Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары. (жеке оқушыға арналады) Деңгейлік тапсырмалар А деңгейі 1-тапсырма. Жеке жұмыс. «Ғаламшардан тапсырма» әдісі арқылы әр оқушыға жеке карточка беріледі. Автоқосынды көмегімен бос ұяшықтарға көлденеңнен қосындыларын есептеу керек. Бағалау критерийлері: -Санның математикалық есептелуін программада орындай алады; -Кірістірілген функцияның формуласын анықтайды; -Формуланың автоматты түрде есептелу шартын түсінеді; Дескриптор: Математикалық жолмен есептей алады; Функцияны дұрыс таңдайды; Ұяшықтардың аралығын анықтайды. Қ.Б. «Бес саусақ» әдісі бойынша өзара бағалау Тапсырма: Барлық оқушыларға бірдей тапсырмалар таратылады. Бірінші орындаған оқушыға келесі тапсырмаға көше береді. 2-тапсырма. Жеке жұмыс. «Елбасынан тапсырма» әдісі арқылы әр оқушыға жеке карточка беріледі. Ұяшықта берілген сандардың көлденең және тігінен орналасқан ең үлкен және кіші мәндерді анықтау. Бағалау критерийлері: -Санның үлкен және кіші мәндерін анықтайды; -Кірістірілген функцияның формуласын табады; -Формуланың автоматты түрде есептелу шартын түсінеді; Дескриптор: Математикалық жолмен таба алады; Функцияны дұрыс таңдайды; Ұяшықтардың аралығын анықтайды. Қ.Б. «Қолпаштау» әдісі бойынша өзін-өзі бағалау Тапсырма: Барлық оқушыларға бірдей тапсырмалар таратылады. Бірінші орындаған оқушыға келесі тапсырмаға көше береді. 3-тапсырма. В-деңгейі. Жұптық жұмыс. 2 оқушы біріге отырып жұмыс өткізеді. КОРЕНЬ(), СТЕПЕНЬ(), ЦЕЛОЕ(), ЧАСТНОЕ(), ОСТАТ() функцияларын пайдаланып, кестені толтыру. Бағалау критерийлері: -Кірістірілген функцияның формуласын табады; -Формуланың автоматты түрде есептелу шартын түсінеді; -Математикалық мәнін есептейді; Дескриптор: Функцияны дұрыс таңдайды; Математикалық мәнін дұрыс есептейді. Қ.Б. «Смайлик» әдісі бойынша жұптар бір-бірін бағалайды. Қарқын: Бір оқушылар басқа оқушыларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды. Сергіту сәті: «Бірге қайтала» 4-тапсырма. С-деңгейі. Жұптық жұмыс. 2 оқушы біріге отырып жұмыс өткізеді. Өтілген функцияларын пайдаланып, кестені толтыру. Бағалау критерийлері: -Физикалық шамалардың байланысын анықтайды -Кірістірілген функцияның формуласын табады; -Формуланың автоматты түрде есептелу шартын түсінеді; -Математикалық мәнін есептейді; Дескриптор: Физикалық формуланың өрнегін анықтайды; Функцияны дұрыс таңдайды; Математикалық мәнін дұрыс есептейді. Қ.Б. «Бағдаршам» әдісі бойынша бір-бірін бағалайды. Бағалау: Оқушының білімін әр тапсырма сайын мадақтау сөздері арқылы бағалап кетемін. 4-тапсырма. С-деңгейі. Жұптық жұмыс. 2 оқушы біріге отырып жұмыс өткізеді. Өтілген функцияларын пайдаланып, кестені толтыру. Бағалау критерийлері: -Физикалық шамалардың байланысын анықтайды -Кірістірілген функцияның формуласын табады; -Формуланың автоматты түрде есептелу шартын түсінеді; -Математикалық мәнін есептейді; Дескриптор: Физикалық формуланың өрнегін анықтайды; Функцияны дұрыс таңдайды; Математикалық мәнін дұрыс есептейді. Қ.Б. «Театрдағы әрекет» әдісі бойынша бір-бірін бағалайды. Қарқын: Бір оқушылар басқа оқушыларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды. Кері байланыс. «Инстаграм» әдісі арқылы Оқушылар Padlet.com тақтасында орналасқан Инстаграм парақшасына егерде сабақ ұнаса «қызыл жүрек» лайк жабыстырады, сабақта түсінбеген жағдайда «Коментарий» қалдырады Үйге тапсырма: http://expert-okulyk.edu.kz/ §11 Кірістірілген функциялар |