Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге тапсырмасын тексеру үшін тест жұмысы беріледі.
Жай эфирлердің формуласы?
А) R-O-R/
Ә) R-COH
Б) R-COOH
Жай эфирлер дегеніміз не?
А) Молекуласындағы екі көмірсутек радикалы оттек атомы арқылы байланысқан қосылыстар
Ә) Молекула құрамында бір немесе бірнеше сутек атомдары карбоксил тобына алмасқан көмірсутектердің туындылары
Б) Гидроксил тобы бензол сақинасымен тікелей байланысқан органикалық қосылыстар
Аралас эфирлер дегеніміз не?
А) Әртүрлі радикалдары бар эфирлер
Ә) Спирті қосылған эфирлер
Б) Бірдей радикалдары бар эфирлер
Органикалық шыны дегеніміз не?
А) морт сынғыш зат
Ә) Шыны тәрізді түссіз, мөлдір, берік, қатты зат
Б) металл сияқты майысқақ зат
Диэтил эфирінің агрегаттық күйі қандай?
А) Түссіз сұйықтық
Ә) түссіз қатты зат
Б) түссіз газ
Күрделі эфирлер табиғатта қайда кездеседі?
А) Тау жыныстарының құрамында
Ә) Емдік шөптердің құрамында
Б) Гүлдер мен жемістердің құрамында
7. Өте қуатты қопарылғыш зат, динамиттің құрамына кіреді.
А) Глицерин тринитраты
Ә) Этилацетат
Б) Метилметакрилат
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
І. Қызығушылықты ояту «Түйелер неге шыдамды болады?»
Түйенің сусыз бір жарым ай шыдайтыны белгілі.
Осы кезде ол суды өзінің өркешінде 120 кг-ға дейін болатын майдың біртіндеп тотығуынан алады. Егер май глицерин және ең көп тараған стеарин қышқылының эфирінен тұрады деп есептесек, онда оның толық тотығуынан 133 кг су бөлінеді:
2С57Н110О6 + 163О2= 114СО2 + 110Н2О
Бұл кезде түйелер көптеген энергия алады, олардың төзімді болатыны, міне, осыдан.
Сонымен, майлар энергияның негізгі көзі болып табылады. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Майлар».
ІІ. Мағынаны тану
Барлық өсімдіктер мен жануарлардың организмдерінде майлар болады.
Көмірсулар мен белоктар сияқты майлар да тағамның негізгі құрам бөлігі.
Қай ұлттың тағамдарын алсақ та майсыз жасалмайды. Себебі, май – барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары.
Майлар жоғары колориялы тамақ өнімдері болып табылады. Организмде 1 г май тотыққанда 37,7кДж немесе 9,3 ккал энергия бөлінеді.
Майлар – үшатомды глицерин мен жоғары карбон қышқылдарының күрделі эфирлері.
Майлы тағамдарға: сары май, өсімдік майы, жануар майы жатады. Адамға тәулігіне 50-70 г май қажет.
Үнемі майсыз тағаммен қоректену жүйке жүйесі қызметінің бұзылуына, иммунитеттің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Адамның азықпен қабылдайтын майының кемінде үштен бірінің құрамында қанықпаған май қышқылдары бар сұйық майлар болуы керек. Сұйық майдың биологиялық белсенділігі басқа майлармен салыстырғанда жоғары болады. Адам организмі қанықпаған май қышқылдарын өздігінен синтездей алмайтын болғандықтан, оларды даяр күйінде тағаммен қабылдауы керек. Организмде майлар асқазан асты безі мен ішек сөлі құрамындағы ферменттердің әсерінен гидролизденіп, глицерин мен карбон қышқылдарына ыдырайды. Май ыдырағанда бөлінетін өнімдер ішек бүрлері арқылы сіңеді де, басқа биологиялық процестерге қатысады, организмге қажетті жаңа майлар синтезделеді. Синтезделген май лимфа жүйесі арқылы қанға сіңіп, қанмен организмнің басқа мүшелеріне тарайды. Клеткаларда зат алмасу процесіне қатысады.
Химиялық қасиеттері:
Минерал қышқылдар мен сілтілер қатысында қыздырғанда, гидролизденед
Сілті қатысында гидролиздегенде, глицерин мен жоғары карбон қышқылының тұзы (сабын) түзіледі:
Сұйық майларды гидрлеп алған қатты майлар өнеркәсіпте маргарин және сабын алуға жұмсалады. Маргарин жасау үшін саломасқа аздап сары май, сүт, витаминдер, сонымен қатар дәм және түс беретін қоспалар қосады. Сары майдан маргариннің дәмі өзгеше, ал калориясы және сіңімділігі жағынан кем емес. Сары майға қарағанда маргаринде қанықпаған глицеридтердің көбірек болуы қан тамырларында майдың жиналуына кері әсерін тигізеді.
Дүниежүзінде ондаған миллион тонна май өндіріледі. Оның шамамен үштен екісі азық ретінде, ал қалғаны техникалық мақсатта қолданылады. Біздің елімізде Алматыда, Өскеменде, Шымкентте май өндіріп, өңдейтін зауыттар бар.
Батыс Қазақстанда «Батыс Күнбағыс» АҚ май зауыты бар. Теректі ауданы Пойма станциясында орналасқан. Онда күнбағыс майы, қыша ұнтағы, қыша майы және жмық шығарылады.
ІІІ. Ой толғаныс
«Зейіні өте жақсы химик»
Майлар табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың организмдерінде кездеседі
Майлар суда ериді
Батыс Қазақстанда май өндіретін завод жоқ
Майлар синтездік жолмен алынады
Үнемі майсыз тамақтану денсаулыққа тиімді
Организмде 1 г май тотыққанда 9,3 ккал энергия бөлінеді
Ия
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Ия
Кім жылдам?
І-топ
Адам 1 сағатта 3,75 г майды керек етсе, 1тәулікте қанша майды пайдаланады?
ІІ-топ
1 г май тотыққанда 1,1 г су түзілсе 100 г май тотыққанда қанша су түзіледі?
ІІІ-топ
1 г май тотыққанда 40 кДж энергия бөлінеді, 90 г май тотыққанда қанша энергия бөлінеді? Адам күніне 90-100 г май жейді десек, қанша энергия бөлінеді?
Қорытынды
Май — маңызды биологиялық отын, жан-жануар үшін энергия көзі, қажетті тағам, зат алмасу процесіне қатысатын маңызды қосылыс. Майлар адам ағзасы үшін қажетті органикалық заттардың бірі.Май сүт өнімдерінің,жұмыртқаның құрамында мол болады.Май жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында көп болады.Май ыдыраған кезде энергия екі есе көп бөлінеді.Адам өсімдік майын көбірек пайдалану қажет
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма §11.3. Майлар
Логикалық тапсырмаБүйенге жиналған қаймақтағы ыдысқа салып, 15-20 миут былғайды. Су шығып, май түзіледі. Сырлы кастрюлге жиналған қаймақты 30-40 минут әрең түсірген. Неліктен бірінші жағдайда май тез, ал екінші жағдайда ұзақ уақыт түзілді?