Өз білімімен, ақыл-ойымен, жан –жақты әрі терең бойлаған танымпаздық және білімділік қасиеттерімен ерекшеленген, істі өз қаражаты есебінен және жауапкершілікті өз мойнына ала отырып жүргізетін, дербес шешім қабылдайтын, бизнесті жеке өзі басқаратын тұлға қалыптастыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Білімгерлер сайысы»
Тақырыбы: «Білімгерлер сайысы» зияткерлік ойыны Мақсаты: Өз білімімен, ақыл-ойымен, жан –жақты әрі терең бойлаған танымпаздық және білімділік қасиеттерімен ерекшеленген, істі өз қаражаты есебінен және жауапкершілікті өз мойнына ала отырып жүргізетін, дербес шешім қабылдайтын, бизнесті жеке өзі басқаратын тұлға қалыптастыру.
Міндеттері: Білімділік: Тәрбиеленушілердің экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Жалпы алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтау; Дамытушылық: Тәрбиеленушілердің білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.Сөздік қорларын байыту; Тәрбиелілік: Тәрбиеленушілерді Отансүйгіштікке, бір-бірін сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аукцион сабақ
Көрнекілігі: Слайд, бағалау таяқшалары, бағалау парағы, сандық, сыйлықтар ( кітап, дәптер т.б)
Барысы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен бүгінгі «Білім сайысы» аукционына қатысушы білімге құштар жас өрендер! «Білімгерлер сайысы» аукцион ойынына қош келдіңіздер! Ендеше ойын шартымен таныстырсақ: Ойынға 4 адамнан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады. Ітур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы өз ақша қорын жинайды. ІІ тур. «Тапқырлар сайысы». Әр топ тест тапсырмаларына жауап беріп, әр дұрыс жауапқа ақша жинайды. ІІІ тур. Таңдау – табыс. Әрбір таңдаған сан бойынша берілген тапсырманы орындайды. ІҮ тур. Сыйлықтар аукционы. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.
«Болашақ »- білімділер тобы. Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді, Сайыста көрсетпекпіз барлық алған білімді.
«Көшбасшы» – тапқырлар тобы Ұраны: Тапқырлық таныту мақсатымыз, Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
Әр топтың жинаған капиталын есептеп отыратын экспертпен танысып алайық (Экспертті таныстыру). «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім», – деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 теңгеден бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.
Аукцион жалпы жаратылыстану бойынша тарауларға бөлінген, әр тараудың аты айтылады және сұрақтар қойылады. Тарау бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 10 теңге. Топ бағаны 10 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық. Аукционға 1 .«Адам және қоғам перзенті» тарауы қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді?
«Болашақ» тобы бір, «Көшбасшы» тобы екі, «Болашақ» тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына теңге қосады.
Сұрағы: «Алтын адам» қашан және қайдан табылды? Жауабы: Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан.
2. Аукционға «Табиғат» тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі) Сұрағы: Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орында? Жауабы: Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде тоғызыншы орында
3. Аукционға «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі) Сұрақ: Қазақстандағы қорықтарды ата? Жауабы: Қазақстандағы қорықтар: Алматы, Наурызым, Ақсу –Жабағлы, Барсакелмес, Марқакөл, Қорғалжын, Үстірт, Алакөл, Қаратау, Батыс Алтай.
4. Аукционға «Жер-Ғарыш денесі» тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі) Сұрақ: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты? Жауабы: Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
5. Аукционға «Қоғам» тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі) Сұрақ: Қазақ халқы жігіт адамның үш жұрты бар есептеген. Оларды ата. Жауабы: Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.
6. Аукционға «Туған ел. Отан» тарауы қойылады. (Сауда жүргізіледі). Сұрағы: Тәуелсіздік күні қай күн? Жауабы: Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан. Осымен І – тур аяқталды. Кезекті экспертке берсек (Үш топтың жинаған ұпайларын айту) .
Біздің екінші турымыз «Тапқырлар сайысы» деп аталады. Әр топқа тест тапсырмалары беріледі. Олар бірлесе отырып тапсырманы орындайды. Әрбір дұрыс жауап құны – 10 теңге. Ендеше, «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті» – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты бастаймыз. Дайынбыз ба?
ІІ – тур. Тапқырлар сайысы. Тест тапсырмалары: 1.Елді кім басқарады? А) Парламент; Ә) Президент; Б) Премьер-министр.
2. Қазақстан Республикасы қай құрлықта орналасқан? А) Еуразия; Ә) Африка; Б) Австралия.
3.Бір-бірімен туыстық қатынастағы адамдарды қалай атайды? А) Көршілер; Ә) Достар; Б) Туысқандар.
4.Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың симфолы. А) Хан шатыры; Ә) Қазақ елі Б) Бәйтерек.
5. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында? А) Астанада; Ә) Алматыда; Б) Көкшетауда.
6. Ең көне қала?
А) Тараз; Ә ) Шымкент; Б) Алматы.
ІІ – тур қорытындысын шығару. Кезекті экспертке берсек (екі топтың жинаған ұпайларын айту) .
«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», – деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.
ІІІ – тур «Таңдау - табыс» деп аталады. Тақтада 1-ден 6-ға дейінгі сандар орналасқан. Әр топ ретімен кез-келген санды таңдайды. Ол санның артында сұрақ жасырылған. Таңдау жасаған топ өз бағасын жасырын түрде ұсынады. Сұраққа дұрыс жауап берсе, қорларына қойған бағалары түседі. Егер дұрыс жауап бере алмаса топ қорларынан сол баға шегеріледі.
1.2009 жылы 20 қазанда, Елордамыз Астанада Қазақстанның мемлекеттілігінің басты бейнесі ретінде ерекше монумент тарихқа енді. Авторы- еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев. Бұл -ғасырдан ғасырға, атадан балаға кететін айрықша тарихи рәміз. Монументтік биіктігі 91 метр. Сұрақ: Монумент қалай аталады? Жауап: Бұл монумент «Қазақ елі» деп аталады.
2.Қазақстанның жер көлемі Батыс Европадағы ең ірі деп есептелетін Франциядай 5 мемлекеттің немесе Ұлыбританиядай 11 мемлекеттің, Жапониядай 17 мемлекеттің жерімен пара-пар. Сұрақ: Қазақ жері қанша шаршы километр аумақты алып жатыр? Жауап: 2,7миллион шаршы км ( 2724,4 мың шар¬шы км).
3. Сыйлық. Сұраққа жауап бермей-ақ 50 теңге қоржындарыңызға түседі. Құттықтаймын.
4. Жерге ең жақын жұлдыз - Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері айналып жүреді. Олар өздерінне жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан.
Сұрақ: Бұл денелер қалай аталады? Жауап: Бұл денелер планеталар деп аталады. Грек сөзінен аударғанда жұлдыз деген мағына береді.
5.Біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырда Кіші Азиядағы Пергам патшалығының шеберлері жануарлар терісінен жазу жазатын жаңа материал әзірледі. Сөйтіп жарғақ теріге жазылған кітаптар дүниеге келді. Сұрақ: Жарғақ теріні сол кезде қалай атады? Жауап: Пергем патшалығының атымен Пергамент деп атады.
6. Бұл қала 1925-29 жылдардағы Қазақстанның астанасы болған. Бұл қаладан Мадина Садуақасова, Алмас Кішкенбаев, Батырхан Шөкенов сынды әншілер мен тағы да басқа атақты адамдар шықты. Сұрақ: Бұл қай қала? Жауап: Бұл-Қызылорда. Кезекті экспертке берсек (Топтардың қорытынды капиталын жариялау)
Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз. Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар.(Сыйлық сандықтың ішінде жасырулы тұрады. Дұрыс жауабын берген кезде сандықтан алып, дұрыс жауабын берген балаға ұсынады) Әр суретте жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бағасы – 30 теңге.
1.Тілі бар, үні жоқ, Өзін адам түсінген Жүрегі бар да, қаны жоқ, Сөйлеп тұрған ішінен./кітап/
2. Он екі парақ- Он екі ақ қанат, Жауабы әсем-ақ, Сызылған тақталап./дәптер/
3. Өшірді, сүртті Өзгені құртты Өзін де құртты /өшіргіш/
4. Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр-шиыр жолы көп. Өзі сөйлей білмейді, Салған ізі сөйлейді. /қалам/
5. Жоқ өзінде бас та, Қас та, мойын да, Ұзындығы жазулы тұр бойында. /сызғыш/
6. Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді, Дегенменен тұмсығынан өледі. /қарындаш/
7. Басы да екеу, Аяғы да екеу. (Қайшы)
8. Қабат-қабат қаптама. Ақылың болса аттама. /Кітап/.
9. Ата тегі ағаштан болды, Ақылын тауып, әсем жанды. Теңіз беті шимайланды, Бірақ ойым симай қалды. /дәптер/
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Бүгінгі зияткерлік сайсқа қатысқан топтарды марапаттасақ. (Топтарды марапаттау)
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдағы 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білімгерлер сайысы» ойынын аяқтаймыз.