kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Галогендер

Нажмите, чтобы узнать подробности

студенттерге галогендер туралы, соны? ішінде хлор атомына негізделіп,  ма?л?мат беріп, оларды? физикалы? ж?не химиялы? ?асиеттерін, ?олданылуын ме?герту.

Положение галогенов в периодической системе химических элементов и строение их атомов. Изучение их физических и химических свойств на примере хлора, а также способов получения и областей применения. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Галогендер»

Сабақ тақырыбы: «Галогендер»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: студенттерге галогендер туралы, соның ішінде хлор атомына негізделіп, мағлұмат беріп, олардың физикалық және химиялық қасиеттерін, қолданылуын меңгерту.

Дамытушылық: Студенттердің танымдық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту .

Тәрбиелік : Студенттерді қоршаған ортаны қорғауға, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.

Сабақ түрі: білім, біліктілікті қолдану сабағы

Сабақ әдісі: Әңгімелесе отырып түсіндіру, демонстрациялық тәжірибелер..

Сабақ көрнекілігі: Мультимедиалық құралдар, презентациялық материалдар, интерактивті тақта, периодтық жүйе, реактивтер HCl, AgNO3, CaCl2, Na2CO3, жұмыртқа қабығы.

Пәнаралық байланыс: экология, биология, медицина, тарих, физика, БӘД

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Оқушылар алдында сабақ мақсатын қою, жаңа сабақ қабылдауға дайындау

3. Жаңа сабақ.

4. Бекіту.

5. Бағалау .

6. Үй тапсырмасы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;

- назарларын сабаққа аудару.

Оқушылар алдында сабақ мақсатын қою. Слайд № 2


ПЖ-де қанша бейметалл элемент бар? Олардың қасиеттері периодтарда және топшаларда қалай өзгереді?

Қандай қасиеттер тән, октетті аяқтау үшін қанша электрон қабылдай алады?

Жаңа сабақ. Слайд № 3

  1. VIIА топ элементтеріне жалпы сипаттама.

  2. Галогендердің ПЖ-дегі орны және атом құрылысы.

  3. Хлордың физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы.

  4. Табиғатта кездесуі, қосылыстары.

  5. Қолданылуы.

  6. Биологиялық ролі


  1. VIIА топ элементтеріне жалпы сипаттама Слайд № 4-8

Периодтық жүйенің VII топ негізгі топша элементтері – фтор, хлор, бром, иод және астатты галогендер деп атайды. Бұл грек тілінен аударғанда “тұз түзуші” деген мағынаны білдіреді.

Галогендер металдармен әрекеттесіп тұз түзеді.

БАРЛЫҒЫ ДА АС ТҰЗЫНАН БАСТАУ АЛДЫ

Қазір қиналмай-ақ алып жүрген ас тұзы ежелде тек алтынмен ғана бағаланған: XV ғасырдың ортасында Рим саудасында көбіне ақшамен емес, тұзбен ақы төлеу орын алған.


Сұрақ. Сыртқы қабатында неше электрон және қандай конфигурациясы болады? (7- ns2np5) Слайд № 9


  1. Галогендердің ПЖ-дегі орны және атом құрылысы.

VII топтың негізгі топшасын құрайды.

9Ғ – фтор 1s22s22p5, 17 СІ – хлор 1s22s22p63s23p5,

35Вr - бром ... 3s23p5, 53I - йод ... 4s24p5


АШЫЛУ ТАРИХЫ Слайд № 10

  • Ең алғаш хлорды  1772 ж. Шееле алды.  Дэви   1811 ж ас тұзын электролиздеу арқылы  натрий  мен хлорды таза күйінде бөліп ала алды.


3. Хлор атомының құрылысы және хлордың физикалық қасиеттері

Хлор – сары-жасыл, улы газ , өзіне тән тұншықтырғыш исі бар.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1914-1918 ж оны уландырғыш әскери қару ретінде қолданған: хлор ауадан екі жарым есе ауыр, сондықтан ол жерге жақын газды бұлт түзеді және желмен бірге біршама жерге таралады. Ол көздің және тыныс жолдарының клегейлі қабықшасын тітіркендіреді. Құрғақ жөтел, жиі жүрек соғысы, көзден жас ағу, температураның көтерілуі байқалады.

Химиялық қасиеттері Тотықтырғыш

1. Жай заттармен: Cl2 + H2 = 2HCl + 44 ккал

5 Cl2 + 2Р = 2РCl5

Cl2 + 2Na = 2NaCl

2. Күрделі заттармен: Cl2 + 2HBr = Br2 + 2HCl

Cl2 + С2Н4 = C2Н4 Cl2

Cl2 + 2NaOH = NaOCl + NaCl + H2O

Жавель суы - ағартқыштық қасиеті бар.

(1792 жылы ағартқыш өндірісі Париждің жанындағы Жавельде ұйымдастырылды, ал ертіндіні жавель суы деп атады).

4. Табиғатта кездесуі, қосылыстары.

Табиғатта хлордың 2 изотопы: массалық сандары 35 және 37 тұрақты кездеседі. 35Cl – 75,77% , 37Cl – 24,23%

Теңіз суында – 1,9% (көлемі бойынша)

Жер қыртысында– 0,017% (массасы бойынша)

Адам денесінде– 0,25%

Табиғатта ол тек қосылыстар құрамында ғана кездеседі, көп кездесетін минералдары: тұз NaCl, бишофит MgCl2 ∙6H2O, сильвин KCl,

карналлит KCl∙ MgCl2 ∙6H2O, сильвинит NaCl∙KCl

Хлорсутек, судағы ерітіндісі тұз қышқылы НСІ, тұздары - хлоридтер

NaCl – натрий хлориді, ас тұзы – тамақ өнеркәсібінде

ZnCl2

5.Қолданылуы.

  • Хлор тұз қышқылының және хлорорганикалық қосылыстарды (хлороформ, төртхлорлы көміртек, дихлорэтан), хлорлы әк, дәрілік препараттар, т.б. өндірісінде.

  • Текстилді және қағаз өнеркәсібінде ағартқыш ретінде.

  • Егістік зиянкестерін өлтіретін бірақ өсімдіктерге зиян емес заттар өндірісінде.

  • Әскери уландырғыш заттар шығаруда: иприт, фосген.

  • Суды залалсыздандыру — «хлорлау». 

  • Тамақ өнеркәсібінде тамақ қоспасы  E925 ретінде белгілі.

  • Химиялық өндірісте улар, дәрілер, тыңайтқыштар шығаруға.

  • Металлургияда таза металлдар алуда: титан, қалайы, тантал, ниобий

6. Биологиялық маңызы

Хлор – бұл биогенді элементтердің бірі. Өсімдіктер мен жануарлардың тұрақты компоненті. Ересек адамның хлорға тәулікті мұқтаждығы 2 – 4 грамм. Ол тағам өнімдері арқылы енеді. Хлор ағзаға тамақпен натрий хлориді мен калий хлориді арқылы енеді. Әсіресе хлорға нан, ет, сүт өнімдері бай. Ағза үшін хлордың су, тұз алмасуында судың ткандермен ұсталуына мүмкіндік беруінде рөлі өте зор.

Біздің ағзамызға қажетті минералды тұздар тамақтың құрамында болады. Тек қана натрий хлориді ғана жетіспейді. Сондықтан күн сайын 20-25 г тұзды қабылдап отыруы қажет. Әр адам жыл сайын 6-8 кг тұзды пайдаланады екен.


Хлор экологиялық тұрғыдан өз зиянын тигізуде. Қышқыл жаңбырлардың пайда болуына да қатысы бар. қышқыл жаңбырлардың жұмыртқа қабығына әсер етеуіндігін

Тәжірибемен дәлелдеу: CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2

қабық еріп жатыр. Қышқыл жаңбырлар да мәрмәр ескерткіштерге дәл

Бекіту.


І. «Жасырын сөзді тап»


Калий хлориді

Ас тұзы

Тұз қышқылы

Кальций хлориді

CaCl2

д

а

г

х

NaСІ

и

л

д

о

KСІ

о

э

г

б

НСІ

щ

і

р

к


  • Тест сұрақтары

1.Хлор атомындағы энергетикалық деңгейлер саны 3

2.Хлор атомының валенттік электрондарының саны 7

3.Хлор атомындағы нейтрондармен электрондар саны 35

4.Хлор атомының химиялық қасиеттері бейметалдық

5.Хлор атомының Cl2O7 қосылысындағы тотығу дәрежесі +7

1

2

3

4

5

В

Г

Б

Б

В

  • Сұрақ -жауап

1. Ас тұзының формуласын тап: НСІ, NaСІ, СаО

2. Электрондық формуласы 1s22s22p63s23p3 болатын элемент?

3. р,d орбитальында неше ұяшықтар болады?

4. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады?

5. Қай элемент бактерияларды өлтіріп, денсаулығымызды қорғайды?

6. Берілген элементтерден галоген қосылыстарының формулаларын құрастырыңдар:

Н СІ К СІО3 Ғ2 Са О7 СІ2



  • Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.

Тұздарды, қышқылдарды көрсетіңіздер:

НСІ, NaСІ, СаСІ2, HClO HBr AlCl3 KClO3 HClO4

ІІ деңгей.

Реакция теңдеулерін аяқтаңыздар:

1. Na2О + ... → 2NaСІ + ....

2. 2К + СІ2 → ...

3. 2КСІО3 → КСІ + ...

ІІІ деңгей.

Өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Na2О→ 2NaСІ→ 2NaОН


  • Семантикалық карта.

Хлор

NaCl

НClО4

AgCl

Cl2О7

HClO3

KClO3

NН4Cl

Cl2O5

Тұздары

+


+



+

+


Қышқыл-дары


+



+




Оксидтері




+




+


Бағалау .

Үй тапсырмасы. 8720

1. Хлордың берілген заттармен реакция теңдеулерін жазыңдар:

а)Na - натриймен, ә) Ca - кальциймен, б) Al - алюминиймен, в) H2 – сутекпен

Na + Cl2

Ca + Cl2

Al + Cl2

H2 + Cl2








Сабақтың түрі: жаңа сабақ қалыптастыру



Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке,топтық жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, интерактивті тақта, слайдтар, реактивтер.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Ой жинақтап өткен сабаққа шолу

Толықтыру тесті.


1. Күкірт ——- қатты ——- зат.

2. ——- иісі шіріген жұмыртқа тәрізді.

3. Күкірттің ——- аллотропиялық түр өзгерісі бар.

4. Күкірт қышқылын ——- араластыру үшін, ——- суға аздап тамшылатып құю керек.

Керекті сөздер: Сары, суға, күкірт – сутек, кристалды, қышқылды, үш.


Сәйкестік тестісі

1. H2SO4 а) күкірт(ІV) оксиді

2. SO2 ә) күкірт сутек

3. SO3 б) күкірт қышқылы

4. Na2SO4 в) күкірт (VІ) оксиді

5. H2S г) натрий сульфаты

Шығармашылық тапсырма.

Жаңа сабақ түсіндіру. Галогендерге жалпы сипаттама.

Жоспар: 1.Галогендердің периодтық жүйедегі орнына сипаттама.

2. Галогендердің физикалық қасиеттері

3. Галогендердің химиялық қасиеті

4. Галогендердің ашылуы

5. Галогендердің қолданылуы.

Сәйкесінше реакция теңдеуін аяқтау

2H2 O + 2F2 =

Xe + 2F2 =

H2 + F2 =

2Au + 3Cl2 =

2NaCl + 2H2 O =

2NaI + Cl2 =

Сызбанұсқамен жұмыс.

1. СІ →NaСІ→NаОН→NаСІ→НСІ

2. Ғ → НҒ → КҒ→ КОН

3. Вr →НВr →СаВr2 → Са(ОН)2


Химиялық домино

Тапсырма жауабы


1 Күміс хлориді А NaCl 1 Д

2 Ас тұзы Г Br2 2 А

3 Бромсутек қышқылы Д

AgCl 3 Б

4 Кальций хлориді Б HBr 4 В

5 Бром В CaCl2 5 Г


1 Дала шпаты А НІ 1 Д

2 Йодсутек қышқылы Б HCl 2 А

3 Тұз қышқылы В KClO3 3 Б

4 Бертолле тұзы Г KCl 4 В

5 Сильвин Д CaF2 5 Г


Тәжірибеге қарай отырып, реакция теңдеуін жаз.


Графикалық диктант

( иә +, жоқ -)

1. Фтор күшті тотықтырғыш:

2. Бром суда нашар ериді:

3. Йод сұйық газ:

4. Хлордың атомдық массасы 35,5г. :

5. Фтор қосылыстарда бір валентті:

6. Йодтың белсенділігі жоғары:

7. Бромды су бромның судағы ерітіндісі:

8. Галогендер 7 топта орналасқан

Бағалау.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Галогендер

Автор: Досымова Тамара

Дата: 07.12.2015

Номер свидетельства: 263001

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Галогендер жалпы сипаттамасы "
    ["seo_title"] => string(32) "galoghiendier-zhalpy-sipattamasy"
    ["file_id"] => string(6) "243360"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445702658"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Cілтілік металдар мен галогендер"
    ["seo_title"] => string(35) "ciltilikmietaldarmienghaloghiendier"
    ["file_id"] => string(6) "333121"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1465281879"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Галогендер топшасына жалпы сипаттама"
    ["seo_title"] => string(41) "galoghiendier_topshasyna_zhalpy_sipattama"
    ["file_id"] => string(6) "411260"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1493032463"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Д.И. Менделеевті? периодтты? ж?йесіндегі галогендерге жалпы сипаттама"
    ["seo_title"] => string(84) "d-i-miendielieievtin-pieriodttyk-zhuiiesindieghi-ghaloghiendierghie-zhalpy-sipattama"
    ["file_id"] => string(6) "252005"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447323252"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Элементтерді? таби?и ?яластары ж?не оларды? ?асиеттері. "
    ["seo_title"] => string(65) "eliemienttierdin-tabig-i-u-ialastary-zh-nie-olardyn-k-asiiettieri"
    ["file_id"] => string(6) "118718"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1413219587"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства