kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Кальций және оның қосылыстары. Судың кермектілігі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Химический, физический  своство кальций

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Кальций және оның қосылыстары. Судың кермектілігі"»

Сабақтың тақырыбы: §35-37 Кальций және оның қосылыстары.

Судың кермектілігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Периодтық жүйедегі орны бойынша кальций атомының құрылысы, қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.

Дамытушылығы: Оқушылырдың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, есте сақтау, ой-өрісін дамыту, өмірдегі көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, төзімділікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, зертханалық тәжірибе, топтық жұмыс, тірек – сызбалармен жұмыс.

Көрнекілігі: Д.И.Менделеев кестесі, интерактивті тақта, үлестірме тапсырмалар.

Реактивтер: кальций, кальций оксиді, кальций гидроксиді, фенолфталеин, су.

Құрал жабдықтар: ұстағыш, кәрден табақша, газ өткізгіш түтік,пробирка


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Ү. Үй тапсырмасы


І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылырды үш топқа бөлу (оқушылық, эвристикалық, шығармашылық), үлестірмелер тарату, әр топтың алдына қажетті зертханалық жабдықтар, реактивтер қойылады.

б) Сабақ жоспары таныстырылады.

2. Негізгі бөлім

Сабақ жоспары:

  1. Қайталау – оқу анасы

  2. Тапқыр болсаң, тауып көр!

  3. Білгенге маржан

  4. Жадыңда сақта!

  5. Көргенімді есімде сақтаймын

  6. Ізденген жетер мұратқа! (Бекіту)

Сабақ жоспары түсіндірілгеннен кейін әр топтың алдына үлестірме тапсырмалар тапсырылады.


ІІ. Үй тапсырмасы


1– бөлім. Қайталау – оқу анасы.


  1. Кендер деп нені айтады?

Жауабы: Өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдарды кендер деп атайды.

  1. Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын жасаған кім?

Жауабы: Қ.И.Сәтбаев

  1. Жемірілу (коррозия) деген не ?

Жауабы: Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу (коррозия) деп аталады.

  1. Жұмсақ металл?

Жауабы: Натрий

  1. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым?

Жауабы: С.Аррениус

  1. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады?

Жауабы: Силикаттар

  1. Сұйық металл?

Жауабы: Сынап

  1. Күміс қасық шыны стақанға қарағанда жылуды неше есе өткізеді?

Жауабы: 500 есе

  1. Ең қиын балқитын металл?

Жауабы: Вольфрам

  1. Қанның құрамында кездесетін металл?

Жауабы: Темір

  1. Металдарды олардың қосылыстарынан химиялық белсендіріек металдармен тотықсыздандыру әдісі?

Жауабы? Металлотермия

  1. Шынының формуласы қандай?

Жауабы: Na2O* CaO*6SiO2 (тақтаға жазу)




ІІІ. Жаңа сабақ.

2-бөлім «Тапқыр болсаң, тауып көр!»

(кроссворд шешу арқылы бүгінгі өтетін тақырыптың атауын табу)


Жауабы: 1. Кремний 2. Азот 3. Алтын 4. Мышьяк 5. Франций

  1. Натрий 8. Литий

I топ тапсырмасы:

8 сыныптағы «Д.И.Менделеевтің заңы мен жүйесі» тақырыбынан алған теориялық білімдеріңізге сүйеніп, кальций элементіне сипаттама беріңіздер. (Периодтық жүйе пайдаланылады).

  1. Периодтық жүйедегі орны

  2. Электрондық формуласы

  3. Графиктік формуласы


  1. Са реттік нөмері 20, атомдық массасы 40, IV период, II-топ негізгі топша

  2. 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s2


II топ тапсырмасы:

Кальцийдің химиялық қасиеттерін сипаттайтын мына рекция теңдеулерін аяқтаңыздар.

  1. Са+Cl2

  2. Са+S

  3. Са+Н2

  4. Ca+O2

  5. Ca+HCl

  6. Ca+H2O

  7. Ca + N2


  1. Са+Cl2 = CaCl2

  2. Са+S = CaS

  3. Са+Н2 = CaH2

  4. 2Ca+O2 = 2CaO

  5. Ca+ 2HCl = CaCl2 + H2

  6. Ca+ 2H2O = Ca(OH)2 + H2

  7. 3Ca + N2 = Ca3N2


III топ тапсырмасы:

Тотығу дәрежесі 2-ге тең, 8 гр металл сумен реакцияласқанда 4,48л сутегі (қ.ж.) бөлінді. Металдың салыстырмалы атомдық массасын анықтап, оны атаңыз.


Шешуі: Ме + 2Н2 О → Ме(ОН)2 + Н2

8 4,48

Х 22,4

х =40 г (Са)

Жауабы: Аr = 40 г (Са)


Осы тапсырмалар бойынша әр топ өздерінің білімін ортаға салады.



3 – бөлім. Білгенге – маржан.

Кальций

1808 ж ағылшын ғалымы Г.Дэви ашты

IV период Са40

II топ негізгі топша

2е 8е 8е 2е

Маңызы:

Адам ағзасында – 1кг-ға дейін кальций бар

Са2+ ----------------- қан құрамында

Са3(РО4)2 -------- сүйек,тіс эмалінің,бауыр,бүйрек,жүрек

Тағамдар --------- сүт, сүзбе, сыр, жұмыртқада болады.

Физикалық қасиеттері:
М күміс түстес

Е ақ
Т жеңіл
А тығыздығы – 1,54г/см3.
Л қатты
Л балқу t-851
0С

Алюминий жеті бүтін қырық бестен

Төрт бүтін оннан екі темір дескен.

Үш бүтін жиырма бестей кальций болса,

Шығарма бұл сандарды әркез естен.

Химиялық қасиеттері
(Са өте активті элементтердің бірі, сондықтан оны керосин астында сақтайды)

Кальций және оның қосылыстары жалынның түсін кірпіш қызыл түске бояйды.

Алынуы: Өнеркәсіпте кальцийді сілтілік металдар сияқты, тұздарының балқымасын электролиздеу арқылы алады:

CaCl2 Ca0 + Cl20 (электр тогы)



Табиғаттағы қосылыстары.

СаСО3 – бор, мәрмәр, әктас, кальцит, маржандар т.б минералдар түзеді.

СаSO4*H2O-ғаныш

СаСО3*MgCO3-доломит

Са3(РО4)2- фосфорит

Са5(РО4)2F – фторапатит

Табиғаттағы айналымы. Калиций карбонатының гидрокорбанатқа және керісінше айналу реакциясы.

Жаңбыр және басқа табиғи сулар ауадағы көмірқышқыл газын ерітіп, көмірқышқылын түзеді:

Н2О + СО2 → Н2 СО3

Са(НСО)3 → Н2 СО3 ↓ + Н2О + СО2↑


Қолданылуы: CaSO4•2H2O ғаныш медицинада, құрылыста, мүсіндер жасауда қолданылады
CaCO3 әктас, бор, мәрмәр – құрылыс материалдары.


4. Жадыңда сақта!
1.Ересек адам ағзасында – 2пайыз немесе 1кг Са болады
2.Тәулігіне – 0,5гр қажет
3.Са2+ ионы қанның ұюына әсер етеді
4.Құнды минералды тыңайтқыштар
5.Қазіргі кезде тісжегіге (кариес) қарсы тіс жуатын пасталардың құрамында фторлы кальций қосылысы қолданылады.


5-бөлім. Көргенімді есімде сақтаймын

Зертханалық тәжірибелер:
І топ: Кальцийдің суда еруі (керосин астынан 1 түйір кальций алып, пробиркадағы суға салу, бөлінген газдың сутегі екенін дәлелдеу). Реакция теңдеуі.

Ca+ 2H2O = Ca(OH)2 + H2


ІІ топ: Кәрден тостағаншаға 2-3 г кальций оксидін салып, үстіне су құйыңыздар. Қандай зат түзілді дәлелдеңіз? Реакция теңдеуін жазыңыз.

CaO + H2O = Са(ОН)2

Фенолфталеин тамызғанда малина түске өзгерді. Сілтілік орта көрсетіп тұр.


ІІІ топ: Пробиркаға әк суын құйамыз. Оны шыны түтік арқылы үрлейміз. Не байқалды? Рекция теңдеуі.

Са(ОН)2 + CO2 = СаСО3 + H2O


ІҮ.Жаңа сабақты бекіту

6 - бөлім. Ізденген жетер мұратқа.

Үш топқа тапсырма беріледі.

1 топ: Оқушылық деңгей.

Тапсырма:

Кальцийдің өздеріңіз білетін, күнделікті өмірде кездестіріп жүрген қандай қосылыстарын білесіздер?


2 топ: Эвристикалық деңгей.

Тапсырма.

Мыны айналуларды жүзеге асырыңыздар:

Са→CaO→Ca(OH)2→CaCO3→Ca(HCO3)2

2Са + О2= 2СаО

CaO + H2O = Са(ОН)2

Са(ОН)2 + CO2 = СаСО3 + H2O

СаСО3 + H2O + CO2 = Са(НСО3)2



3 топ: Шығармашылық деңгей

Тапсырма

Реакциялардың иондық теңдеулерін құрыңыздар:

1. Са(ОН)2 → СаСО3

2. СаСО3 → Са(НСО3)2

3. Са(НСО3)2 → СаСО3


Са(ОН)2 + CO2 = СаСО3 + H2O

Ca2+ +2OH-+CO2 = CaCO3↓ + H2O

СаСО3 + H2O + CO2 = Са(НСО3)2

СаСО3 + H2O + CO2 = Ca2+ + 2HCO3-

Са(НСО3)2 = СаСО3 + H2O + CO2

Ca2+ + 2HCO3- = СаСО3 ↓+ H2O + CO2


Бағалау:
Үйге тапсырма: §35-37 5-жаттығу (121бет), 6-жаттығу (124бет)







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Кальций және оның қосылыстары. Судың кермектілігі"

Автор: Таубаева Алтынханым Бисенгалиевна

Дата: 10.03.2017

Номер свидетельства: 398903

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Судың кермектігі"
    ["seo_title"] => string(16) "sudyn_kermektigi"
    ["file_id"] => string(6) "507361"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1555441330"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Суды? кермектігі ж?не оны? кетіру жолдары "
    ["seo_title"] => string(48) "sudyn-kiermiektighi-zh-nie-onyn-kietiru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "152462"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420857967"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Суды? кермектігі" Саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(31) "sudynkiermiektighisabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "284947"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454064654"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Суды? кермектілігі ж?не оны жою жолдары"
    ["seo_title"] => string(41) "sudynkiermiektilighizhnieonyzhoiuzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "318525"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460611853"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ""Суды? кермектілігі ж?не оны жоюды? т?рлері""
    ["seo_title"] => string(50) "sudyn-kiermiektilighi-zh-nie-ony-zhoiudyn-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "306585"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458148504"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства