kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану – білім сапасын арттырудың тиімді жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

       «Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың абызы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің өмірлік мақсатымыз

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану – білім сапасын арттырудың тиімді жолдары»

Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану – білім сапасын арттырудың тиімді жолдары

Анафияев Сырым
Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы

132 Т.Айтбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі

«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың абызы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің өмірлік мақсатымыз. Осы орайда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім берудегі ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты  –  оқу   орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті. Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогрестен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.

«Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту – бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Мақсаты – оқу үрдісінің өнімділігін арттыру».

Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ тілін оқыту процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі. Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады.

«Инновациялық технологиялар» тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу – тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр. Белгілі ғалым М.М. Поташник «Инновация – оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» - деп анықтама берсе, Н.Ф. Талызина «Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу» - деп анықтайды. Өздеріңізге таныс қазақ тілі мен әдебиет сабағында жиі қолданылып жүрген қазақстандық ғалым – педагогтардың еңбектеріне тоқталсақ:

  1. Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы оқушының да, мұғалімнің де шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде беріледі.

1-деңгейдегі тапсырмалар «танып білу» және үлгіні қолдану арқылы орындалады;

2-деңгейдегі тапсырмалар өзгертілген және өткен сабаққа арналған тапсырмалар бойынша талдау, қорыту жасауға арналған;

3-деңгейдегі тапсырмалар- шығармашылық тапсырма, оқушылардың қабілеттерін ашу мақсатында беріледі.

  1. Ж.Жеткізгеннің «Блоктап, топтап оқыту» әдісі және кесте плакаттары оқушыларға қазақ тілі грамматикасын меңгертудің ең тиімді жолы дер едім. Бір кесте плакаттан бүкіл бір тараудың мазмұнын ұғындырамыз.

  2. Танымал ұстаз Н.Оразхынованың «Сатылай кешенді талдау» әдісін бүкіл қазақстандық ұстаздар өз тәжірибелерінде кеңінен қолдануда. Бұл әдіс тіл сабағында болсын, әдебиет сабағында болсын өз нәтижесін көрсетуде. Талдай отырып, өз ойын дәлелдейді, зерттейді, салыстырады, Жаңа тақырыптың қыр – сырын толық меңгереді.

  3. Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу (СТО) технологиясы – оқушылардың Бұл әдісті қазақ тіліне де, әдебиет пәніне де қолдану мұғалімнің білімі мен шеберлігіне байланысты. Бұл әдіс 3 бөлімнен тұрады:

а) қызығушылығын ояту;

ә) мағынаны тану;

б ) тақырып туралы ой- толғаныс.

Бұл әдіс – бала белсенділігін арттыруда, ұжыммен жұмыс жасауда және сөйлеу дағдыларын жетілдіруде ең тиімді әдісі.

  1. Қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиет сабағында электорнды оқулық, яғни, мультимедиялық оқулықтарды пайдалану – бала таным көкжиегін кеңейтуге, замана көшін сезінуге жетелейтін технология. Электронды оқулықпен оқытудың оқытудың негізгі мақсаты – ақпараттық ізденіс қабілеті мен танымдық белсенділігін арттыру, ойлау жүйесін қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасау. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге көп көмектеседі. Әдебиет сабағында көлемді тақырып өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, көріністер, дыбыс және музыка арқылы көрсетуге болады. Мысалы, өз тәжірибемнен: 8-сыныпта Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастанын өткенде оқушылар 1-сабақта дастанның мазмұнын меңгерсе, келесі сабақта талдау жұмыстарын жүргіздік. Осы сабақта СТО әдісі бойынша топтап өттік, оқушы қызығушылығын ояту мақсатында интернеттен Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет алдық және оқушыларды мәнерлеп, келістіріп оқуға жетелеу мақсатында Мамырдың Көкенайға айтқан сөзін тыңдаттым, Тамара Асардың орындауындағы Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» өлеңінің клипін көрсеттім. Ал «Мағынаны ашу» бөлімінде шығарманы талдау үшін 4 топқа 4 түрлі тапсырма бердім.

І топ образдар жүйесіне талдау жасады.

ІІ топ поэтикалық тіліне талдау жасады.

ІІІ топ композициялық құрылымына талдау жасады.

ІV топ өлең құрылысына талдау жасады.

Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көиегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.

Еліміздің болашақ жастарына заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талапты орындау мақсатында ұстаздарға жүктелер міндет орасан зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Жолдау.

  2. Б.А. Тұрғынбаева. «Дамыта оқыту технологиялары» // Алматы, 2000 ж.

  3. Құдайбергенова К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы – педагогикалық технология көзі //Алматы 2001 - 75 б.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Автор: Анафияев Сырым

Дата: 14.02.2018

Номер свидетельства: 457414

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "Баяндама "О?ытуда инновациялы? технологияны пайдалануды? тиімді жолдары" "
    ["seo_title"] => string(79) "baiandama-ok-ytuda-innovatsiialyk-tiekhnologhiiany-paidalanudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "194995"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427828133"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Бастауыш кластарда жа?а технологияны ?олдану жолдары."
    ["seo_title"] => string(61) "bastauysh-klastarda-zhan-a-tiekhnologhiiany-k-oldanu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "284112"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453916384"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Математиканы о?ытуды жетілдіруде тиімді технологияларды ?олдану."
    ["seo_title"] => string(66) "matiematikanyokytudyzhietildirudietiimditiekhnologhiialardykoldanu"
    ["file_id"] => string(6) "287758"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454520906"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(249) "Баяндама "ИННОВАЦИЯЛЫ? ?ДІСТЕР МЕН О?ЫТУДЫ? А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН ДАМЫТУ" "
    ["seo_title"] => string(157) "baiandama-innovatsiialyk-distier-mien-ok-ytudyn-ak-parattyk-tiekhnologiialaryn-k-azak-tili-sabag-ynda-k-oldanu-ark-yly-ok-ushylardyn-k-yzyg-ushylyg-yn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "168187"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423205372"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Бастауыш кластарда жа?а технологияны ?олдану жолдары.docx."
    ["seo_title"] => string(66) "bastauysh-klastarda-zhan-a-tiekhnologhiiany-k-oldanu-zholdary-docx"
    ["file_id"] => string(6) "282899"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453741611"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства