Просмотр содержимого документа
«Сутектік байланыс »
Пәні
10 сынып Химия
Сабақтың тақырыбы
§2.6 Сутектік байланыс
Мақсаты
Сутектік байланыс тақырыбын логикалық ойлауын дамыту.
Оқыту нәтижелері
- Сутектік байланыс тақырыбына сипаттама береді;
- Сутектік байланыс туралы біледі;
- өзара әрекет арқылы бір-бірімен кеңесу, тақырыпқа сәйкес түсініктерін одан ары дамытады.
Сілтеме
АКТ, Нұрахметов Р. 10 сынып Химия, Марта Бронсон өзін-өзі реттеу; СТО; Александер Диалог негізінде оқыту; АКТ. Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық -2012ж
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйым-дастыру
2 мин
- Амандасу;
- психологиялық ахуал туғызу;
- топ ережесіне бағынады
Білу, тану
5 мин
Мұғаліммен оқушының диалогі
1-тапсырма: Тест
2. 1.Тотықсыздандырғыш қасиеті басым элемент
A) Фосфор B) Хлор C) Магний
D) Күкірт E) Натрий
3.2.Оң зарядты иондар
A) оксидтер B) электролиттер
C) бейэлектролиттер D) катиондар E) аниондар
4. Диссоциацияланғанда алюминий катионын түзетін зат A) AlCl3 B) NaOH C) HCl D) K2CO3 E) NaCl
5. VII А топ элементтерінің ұшқыш сутекті қосылысының формуласы
A) R2H B) RH2 C) RH4 D) RH E) RH3
Түсіну
20 мин
Оң полюстенген сутек атомы бейтарап электрондық жұбы бар электртеріс атоммен әсерлескенде молекулааралық сутектік байланыс түзіледі. Сутектік байланыс арқылы сүйық және қатты сулардың ассоциациясы және молекулалардың реттеле орналасуы түсіндіріледі. Олар балқу және қайнау температуралары, еріткіштік қабілеті, химиялық қасиеттеріне әсер етеді.
1-топ: Иондық байланыс
2-топ: Металдық байланыс
3-топ: Ковалентті байланыс
4-топ: Сутектік байланыс
Тапсырманы оқып, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айтады.
Қолдану
7 мин
2-тапсырма: Қағазбен жұмыс.
Венн диаграммасымен тақырыптың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын сипаттама береді.
Сызба-нұсқа бойынша кластерге, сурет бойынша постерді түсіріп, қолданады.
Венн диаграммасымен тақырыптың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айтады.
Талдау
5 мин
"Ой шақыру"
2. Мына зат молекулаларының полярлығын салыстырыңыз:
Шешуі: ∆Χ(НF)= 4.0-2.1=1.9
∆Χ(НCI) = 3.0-2.1=0.9
∆Χ(НBr) = 2.8-2.1=0.7
∆Χ(НI) = 2.5-2.1=0.4
Жауабы: байланыс полюстілігі мына қатар бойынша кемиді : HF, HCI, HBr, HI
HF, HCI, HBr, HI
Берілгені:
Χ(Н)=2,1
Χ(СI)=3.0
Χ(Br)=2,8
Χ(I)=2,5
Χ(F)=4
∆Χ=?
Есепті шығарады
Бағалау критерий-лері
2 мин
Белсенді қатысып отыруы;
Өткен тақырып бойынша өз ойын еркін жеткізуі;
тапсырманы орындауы;
Тақырыптың маңызын түсінуі;
Бірін-бірі бағалауда шешім қабылдайды.
Жинақтау
3мин
Автор орындығы
Сұрақтарға жауап береді.
Келесі тапсырма
1 мин
§2.6 Эссе
Стикерге рефлексия жазады.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты оқушылардың сутектік байланысытуралы терең меңгерту, адамгершілікке, ізденімпаздыққа баулу, жаңа форматта білім беру арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқу нәтижесі:Оқушылар сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айта білуге үйренеді.
Күтілетін нәтиже: сутектік байланыстарын терең меңгереді, сутектік байланыстың химиялық байланыстардан айырмашылығын ажырата біледі, өзара әрекет арқылы бір-бірімен кеңеседі, тақырыпқа сәйкес түсініктерін одан ары дамытады. Өз ойларын айта алады. Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
Сабағымды шаттық шеңберін өткізумен бастадым. Оларды ортаға шығарып көңіл күйлерін сұрадым. Бір-біріне сәттілік тілеп, осылай мен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнаттым. Сөйтіп оқушыларды алдын ала дайындап келген әр түрлі сан арқылы қағаздарды біреуден алғызып, төрт топқа бөлдім. Менің оқушыларыма шаттық шеңбері әдісі өте ұнады. Жаңа тәсілмен жұмыс жүргізіліп, оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгерген. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Әр уақытта балалардың ойлануына уақыт берілді. Тақырыпқа байланысты оқушылар ақ қағазға сутектік байланыстың торларын суреттеп, қасиеттерін ажыратып, оларға нелер жататынын айтып, сипаттама берді. «Ой шақыру», «автор орындығы» әдістерін қолдандым.
Оқушының қаншалықты түсініп жатқанын, берілген жұмысқа талпынысын бақылап, бағалап, мадақтау сөздерді көбірек айтып тұрдым. Әрбір тапсырманы орындау барысында өз ойын жеткізген балаға ешқашан сенікі дұрыс емес деп айтпай, сол сұрақты ортаға салып, басқа балалардан сендер қалай ойлайсыңдар, кімде қандай пікір бар? деген сияқты сөздермен түзетіп отырдым. Осылай қолдап отырсақ балалар өз ойларын ашық айтып, дәлелдеуге үйренеді екен. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сергіту сәтін интерактивті тақта арқылы "Қара жорға" әніне билеп, өздеріне қосылып жасаттым. Бұл сергіту сәті оқушыларға өте ұнады.
Оқушылар оқулықтағы есептерді орындап, әрбір топ басшылары өзінің тобындағы сыныптастарына баға берді. Әр топтың басшылары жанындағы оқушылардың белсенді қатысып отыруына, өткен тақырып бойынша өз ойын еркін жеткізуіне, тапсырманы орындауына, тақырыптың маңызын түсінуіне назар аударып, бағалау парақшаларына қойып отырды. Сабақта болған кедергілерде болды. Оқушылар бағалау кезінде дұрыс бағаланбай қалғанын айтты. Тақырыпты түсіндіріп жатқанда, оқушылар бірін-бірі тыңдамай отыруын, берілген тапсырмалар сол уақытта орындамай қалуының нәтижесінде осындай кедергілерді келесі сабақтарда болдырмау керектігін білдім.