Білімділік ма?саты: Елімізді? бостанды?ы мен т?уелсіздігі ?шін к?рескен ерлерді еске алу, оларды? жаса?ан ерлікке толы істері туралы ??гімелеу, олар?а та?ырып бойынша а?парат
Дамытушылы? ма?саты: ?осымша деректер ар?ылы о?ушыларды? біліктерін дамыту. О?ушыны? жеке іздене білуі мен бірлесіп ж?мыс істеу да?дыларын жетілдіру.
Т?рбиелік ма?саты: Отанс?йгіштікке, ту?ан елге деген патриотты? сезімдерге т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: сайыс
К?рнекіліктері: ?лт зиялылары мен ?айраткерлеріні? портреттері. О?и?алар?а байланысты суреттер, плакатта?ы ?ле? с?здер, Презентация.
Техникалы? ??рал: Интерактивті та?та
М??алімні? кіріспе с?зі:
Білімгерлер, б?гінгі инттелектуалды сайысымызды? та?ырыбы: « Елім, деп ?тті ерлерім » деп аталады. Я?ни, б?л сайысымыз ?аза? ?аза? бол?алы елімізді? т?уелсіздігі ?шін к?рескен батыр бабаларымыз бен замандастарымыз?а арналады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Елім деп ?тті ерлерім»
Елім деп өтті ерлерім
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен ерлерді еске алу, олардың жасаған ерлікке толы істері туралы әңгімелеу, оларға тақырып бойынша ақпарат
Дамытушылық мақсаты: Қосымша деректер арқылы оқушылардың біліктерін дамыту. Оқушының жеке іздене білуі мен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Отансүйгіштікке, туған елге деген патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс
Көрнекіліктері: Ұлт зиялылары мен қайраткерлерінің портреттері . Оқиғаларға байланысты суреттер , плакаттағы өлең сөздер, Презентация.
Техникалық құрал: Интерактивті тақта
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Білімгерлер, бүгінгі инттелектуалды сайысымыздың тақырыбы: « Елім, деп өтті ерлерім » деп аталады. Яғни , бұл сайысымыз қазақ қазақ болғалы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен батыр бабаларымыз бен замандастарымызға арналады.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев тәуелсіздік туралы «Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл –азаттық үшін алысқан мың- мыңдаған азаматтардың қаныныі өтеуі. Бұл -бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы» деп жазды.
Тарихымызға көз жіберсек тәуелсіздік үшін, еліміз бен жерімізді сақтап қалу үшін күрескен асыл ерлер бірінен соң бірі көз алдымыздан тізбектеліп өтеді. Елін үшін жанын пида еткен, болашақ ұрпақ қамы үшін күрескен ерлерін біз ешқашанда ұмытпаймыз.
Сайыс барысы:
Сайсқа әр командада 4 оқушыдан 2 команды қатысады. Әр команданың өз жанашырлары бар. Әділқазылар алқасын сайлаймыз.
1.
2.
3.
Екі команда өз аттарын таныстырады.
Кезең « Өткел »
Әр команда капитаны жедел 5 сұраққа жауап беру керек.
(1-ші команда капитанына сұрақ)
1.Парсы патшасы Кирді талқандаған сақтардың әйел патшасы кім?
( Томирис)
2.Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей алғашында өз туларын
қай жерлерге тікті? ( Батыс Жетісу,Шу мен Талас аңғарлары )
3. XVI ғ. Қай хан тұсында қазақ жерлері кеңейіп,қазақтардың
саны 1 млн.адамға жетті . (Қасым ханның тұсында
4.Қ.Қасымұлы көтерілісінін жазғаны үшін айыпталған тарихшы ким?
( Е. Бекмаханов)
5.Тентек төре бастаған 1821жылғы халық көтерілісі кімге қарсы бағытталғды
( Қоқан хандығына)
2-ші команда капитанына сұрақ:
80мың әскерімен Отырар қаласын Шыңғыс ханнан 5 ай бойы қорғаған кім?
