Сабақ:
Мектеп: «№8 жалпы білім беру орта мектебі» Комунналдық Мемлекеттік Мекемесі
Күні:
Мұғалімнің есімі: Нурсултанова Ы.А.
Сынып: 9
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: күрделі эфирлер, майлар анықтамасын түсіндіру олардың құрамы мен құрылысын қасиеттерін меңгерту. Күрделі эфирлердің алынуын, химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу, синтетикалық жуғыш заттар маңызын ұғындыру.
Оқушылардың басым бөлігі: күрделі эфирлердің, майлардың химиялық қасиеттері, алынуы, синтетикалық жуғыш заттардың қолданылуы.
Кейбір оқушылар: күрделі эфирлердің табиғатта кездесуі, қолданылуы, адам организміне пайдасы.
Тілдік мақсат:
Оқушылар: Қосымша мәліметтердегі мәтінді қарап, оқып бір-біріне пікір алмаса отырып, талдайды, ойларымен келіседі, қорытынды жасайды.
Негізгі сөздер мен тіркестер: этилацетат, бутилформиат, метилбутират, этилбутират, пентилформиат, октилацетат, бензилацетат, изопентилформиат, изопентилацетат, майлар (қатты, сұйық, жұмсақ), синтетикалық жуғыш заттар (СЖЗ), стеарин.
Сыныптағы диалог жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
- Күрделі эфирлердің түрлері;
- Күрделі эфирлердің химиялық қасиеттері;
- Майларға сипаттама;
- Сабын және синтетикалық жуғыш заттар;
Сіз неліктен екенін айта аласыз ба?
Айтылым бойынша ұсыныстар: сұраққа жауап беру, постер қорғау.
Алдыңғы тақырып:
Карбон қышқылдары.
Жоспар
Жоспарланған уақыт:
Жоспарланған жаттығулар
Ресурстар
Басталуы 2минут
- минут
- Топқа бөлу: алма, алмұрт, ананас, апельсин суреттері арқылы топқа бөлу;
- Психологиялық ахуал: «Керемет бақ»
Баяу музыка әуені ойнап тұрады.
- Қазір барлығымызда көзімізді жұмамыз. Бақта келе жатырмындеп сезініңіз. Алдыңызда әдемі сізге ұнаған гүлдер жайқалып тұр деп ойлаңыз.
- Көзімізді ашамыз ойлаған гүлімізді салып оны орналастырамыз.
№1 тапсырма:
Тест жұмысы. (5-сұрақтан)
1. Карбон қышқылдарының функционалдық тобы:
А) гидроксил; В) карбонил; С) карбоксил; Д) амин тобы.
2. Қалақай мен шырша жапырақтарында болатын тиген жерін дуылдатып күйдіретін зат:
А) май қынпсылы; В) лимон қышқылы; С) сірке қышқылы; Д) кұмырсқа кышқылы.
3. Зат алмасу процесінің нәтижесінде бір тәулікте адам организмінде 400 г-ға дейін түзілетін қышқыл:
А) күмырсқа қышкылы; В) сірке кышқылы; С) пропион қышқылы; Д) бутан кышқылы.
4. Халықаралық атау жүйесі бойынша сірке қышқылының аталуы:
А) метан қышкылы; В) этан қышкылы; С) пропан қышкылы; Д) бутан қынщылы.
5. Молекуласында 4 көміртек атомы болатын карбон қышқылының салыстырмалы молекулалық массасы:
А)60; В)74; С) 88; Д) 102.
Жұптық тапсырма:
№2 тапсырма: Салыстырмалы молекулалық массалары: а) 74, ә) 60 болатын карбон қышқылдарының формулаларын кұрастырыңдар.
Шешуі:
СnН₂n+1СООН = 74
12n + 2n + 1+45 = 74
14n = 74 – 46 = 28
Мr(С2Н5СООН) = 24 + 5 +12 + 32 +1 = 74
Шешуі:
СnН₂n+1СООН = 60
12n + 2n + 1+45 = 60
14n = 60 – 46 = 14
Мr(СН3СООН) = 12 + 3 +12 + 32 +1 = 60
№ 3 тапсырма:
- Топтастыру стратегиясы:
Эфир сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді, ойымызға не келеді? Әр оқушы өз ойын дәптерге жазады. Жұппен топпен пікір алмасып, бір спиркер оны айтып, қорғайды.
түрлі түсті қағаздар маркер
№1 т. Бағалау критерий бойынша бағалау
№2 т. Жұптар бірін-бірі бағалау.
Ортасы
20 минут
ІІ. Мағынаны тану немесе ашу. Ақылдының алты қалпағы әдісі
Әр топтағы оқушыларды дәрігер, технолог, химик және физик болып үш топқа бөлінеді.
Ақылдының алты қалпағы әдісі
№4 тапсырма:
- Химик және физикке: күрделі эфирдің, майлардың химиялық қасиеті, номенклатурасы
- Дәрігерге: күрделі эфирдің, майлардың құрылысымен алынуы, синтетикалық жуғыш заттар.
- Технологқа: табиғатта таралуы және қолданылуы тапсырылады.
Суреттер, оқулық, жұмыс дәптері, парақтар.
Жетон арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Аякталуы
15 минут
ІІІ. Ой толғанысы.
№5 тапсырма:
Сұрақ-жауап.
1. Күрделі эфирлер деп кандай заттарды айтамыз? Эфирлендіру реакциясы дегеніміз не?
2. Күрделі эфирлердің физикалык касиеттеріне мысалдар келтіріп, айтып беріңдер.
3. Күрделі эфирлерге кандай реакциялар тән?
4. Майлар кандай процестер нөтижесінде алынады?
5. Қатты және сұйык майлардың кұрамындағы айырмашылықтар кандай?
6. Майлардың коректік зат ретіндегі маңызын айтып беріңдер.
7. "Майлар — шикізат" дегенді калай түсінесіңдер?
8. Майлардың балку температурасы не себепті түракты болмайды?
ІҮ. Бағалау: Оқушылардың бүгінгі сабақ туралы ойларын тыңдау. Сабаққа белсене аралсып отырған оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма:
§ 48 №8, 9 есеп
әр оқушыға жеке бағалау, стикерлер арқылы бағалау.
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия
Оқушыларға шынжыр жасату.
Рефлексия әдісі «Өз сөзімнің дәлелі»
- Сабақта мен жұмыстандым.. себебі..
- Маған сабақ....
- Сабақ бойы мен...
- Менің көңіл күйім...
- Сабақ материалдары мен үшін..