Сабақтың тақырыбы: | Көмірсутектердің табиғи көздері. Газ және мұнайдың Қазақстандағы көздері. |
Оқып үйренудің негізгі мақсаттары: | К/с-дің табиғи қорлары және оларды өңдеуді топтық жүмыста бірлесе талдата отырып түсінік қалыптастыру. |
Оқып үйренудің нәтижелері: | Көмірсутектердің табиғи көздері және газ және мұнайдың Қазақстандағы көздері жайлы жаңа білімді меңгереді. Алған білімдерін талдау арқылы, күрделі ойлау операциясын меңгереді. |
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: | «Жұбыңды тап» әдісімен топқа бөлу, сұрақ – жауап, слайд көрсету, миға шабуыл, топтық жұмыс,сергіту сәті,есептер шығару,кері байланыс,бағалау. |
Сабақ барысы: |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Уақыт | Дерек көздері |
Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | «Өрмекші торы» әдісімен бір-біріне тілек арнайды. | 2мин | Оқулық. Периодтық кесте |
Топқа бөлу «Жұбыңды тап» әдісі арқылы топқа бөлу. | Оқушылар берілген қиындыдағы сөздерді сәйкестендіре отырып топ құрайды. 1 топ:Алкан, қаныққан,-ан 2 топ: Қос, -ен, қанықпаған, этилен | 1мин | қиықшалар |
Бағалау критерийлері параметрі 1.Миға шабуыл. 2.Топтық жұмыс. 3.Сұрақ – жауап. 4.Есептер шығару. Топтық ереже. | Оқушылар берілген параметрлерге назар аударады. Топтық ережені орындау. | | Бағалау парақшасы |
«Менен сұрақ, сенен жауап» | 2 топқа 2 сұрақтан тапсырылады. 1-топқа: 1.Бензолдың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын анықтаңдар. 2.Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар: СaC2→ C2H2 → CO2 →CaCO3 2-топқа: 1.Бензолдың сутек бойынша тығыздығын анықтаңдар. 2.Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар: С2H6 → C2H4 → C2H2 → C6H6 | 5 мин | Сұрақ-жауап |
Терминологиялық қобдиша | Берілген терминдердің мәнін ашу 1-топқа: Бензол, гидрлену, пара-, Фарадей 2-топқа: Толуол, галогендену, мета-, аромат | 3 мин | |
Миға шабуыл. | 1-топқа: 1.Көмірсутектердің табиғи көздеріне не кіреді? 2. Казақстандағы мұнай мен табиғи газдың ірі кен орындарының қай жерде орналасқан. 2-топқа: 1.Мұнай мен газдың қайдан пайда болған? 2. Казақстандағы мұнай мен табиғи газдың ірі кен орындарын картадан көрсет. Оқушылар топта ойласа отырып, сұрақтарға жауап береді. | 5 мин | Карта |
Жаңа тақырыптың мағынасын тану. Интербелсенді тақтадан слайд көрсету (Көмірсутектердің табиғи көздері). | Интербелсенді тақтадан слайд көреді, талқылайды. | 5 мин | Интербелсен-ді тақта. |
Мағынаны ұғыну: Эссе | 1-топ: Мұнай мен табиғи газдардың пайдасы. 2-топ: Мұнай мен табиғи газдардың зияны. | 10 мин | |
Коллаж | 1-топқа: Мұнай туралы 2-топқа: Газ туралы | 5 мин | |
Алған білімдерін қолдану. Есептер шығару. | 1 топқа: 0,5 моль этанды дегидрлегенде түзілген этиленнің көлемін тап. 2-топқа: 112 л метан жанғанда түзілген күйенің (С) зат мөлшерін тап. | 5 мин | Оқулық. |
Кері байланыс : Сабақта қандай сұрақтар қамтылды және не үйрендік? | Оқушылар не үйренгенін, нені үйренгісі келетінін стикерлерге жазады. | 1 мин | Стикерлер |
Үйге тапсырма | «Табиғи газ бен мұнайдың әлем кеңістігінде алатын орны» шағын эссе жазу. | 1 мин | |
Бағалау: | Әр кезеңдер ұпаймен бағаланады. | 2 мин | ұпаймен |