kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқушылардың жаратылыстану сауаттылықтарын қалыптастырудағы белсенді оқыту стратегиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Методики преподования грамотности учащихся к предмету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың жаратылыстану сауаттылықтарын қалыптастырудағы белсенді оқыту стратегиясы»

Қазақстан Республикасының білім және ғылым міністрлігі













Жоба жұмысы

Тақырыбы: «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылықтарын қалыптастырудағы белсенді оқыту стратегиясы»













Орыныдағандар: Сарсенов М.Т

Бекназарова А.С

Таушанова Қ

Бекибаева К















Актау 2017жыл

Аннотация

Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Педагогикалық технология бойынша оқушылардың тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама дайындау қажет. Ол үшін әртүрлі бағыттағы бағдарлама құру, әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру керек – жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенді болуы керек. Сабақта «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын қолдану оқушылардың білімін жетілдіруде тиімділігі зор екенінне көз жеткізуге болады. Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субъект ретінде оқу ісіне өз бетінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші.

Жобаның мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту, ақпарат пен жаңа технологияны пайдалана білу, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды жүзеге асыру; Оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету

Жобаның болжамы: Оқыту стратегияларын қолдана отырып оқушылардың болашақта сабаққа қызығушылығы арта түседі сонымен қатар, ойлау белсенділігі іскерлік дағдысы өзіне деген сенімі қалыптасады

Жобаның өзектілігі: Жаңартылған білім мазмұнындағы бағдарламалар бүкіл әлемдік кеңістікке шығуға негіз болады

Оқыту нәтижесі: Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеуі, өз ойларын ашып дәлелді сөйлеуге үйренеді. Тақырыптағы ерекшеліктерді дәлелдей алады, ұтымды тұжырымдайды. Сыни көзқараспен ойлайды.

Мазмұны

1.Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

2. Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:

3. Оқушылардың білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі

4.Оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту

5.Пайдаланған әдебиеттер

6. Қорытынды

 «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

   «Сын тұрғысынан ойлау»  технологиясымен жұмыс істеу барысында мол тәжірибе жинауға болады.   Дидакт -ғалымдардың айтуынша, дәстүрлі дидактикада жеті кемшілік бар екен:

1. Бала басқаруға қатыспайды, тек мұғалімге тәуелді.

2. Бала білім қажеттілігіне сенбейді, амалсыз айтқанды істейді.

3. Даму жан-жақты емес, сыңар жақ бағытта жүргізіледі.

4. Тапсырма жалпы беріледі, жеке ерекшеліктер ескерілмейді.

5. Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар.

6. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүреді.

7. Басты мақсат- адам тәрбиелеу емес, жоспар орындау ғана.

Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс:

1.  Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру.

2.  Ұжымдық іс-әрекеті ортақ қарым-қатынас құралы ету.

3.Деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады. Сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына,жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқу білімді өз ізденісімен, өз білімділігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасады. Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артып қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады. “Сын тұрғысынан ойлау” жүйесі оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін: қызығушылықты ояту, мазмұнды ашу, рефлексия (ой-толғаныс) жүзеге асыруды қамтамасыз етіп оқушылар оқу үрдісін басқарысып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс - әрекет білім игеруде орта қарым-қатынас құралына айналады, балалардың деңгейіне қарап сараланып, ерекшелігіне қарап даралануы мұғалім емес, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.

Сын тұрғысына ойлау сабақтарының алғы шарттары:

        1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2.Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.

3.Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.

4.Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.

5.Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.

6.Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау

7.Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау.