( Қайырхан)
2.Ш. Уәлиханов қандай халықтарды «екі туысқан Орда» деп атады?
( Ноғайлар мен қазақтарды)
3.XVII ғ. Соңы мен XVIII ғ басында билік еткен және қазақ жерін біріктіріп,
елдің басты күшін Жоңғарларға қарсы бағыттаған кім? ( Тәукехан)
4.Білектің күшімен , найзаның ұшымен Сайрам, Созақ, Шымкент,
Туркістанды қайтарып, ежелгі Түркістанды астана еткен XVIIIғ-ғы хан кім?
(Абылай хан)
5. Кіші жүздегі патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық
күрестің ең ірісі қайсы және қай жылдары болды?
( С.Датұлы бастаған көтеріліс 1783-1797ж.ж)
Кезең « Белес » Әр командыға 2 сұрақтан қойылады. Қосымша көмек бар.
1-інші командыға сұрақ:
1.«Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса,төбедегі келеді»,
«Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры берік ел едік, іргемізді ірітпей,
бір жеңнен қол шығарып,атам қазақтың абыройын сақтайық» деген кімнің сөзі?
Қосымша көмек : Ол Абылайханның ақылшысы болды.
Жауабы: Толе би
2-інші командыға сұрақ:
1. «Қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем деп,
Жесірлерге жер бердім» деген өлең шумақтары кімдікі және кімге арналған?
Қосымша көмек: Ол Беріш руынан
Жауабы:Махамбеттің Исатайға арнаған өлеңі
1-інші командының 2-інші сұрағы:
Үшқоңыр тауындағы Бүрген төбесінде патша жарлығына наразылық
білдіру үшін Жайылымақ болысының адамдары жиылған еді. 3күнге
созылған жиында қазақ шаруалары патша өкіметінің ұлттық және жер
саясатына әшкерелеп, шаруашылықтың күйзеліп,тұрмыс жағдайларының нашарлап бара жатқанын ашу ызамен сөз етті.Бұл жиналысты ұйымдастырушы кім?
Қосымша көмек:Ол 73 жаста еді
Жауабы:Бекболат Әшекеев
2-інші командының 2-інші сұрағы:
1. «Ем таба алмай дертіңе, мен ертеден,
Сол бір қайғың өзегімді өртеген.
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден.
Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай?
Түзелесің қашан жұртым,оңалып?
Тіл алмасаң, кетпеймісің жоғалып?
Қайтер едің өткен дәурен оралып,
Жылы жүзбен мойын бұрса, елім ай! »
Бұл кімнің өлеңі?
Қосымша көмек: Ол 1928 жылы тұтқындалып,1935 жылы Соловецк лагерінде қайтыс болады
Жауабы: Міржақып Дулатов
Кезең « Бекет » Әр командыға 3 сұрақтан қойылады. Толық жауап 20 ұпаймен бағаланса, бір тапсырманы орындаған топ 10 ұпай ғана алады.
1- інші командыға сұрақ
1. Оғыз мемлекетінің территориясын көрсет және орталығы болған каланы ата
Жауабы: Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы орталығы Янгикент қаласы
2.Аңырақай шайқасы өткен жерді көрсет және болған жылын ата
Жауабы: Балқаш көлінің оңтүстік –батыс жағындағы Итішпес Алакөл
деген жерде 1730 жылы болған
3.Ноғай Ордасының территориясын көрсет және орталығы болған қаланы ата
Жауабы: Еділ және Жайық өзендері арасы, орталығы Сарайшық қаласы
2- інші командыға сұрақ
1. Үйсін тайпасының территориясын көрсет және орталығы болған қаланы ата
Жауабы: Жетісу , орталығы Қызыл Аңғар қаласы
2.Аягөз шайқасы өткен жерді көрсет және болған жылын ата
Жауабы: Аягөз өзені бойы 1718жылы болған
3. Бөкей Ордасының территориясын көрсет және болған жылын ата
Жауабы: Еділ және Жайық өзендері арасы, орталығы Жасқұс
IV- Кезең « Асу » Екі командыға бірдей 5 сұрақ қойылады
1. «Жұт»- деген сөздің мағынасы:
А) Қолөнердің түрі.
В) Малдардың жаппай қырылуы.
С) Байлық
Д) Салық
Е ) Малдарды айдау
2.1913-1917 жылдарда «Қазақ» газетінің редакторы болған қайраткер
А) Міржакып Дулатов
В ) Шакен Құдайбердіұлы
С) Ахмет Байтұрсынұлы
Д) Әлихан Бөкейханов
Е) Сәкен Торайғыров
3. Шу өзені бойы Баласағұн қаласында дүниеге келген ғұлама:
А) Ахмет Яссауи
В) Махмут Қашғари
С) Әл-Фараби
Д) Жүсіп Баласағұн
Е) Әл-Бируни
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды
А) Ж Елеусізов
В) Қасым Қайсенов
С) Талғат Бигелдинов
Д) Қ. Аухадиев
Е) Рақымжан Қошқарбаев
5. XVII ғ .1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:
А) Батыр сұлтан
В) Тәуке хан
С) Абылай хан
Д) Әбілқайыр хан
Е) Сәмеке хан
V - Кезең «Жерұйық »
Cоңғы кезең яғни , « Жерұйық » деп аталады. Әр топқа 4 сұрақ арналды.
Қойылған әрбір сұраққа топтар тек « Сенемін- Сенбеймін» деп жауап беруге тиісті. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай қосылады.
1-інші топ басшыларына сұрақ
1.Антрапологиялық зерттеу лер қазақ халқының этностық үдерісі қола дәуірінен
бастағанын көрсетеді. ( Сенемін)
2. Қазақ халқының қалыптасуы екі кезеңнен тұрады .(Сенбеймін : 4 кезеңнен тұрады)
3. XIV-XVғасырларда әдеби шығармалар араб тілінде жазылған.
( Сенбеймін: қыпшақ тілінде жазылған)
4. Ежелгі қыпшақтардың этностық құрамына се және яньто тайпалары кірген.
( Сенемін)
5.Қазақтардың біртұтас этнос болып қалыптасуы шамамен 4 мың жылға созылған.
( Сенемін)
6. М.Қашқаридың айтуына қарағанда оғыздар 20 тайпадан тұрған.
( Сенбеймін: 24 тайпадан тұрған)
7. Қимақ мемлекеті XIII ғасыр басында құлады. ( Сенбеймін: XI ғасыр басында)
8. Батыс Дешті Қыпшақтардағы тайпалардың этностық құрамы 11 тайпаға жеткен.
( Сенемін)
Мұгалім сөзі: Әділқазылар ұпайларын есептеп болғанша . Келесі кезегіміз « «көрермендер көрімдігі» деп аталады бұл кезекте көрермендерге сұрақтар беріледі.
«Тіл туралы Заң» қашан қабылданды? ( 1997ж)
Еліміз жер көлемі бойынша нешінші орында? (9)
Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн: ( 1995ж30-тамыз)
Қазақстанның ең биік нүктесі:( Хантәңірі шыңы)
Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? ( 1992ж4-маусым)
Елбасының мамандығы : ( инженер металлург)
Қазақстанда неше қорық бар? ( 9)
1854 жылы салынған бекініс ( Верный)
Геке есімі қай көтеріліспен байланысты. (И. Тайманұлы және М. Өтемісұлы бастаған 1836-1838жж. Көтеріліс)
10.«Қазақ хандығы 1465-1466жж құрылды» деп айтқан кім? ( М.Х. Дулати)
Әділқазылар ұпайларын есептеп жеңімпаз топты анықтайды және екі топқа мақтау қағазы мен сыйлықтар беріледі.
Осымен бүгінгі « Елім деп өтті ерлерім » атты сайысымыз аяқталды.