а) Оқушыларды түгелдеу, олардың көңілін сабаққа аудару.
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға- демекші компьютердің қазіргі уақытта алатын орын ерекше.
Олай болса бүгінгі сабағымызда үй тапсырмасын таза тақта әдісі арқылы өз білімдеріңді көрсетесіңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. /10 мин./ /таза тақта әдісі/
Үйге берілген Калькулятор тақырыбын оқушылардан сұрау. /тірек сөздер арқылы/
ІІІ. Жаңа сабаққа өту. /10 мин./
Оқушыларға интерактивті тақтадан блокноттың жалпы құрылымын көрсету.
Блокнот - кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор, оның жұмысы үшін аз ғана жады қажет. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу. Блокнот мәтінді форматтамай тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындайды және дискіде сақтайды. Ол кәдімгі жұмыс кезінде ескертулер жазатын электрондық блокнот сияқты қолданылады.
Блокнот программасын іске қосу
Блокнот программасын іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар:
Блокнот программасының терезесі
Пуск – Все программы –Стандартные – Блокнот
Блокнот терезесінің элементтері
Блокнот терезесінің элементтері
Блокнот қолданбасында терілген мәтінді сақтау үшін, WordPad қолданбасындағы
Файл – Сохранить как ... командасын орындаймыз. Файл – Открыть командасын орындап, Блокнот қолданбасында құрылған құжатты ашуға болады.