Қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, оқулық, үлестірме парақшалары, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин
Үй тапсырмасын тексеру 3 ми
Жаңа сабақ
Білімділік сатысы.
Түсіну сатысы
Қолдану сатысы
Жинақтау сатысы
Бағалау
Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта үйге мектептің болған іс-шараларын жинақтап газет жасап келу тапсырылған еді. Газетте мәтінді терген кезде бағандарға бөлу әдісін қолдану қажеттігі ескертілген болытын. Ал енді оқушылардың жұмыстарын тексерейік?
Үй тапсырмасын бекіту мақсатында оқушыларға «Инфо Лото» ойыны жүргізеледі.
Жаңа сабақ. Кестелер. Кестелерді құру..
Кестелер деректерді реттеу және бейнелеп көрсету үшін қолданылады. Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады. Оларды кестенің элементтері деп атайды. Кестелермен жұмыс істеу үдерісі барысында жолдар мен бағандар оңай жойылады және қосылады, сондықтан кесте құру кезінде жолдар мен бағандардың дәл санын көрсету міндетті емес. Жолдар мен бағандардың бастапқы бірнешеуін көрсету жеткілікті.
Баған
Жол
Кестелерді толтырғанда ұяшықтар бойымен тінтуірдің немесе меңзерді басқару пернелері – сілтемелер көмегімен жылжиды. Сонымен қатар ұяшықтан ұяшыққа ауысу үшін Tab пернесі қолданылады. Бұл Tab пернесі меңзерді кестенің келесі ұяшығына ауыстырады. Меңзер кестенің соңғы ұяшығында орналасқан кезде Tab пернесін басатын болсақ, онда кестеге жаңа жол қосылады.
Меңзерді алдыңғы ұяшыққа ауыстыру үшін Shift+Tab пернесі қатар басылады.
Кесте құру тәсілдері
Кесте элементтерін ерекшелеу (жол, баған, ұяшық)
Microsoft Word редакторында жаңа кесте құрудың 3 тәсілі бар.
1-тәсіл.
Кірістіру – Кесте (Вставка - Таблица) батырмасын басқанда төмен қарай жайылатын терезе ашылып, онда тінтуірмен жаңадан құрылатын кесте ұяшықтарының қажетті санын бояйды.
2-тәсіл.
Кірістіру – Кесте – Кестені кірістіру (Вставка - Таблица – Вставить таблицу ) бұйрығын пайдалану. Бұл жағдайда пайда болған терезеде жаңа кестенің жолдары мен бағандарының қажет сандарын көрсету керек.
3-тәсіл.
Сурет салуды жақсы көретіндер үшін, кестені жай қарындашпен салып, керек емес сызықтарды өшіргішпен (ластик) өшіруге де болады. Ол үшін, Кірістіру – Кесте – Кестені салу (Вставка - Таблица – Нарисовать таблицу ) бұйрығын орындаймыз.
Кесте элементтерін ерекшелеу
Жолды ерекшелеу үшін, ерекшеленетін жолдың сол жақ шетінде тінтуірді бір рет басамыз.
Бағанды ерекшелеу үшін, ерекшеленетін бағанның жоғарғы шекарасында тінтуірді бір рет басамыз.
Ұяшықты ерекшелеу үшін, ерекшеленетін ұяшықтың сол жақ төменгі бұрышында тінтуірді бір рет басамыз.
Сабақты бекіту мақсатында «ИнфоЛото» ойыны ойнатылады.
Деңгейлік тапсырмалар
І. Міндетті деңгей
Бүгінгі күннің сабақ кестесін кесте түрінде енгіз. Реті, сабақтың аты.
(1-тәсіл. Жолдар мен бағандар санын бояу арқылы)
Сергіту минуты
Тұрады ол жолдар мен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған?
(Кесте)
Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған да емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі.
(жол)
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысуы,
Кестеде қай элементті құрайды?
(ұяшық)
ІІ. Лайықты деңгей
1.Өздеріңнің достарың туралы анықтамалық мәліметтерден тұратын кесте құрыңдар.
Реті
Аты-жөні
Телефон
E-mail
Мекен-жайы
ІІІ. Жоғары деңгей
Кестені қолдан сызып шығу арқылы кесте құрыңыз.
Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Кесте
Таблица
Table
Жол
Строка
Row
Баған
Столбец
Column
Ұяшық
Ячейка
Cell, box
Кімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер, мен сіздерге жақындаймын.
Сонымен, жұмысты аяқтаймыз. Практикалық жұмысты көрсетіп болғандар компьютерді дұрыс өшіріп, орындарыңды ретке келтіріңдер.
Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс жасадыңдар.
Практикалық жұмысты бағалау.
Кері байланыс: Тұрақты жады, Процессор,Себет
Бағалау :
Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі есептелініп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтайды, бағалау парағы бойынша оқушылардың білімін бағаланады.
ҮІІ. Үйге тапсырма: 22-тақырып. Кестемен жұмыс.Дәптерге «Табиғатқа шыққанда алатын тағамдар» атты кесте құру. Тағамның аты, мөлшері, бағасы, барлығы, осыған шығатын шығынды жазу керек. Әрқайсысын бір бағанға жазу керек. (Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру эл.түрде)