8.Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру

«Сын тұрғысынан ойлау »  стратегияларын пайдаланып өткізген шығармашылық ізденіске баулу сабағымды мысал ретінде  келтіре кетейін. Сөз соңында айтарым, нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие  бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, оларды білімге қызықтыру-біздің міндетіміз. Білім беру кезінде бала білім алады, сана сезімі өседі, жақсы әдет-ғұрыпқа, мәдениетке, әдептілікке, үлкен –кішіні сыйлауға үйренеді. Сабақтың қызық өтуіне көптеген факторлар әсер етеді. Ең қажеттісі, мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі. Сол үшін мұғалімге қажет үлкен қасиет - өз ісін сүюі және балаларды сүюі. Елбасының тапсырмасы бойынша  оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл  жоспар қабылданды. Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы  маңызды тетіктердің бірі.

Аталған тетіктер Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында, жаңа Мемлекеттік бағдарламада, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айрықша мән беріліп айтылған.Дүниежүзілік экономикалық форумда жарияланған әлем елдерінің бәсекеге қабілетті рейтингідегі соңғы нәтижелерден байқауға болады.

Әлемдік білім берудің нәтижелілігіне қарағанда Қазақстан бірден 21 орынға жоғары көтерілген. Мұндай өсу еш елде бір жылда болған емес. Демек,  біздің еліміздің Білім және ғылым саласындағы осындай жетістіктеге жетуіміз ұстаздарымыздың өлшеусіз қажымас еңбегінің  нәтижесі деп білеміз. Ел Президенті білім саласына үнемі көңіл бөліп, қамқорлық жасап келеді.  Әсіресе, соңғы екі жылда болып жатқан білім саласын жаңарту ісіне назары айрықша болғаны белгілі. Елбасы бастамасымен  өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Оның негізгі МАҚСАТЫ – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады. «Функция» - сөзі латынның «functio» сөзінен шыққан, қазақша «орындау», «атқару» деген мағынаны білдіреді.

Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола  отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді.Баланың психологиялық  қасиеттерінің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып қалыптасуы кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, орта тәрбиесі арқылы белгілі бір мазмұнға ие болады.

«Әлемде  екі қиын іс бар, ол мемлекет басқару және бала тәрбиесі»деген аталы сөз бар, сондай-ақ теориялық мәселелерге сүйенсек , баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады, біріншісі - биологиялық фактор, екіншісі - әлеуметтік орта және үшіншісі - тәрбие дейді.

Бала   тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Осы тұрғыдан алып қарағанда  мектепте де ұрпақ тәрбиесі, келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі өте маңызды, әрі жауапты іс ретінде қаралып, үлкен жауапкершілікті міндеттейді.

Тәрбиеге ең алдымен оның маңыздылығын түсіне  алатындай сапалы көзқарас қажет десек, ол тал бесіктен басталып, мектепте жалғасын табатын, сонымен қатар, қоғамның барлық саласымен байланыста жүзеге асырылатын қиын да күрделі үрдіс.

Мектеп қоғам қосымша білім беру отбасы 

Функционалдық сауаттылықты дамытуда

- Ғылыми - зерттеушілік жағынан  қамтамасыз ету (мектепті басқару жүйесі, ғылыми - зерттеушілік, сараптамалық -талдамалар, оқушылар мен ата - аналардың рөлін диогностикалау);

- Білім беру мазмұнын жаңарту (мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз ету, оқу жоспары бойынша вариативтілігін, коммуникативті дағдыларын қалыптастырудағы білім алудағы дербестік, ақпарат пен технологияны пайдалана білу, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды жүзеге асыру;

- Оқу әдістемелік қамтамасыз ету (қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдарды педагогтердің практикасына енгізіп, жүзеге асыру, мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды ақпараттандыру мен пайдалану деңгейін арттыру )

- Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі(білім нәтижелерін тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізу, сыни тұрғыдан бағалау, білім алушылардың өзін-өзі бағалау жүйесі енгізу.)

- Мектептергі  қосымша білім беру жүйесі, материалдық -техниалық база (мектепті заман талабына сай жабдықтармен жабдықталу, балаларға көркем - эстетикалық, ғылыми - техникалық, экология - биологиялық, туристік -өлкетанушылық, оқу - сауықтыру қосымша білім беру санын арттыру  және  бағыттар бойынша  білім беру)  осы бағыттары бойынша  құрылып, жүзеге асыру;

Ұлттық жоспардағы  функционалдық сауаттылықты дамытудың  негізгі бағыттарын жүзеге асыруда:

Бірінші– оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту.Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту керек.(Елбасы Жолдауынан)

Әлемдік тәжірибе негізінде елімізде мемлекеттік білім стандартын жасауға кірісті.   Сондай-ақ, білім мазмұнын да жаңа міндеттерге сәйкес педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің жанынан ашылған педагогикалық шеберлік орталығында үш айлық курстан , «E-learning» жүйесі бойынша біліктілікті арттыру  курсынан өту жоспарланып,мұғалімдер біліктілігін арттыруда. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу,  оқу және жазу арқылы дамыта оқыту мен сыни тұрғыда ойлау технологияларының бағдарламаларын іске асыру мұғалімдерді  қайта даярлау маңызы зор . Барлық білім жүйесіне «Кембридж университетімен» бірлесіп әзірленген оқу бағдарламалары, жоспарлар мен әдістемелер енгізу. Елбасы Жолдауда  «Бізге оқыту әдістемелерін жаңарту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек» делінген

Барлық оқулықтарға талдау жасалынуда, бағдарламада белгіленген,  жеке тұлғаға бағытталған оқытуды қамтамасыз ететін жаңа форматтағы оқулықтарды әзірлеу қажет.

Екінші бағыт  оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту. Яғни, функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін біртіндеп мектеп өміріне енгізу. Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған.  Білім саласындағы ең өзекті мәселенің бірі– функциональдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалау. Оларда ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.

Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу мәселесі.  2012- 2015 жылдада PISA,  TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер өтеді.

Функциональдық сауаттылықты дамытудың үшінші  бағыты  – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы. Осы әдістеменің негізінде мектепте ата-аналарға арналған «Отбасы –тәрбие бастауы» семинары және тренингтер,сауалнамалар алынады. Педагогикалық білім жүйесінде отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін тарату, әкелер мен аналарды мектептің, сыныптың тәрбиелік қызметіне тарту жұмыстары бойынша  «Мектеп пен отбасы бірлігі, болашақ ұрпақ тірлігі» атты апталық өткізілді.Білім беруді жаңғырту қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын , заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағыттайды.Бұл құндылықтар қазіргі тәрбие жұмысының негізі. Өз бойымызда және балаларымыздың бойында Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. (Жолдаудан) «Жаңа Қазақстандық патриотизм» тақырыбында мектепте онкүндік  өткізілді..

Жалпы  айтқанда Ұлттық  жоспарды іске асыру оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев ерекше көңіл бөліп отырған  білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады.  Осылайша, әлемдік тренд пен білімге сәйкес келетін мектептің жаңа моделінің  негіздерінің бірі қалыптасатын болады. Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола  отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді. 

Баланың психологиялық  қасиеттерінің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып қалыптасуы кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, орта тәрбиесі арқылы белгілі бір мазмұнға ие болады.

«Әлемде  екі қиын іс бар, ол мемлекет басқару және бала тәрбиесі»деген аталы сөз бар, сондай-ақ теориялық мәселелерге сүйенсек , баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады, біріншісі-биологиялық фактор, екіншісі-әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие» дейді.

Бала   тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Осы тұрғыдан алып қарағанда  мектепте де ұрпақ тәрбиесі, келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі өте маңызды, әрі жауапты іс ретінде қаралып, үлкен жауапкершілікті міндеттейді.

Тәрбиеге ең алдымен оның маңыздылығын түсіне  алатындай сапалы көзқарас қажет десек, ол тал бесіктен басталып, мектепте жалғасын табатын, сонымен қатар,қоғамның барлық саласымен байланыста жүзеге асырылатын қиын да күрделі үрдіс.

Осы  үрдісті  жүзеге  асыру барысында ең  алдымен  мектепте берілетін тәрбие ауданда мына сызба негізінде  жүргізілуде. 

Мектеп

Жалпы  білім беретін  мектептегі тәрбиемен қатар қосымша білім беру арқылы да баланың жеке тұлғалық әлеуетін қалыптастыру және дамыту жұмыстары жүзеге асырылады.

Қосымша  білім беру мекемелерінде  тұлғаның қызығушылығын, қабілетін сондай - ақ, шығармашылық әлеуетін ескеруде негізгі білім беру сапасы жақсарады. Мұнымен қоса қосымша білім беретін мектеппен тығыз байланыста болу арқылы бірін-бірі толықтырып отырады.

Сабақ кезеңдері
Әр кезеңде қолданылатын стратегиялар
Қызығушылығын ояту кезеңі
Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру, Мағынаны тану кезеңі
Пікір - талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру



Ой толғаныс кезеңі
Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат,

Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.

ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.

Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 - бөлігін екілер, 3 - бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін – бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді.
ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс.
Мынадай кескін бойынша түсінуге болады.

İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.
v + - ?
Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
Сипатта (түрі, түсі, көлемі)
Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)-
Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)
Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)
Ой толғау (бұл неден жасалған?)
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды
Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.
Мысалы:
Не? темір
Қандай? Жылтыр, сұр
Не істеді? Таттанады, магниттеледі
Түйін. Шаруашылықта көп қолданылады 
Синоним. Металл 

Венн диаграммасы стратегиясы – Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер (тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік). Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Мысалы: металл мен бейметалл, оттегі мен озон, алкан мен алкенді және т.б заттарды салыстыруға болады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.

Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - судың қатты күйі (мұз)
-озонның формуласы –О3 (ия)
Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі.. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады. Мысалы: Химиялық реакция теңдеуі арқылы немесе тәжірибелер арқылы жауап беруге болады. 
-неліктен алкендерге қосылу реакциялары тән болатынын түсіндіріңдер? Құрамындағы еселі байланысы болғандықтан реакцияға түскіш. Алкендердің қос байланысын бромды су мен перманганат ерітіндісінің түссізденуі арқылы анықтауға болады.

Т кестесі стратегиясы – Мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр.

Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы.
БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы – «БББ» - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады.
Білемін. Білдім. Білгім келеді.
ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясы – тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазуына болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. 
Іс – тәжірибе көрсеткендей СТО – технологиясын қолданып жүрген сыныптың оқушыларының даму деңгейі жоғары болады, өзін ортада еркін ұстайды, жек тұлға ретінде сезінеді. Өзіндік «Мені» дамиды. Оқушының ойлау қабілеті дамыған сайын, оқушы бойында төрт параметр көрсеткіші өседі.
Жекеден жалпыға
Дифференциалдықтан сенімділікке
Интуициядан логикаға
Бір перспективадан көп перспективаға қарай дамиды.
Осы кезеңдерді пайдаланып, 8-сыныпта өткізілген «Оттегі: химиялық элемент және жай зат. Оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы» тақырыбындағы қолданған СТО технологиясының әдістерін ұсынамын.
Сабақтың мақсаты: Оттегі химиялық элемент және жай зат ретінде сипаттама беру
Білімділік: оттекті химиялық элемент және жай зат ретінде таныстыру,оттектіктің алынуы, химиялық-физикалық қасиеттері мен қолданылуын ұғындыру. 
Дамытушылық: Өз еріктерімен ізденіп ойларын дамыту.
Тәрбиелік: жеке және топтық жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оттегі жай зат және химиялық элемент ретінде айыра алу, оның қасиеттері мен алыну жолдарын, қолдану аймағын біледі.
Қызығушылықты ояту.
«Топты бағалау». Оттегі туралы не білеміз? Деген сұраққа оқушылар ойланып, топта талқылап, ойларын ортаға салып, әр топқа ортақ ой айтады.
1. Сұрақ бойынша ойланып, жеке түрде жазады.
2. Топта талқылау
3. Ұжымның ойын ортаға салу
4. Әр топтан бір оқушыдан шығып топтың ортақ ойын айтады?
«Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.» оқушылар кестені толтырып, әр топ ортақ жауаптарын айтады?
Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не үйрендім?
Химиялық элементке сипаттама беру:
1. Химиялық таңбасы.
2. Салыстырмалы атомдық массасы.
3. Табиғатта кездесуі.
Жай заттарға сипаттама беру:
1Химиялық формуласы.
2.Салыстырмалы молекулалық массасы 
3. Физикалық қасиеті.
Физикалық қасиеті.
Химиялық қасиеті. Қолданылуы.
Зертханада және өндірісте алу жолдары.
ІІ. Мағынаны тану.
ДЖИГСО стратегиясы
І топ. Элементтің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы
ІІ топ. Алынуы, физикалық қасиеттері
ІІІ топ. Химиялық қасиеттері
ІУ топ Маңызы, қолданылуы
ІІІ. « Ой толғаныс»
Толықтыру кестесі.
1.Оттектің салыстырмалы атомдық массасы----------тең.
2.Оттек-------,-------------,-------------газ.
3.Оттек ---------қатады,---------сұйылады.
4.Оттек----------- белсенді элемент,ол қазір белгілі------мыңдай бейорганикалық заттардың құрамына кіреді.
5.Адам организмі----------------байланысқан оттектен тұрады.
6.Д.И. Менделеев құрастырған химиялық элементердің периодтық жүйесінде оттек элементі-----------орында тұр.
7.Заттардың оттекпен әрекеттесуі----------реакциясы деп аталады.
Толықтыру сөздері: 65% ,химиялық, -216С, -183С , 2, 8, иіссіз түссіз, дәмсіз ,16, тотығу. 
Синквейн
1. Оттегі
2. Иіссіз, түссіз
3. Жануды қолдайды, металдармен әрекеттеседі 
4. Оттегіні зертханада күрделі заттарды айыру арқылы алады
5. бейметалл
«Оттегінің маңызы» эссе жазу.
Оттегі жер шарында ең көп таралған элемент. Оттегінің тірі организмдер үшін маңызы зор. Өйткені онымен тыныс аламыз және сұйық және қатты отындарды жағуда қолданамыз. 
Химия сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту үдерісінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты.
Сондықтан оқытушы үшін сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш –жігерін жұмсауы тиіс.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. К.Ж . Бұзаубақова «Жаңа педагогикалық технологиялар». Тараз
2. « Оқыту - тәрбиелеу технологиясы» журнал - 2010 №3, 5 2011 ж №5,10
3. «Химия мектепте» журналы
4. «Химия анықтамалығы» журналы








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Сарсенов Мухтар Турарович

Дата: 17.05.2017

Номер свидетельства: 416338

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»"
    ["seo_title"] => string(59) "ok_ushylardyn_funktsionaldyk_sauattylyg_yn_arttyru_zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "398144"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1488802221"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) ""Бастауыш сынып о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру жолдары" атты баяндама"
    ["seo_title"] => string(86) "bastauyshsynypokushylarynynfunktsionaldyksauattylygynkalyptastyruzholdaryattybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "278301"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453051896"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "PIZA халы?аралы? зерттеуі "
    ["seo_title"] => string(29) "piza-khalyk-aralyk-zierttieui"
    ["file_id"] => string(6) "181859"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425402044"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Интерактивтік технологиялар қазіргі мектепте"
    ["seo_title"] => string(54) "intieraktivtik_tiekhnologhiialar_k_azirghi_miektieptie"
    ["file_id"] => string(6) "395861"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1488124606"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства