kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Информатика әлеміне саяхат.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халмуратова Шаира Абдиманнатовна

ОСШ № 42 имени Фуркат

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Информатика әлеміне саяхат.»

"Информатика әлеміне саяхат" атты ойын сабақ

Интеллектуалдық ойынның тақырыбы:   «Информатика әлеміне саяхат»

Мақсаттары:

1.Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.

2. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ойынның тақырыбы, нақыл сөздер, сыйлықтар.

Ойынның барысы:  

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі  «Информатика әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер.

Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-  деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының  қорытындысын айтып отырады.

1- бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.

1-топ «Компьютер»

Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,

               Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

2-топ «Антивирус»

Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,

                Оқу менен еңбекке сал барыңды»

3-топ «Интернет»

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау

Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,

                Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»

Мінекей 3 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.

( әділ-қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады)

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп

2- бөлімді бастайық  «Құпия алаң» Тақтада 1-ден 20-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Бірінші болып шыққан «Компьютер» тобына кезек береміз.

1.     Компьютер миі? (жүйелік блок)

2.     Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)

3.     Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)

4.     Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

5.     Графикалық редактор? (Paint)

6.     Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)

7.     Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон)

8.     Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)

9.     Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)

Осымен 2- бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп

3 бөлімді бастайық « Жұмбақ шешу»  топтарға жұмбақ жасырылады, қай топ бірінші және  дұрыс шешетін болса, сол топқа  10 ұпай беріледі.

1.     Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (жүйелік блок)

2.     Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)

3.     Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)

4.     Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан)

5.     Қағазға тойматын  құрылғы (принтер)

6.     Принтерден асып түсетін құрылғы (сканер)

Осымен 3-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшантық бұл сайыста қажет екен.-деп

4 – бөлімді бастайық  «Бәйге» бұл бөлімде  топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың  дұрыс  жауабына 10 ұпай беріледі.

Қызыл  конверт сұрақтары:

1.     Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер  жүйе немесе интерфейс)

2.     Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)

3.     Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)

4.     Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)

5.     Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)

6.     Дыбыс естілетін қорап (колонка)

7.     Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта)

8.     Компьютердің маманы (программист)

9.     Бүкіләлемдік желі (интернет)

10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)

 Осымен 4-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма болса-деп

6-бөлімді бастайық  « Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.

1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

6.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8.     Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

9.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

Осымен 6-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.-деп

7-бөлімді бастайық  «Полиглот»  топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде  10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі.

1.     Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, эйт)

2.     Жойылған файлдардың қапшығы (себет, корзина ......................)

3.     Файлдарды ашқан кезде, не шығады ? (терезе, окно, window)

4.     Монитордың неше түрі бар? (үш, три, фри)

5.     Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан, мышка, маус)

Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.

( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Информатика әлеміне саяхат.

Автор: Халмуратова Шаира Абдиманнатовна

Дата: 15.05.2017

Номер свидетельства: 415441

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "" Информатика ?леміне саяхат " сайыс "
    ["seo_title"] => string(35) "informatika-lieminie-saiakhat-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "218829"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1433929532"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Информатика ?леміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(29) "informatika-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "278458"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453096723"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Открытый урок на тему:"Физика ?леміне саяхат""
    ["seo_title"] => string(41) "otkrytyiuroknatiemufizikalieminiesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "284711"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454007826"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) ""Жаратылыстану ?леміне саяхат" жаратылыстану п?ндеріні? ашылу салтанаты "
    ["seo_title"] => string(76) "zharatylystanu-lieminie-saiakhat-zharatylystanu-p-ndierinin-ashylu-saltanaty"
    ["file_id"] => string(6) "212012"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431713660"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "МИФ ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(21) "mif-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "134457"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416750805"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства