программы-Стандартные-Блокнот. Блокнот қолданбасының терезесі.

Мұнда ақпараттарды тек алмасу буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болады, ол үшін Правка-Вставить, Вырезать және Вставить командаларын орындаймыз.

Файл-Макет страницы командасының көмегімен қағаздың пішімін, өріс мөлшерін және мәтіннің бағдарын(Альбомдық немесе Кітаптық)таңдауға болады.

Формат-Шрифт командасы арқылы мәтінді пішімдеу әрекеттерін орындай аламыз.

Файл – Сохранить как командасы арқылы құжаттарды сақтаймыз. Файлдар кеңейтілуі *txt болады.

Файл – Открыть командасы арқылы сақталған құжаттарды ашамыз.

Мультемедиа – бұл компьютердің аппаратық жзабдықтамасы және бір уақытта мәтінді, суреттерді, дыбысты, бейнежазбаны, музыканы жәнеанимацияларды қолданатын бағдарламалар. Бұл пайдаланушымен қары-қатынас қызық және сазды болуына мүмкіндік береді. Мульти-көп, ал меиа – баспа мәтіндерді, дыбыс және теледидар бейнелерін қолданатын бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы аты. Көптеген компьютерлік ойындар мультимедиа негізінде құрылған. Компьютерде мультимедианы қолдау үшін қосымша ақпарат құралдары, кем дегенде дыбыстық карта мен мен СД-РОМ құрылғысы болу керек.

ЛАЗЕРЛІК ОЙНАТҚЫШ БАҒДАРЛАМАСЫ

Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы CD-ROM-ды пайдаланып музыкалық компакт-дискіні ойнатуға мүмкіндік береді. Музыкалық компакт-дискіні іске қосып қойып, басқа қолданбаларды жұмыс істей беруге болады.

Іске қосу: Пуск-Программы-Стандартные-Мультимедия-Лазерный проигрыватель.

Windows’98-де компакт дискіні ойнату өте оңай, тіпті ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ. Ол үші музыкалық дискіні компакт-дискіден оқу құрылғысынаорналастыру жеткілікті.

Лазерлік ойнатқыштың арнайы батырмалары бар, олардың көмегімен бір әннен екінші тәнге көшуге, ойнатуды тоқтатуға, уақытша үзуге, сондай-ақ компакт-дискіні алып қоюға да болады.

  1. Ойнату

  2. Үзіліс

  3. Тоқта

  4. Алдыңғы жазба

  5. Келесі жазба

  6. Артқы айналдыру

  7. Алдыңғы айналдыру

  8. Шығарып алу

ДЫБЫС ҚАТТЫЛЫҒЫН РЕТТЕУ

Лазерлік ойнатқыш, Әмбебеп ойнатқыш, Фонограф бағдарламаларымен жұмыс істеген кезде басқаларға кедергі келтірмеу үшін дауыстың қаттылығын реттеу керек. Дауыстың қаттылығын реттеуге болады:

1. Тапсырмалар тақтасындағы громкоговоритель ( дауыстап сөйлегіш радио ) түрінде бейнеленген белгішені бір рет шерткен пайда болатын дауыстың қаттылығын реттеуші пайдалану;

2. Тапсырмалар тақтасындағы громкоговоритель ( дауыстап сөйлегіш радио) белгішесіндегі тышқаттың батырмасын екі рет шерткен кезде пайда болатын Лазерлік ойнатқыш үшін дауыс деңгейін баптауға және ойнату кезінде әмбебеп ойнатқыш пен Фонографты да баптауға мүмкіндік беретін Громкость терезесін пайдалану.


Сабақты бекіту сұрақтары:

* Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

* Калькулятордың қандай түрлері бар?

    • Блокнот қолданбасын атқаратын қызметі қандай?

    • Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз.

    • Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін, элпетін қалай өзгертеміз.?

    • Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу, әрекеттері қалай орындалады?

    • Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?

Сыртқы жад құрылғыларының қайсысы музыка ойнату үшін қолданылады?

Дыбыс файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?



Үйге тапсырма: Калькулятор. Блокнот. Обработка звуковой информации. Звукозапись.


Оқушыларды бағалау.


































САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В» , 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік. Құжаттың құрылымы , стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және

WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен

жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды қыруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке , ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін ,логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер.

Мәтіндік процессор-бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішмдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS-ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.



WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.

Казіргі кезде дербас компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады.

Пуск = Программы = Стандартные = WordPad ( Жіберу = Бағдарламалар =Стандартты = WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланатын командаларды шығару батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін алу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

Сабақты бекіту сұрақтары:


  • WORDPAD МӘТІНДІК редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • WORDPAD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

  • WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.


Үйге тапсырма: Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау









































САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік. Құжаттың құрылымы , стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және

WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен

жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды қыруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке , ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін ,логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер.

WORDPAD – та құжат құру

WORDPAD қолданбасында құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау

  2. Мәтінді енгізу және редакциялау

  3. Мәтінді пішімдеу

  4. Құжатты сақтау және ашу

  5. Баспаға шығару

Осы сатыларды қарастырайық:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау:

Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай

аламыз.

Қаріп түрлерін құрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.


Қаріпті,Өлшемді және Әлпетті қатар өзгерту Формат – Шрифт (Формат – Қаріп) командасын орындаймыз.

2.Мәтінді енгізу және редакциялау:

Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде жылжытылып отырады.

Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі;

Enter-жаңа жолға көшу

Shift- бас әріптерді теру

Caps lock-бас әріптер режиміне көшу

Backspace-меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру

Delete-меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

3.Мәтінді пішіндеу:

Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтіннің әлпеті:Ж-жартылай қалың,К-курсив,Ч-асты сызылған,Кәдімгі пішімдеу құрал саймандар тақтасындағы Ж,К,Ч,батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі,

Мәтінді тегістеу үшін пішімдеу құрал саймандар тақтасындағы сол жақ шеті,оң жақ шеті,ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады.Бұл әрекетті Формат-Абзац командалары арқылы да орындауға болады.

4. Құжаттарды сақтау және ашу:

WORD PAD- мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл –сохранить как командасын орындаймыз.Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде болады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • WORDPAD МӘТІНДІК редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • WORDPAD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

  • WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.

  • WORDPAD мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз.

  • Мтәнді тегістеудің қандай түрлері бар?

Үйге тапсырма: Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.











































САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік. Құжаттың құрылымы , стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және

WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды нөмірлеуге, беттердің параметрлерін қоюға, құжатты баспадан шығаруға үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке , ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін ,логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер.

Үлкен мәтіндік құжатпен жұмыс істеу қолайлы болуы үшін құжат нөмірленетін беттерге бөлінеді.

Беттерді нөмірлеу –пішімдеудің қарапайым операцияларының бірі. Өз мәтіндеріннің беттерін нөмірлеу үшін Вставка – Номера страниц командасын орындаңдар. Экранда Номера страниц диалогтік терезесі пайда болады, бұл терезенің Положение және Выравнивание өрістерінде беттің нөміріне қажетті орын таңдаңдар да, ОК –ді шертіңдер. Мысалы, өз мәтіндеріңнің екі беті үшін Вверху страницы жағдайын және Справа туралауын таңдаңдар.

Құжатты басу

Құжатты баспаға шығарар алдында Файл-Предварительный просмотр командасын немесе аспаптар панеліндегі Предварительный просмотр батырмасын шерткен жөн. Экранға құжат принтерде қалай басылып шығатын болса, тура сондай түрде шығады.

Егер компьютерлеріңе бір ғана принтер қосылған болса, онда құжаттың бір данасын басып шығару үшін аспаптар панеліндегі Печать батырмасын шерту жеткілікті.

Егер компьютерлеріңе бірнеше принтер қосылған болса немесе құжат көшірмелерінің қандай да бір данасын басып шығару қажет болса, онда баспаға беру үшін Файл –Печать командасын орындау керек.


Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?

2. Құжаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?


Үйге тапсырма: Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару.






САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж


Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау )

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?

2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?

3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?

4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?

5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтін ұсынудың келесі әдісін қарастырайық, бұл–мәтінді жолдар мен бағандар көмегімен ұсынатын кестелер. Word көлемі әр түрлі, мәтіндік және графиктік ақпараты бар кестелер құруға мүмкіндік береді.

Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандай да бір санынан тұруы мүмкін. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.

Жол – көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.

Баған – көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.

Бағандар мен жолдар қиылысып ұяшықтар түзеді.

Ұяшық –дерек сақталатын орын.

Word мәтіндік редакторында кестелерді екі түрлі әдіспен: менюдің Таблица командасының көмегімен және аспаптар панеліндегі Добавить таблицу батырмасын пайдаланып құруға болады.

Құжатты кесте құру үшін Таблица–Добавить таблицу командасын орыңдаңдар. Экранда Вставка таблицы диалогтік терезесі пайда болады.

Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі. Word үнсіз келісім бойынша 2 баған ұсынады, бірақ қанша болса да енгізуге болады. Таблица –Добавить столбцы командасын орындап, кестеге баған қосуға болады.

Число строк опциясының өрісіне кесте жолдарының саны енгізіледі. Кейін Таблица –Добавить строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.

Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған AUTO параметрлерін қалдыруға болады, не баған енінің мәнін енгізуге болады.

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Кесте деген не?

2. Кесте құру жолдарын ата?

3.Ұяшықтарды біріктіру, бөлу, қосу үшін қандай командаларды орындаймыз?

4. Кестені пішімдеудің жолдарын ата.

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж


Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кестелерді жасау әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта, тест жұмыстары.


Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Кестелерді жасау әдістері. «Кесте» түсінігімен сіз төменгі сыныптан таныссыз. Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін. Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша форматтауға болады.

Құжатта кестені даярлаудың екі әдісі бар.

1-әдіс.

Бос кестені орналстыру үшін курсорды қажет жерге апарып, Кесте (Таблица) менюіндегі Қою-Кесте (Вставить - Таблица) командасын таңдаңыз. Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қойыңыз.

Кесте өлшемдері көрсетілген соң оны Автоформат батырмасын басу арқылы автоматты түрде форматтауға болады. Терезе ішінде көрсетілген пішінді Автоформат терезесінде таңдауға болады.

2-әдіс.

Кестені Стандартты аспаптар тақтасындағы Кестені қосу (Добавить таблицу) батырмасын шерту арқылы құруға болады. Ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қоюға болады.

Ұяшықты біріктіру және бөліктерге бөлу. Кестенің жоғарғы жағына оның тақырыбын жазу кезінде бір жолдың бірнеше ұяшықтарын бір ұяшыққа біріктіру қажет болуы мүмкін, осы кезде ұяшықтың мазмұнын Формат менюінің көмегімен форматтауға болады. Олардың ішіндегі мәліметтер де бір ұяшықтың немесе бірнеше ұяшықтың ішіне орналасуы мүмкін.

Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру үшін оларды белгілеп алып, Кесте менюіндегі Ұяшықтарды біріктіру (Обьединить ячейки) командасын орындаңыз немесе Кесте және шекара (таблица и границы) тақтасындағы батырмасын шертіңіз.

Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу қажет болса, курсорды сол ұяшыққа апарып, Кесте менюіндегі Ұяшықтарды бөлу (разбить ячейки) бөлімін таңдаңыз.

Ұяшықтарды бөлу командасы экранға Бағандар саны (Число столбцов) және Жолдар саны (Число строк) мәндерін енгізетін диалогтік терезесін шақырады.

