Пәні: Химия Күні:09.04. 2018ж Мұғалім :Джаилмысова С.М.
Сынып: 7 «А» Қатысқан оқушылар саны: 22
Қатыспаған оқушылар саны: -
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу үдерісі. №11 зертханалық тәжірибе «Тыныс алу үдерісін зерттеу»
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
7.5.1.3 -адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу;
7.5.1.4 -тыныс алу үдерісін түсіндіру
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік: Адам ағзасындағы химиялық элементтер.Тыныс алу үдерісі.
«Тыныс алу үдерісін зерттеу»
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.топтық жұмыс, жеке жұмыс
Құндылықтарға баулу: Топпен, жұппен жұмыста достық қатынасты қалыптастыру. Қоршаған ортаны қорғауға баулу
Пәнаралық байланыс: Биология, ағылшын тілі, музыка
Алдыңғы оқу: Тағам құрамындағы қоректік заттар.
«Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»
Сабақтың басы: (5 минут )
Сәлемдесу (Ынтымақтастық атмосферасын құру )
Оқушыларды екі қатарға тұрғызып сәттілік тілеу
Көңіл-күй металдарына оқушы өз көңіл-күйі бойынша смаилик жапсыру
Алдыңғы оқу бойынша «доп лақтыру » әдісімен өткен тақырыпты қайталау (сұрақтар Тағам құрамындағы қоректік заттар.
- Нәруызды тағамдарды ата
- Нәруыз құрамындағы элементтерді ата
- Майлардың қандай түрлері бар
- Адам массасының неше пайызы май
- Көмірсуға бай тағамдарды ата
- Көмірсу құрамына қандай элементтер кіреді
- Көмірсулар қайда көп кездеседі
- Қандай дәрумендерді білесің
- Макроэлементтерді ата
- Микроэлементтерді ата
- Кальций қандай тағам құрамында болады
- Фосфор қандай тағам құрамында болады
- Калий қандай тағам құрамында болады
- Хлор қандай тағам құрамында болады
- Күкірт қандай тағам құрамында болады
- Натрий қандай тағам құрамында болады
- Магний қандай тағам құрамында болады
- Фтор қандай тағам құрамында болады
- Темір қандай тағам құрамында болады
- Мыс қандай тағам құрамында болады
- Йод қандай тағам құрамында болады
ҚБ жауап берген оқушыға конфет беріп, сол конфет бойынша топқа бөлу (конфетте түрлі смаилик жапсырылған)
ТОПТАР
1-Оттек тобы
2- Көмірқышқыл газы тобы
3- Фотосинтез тобы
4- Энергия тобы
ҚБ : Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.
Сабақтың ортасы: (25 минут)
Жаңа тақырыпты таныстыру: ( Жұмбақ жасыру)
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (АУА)
(Жаңа тақырыпты анықтап алу үшін тәжірибе жасату)
Қанша уақыт тыныс алмай тұра аламыз екен ? ол үшін секундомер қосып тыныс алуды тоқтатамыз. Демек балалар біз тыныс алмай қанша минут шыдаймыз екеніне көз жеткіздік, бұл тәжірибені мен сендерге қандай мақсатта жасаттым, яғни біз бүгін тынысалу процесіне тоқталамыз.
(Болжау стратегиясы ): «Күту ағашына» бүгінгі сабақтан не күтеміз соны жазып ілеміз
Видео көрсетілім «Фотосинтез»
Оқушылар жаңа терминдерді дәптерлеріне жазып алады үш тілде
Көмірқышқыл газы- углекислый газ- carbon dioxide
Оттек- кислород-oxygen
Глюкоза-глюкоза- glucose
Целлюлоза-целлюлоза- cellulose
Тыныс алу- дыхание- breath
Ауа- воздух-air
Фотосинтез- фотосинтез-photosynthesis
Хлоропласт- хлоропласт- Chloroplast
ҚБ(қалыптастырушы бағалау бас бармақ әдісімен)
Топтық жұмыс( Тақырыпты топтарға бөліп беру танысуға)
1-Оттек тобы (тыныс алу ) Ақыл картасы
2- Көмірқышқыл газы тобы ( Тыныс алу мүшелері) постер
3- Фотосинтез тобы ( Тыныс алу маңызы ) Ақыл картасы
4- Энергия тобы ( Фотосинтез ) постер
Әр топтан баяндаушы оқушы шығып айтып шығады
ҚБ отшашу шапалақпен
Сергіту сәті «телефон» ойын ойнату ( 2 минут) (екі қатарға тұрған оқушының ең соңғысына элемент атын айтып олар алдыңғысына айтып ең бірінші оқушы тақтаға элемент таңбасын жазады музыка ойнап тұрады)
Зерттеу жұмыстары ( 5 минут )Қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз
№ 11 зертханалық жұмыс орындауға
Топтарға реактивтер таратылып беріледі
Мұғалім нұсқауы бойынша тапсырмаларды орындап қорытынды жазады
ҚБ (қалыптастырушы бағалау смаилик тарату)
Жұптық жұмыс : Кесте толтыру (дәптермен жұмыс)
Жеке жұмыс : Салыстыру кестесі
ҚБ (топ мүшелері бірін бірі бағалауы)
Сабақтың соңы: (3 минут ):
Үйге тапсырма: №19 оқу, кесте толтыру, Эссе
Кері байланыс : «Күту ағашына» оқушылар мақсатына жете алдыма
Шынында ойлағандары болды ма стикерге жазып тақтаға іледі