Просмотр содержимого документа
«Минералды тыңайтқыштар»
Қоршаған орта бейметалдары және қосылыстарыМинералды тыңайтқыштар
Сабақ мақсаты:
Өсімдікке қажетті қоректік элементі бар қосылыстар — тыңайтқыштар және олардың түрлері жайлы түсінік беру. Тыңайтқыштардың биологиялық маңызына тоқталу.
Оқушылардың ойлау қабілетін кеңейту. Өз беттерімен қосымша материалдар іздеу және деңгейлі тапсырмалар беру арқылы білімдерін дамыту.
Қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлықтарын үнемдеуге тәрбиелеу және қауіпсіздік техникасының ережесін жетік білуге үйрету.
Құрамында кенеулі элементі бар, өсімдіктің өсіп жетілуіне қажетті заттар тыңайтқыштар
деп аталады.
Тыңайтқыштар шығу тегіне қарай органикалық және бейорганикалық, қоректік элементтердің болуына қарай азотты, фосфорлы, калийлі,
агрегаттық күйіне қарай қатты, сұйық болып бөлінеді.
Азотты, фосфорлы, калийлі тыңайтқыштар жайлы оқушылардың деректемелері тыңдалады .
І топ Азот тыңайтқыштары
ІІ топ Фосфор тыңайтқыштары
ІІІ топ Калий тыңайтқыштары
Азот тыңайтқышы.
Құрамында қоректік элемент — азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот — тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы өспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Азот тыңайтқыштары минералды және органикалық болып белінеді. Азотты тыңайтқыштарға: калий, натрий және аммоний (NaN03, KN03,NH4N03) нитраттары (селитра) жатады. Олар — ақ түсті, суда жақсы еритін кристалл заттар, онда коректік элемент азот 15—16% болады. Көп қолданылатын тыңайтқыштың бірі— карбамид (мочевина) CO(NH2)2 құрамында 46%-ке дейін азот бар.
Фосфор тыңайтқыштары
Фосфор — барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады.
Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқылгазын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор тыңайтқыштары суда еритін, ерімейтін болып бөлінеді
Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуға негіз болды. Академик Ә.Б.БектұровҚаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады.
Калий тыңайтқыштары
Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз — калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар.
Логикалық есеп: Күзде шаруа жерді жыртып, құнарландыру мақсатында калий селитрасын сеуіп тастады. Бірақ келесі жылы бәрі бұрынғыдай болып қалды, ешқандай нәтиже болмады. Неге?
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
Аммоний нитратының және кальцийортофосфатының формуласын жазыңдар;