Кесте құрылымын өзгерту. Кесте құрылымын өзгерту бастапқы кестенің жолдар мен бағандар санын өзгерту болып табылады.

Кестеге элементтер қою үшін (жол, баған, ұяшық) олардың орнына жаңадан қойылатын элементтердіі белгілеп, Кесте менюіндегі Қосу (Добавить) командасын таңдап, берілген, яғни Бағанның сол жағы, Бағанның оң жағы, Бір жол жоғары, Бір жол төмен ұяшықтар (Столбцы слева, Столбцы справа, Строки выше, Строки ниже, Ячейки) пункттерінің керегін таңдау қажет.

Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, Кесте менюіндегі Өшіру (Кесте, Баған, Жол, Ұяшық) Удалить (Таблица, Столбцы, Строки, Ячейки) бөлімін таңдаңыз.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Кесте дегеніміз не?

  2. Қандай кесте тіктөртбұрышты деп аталады?

  3. Жол, баған, ұяшық дегеніміз не?

  4. Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа қалай бөлуге болады?

  5. Кестедегі қандай қозғалыс әдістерін білесіз?


Үйге тапсырма: Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.


Оқушыларды бағалау.






































САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж


Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Графикалық обьектілерді, көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: WORD-тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық

кескіндерді кірістіру, фигуралық мәтін кірістіру туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген

қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы

түсіндіру.

Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

WORD-тың графикалық мүмкіндіктері

Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін Вставка-Рисунок-Картинки... командасын орындау қажет.

А) суреттер...(ClipArt программасы обьектілерінен);

Б) файлдар...(файл түрінде сақталған обьектілер);

В) автофигуралар;

Д) сканерленген;

Е) диаграммалар (Excel электрондық кестесі арқылы тұрғызылған диаграммалар).

1. Вставка-Рисунок-Картинки... командасын таңдағанда Microsoft ClipGallery диалогтық терезесінде Картинки қосымшасынан және Рисунок категориясын таңдаңдар.

2. Суретті таңдағаннан кейін Вставить батырмасын шерту қажет. Суретті орналасуын тағайындау үшін Динамикалық менюден Формат рисунка – Положение командасын таңдау қажет.

Вид – Панель инструментов- Рисование командасы арқылы түрлі дайын геометриялық фигуралар мен түрлі графикалық әрекеттерді орындауға болады.

Түрлі автофигуралар мен WordArt коллекциясын пайдалануға болады.

Практикалық жұмыс №1 Сызба құру.

Президенттің жеке және кеңесуші аппараты

Сызбаның тақырыбые енгіз. Рисование панелін пайдаланып, тіктөртбұрыш сыз. Көшіру командасын немесе Ctrl пайдаланып қалған төртбұрыштарды көбейт. Төртбұрыштарды сызықтар арқылы қос. Әр төртбұрышқа мәтін енгіз.

Практикалық жұмыс №2

WordArt және ClipArt обьектілерін таңдау арқылы кесте құр.

Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін қандай амалдар орындаймыз?

  2. Рисование панелі арқылы қандай әрекеттер рындаймыз?

  3. Формат рисунка – Положение командасы қандай қызмет атқарады?

  1. Үйге тапсырма беру. Word –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру, Фигуралық мәтін кірістіру. (Мазмұндау). Шығармашылық жұмыс жасау.

  2. Оқушыларды бағалау.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер. Жергілікті желі.

Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға компьютерлік желінің түрлері:жергілікті желі, Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;

Оқушыларға ауқымды компьютерлік желі, желідегі серверлердің атқаратын қызметі, Интернет желісі, электрондық пошта туралы түсінік беру. Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету;

Дамытушылық: Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Сабақты бектіу

5.Үйге тапсырма


Жаңа сабақты түсіндіру

Компьютерлік желінің негізгі түрлері

Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады. Егер екні немесе одан да көп компьютерлерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.

Компьютерлік желі дегенімізресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады.

Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады.

Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады.

Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.

Модем (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.

Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай – электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады.

Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады. Мұндай масштабтағы желілер аппаратттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресуростарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.

Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.

Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьтерден құралған, біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды.

Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон джелісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желіаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдік желілерді пайдалануға болмайды.Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары:телефон, радио, релелік байланыс, талшықты – оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.

Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден қабылданғандеректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. Әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Қорғану қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер бранмауэрлер деп аталады. Ауқымды желі немесе Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.

Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 – жылдар басында АҚШ қорғаныс инистрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. 1973ж. APRANET Англия мен Норвегия мемлекеттеріне байланыс орнатып әлемдік кеңістікке шықты. Интернеттің кеңінен таралуына себеп 1982 жылы пайда болған ТСР/ІР хаттамася (протоколы) болды.

Жергілікті желілер

Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлерді желіге қосу үшін компьютерден басқа құрылғылар:желілік адаптер, кабель, концентратор (HUB) немесе коммутатор (SWICH) қажет.

Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

Коммутатор мен концентратор ақпарат алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.

Сонымен, жергілікті желі дегеніміз – бір – бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта, қатар орналсқан компьютерлер).

Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент – сервер және бір деңгейлі (бір рангілі), яғни тең дәрежелі желі.

Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресуростарды қамтитын компьютерлер. Ортақ ресуростарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстер және т.б. қамтылған ресуростарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағына сында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресуростарын бірден қолдана алады және ресуростарды бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі – онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ.

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар:

1.Шина – барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.

2.Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.

3.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір – бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.

4.Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді.

Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:

- ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдалнушының қандай да бір дерекпен жұмыс істеу;

- бірнеше пайдалнушыны қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;

- электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;

- желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану;

- Интернетке қосылу мүмкіндігі.

Ортақ деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлр тобының домен атауы болады.

Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушасында (контролер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады.

Internet арқылы сенімді байланыс құру мүмкіндігін береді.

Ауқымды компьютерлік желі

Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіларалық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жершарын қамтуы мүмкін.

Көп жағдайда бағалы ақпараттар сақталатын мекемелердің компьютерлері ауқымды желіге қосылғанымен сыртқы тұтынушылардың өз желілеріне қосылуына рұқсат бере алмайды. Бұл жағдайда шлюздік компьютерлер қорғану қызметін атқарады. Бұндай компьютерлер брандмауэрлер деп аталады. Осы компьютер арқылы әкімшілік рұқсат еткен ақпарат ғана өтетін болдаы.

Миллиондаған компьютерлер байланысынан құралған ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады. Желідегі компьютерлердің Интернетке тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Серверлердің барлығы ТСР/ІР стандартты хаттамасын қолданады.

ТСР/ІР шын мәнінде бір ғана емес екі хаттама болып табылады.

ТСР – ақпаратты пакеттерге бөледі және қабылдаушыға қайтадан жинауға жауап береді.

ІР- осы ақпараттардың желі арқылы берілуі мен адресатқа жетуін басқарады.

ІР адрес келесі түрде жазылады. Мысалы, 198.137.240.100.

Компьютерді Интернетке қосу үшін оны тұрақты ІР адресі бар басқа компьютермен байланыстыру қажет. Осындай байланыстыруға мүмкіндік беретін арнайы мекемелер Интернет қызметін жеткізушілер немесе сервис – проавайдерлер деп аталады. Мысалы: Nursat, S&Communications, Parasang, Ducat, Қазақтелеком, Тарлан т.с.с. сервис – провайдерлер бар.

Интернеттің қызметтері

Интернет поштасы. Компьютерді Интернетке қосылған кез келген тұтынушыға автоматты түрде электрондық пошталық адрес тағайындалады. Интернетк қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер- компьютерде электрондық «пошталық жәшік» құрылады. Әрбір адреске келіп түскен хабар осы жәшікте, сол адресат сервермен нақты түрде қосылғанға дейін сақталады.

Телеконференциялар. Интернеттің бұл қызмет түрі поштаның дамуы нәтижесінде пайда болған десе болады. Телеконференцияларды жаңалықтар тобы деп те аталады.

World Wide Web (WWW) қызметі. Интернеттің ең қарапайым және өте кең тараған қызмет түрі болып табылады. Көбінесе оны тек Web деп атайды.

Электрондық пошта да, телеконференциялар жүйесі де ақпарат алмасудың кәдімгі жүйелері іспеттес. Өз пошталық жәшігіңізді ашып, біз оған келіп түскен хабарламаларды көре береміз. World Wide Web қызметі интерактивті түрде жұмыс істеуге арналған. Ол ақпараттарды жылдам іздеп табу және керектісін жинау мүмкіндігін береді. World Wide Web қызметін пайдалануда HTML «құжаттарының пішімі (мәтін пішімі)» және «гипермәтіндік сілтемелер»деген негізгі екі ұғым бар.

HTML пішініндегі мәтіндік құжаттар. Компьютерлік желіде тасымалданатын мәтіндік құжаттарды түрлендіре отырып пішімдеуге арналған арнайы тіл. Электрондық түрде тасымалданатын Web – құжаттар басуға шығаруға емес, тек экранда көруге арналған.

HTML – алдын – ала мүмкіндіктері белгісіз құрылғылар арқылы қарауға арналған экрандық құжаттарды безендіруге арналған арнайы тіл. HTML тілінде құжат құру программалауға ұқсас болып келеді. Құжаттың авторы әдеттегі мәтін қаріптеріне арнайы кодтарды енгізеді. Оларды тег деп атайд. Құжатты оқыған кезде оның мәтіні жазылған қаріп түрі мен мен оқытылатын терезенің мөлшерінен тәуелсіз түрде азатжол терезенің ортасына ығыстырылып тураланады.

Гипермәтіндік сілтемелер HTML тегтері құжат таралуға, экран фоны, яғни реңі мен мәтін әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік береді. Тегтердің көмегімен мәтін ішіне әртүрлі сурет енгізіп, олардың айналасына сөз жазу, сондай – ақ парақтарды безендіруге болады. Осы әрекеттерді орындай отырып, мазмұнды әрі тартымды Web – құжаты құру мүмкіндігі бар.

HTML тегтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер құруға арналған арнайы түрлері бар. Гипермәтіндік сілтеме дегеніміз мәтіннің немесе оның маңындағы суреттік бейненің басқа Web – құжаттардың желілік адресімен байланысып ерекшеленетін бөлігі. Әдетте гипермәтіндік сілтемелері бар сөз тіркестері олардың астын сызу немесе басқа түске бояу арқылы ерекшеленіп тұрады. Гиперсілтемелік мәтінге курсорды алып барса, оның түрі өзгереді. Сол мезетте гипермәтіндік сілтемені нұсқап тұрып маустың сол жақ батырмасын шертсе, басқа сервердегі немесе басқа құрлықта орналасқан компьютердегі Web – параққа жылдам ауысу жүзеге асады.

Web – парақтар адрестері. Әрбір Web – парақтың өзі жеке Web – құжат болып табылады. Бұл Web – парақтардың кәдімгі мәтіндік құжаттардан жазылу пішімі өзгешелеу болады және олардың атауы HTМ деген жалғаумен жазылады. Сондай – ақ әрбір Жер шарындағы компьютерде орналасқан файлдың адресін оны іздеу жолы немесе электрондық адресі деп атайды.

World Wide Web – дегі ақпараттарды оқу. Кез – келген компьютерде HTML пішімі түріндегі Web – құжат оқу үшін арнайы программа болуы керек. Мұндай программаларды Web – ті көру құралдары немесе броузерлер деп атайды.

Web – құжаттарды оқуға арналған, өте кең тараған программаларға NetScape Navigator және Enternet Explorer броузерлері жатады.

Интернеттен ақпарат іздеу. Гипермәтіндік сілтемелерді пайдалана отырып, Интернеттің ақпараттық кеңістігіндегі бір Web – парақтан оның келесісіне өтіп, оларды шексіз аралай беруге болады. Интернетте ақпарат іздеуге арналған арнайы іздеу серверлері бар. Жалпы іздеу серверлерінің екі түрі бар. Олар: іздеу каталогтары және іздеу индекстері.

Іздеу каталогтары ақпараттарды олардың тақырыбы бойынша іздеуге арналған.

Іздеу индекстері алфавиттік көрсеткіш арқылы жұмыс істейді. Белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін, яғни түйінді сөздерді енгізе отырып, сол термин кездесетін құжаттарды жылдам іздеп табуға болады.

Электрондық пошта ( Electronic mail немесе қысқартылған түрде E – mail) дұрыс көрсету керек. Пошталық адрес @ белгісімен бөлінген екі бөліктен тұрады. Адрестің сол жақбөлігі – пайдаланушының жергілікті аты, ал оң жақ бөлігі домен аты @ белгісі «ит» немесе «маймыл» деп аталады. Адрестің жазылуы: school12 gim@ mail.ru болса, онда жәшік school12_gim доменінде mail.ru деп те оқуға болады.

Әртүрлі операциялық жүйеде жұмыс істеуге арналған мүмкіндіктеріде әртүрлі пошталық программалар бар. Олар: Microsoft Exchange, Outlook Express, Microsoft Outlook, Internet Mail, Eudora, Exchange Mail т.б.


Сабақты бекіту сұрақтары

*Компьютерлік желі дегеніміз не?

*Жергілікті желінің қызметі қандай?

*Корпоративті және аймақтық желлер деген не?

*Шлюз деп нені атайды?

*Желілік құрылғыға не жатады?

*Желілік адаптердің қызметі қандай?

*Интернетке қандай анықтама беруге болады?


Үйге тапсырма: : Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер. Жергілікті желі.

Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.

















САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік.

Сабақтың мақсаты:















































САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды жобаларды әзірлеу.

Сабақтың мақсаты:
















































САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2013 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г»

Сабақ тақырыбы: Қорытынды тест.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың 7 сыныптағы алған білімдерін тексеру және бағалау.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа,тиянақтылыққа үйрету:

Дамытушылы: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын

дамыту:

Сабақтың түрі: Сынақ сабақ.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Тесте берілген сұрақтарға жауап беру.

4. Тест сұрақтарын талдау.

5. Үйге тапсырма беру.

Тест сұрақтары:



















САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі 21, 23 мамыр 2015ж ________________

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А», 7 «Б», 7 «В»

Сабақ тақырыбы: Өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың 7 сыныптағы алған білімдерін тексеру және бағалау.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа,тиянақтылыққа үйрету:

Дамытушылы: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын

дамыту:

Сабақтың түрі: Сынақ сабақ.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Тесте берілген сұрақтарға жауап беру.

4. Тест сұрақтарын талдау.

5. Үйге тапсырма беру.

1. Паскаль тілі қай жылдарда жасалды?

А) 1965-1968 Ә) 1985-1987 Б) 1968-1971 В)1963-1971

2. c=a+b,мұндағы a,b –ың типі integer с-ның типі....болады.

А)integer Ә)real Б) var B) conct

3 . Паскаль тіліндегі енгізу операторын көрсет

А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT B) READ

4. WRITE және . WRITELN операторларының айырмашылығы неде?

А) WRITE – нәтижелер бір жолға шығады. WRITELN- келесі жолға түседі.

Ә) WRITE-нәтижелер толық формат арқылы шығады.

нәтижелер зоналық формат арқылы шығады

Б) WRITE –қарапайым нәтижелер шығады.

WRITELN –массив нәтижелері шығады

В) ) WRITE-қарапайым шешім шығады. WRITELN- матрица нәтижелері

шығады

5. CONST қызметші сөзі не үшін қолданылады?

А) тұрақтыларды сипаттау Ә) белгілерді сипаттау Б)тұрақтыларды сипаттау В) программа тақырыбы

6. Айнымалыларды сипаттау операторын көрсет

А) char Ә) const Б) var B) label

7. b=a, мұндағы а бүтін сан болса, b-нің типі... болады.

А) real Ә)integer Б)string В)character

8. IF [ шарт] THEN [1-серия] ELSE [2-серия ] ......

А)Шартсыз көшу операторы Ә)Шартты көшу операторы Б) Баспаға шығару операторы

В) Программаның басы-соңы операторы

9. LENGTH S функциясының қызметі

А) S жолдық айнымалысының символдарының санын есептеу Ә) S символдық айнымалысының кері кету

Б) S символдық айнымалысының кері кету В) S символдық айнымалының символдарын кеі кету

10. Келесі баяндаулардың арасында дұрыс варианттын көрсету керек ъ

А) МАССИВ ARRAY [ 1..N ] OF ВЕКТОР; Ә) МАССИВ ARRAY [ 1..N ] OF REAL;

Б) МАССИВ ARRAY [ 1..N ] ; B) МАССИВ ARRAY [ 1..N ] REAL;

11.Паскаль тіліндегі шартсыз көшу операторы...

А)Саse of… Ә) GO TO [метка] Б)ІF [шарт] Then [1-серия]; В) FOR і=1 TO n NEXT.

12.Қосалқы программа дегеніміз не?

А) Программаның адамның түсуі мен қабылдауына ыңғайлы жүргізуге бағытталған тәсілдер жиыны.

Ә)Программадағы операторлардың немесе олардың топтарының жазылу реттілігімен тәзбектеле орындалуы.

Б) Белгілі бір ат қойылып, жеке программа түрінде бөлек жазылған,қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігі.

В) Белгілі әрекеттерді орындау мақсатында алдыг ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі.

13.Функция деп нені айтады?

А)Жұмысының нәтижесі бір ғана мән болатын операторлар тізбегі

Ә)Белгілі бір ат қойылып, жеке программа түрінде бөлек жазылған, қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігі.

Б)Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі.

В)Жұмысының нәтижесі бір ғана мән болатын процедура

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
КЕСТЕЛЕР. КЕСТЕЛЕР ??РУ

Автор: ЕШПАНОВА ГУЛДАНА ОРЫНБАСАРОВНА

Дата: 04.03.2015

Номер свидетельства: 182240

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Кестелер. Кестелер құру"
    ["seo_title"] => string(30) "kiestielier_kiestielier_k_u_ru"
    ["file_id"] => string(6) "419999"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1496333218"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Кестелер. Кестелер ??ру. Кестелерді редакциялау "
    ["seo_title"] => string(61) "kiestielier-kiestielier-k-u-ru-kiestielierdi-riedaktsiialau-1"
    ["file_id"] => string(6) "160447"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422038778"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Саба? жоспары: Кестелер. Кестелер ??ру. Кестелерді редакциялау. "
    ["seo_title"] => string(74) "sabak-zhospary-kiestielier-kiestielier-k-u-ru-kiestielierdi-riedaktsiialau"
    ["file_id"] => string(6) "168094"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423167590"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Саба?ты? та?ырыбы: Кестелер. Кестелер ??ру. Кестелерді редакциялау. "
    ["seo_title"] => string(79) "sabak-tyn-tak-yryby-kiestielier-kiestielier-k-u-ru-kiestielierdi-riedaktsiialau"
    ["file_id"] => string(6) "196054"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427993446"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Кестелер ??ру. Кестелерді редакциялау."
    ["seo_title"] => string(42) "kiestielierkurukiestielierdiriedaktsiialau"
    ["file_id"] => string(6) "290316"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454943480"
  }
}




ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства