1.Суды? кермектігі ??ымымен таныстыру, пайда болуы себептерін, оны кетіруді? ионды? механизімін т?сіндіру, суды ж?мсартуды? негізгі ?діс-т?сілдерін айту.
2. Су кермектігін жоюды? ?нерк?сіптегі ж?не т?рмыста?ы ма?ызын к?рсету.
3. ?орша?ан ортаны ?ор?ау?а, таби?ат байлы?ын ?немді пайдалану?а т?рбиелеу. Елімізді? су ?орларын д?рыс ма?сатта пайдаланып, ысырапсыз пайдалану?а жетелеу.
??рал-жабды?тар: ??ды? суы, тазартыл?ан су, еріген ?арды? суы, сабын, ?к суы, сода ерітіндісі, ?ыздыр?ыш прибор, пробирка, ?ста?ыш.
Сонымен балалар, б?гінгі бізді? саба?ымыз су жайлы болады. Су туралы сендер сегізінші сыныпта біраз ма?л?мат алды?дар. Жа?а та?ырыпты бастамас б?рын, суды? физикалы? ?асиеттерін т?жірибе ар?ылы есімізге т?сірейік. Ол ?шін келесі т?жірибелерді жасап с?ра?тар?а жауап берейік.
Просмотр содержимого документа
«"Суды? кермектілігі ж?не оны жоюды? т?рлері"»
ақырыбы: Судың кермектігі және оның жою жолдары.
Мақсаты:
1.Судың кермектігі ұғымымен таныстыру, пайда болуы себептерін, оны кетірудің иондық механизімін түсіндіру, суды жұмсартудың негізгі әдіс-тәсілдерін айту.
2. Су кермектігін жоюдың өнеркәсіптегі және тұрмыстағы маңызын көрсету.
3. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлығын үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Еліміздің су қорларын дұрыс мақсатта пайдаланып, ысырапсыз пайдалануға жетелеу.
Құрал-жабдықтар: құдық суы, тазартылған су, еріген қардың суы, сабын, әк суы, сода ерітіндісі, қыздырғыш прибор, пробирка, ұстағыш.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды қарсы алып, түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын пысықтау. Сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіріп, реакция теңдеулерін жазу.
А. Са атомының электрондық құрылысы?
Ә. Табиғаттағы кальций қосылыстарының айналымы?
Б. Са физикалық қасиеттері?
В. Са химиялық қасиеттері?
Г. Алынуы.
Ғ. Кальцийдің маңызды қосылыстары.
4. Жаңа сабақ.
А) судың физикалық қасиетін тәжірибе арқылы анықтау.
Ә) кесте толтыру
Б) тақырыпты түсіндіру
В) тәжірибе
Г) қорытынды (өз ойларын сұрау, пікірлері)
Д) үйге тапсырма
Жұмбақ жасыру:
Бірі жанып, бірі қолдап жануды,
2 элемент бізге бұрын танылды
Өрт болып еді сөндіруге көп адам
Қосылысын алып соған қарай ағылды Жауабы: су.
Сонымен балалар, бүгінгі біздің сабағымыз су жайлы болады. Су туралы сендер сегізінші сыныпта біраз мағлұмат алдыңдар. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, судың физикалық қасиеттерін тәжірибе арқылы есімізге түсірейік. Ол үшін келесі тәжірибелерді жасап сұрақтарға жауап берейік.
№1
Суды бір стақаннан екінші стақанға құйыңдар.
Нені байқадыңдар?
Қорытынды: Су сұйық
№ 2Суды пішіндері әр түрлі ыдыстарға құйып көріңдер.
Нені байқадыңдар?
Қорытынды: судың пішіні жоқ.
№ 3Шыны стақанға су құйып, оған әр түрлі заттарды салып көреміз.
Нені байқадыңдар?
Қорытынды: су мөлдір.
№ 4 Түрлі- түсті қағаз жолақтарын суға салыңдар.
Нені байқадыңдар?
Қорытынды: судың түсі жоқ.
№ 5 Судың дәмін көріңдер.
Нені байқадыңдар?
Қорытынды: судың дәмі жоқ.
№ 6 Стақандағы сұйықтықтың иісін желпіп көреміз.
Нені байқадыңдар?
Қорытынды: судың иісі жоқ.№ 7 Үш ыдысқа су құйылған. 1-ыдысқа қант, 2-ыдысқа спирт, 3-ыдысқа бор салып былғаңдар.
Нені байқадыңдар? Қорытынды: су еріткіш.
№ 8 Колбадағы суды спирт шамымен қыздырып көріңдер. Содан қар немесе мұзға салыңдар.
Нені байқадыңдар?
Қорытынды: суытқанда көлемі кішірейіп, қыздырғанда көлемі ұлғайады.