kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Электролиттік диссоциация тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қышқылдардың химиялық қасиеттерін электролиттік диссоциация тұрығысынан оқып үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Электролиттік диссоциация тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері»

Сабақтың тақырыбы: Электролиттік диссоциациялану теориясы

тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

1)білімділік: қышқылдардың химиялық қасиеттерін

электролиттік диссоциация теориясы

тұрғысынан химиялық реакция

теңдеулерін жаза отырып түсіндіру.

2)дамытушылық: молекулалық, толық және қысқартылған

иондық теңдеулерін жаза білу дағдыларын жетілдіру.

3)тәрбиелік: ұлтжандылыққа, адамгершілікке,үнемділікке

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: қышқылдардың,сілтілердің және тұздардың суда

ерігіштік кестесі, HCI, NaOH ерітінділері, индикатор

қағазы,фенолфталеин және метилоранж ерітіндісі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жұбаныш Жексенұлының «Ауылым аңсаған» әнін тыңдату

(2 минут).Бүгінгі сабағымызда кең байтақ Қазақ елінің ауылдарына саяхат жасаймыз. Саяхатымызды «Қышқылдар» ауылына барудан бастайық. Халқымыз мал шаруашылығымен айналысқан. Сүт өнімдерін өздері өңдеп, әр түрлі тамақ өнімдерін даярлаған және қыста да сақтаған. Сүт қышқылын пайдаланып қатық, құрт жасаған. Қымыз ашытқан. Қонақ кәде ауылдың алты ауызын айту керек қой.Оның орнына қышқыл туралы не білесіңдер, білімдеріңді ортаға салыңдар.

Сауал: 1) Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқыл деген

не?

2) Қышқылдарды қалай жіктейміз?

3) Қышқылдарды қандай тәсілмен анықтайды?

4) «Адасқан формулалар» ойыны.

2. Жаңа сабақ түсіндіру.

Енді қышқылдардың химиялық қасиеті жайлы айта отырыңдар.

2-ауыл.Енді «Металдар» ауылына келіп жеттік. Бұл ауылда Fe,Zn,Ni,AI тұрмыста да, өнеркәсіпте де көптеп пайдаланылатын металдар тұрады.


1)Активті металдармен (Н2 дейінгі) әрекеттеседі.

Zn + H2SO4 = ZnSO4 + H2

Zn + 2H+ + SO42- = Zn2+ + SO42- + H2

Zn + 2H+ = Zn2+ + H2

3-ауыл. «Негіздік оксидтер» ауылы. Бұл ауылда үй ағартатын сөндірілмеген әк – СаО тұрады. I,II топ металдары оксидтері де осы ауылда тұрады.

2)Негіздік оксидтермен әрекеттеседі.

СаО + 2HCI = CaCI2 + H2O

CaO + 2H+ + 2CI- = Ca2+ + 2CI- + H2O

CaO + 2H+ = Ca2+ + H2O

4-ауыл. «Сілтілер» ауылы. Бұл ауылда өткір тілді, азулы, тиген жерін ойып түсетін күйдіргіш натр, күйдіргіш кали, сөндірілген әк деген кісілер тұрады.

3)Сілтілермен әрекеттеседі.

KOH + HNO3 = KNO3 + H2O

K+ + OH- + H+ + NO3- = K+ + NO3- + H2O

H+ + OH- = H2O

5-ауыл. «Ерімейтін негіздер» ауылы. Бұл ауылда айрандай ұйыған, ұйымшыл Cu(OH)2, Fe(OH)2, AI(OH)3 деген кісілер тұрады. Ал қышқыл араласа кетсе болды, айрандай ұйыған ауылдың быт-шытын шығарады.

3)Ерімейтін негіздермен әрекеттеседі.

Fe(OH)2 + 2HCI = FeCI2 + 2H2O

Fe(OH)2 + 2H+ + 2CI- = Fe2+ + 2CI- + 2H2O

Fe(OH)2 + 2H+ = Fe2+ + 2H2O

6-ауыл. «Тұздар» ауылы. Бұл ауылда тамаққа қосатын ас тұзы – NaCI, тақтаға жазатын бор – СаСО3, сода – Na2CO3, тыңайтқыш ретінде пайдалынылатын – KNO3, NaNO3, NH4NO3 селитралар деген кісілер тұрады.

  1. Тұздармен әрекеттеседі.

Na2CO3 + 2HCI = 2NaCI + CO2↑ + H2O

2Na+ + CO32- + 2H+ +2CI- = 2Na+ + CO2↑ + H2O

2H+ + CO32- = CO2↑ + H2O

3. Жаңа сабақты бекіту.

7-ауыл. «Иондық теңдеулер» ауылы. Бұл ауылда «катиондар» деген ұлдар және «аниондар» деген қыздар тұрады. Олардың сендерден сұрайтын қонақ кәдесі мынау: 1. Қай иондық теңдеу соңына дейін жүреді?

I нұсқа II нұсқа

А) Na2CO3 + HCI → A) HCI + Ba(OH)2

B) KNO3 + NaCI → B) HCI + HNO3

C) KOH + H2SO4 → C) K2SO3 + HNO3

D) BaCI2 + K2SO4 → D) AgNO3 + HCI →

E) KOH + NaOH → E) CuSO4 + HNO3

2. Мына қысқартылған теңдеуге:

Ва2+ + SO42- = BaSO4↓ Ag+ + CI- = AgCI↓

Сай келетін молекулалық теңдеу:

А) BaCI2 + H2SO3→ A) AgNO3 +KCIO →

B) Ba(NO3)2 + H2SO4 → B) AgNO3 +KCIO2

C) BaO + H2SO4 → C) AgNO3 +KCI →

D) Ba3(PO4)2 + Na2SO4→ D) Ag3PO4 + KCI →


4. Үй тапсырмасын сұрау.

8-ауыл. «Катиондар» ауылы. Бұл ауылда тұратын тұрғындардың маңдайында «+» деп жазылған меңдері бар. Олар сендерден мынадай қонақ кәде сұрайды. Оларға сәйкес реактивті анықтау керек.

1.Катиондарға сәйкес реактивті анықта:

I нұсқа II нұсқа

  1. Ва2+ A)K2S 1. Fe3+ A)NaBr

  2. Ag+ B)KOH 2. Ag+ B)Na2CO3

  3. Fe2+ C)KCI 3. Ca2+ C)NaOH

  4. Pb2+ D)K2SO4 4. Zn2+

9-ауыл. «Аниондар» ауылы.

2.Аниондарға сәйкес реактивті анықта:

  1. SO32- A)AgNO3 1. S2- A)AgNO3

  2. CO32- B)HCI 2. I- B) BaCI2

  3. PO43- C)HCI 3. SO42- C)фенолфталеин

4. OH- D) Pb(NO3)2

10-ауыл. «Тұнбалар» ауылы. Бұл ауылдағы үйлердің шатырлары әр түрлі. Бірі – ақ, бірі - жасыл, бірі - қоңыр.


  1. Ақ тұнбалар: 2. Сары тұнбалар:

А) CaCO3; B)AgCI; A) Fe(OH)2; B)AgBr

С)Fe(OH)3 D)BaSO4 C) Ag3PO4 D)BaSO4

5. Оқушыларды бағалау.

6. Үйге тапсырма беру: §10 №5,8

7. Рефлексия.Сабақты «басбармақ» әдісімен бағалау.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Электролиттік диссоциация тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері

Автор: Калсейтова Гулбахыт Ахановна

Дата: 12.06.2019

Номер свидетельства: 514464

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(225) "Конспект урока по химии на тему "Электролиттік диссоциациялану теориясы т?р?ысынан ?ыш?ылдарды? химиялы? ?асиеттері" 9 класс "
    ["seo_title"] => string(141) "konspiekt-uroka-po-khimii-na-tiemu-eliektrolittik-dissotsiatsiialanu-tieoriiasy-tu-rg-ysynan-k-yshk-yldardyn-khimiialyk-k-asiiettieri-9-klass"
    ["file_id"] => string(6) "209747"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431279064"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "Химия п?ніні? «Электролиттік диссоциация ж?не электролиттерді? ?асиеттері ».docx"
    ["seo_title"] => string(90) "khimiia-p-ninin-eliektrolittik-dissotsiatsiia-zh-nie-eliektrolittierdin-k-asiiettieri-docx"
    ["file_id"] => string(6) "256842"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1448213978"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Электролиттік диссоциация  тарауын ?айталау."
    ["seo_title"] => string(47) "eliektrolittik-dissotsiatsiia-tarauyn-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "296859"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456110377"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства