kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

9 сынып бақылау жұмысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данный файл содержит образцы написания поурочного плана по химии. Поурочный план располагается на листе формата А4, что очень удобно для распечатывания. В логической последовательности расположены : дата урока, номер урока, класс, предмет, цель, тип урока, методы, ход урока. В таблице " Ход урока" имеется колонки "Ранжирования этапов", "Этапы урока", "Элементы урока", "Способ обратной связи". В поурочном планировании указаны тема урока, тип урока, задачи урока. Указаны элементы задачи, оборудование к уроку, ход урока.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«9 сынып бақылау жұмысы»

Әйтімова А.С. Арбиген ЖОББМ













Химия пәнінен

Бақылау жұмыстар жинағы

9- сынып

















Арбиген 2014 жыл



Түсінік хат


Бұл « 9-сыныпқа арналған бақылау жұмыс жинағы» атты оқу құралы мектептің химия пәнінің 9- сынып оқу бағдарламасына сәйкес сандық химиялық есептердің негізгі типтерін шығарудың әдістемесін қарастырады. Бағдарлама талабына сай жазылған бұл құралдағы нұсқаулар мұғалім жұмысында кездесетін қиыншылықтарды ескере отырып, сабақты тиімді ұйымдастыруға, оқушылардың химиялық біліктілігін, арттыруға көмектеседі. Әр сабақтың қорытындылау

бөлімінде оқулықта кездеспейтін күрделілігі әр түрлі есептер мен жаттығулар берілді. Оларды орындату барысында мұғалім оқушылардың химиялық формулалар және теңдеулер бойынша есеп шығару икемділіктерін қалыптастырады.






















Оқу жылының басындағы тексеру бақылауы.

9-сынып

Мақсаты: химия пәні бойынша оқушылардың мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейіне жетуін, өткен тақырыптарды есте сақтап, толық меңгерілуін тексеру.

І- нұсқа

1.есеп Мына өзгерісті жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реакция теңдеуін құрастыр.

Na → NaOH→Na2CO3→ NaCl→ AgCl

CO2

2. №13, № 6, № 14 элементтердің атомының құрылысын анықтап, электрондық сызбанұсқасын сыз.

3. 1 моль натрий гидрокарбонатын қыздырғанда (қ.ж) көмірқышқыл газының қандай көлемі түзіледі?

4.Массасы 200г темір сульфидіне FeS массасы 150г HCl тұз қышқылы ерітіндісімен әсер еткенде неше литр (қ.ж.) Н2S газ бөлінеді.

5. 4,9 г темір (ІІІ) хлориді мен 2,3 г натрий гидроксиді әрекеттескен кезде түзілген тұнбаның массасын есепте.



ІІ- нұсқа

1.есеп Мына өзгерісті жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реакция теңдеуін құрастыр.

Fe → FeCl2→Fe(OH)2→ Fe(NO3)2

↓ ↓

FeCl3 FeO

2. №10, № 5, № 27 элементтердің атомының құрылысын анықтап, электрондық сызбанұсқасын сыз.

3. Құрамында 16г мыс (ІІ) сульфаты және 10 г натрий гидроксиді бар екі ерітіндіні бір-біріне құйғанда, неше грамм тұнба түседі?

4.1 т әктасты сұйылтылған азот қышқылымен өңдеп, шығымы 85% болатын кальций селитрасы алынды.Силитраның массасы қандай?

5. 4,9 г темір (ІІІ) хлориді мен 2,3 г натрий гидроксиді әрекеттескен кезде түзілген тұнбаның массасын есепте.








Бақылау жұмысы №2

«Электролиттік диссоциация және электролиттердің қасиеттері»

мақсаты: Тақырыптық бақылау жұмысы бойынша оқушылардың

білімді меңгеру дәрежесін анықтау.



I – нұсқа

1. Мына берілген катиондар мен аниондардан тұратын тұздардың формулаларын құрастырыңдар:

А) Сa+ және NO3-, Li+ және HSO4-;

Ә) K+ және SO42- , Mg2+ және HSO4-;

Б) Al3+ және Cl-, Ba2+ және HS-.

2. Қай реакция судағы ерітіндісінде ақырына дейін жүреді?

1) Алюминий хлориді+хлорсутек қышқылы;

2) Темір (ІІ) нитраты+калий гидроксиді? Тиісті реакцияның молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

3.Мына заттарды Электролиттер мен бейэлектролиттерге жіктеңдер;

Ас тұзы, құм, натрий гидроксиді, өсімдік майы, глюкоза, су.

4. Мына қосылыстардың диссоциациялану теңдеулерін жазыңдар.

Na2SO4, Zn(NO3)2, H2CO3.


II – нұсқа

1. Мына берілген катиондар мен аниондардан тұратын тұздардың формуласын жазыңдар:

А) Li+ және СО32-; Ag- және NO3-;

Ә) Na+ және NO3-; Ca2+ және SO42-;

Б) Ba2+ және Cl-; Na+ және S2-;

2. Қай реакция судағы ерітіндісінде ақырына дейін жүреді?

1) калий гидроксиді+ натрий хлориді;

2) натрий гидрофосфаты+ калий хлориді; Тиісті реакцияның молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

3. Мына заттарды Электролиттер мен бейэлектролиттерге жіктеңдер;

Калий хлориді, қант, бензин, натрий карбонаты, азот қышқылы су.

4. Төменде формулалары келтірілген электролиттердің диссоциациялану теңдеуін жазыңдар.

Na2SO4, Zn(NO3)2, HCl.










«Электролиттік диссоциация және электролиттердің қасиеттері»

тақырыбына арналған тест жұмысы.

1. Электролитке жататын затты көрсетіңіз:

A) HBr (ерітінді). B) Н2 (газ).

C) С12Н22О11 (ерітінді). D) КОН (қатты). E) СО2 (газ).

2. Реакция теңдеуіндегі электролит емес заттардың алдындағы коэффициенттер қосындысы:

2Al + 3H2SO4(ерітінді) ® Al2(SO4)3(ерітінді) + 3H2­

A) 2. B) 5. C) 6. D) 3. E) 4.

3. Натрий сульфаты мен барий хлоридінің ерітінділерінің арасындағы толық және қысқартылған иондық теңдеудің барлық коэффициенттер қосындысы тең:

A) 11 және 3. B) 9 және 5. C) 9 және 3. D) 11 және 5. E) 7 және 3.

4. Mg2+ + 2OH- ® Mg(OH)2¯ қысқартылған иондық теңдеуі мына заттардың әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі:

A) магний тұзының ерітіндісі суда ерімейтін негізбен.

B) магний оксиді сілтімен.

C) суда ерімейтін магний тұзы суда ерімейтін негізбен.

D) суда ерімейтін магний тұзымен сілтімен әрекеттесуінен.

E) магний тұзының ерітіндісі сілтімен әрекеттескенде.

 5. Са2+ + SO42- = CaSO4¯ қысқартылған иондық теңдеуі мына заттардың әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі:

A) CaCl2 және Na2SO4. B) CaO және К2SO4.

C) Ca және Na2SO4. D) CaCO3 және PbSO4.

E) CaCl2 және BaSO4.

6. Диссоциация кезінде катион ретінде сутек пен металл иондары түзілетін заттардың аты:

A) негізгі тұздар. B) сілтілер.

C) қышқылдар. D) орта тұздар.

E) қышқыл тұздар.

7. Ерітіндіде бір мезгілде бола алатын иондарды көрсетіңіз:

A) Н+ және ОН-. B) Ag+ және Cl-.

C) Ba2+ және SO42-. D) Ca2+ және CO32-.

E) Ba2+ және 2NО3-.

8. Диссоциация кезінде хлорид-ион түзетін зат:

A) KClO3. B) KCl. C) KClO. D) HClO. E) HClO4

9. Судағы ерітіндісінде бір-бірімен әрекеттесе алмайтын заттар:

A) мыс (ІІ) хлориді + калий гидроксиді ®. B) мыс (ІІ) хлориді + натрий сульфиді ®.

C) калий хлориді + натрий нитраты ®. D) калий хлориді + күміс нитраты ®.

E) күкірт қышқылы + барий хлориді ®.

10. Калий карбонаты мен кальций хлоридінің судағы ерітінділерін бір-бірімен араластырғанда тұнба түзетін иондар жұбы:

A) Ca2+ және CO32-. B) К+ және Ca2+.

C) Ca2+ және SO32-. D) CO32- және Cl-.

E) К+ және Cl-.

11. Судағы ерітіндісінде соңына дейін жүрмейтін реакция:

A) Al(OH)3 + H2SO4 ®. B) KHCO3 + Ca(OH)2 ®.

C) KCl + NaNO3 ®. D) Na2CO3 + HCl ®.

E) KCl + AgNO3 ®.

12. Электролиттік диссоциация дегеніміз:

A) иондар және атомдар түзілу процесі.

B) заттардың суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі.

C) электролиттердің жеке атомдарға ыдырау процесі.

D) иондардың қосылып молекула түзу процесі.

E) заттардың өз бетімен жеке молекулаларға ыдырауы.

13.Диссоциациясы сатылап жүретін зат:

A) HNO3. B) LiCl. C) NaHCO3. D) NaCl. E) KOH.

14. Диссоциация кезінде сутектің катионын (Н+) және қышқыл қалдығы анионын түзетін заттар:

A) қышқылдар. B) оксидтер. C) негіздер. D) негіздік оксидтер. E) тұздар.

 15. Соңына дейін жүретін ион алмасу реакциясын көрсетіңіз.

A) NaNO3 + KCl ® NaCl + KNO3.

B) NaOH + HCl ® NaCl + H2O.

C) LiNO3 + KCl ® LiCl +KNO3.

D) CaO + H2O ® Ca(OH)2.

E) Na2CO3 + 2KOH ® K2CO3 + 2NaOH.

16. 3 моль темір (ІІІ) сульфаты диссоциацияланғанда түзілетін сульфат-аниондардың мөлшері

A) 36. B) 9. C) 3. D) 12. E) 6.

17. Хлорид-ионға реактив болатын зат:

A) Барийдің ерімейтін тұздары. B) Барийдің еритін тұздары.

C) Индикаторлар. D) Күмістің еритін тұздары.

E) Магнийдің еритін тұздары.

18. Тұнба түзе жүретін иондар жұбы:

A) Ba2+ және OH-. B) Al3+ және SO42-.

C) Ca2+ және CO32-. D) Na+ және Cl-. E) Mg3+ және NO3-.

19. “Қышқылдың диссоциациялану дәрежесі 25%-ке тең” деген ұғымның мәні:

A) Қышқылдың ерітіндісіндегі 25% бөлшектері – катиондар.

B) Қышқылдың бар молекуласының 25%-і иондарға ыдырайды.

C) Қышқылдың бар молекуласының 25%-і иондарға ыдырамайды.

D) Қышқылдың ерітіндісіндегі 25% бөлшектері – молекулалар.

E) Қышқылдың ерітіндісіндегі 25% бөлшектері – аниондар.

20. Ең күшті қышқыл:

A) H2SO3. B) H2SіO3. C) H2SO4. D) H3PO4. E) H2CO3.


Бақылау жұмысы.


Тақырыбы: Бейметалдар

Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейінің орындалуын, тақырыптардың меңгерілуін тексеру.

І -нұсқа

  1. Көміртек пен азоттың қосылыстарын, химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.

CH4 NH3

CO2 NO2

  1. 4,5 л аммиякқа 20 г күкірт қышқылымен әсер еткенде шығатын аммоний сульфатының массасын есептеңдер.

  2. Мына өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

Р→Са3 Р2→РН3→Р4Н10→НРО3→ Н3РО4

4. Егер практикалық шығымдылығы 90% болса, 500 л күкіртсутекті

жаққанда, қанша көлем (қ.ж.) күкіртті алуга болады?


ІІ нұсқа

1. Фосфор мен кремний қосылыстарын, химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.

РН3 SiH4

Р2О5 SiO2

2. 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде 131,4г хлорсутек

алынды. Хлорсутектің теориялық шығымын есепте.

3. S →SО2 → SО3→H2SО4 →BaSO4


4. Егер шығымдылығы 60% болса, 100 л азоттан қанша көлем аммиак

(к.ж.) алуга болады?


4.массасы 500г 30%-дық мыс сульфатының ерітіндісіне жетерліктей

мөлшерде мырыш ұнтағын салғанда неше грамм мыс бөлінеді?













Бақылау жұмысы.


Тақырыбы:Металлдар

Мақсаты: «Металдар» тақырыбына қорытынды бақылау алып, оқушылардың мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейіне жетуін, тақырыптардың меңгерілуін тексеру.


І-нұсқа


1.Алюминидің периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы,валенттілік электрондары,валенттілігі,тотығу дәрежесі.

2.Темір оксидтері: FeO,Fe2O3 ,алынуы,химиялық қасиеттері

3.Al2O3 алынуы,химиялық қасиеттері

4.Алюминий ,олардың қосылыстарының қолданылуы.

5. 500 г FeCl 2 мен алюминий әрекеттескенде неше грамм темір бөлінеді?


ІІ-нұсқа.

1.Кальцидің периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы,

валенттілік электрондары,валенттілігі,тотығу дәрежесі.

2.Кальций оксиді СаО алынуы, химиялық қасиеттері

3.Fe(OH)2 , Fe(OH) 3 алынуы,химиялық қасиеттері.

4.Темір олардың қосылыстарының қолданылуы.

5. Құрамындағы 10% қоспасы бар 1тонна FeS2 өртенгенде қанша көлем (Қ.ж) SO2 бөлінеді?



















Металдар бойынша тест тапсырмалары.

  1. Бериллийдің жоғары оксидінің формуласындағы индикстер қосындысы?

А 2 В 4 С 6 Д 7 Е 8

2. Теріс иондарды қалай атайды?
А. Анодтар
В. Тотықтырғыштар
С. Аниондар
D. Каниондар
E. Акцепторлар

3. Мышьяктың жоғары оксидінің формуласындағы индекстр қосындысы
А. 4
В. 6
С. 5
D. 7
E. 8

4. Aзонның өшшекке айналатын теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындыы.
А. 4
В. 2
С. 3
D. 5
E. 6

5. Төменде көрсетілген құбылыстардың қайсысы химиялық реакцияларға жатады?
А. Мұздың еруі
В. Күкірттің жануы
С. Қанттың еруі
D. Сүттің ашуы
Е. В, D

6. Алюминийдің валенттігі нешеге тең?
А. 1
В. 2
С. 3
D. 4
E. 5

7. 1 моль көміртекте атом саны қанша?
А. 6,02 ∙ 10²³
В. 6,02²³
С. 6 ∙ 23¹º
D. 1• 10²³
E. 12

8. 10 моль күкірттің массасы (г) –
А. 32 г.
В. 3,2 г.
С. 320 г.
D. 10 г.
Е. 16 г.

9. Өнеркәсіпте оттекті қай заттан алады?
А. Судан
В. КМnO4
C. KClO3
D. HgO
E. Ауадан

10. Төмендегі реакция теңдеуіндегі оттектің алдына қандай коэффициент қойылады CH4 + O2 → CO2 + H2O?
A. 1
B. 2
C. 3
D. 4
E. 5

11. Су әрекеттеседі:
А. Қышқылдармен
В. Негіздермен
С. Барлық металдармен
D. Активті металдармен
Е. Сутекпен

12. Қосылыстар арасынан қышқылды көрсет:
А. Н2О
В. Са (ОН)2
С. NH3
D. NaCl
E. HNO3

13. Периодтық жүйенің 7-ге тең горизонтальді жолдары аталады:
А. Периодтар
В. Топтар
С. Қатарлар
D. Жолдар
Е. Топшалар

14.Кремний атомндағы электрон қабаттарының саны:
А. 1
В. 2
С. 3
D. 4
E. 5

15.Темір атомының ядросындағы протондар саны:
A. 20
B. 55
C. 30
D. 8
E. 26

16.Бром Br2 молекуласындағы химиялық байланыс түрі:
A. Иондық
B. Металдық
C. Коваленттік
D. Ковалентті полюсті
E. Ковалентт полюссіз

17.Қай металл сілтілікке жатады:
A. Ca
B. Fe
C. Ni
D. Na
E. Дұрыс жауап жоқ

18.Қай затпен хлор әрекеттеспейді?
A. H2
B. Na
C. K
D. CuO
E. Ca

19.Период нөмірі сәйкес келеді:
A. Протондар санына
B. Сыртқы қабаттағы электрондар санына
C. Нейтрондар санына
D. Электрон қабаттарының санына
E. Электрондардың жалпы санына

20.Диссоциация кезінде анион ретінде тек гидроксид-ион, түзетін заттар аталады:
A. Қышқылдар
B. Орта тұздар
C. Сілтілер
D. Қышқыл тұздар
E. Қос тұздар
















Бақылау жұмысы

Тақырыбы:Органикалық химия

мақсаты: Тақырыптық бақылау жұмысы бойынша оқушылардың

білімді меңгеру дәрежесін анықтау.

1 нұсқа

1. Заттарды ата. Қандай органикалық қосылыстар класына жататынын анықта.

а) СH3 – CH2 – C = CH – CH3 б) CH3 – C ≡ C – CH – CH3

 

C2H5 CH3

O

∕∕

в) CH3 – CH2 – CH – CH – CH3 г) CH3 – CH2 – CH – CH2 – C

   \

CH3 OH C2H5 H

O

∕∕

д) CH3 – CH2 – CH – CH2 – CH2 – C

 \

NH2 OH

2. Мына қосылыстардың құрылымдық формулаларын жаз.

а) метилциклопропан б) пентадиен -1,3 в) 1,2- диэтилбензол

г) пропан д) 1-амино-2-метилбутан е) этиловый спирт

3. Жүзеге асыруға мүмкін болатын реакция теңдеулерін жаз.

Заттарды ата CО2

C2Н5Cl ← C2H6 → C2H4 → C2H5OH

4. Қ.ж 3л пропан жану үшін ауаның қандай көлемі қажет?

2 нұсқа

1. Заттарды ата. Қандай органикалық қосылыстар класына жататынын анықта.

СН3

а) СH2 = CH – CН - CH – CH3 б) CH3 – CH2 - C – C ≡ CH

  

CH3 CH3 C2H5

CH3 O

 ∕∕

в) CH3 – C – CH2 – CH3 г) CH3 – CH2 – CH – C

  \

OH CH3 OH

О

∕∕

д) CH3 – CH – CH2 – CH – C

  \

CH3 NH2 OH

2. Мына заттардын құрылымдық формулаларын жаз.

а) этан б) бутадиен -1,3 в) 1,4- диметилбензол

г) 3- метилпентаналь д) 2-амино-2-метилпропан. е) этилен

3. Жүзеге асыруға мүмкін болатын реакция теңдеулерін жаз.

Тізбектегі заттарды ата..

C → CН4 → C2H2 → C6H6 → C6H5Br

4. Қ.ж 5л этиленді жағу үшін ауаның қандай көлем жұмсалады.

Жарты жылдық қорытындығыға арналған бақылау жұмысы.

9-сынып

Мақсаты: Химиядан бағдарлама талаптарының орындалу деңгейін анықтау.


І нұсқа

1.Төмендегі берілген өзгерісті жүзеге асыруға қажетті, мүмкін болатын реакция теңдеуін құрастыр.

Р → Р2O5 → HPO3 → H3PO4 → Ca(PO4)3


C → CO → CO2 → NaHCO3→ Na2CO3


2. Массасы 320 г мыс сульфаты натрий гидроксидінің жетерліктей мөлшерімен әрекеттескенде түзілген мыс гидроксидінің шығымы 80% болса, қанша мыс гидроксиді тұнбаға түседі?

3. Массасы 10,6 г натрий карбонаты тұз қышқылымен әрекетескенде, қаыпты жағдайда түзілген көмір қышқыл газының көлемін есепте.

4. Мына тұздардың гидролиздену реакциясының теңдеуін құрастыр:

NaCl

ZnCl2

5.Мына ион алмасу реакциясының теңдеуін аяқтап, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеуін құрастыр.


BaCl2 + Na2SO4 → FeS + HCl →

MnSO4 + KNO3 → K2CO3 + H2SO4


ІІ нұсқа

1.Төмендегі берілген өзгерісті жүзеге асыруға қажетті, мүмкін болатын реакция теңдеуін құрастыр.

S → SO2 → SO3 → H2SO4 → BaSO4


NO → NO2 → HNO3 → NaNO3


2. Массасы 2.3 грамм аммиактан 8 грамм аммоний хлориді алынғандығы белгілі болса, тұздың шығымы қандай?

3. Көлемі 500 мл тығыздығы ρ= 1,055 тең 8% -дық күкірт қышқылы мырыш металымен әрекеттескенде неше литр (қ.ж.) газ бөлінеді?

4. Мына тұздардың гидролиздену реакциясының теңдеуін құрастыр:

СuSO4

K2S

5.Мына ион алмасу реакциясының теңдеуін аяқтап, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеуін құрастыр.


AgNO3 + KCl → ZnS + HCl →

MgSO4 + KOH → Li2CO3 + HCl →


Жылдық қорытындыға арналған бақылау жұмысы.

9-сынып

Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік стандарттық міндетті денгейіне жетуін, өткен тақырыптарды толық менгерілуін тексеру


І нұсқа

1. Мына өзгерісті жүзеге асыр:

көміртек → метан → хлорметан → этан → көмірқышқыл газы

2. Төменде берілген заттардың структуралық формуласын құрастыр:

2,2,4 – триметилпентанол-3; 2,4 диметил – 3 –этилгексанол -1;

2,2,3,3 – тетраметилгептанол -1;

3. Қалыпты жағдайда 6,72 л метан газын жаққан кезде бөлініп шыққан көмірқышқыл газы 80 г 15-процентті натрий гидроксиді ерітіндісіне толығымен калий гидроксиді ерітіндісіне сіңірілді. Реакция нәтижесінде түзілген тұздың массасын есепте.

4. 312 г бензолды жарық сәулесінің әсерімен хлорланды, егер реакция нәтижесінде алынған өнімнің шығымы 75% болса, түзілген өнімнің массасын есепте.

5. Құрамында 25% бөгде заттар қоспасы бар 89,6 л бутаннан (қ.ж.) екі сатылы синтез әдісі арқылы 79,92 г бутанол-2 алынды. Егер бірінші және екінші сатыдағы өнімнің шығымы бірдей болатын жағдайда, реакция өнімінің шығымын есепте.

6. Темір хлориді, хром сульфаты ерітінділерінің гидролиз реакциясының теңдеуін құрастыр


ІІ нұсқа

1. Мына өзгерісті жүзеге асыр:

Кальций карбонаты → кальций карбиді → ацетилен → сірке альдегиді → көмірқышқыл газы

2. Төменде берілген заттардың структуралық формуласын құрастыр:

2,2,5 – триметилгексин -3; 3 –метилбутин -1; 2,5 –диметилгексин-3;

2- метил -3- этилоктин - 4;

3. 42 г бутен -2 алу үшін егер реакцияның шығымы 60% болса, қалыпты жағдайда қанша көлем бутан жұмсалады.

4. 16,24 г бутанды Вюрц реакциясы арқылы екі сатылы синтез әдісі арқылы теориямен салыстырғанда 70% және 80% шығыммен этаннан алды. Осы реакцияны жүргізуге қажетті этан газының (қ.ж.) көлемін есепте.

5. Құрамында 25% бөгде заттар қоспасы бар бензолды, 30 мл 70-процентті тығыздығы р =1.4 г/мл азот қышқылы ерітіндісімен өңдеді. Нәтижесінде 19,8 г нитробензол алынды. Реакция өнімінің шығымын есепте.

6. Қорғасын нитраты, никель нитраты ерітінділерінің гидролиз реакциясының теңдеуін жаз





Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Химия оқулығы 9-сынып Усманова М.Б.

  2. Химия оқу әдістемесі 9- сынып

  3. Химия есептер мен жаттығулар жинағы И. Нұғыманов, Р. Жұмаділова,

Ж. Аганина

  1. Химия мектепте 2010ж №2

  2. интернет жиелісі ustaz kz






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
9 сынып бақылау жұмысы

Автор: Ясын Айдана Нурланкызы

Дата: 14.11.2017

Номер свидетельства: 438824

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "3  сынып   Ба?ылау  ж?мысы"
    ["seo_title"] => string(20) "3synypbakylauzhumysy"
    ["file_id"] => string(6) "330424"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1464254007"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Су.Ерітінділер" та?ырыбына ба?ылау ж?мысы "
    ["seo_title"] => string(46) "su-ieritindilier-tak-yrybyna-bak-ylau-zhu-mysy"
    ["file_id"] => string(6) "185687"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426230624"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "6 Сынып  Жарты жылды? ба?ылау ж?мысы"
    ["seo_title"] => string(40) "6-synyp-zharty-zhyldyk-bak-ylau-zhu-mysy"
    ["file_id"] => string(6) "249632"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1446925713"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) "Ба?ылау ж?мысы "Бір айнымалысы бар сызы?ты? те?сіздіктер ж?не оларды? ж?йесі" (6-сынып ) "
    ["seo_title"] => string(94) "bak-ylau-zhu-mysy-bir-ainymalysy-bar-syzyk-tyk-tien-sizdiktier-zh-nie-olardyn-zhuiiesi-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "203535"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429513634"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "7 сынып?а арнал?ан Ба?ылау ж?мысы"
    ["seo_title"] => string(38) "7-synypk-a-arnalg-an-bak-ylau-zhu-mysy"
    ["file_id"] => string(6) "321993"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461488293"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства