kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары; Мұнай өнімі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары: Мұнай өнімі.10 сыныптарға арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары; Мұнай өнімі»

Сабақтың тақырыбы: Мұнай. Мұнай өнімдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге мұнай және оның өнімдерін, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту. Әр студенттің өзіндік біліміне ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу.

Дамытушылық: Студенттердің ойлау, жүйелеу қабілеттерін, зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, есте сақтау қабілетін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту.

Тәрбиелік: Өзіндік ой қорытуға, шешім қабылдауға, өз бетінше жұмыс жасауға, туған жерді сүюге, табиғатты қорғауға және ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.



Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, бейнекөрініс, үлестірме парақшалар, мұнай, су.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс, өзін-өзі бағалау.

Пәнаралық байланыс: тарих, биология, география, музыка.

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру бөлімі - 2

II. Үй тапсырмасын тексеру - 7

III. Жаңа сабақты түсіндіру - 13

IV. Сабақты бекіту -16

V. Қорытындылау – 3

VI. Студенттер білімін бағалау – 2

VII. Үй тапсырмасын беру - 2



Сабақтың кезеңдері:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын қадағалау.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. I топ «Атамекен». II топ «Туған жер». III топ «Наурыз думан». Топ мүшелері өзара ақылдасу арқылы өз тобына топ басшысын тағайындайды. Топ басшысы топ мүшелерінің тапсырмаларының орындалуына, белсенділігіне бақылау жүргізеді, бақылау парақшасын толтырады. Сабақ соңында бақылау парақшасына қорытынды жасалып, студенттер бағаланады.



Сабақтың барысы:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. «Кім жылдам» ойыны. Сұрақ-жауап

1. Газдар кездесетін орнына қарай:

(табиғи және мұнайға серік газдар болып бөлінеді)

2. Табиғи газдың құрамында метан неше пайызға дейін болады?

(80-96%)

3. 1м3 табиғи газды жаққанда қанша жылу бөлінеді?

(54 400 кДж)

4. Табиғи газ қанша фракцияға бөлінеді?

(2 фракцияға бөлінеді)

5. Мұнайға серік газ қанша фракцияға бөлінеді?

(3 фракцияға бөлінеді)

6. Табиғи газдың қолданылуы

(химиялық шикізат, отын, күйе, сутек, еріткіш заттар, каучук, пластмасса, спирттер, бояулар, дәрі-дәрмектер)



2. Картамен жұмыс



Сен білесің бе?

(бейнекөрініс)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Физикалық қасиеттері. Мұнай – қара қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар, май тәріздес, қоймалжың сұйық зат. Суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді. Судан жеңіл, тығыздығы кездесетін орнына қарай 0,73-0,98 г/см3 аралығында болады. Мұнай - жанғыш зат (парсы тілінен аударғанда neft – тез от алғыш зат деген мағынаны білдіреді).

Мұнайдың құрамы. Кездесетін орнына байланысты мұнайдың сандық құрамы да, сапалық құрамы да әр түрлі болады. Мұнай негізінен, аздаған мөлшерде көмірсутектер мен азотты, оттекті және күкіртті қоспалардан, минералдық тұздардан т.б. заттардан тұратын күрделі қоспа.

Мұнайдың негізін парафиндер, циклопарафиндер және ароматты көмірсутектер құрайды. Олар сұйық, еріген газ, қатты зат күйінде болады. Оның құрамындағы газ тәрізді және қатты қоспалары сұйық компоненттерінде еріп жүреді. Мұнайдың құрамындағы көмірсутектерге байланысты парафинді, нафтенді және ароматты деп ажыратады. Жер астынан өндіріліп алынған мұнайда су көп болады. Оны шикі мұнай деп атайды. Шикі мұнайды суынан және қосалқы газдарынан тазартып, өңдеуге жібереді. Тазартылған мұнай тауарлық мұнай деп аталады.

Мұнай өнімдері және қолданылуы. Мұнайдың өнімдері: газолин, бензин, лигроин, керосин, солярка, мазут. Мұнай - бірден-бір табиғи сұйық отынның көзі. Одан авиация, автомобиль, дизель, жылжыту жүйесі отындарын алады.

Бензиннің детонацияға төзімділігі.

Бензиннің қозғалтқышта қопарылыс түзіп жануы детонация деп аталады. Бензиннің детонациялану себебі құрамына байланысты болады. Егер бензин құрамында ароматты көмірсутектер, тармақты көмірсутектер көп болса, сапасы жоғары, ал ашық тізбекті көмірсутектер көп болса, сапасы төмен болады.

Бензинді шартты түрде изооктан мен н­гептанның қоспасы ретінде қарастырады. Ал бензиннің сапасын изооктанның мөлшерімен өлшейді. Оны октан саны деп атайды. Бензиннің АИ-72, АИ-76, АИ-93, АИ-98 деген түрлері октан санының әр түрлі екенін көрсетеді. АИ-72 маркалы бензинде қорғасын тетраэтилаты жоқ, ал АИ-76-да бар. Ол бензиннің от алуын тездетеді.



IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Тест (жеке жұмыс)

1. Мұнай қандай зат?

а) суда ерімейді, жанбайды;

ә) май тәрізді сұйықтық, иісі жоқ;

б) судан ауыр;

в) май тәрізді сұйықтық, жанғыш.

2. Мұнай өнімдері

а) алмаз, графит;

ә) бензин, керосин, лигроин, газойль, мазут;

б) азот, оттек;

в) шикі мұнай.

3. Тауарлық мұнай деген не?

а) суда ерімейді, жанбайды;

ә) судан ауыр;

б) тазартылған мұнай;

в) шикі мұнай.

4. Шикі мұнай деген не?

а) жер астынан өндіріліп алын мұнай, суы көп;

ә) май тәрізді сұйықтық, иісі жоқ;

б) Судан ауыр;

в) май тәрізді сұйықтық, жанғыш.

5. Детонация дегеніміз не?

а) суда ерімейді, жанбайды;

ә) май тәрізді сұйықтық, иісі жоқ;

б) бензиннің қозғалтқышта қопарылыс түзіп жануы;

в) май тәрізді сұйықтық, жанғыш.



2. Сәйкестікті тап (топтық жұмыс)

Сұрақтар

Жауабы

Мұнайдың құрамында кездеседі

Мұнайдан 300 түрлі өнім

Мұнайдың физикалық қасиеттері

XIX ғ аяғынан бастап мұнай өнеркәсібі дамыды

Мұнайдан қанша түрлі өнім алады?

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда

Қазақстанда мұнай өнеркәсібі қашан қолға алынды?

Парафиндер, циклопарафиндер және ароматты көмірсутектер

Қазақстанның қай аймақтарында мұнай өндіріледі?

Қара қоңыр түсті, май тәрізді, өзіне тән иісі бар, жанғыш

Мұнай және газ қалай тасымалданады?

Көліктермен



3. Постер дайындау

I. Мұнайдың пайдасы

II. Мұнайдың зияны

III. Есеп шығару

V. Қорытынды

Біздің елімізде минералдық шикізат қорының барлық түрі бар. Бірақ мұнай, табиғи газ, тас көмір минералдық ресурстар қоры шексіз емес. Сондықтан табиғи байлықтарымызды қорғай білуіміз керек.

VI. Бағалау

Сабақ барысында оқушылардың жауабын бағалап отырған топбасшы қорытындысы шығарылады. Ең көп балл жинаған топ жеңіске жетеді. Белсенді қатысқан оқушылар аталып бағаланады.

VII. Үйге тапсырма

§13. Мұнай. Мұнай өнімдері тақырыбына реферат жазу.

№7 есеп




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Сабақ жоспары; Мұнай өнімі

Автор: Бейсенова Куралай Абдрахмановна

Дата: 28.05.2017

Номер свидетельства: 419089

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Қысқа мерзімді сабақ жоспары тақырыбы: "Бейнелеу өнері мен жанрлары""
    ["seo_title"] => string(67) "kyska_merzimdi_sabak_zhospary_takyryby_beineleu_oneri_men_zhanrlary"
    ["file_id"] => string(6) "533774"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1577422209"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "?аза? тілінен саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(30) "k-azak-tilinien-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "166329"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422950264"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "?дебиеттік о?у "Жеміс ба?ында" орта мерзімді саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(63) "diebiiettik-ok-u-zhiemis-bag-ynda-orta-mierzimdi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "133424"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416504625"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(148) "?аза?   ?дебиеті    п?нінен   ашы?  саба?  жоспары Та?ырыбы:  ?.Ша??ытбаев «Сабала?»  ?ле?і "
    ["seo_title"] => string(89) "k-azak-diebiieti-p-ninien-ashyk-sabak-zhospary-tak-yryby-k-shan-g-ytbaiev-sabalak-olien-i"
    ["file_id"] => string(6) "203938"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429559007"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Орта мерзімдік саба? жоспары ІІІ-де?гей "
    ["seo_title"] => string(45) "orta-mierzimdik-sabak-zhospary-iii-dien-ghiei"
    ["file_id"] => string(6) "158409"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421742880"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства