Просмотр содержимого документа
«Химиялы? «ЖАРЫС» кеші »
Кештің мақсаты:
1.Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын
меңгерту.
2.Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
3.Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Кештің безендірілуі:
Кештің аты, жоспары жазылған плакат, «Химия тұрмыста » бүктемесі, шарлар,
гүлдер, маңызды химиялық заттардың формулалары,интерактивті тақтада жазылған тапсырмалар.
Төс белгі бойынша қарсылас топтың атын табу.
Атымызды жасырдық
Төс белгіге, қарсылас.
Айламызды асырдық
Бір-біріңмен ақылдас.
Әр топ өз тобының атын сөзжұмбақ немесе ребус түрінде жасырды.Қарсылас топ тапсырманы орындағанша көрермендермен «Химия тұрмыста» бүктемесі көрсетіліп ондағы бейнеленген заттардың тұрмыстағы маңызы мен химиямен байланысын тапқан адам сол затты сыйлыққа алды.
Кештің жоспары:
1.Төсбелгі бойынша қарсылас топтың атын табу.
2.Сәлемдесу, таныстыру.
3.Химиялық тілде құттықтау.
4.Формула жаза білесің бе? (Үндемес ойыны)
5.Жанкүйерлер өнері.
6. Сұрақтарға жауап беру.
7.Химиялық көрініс көрсету.
8.Жұбыңды тап.
9.Топтың өнері.
Қатысушылар 8,9,10 сынып оқушылары 5 адамнан үш топ құрды. Олар 8-сынып «Фтор», 9-сынып «Инерт», 10-сынып «Алтын» тобы болып сайысқа түсті.
Кештің жүру барысы:
Жүргізуші: Қымбатты, оқушылар мен ұстаздар! Химияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін біз жоғарғы сыныптар арасында химиядан «ЖАРЫС» кешін өткізгелі отырмыз.
Ғали Ормановтың химия кереметтерін суреттейтін мына өлең жолдарымен кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия
Жаңалып бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге.
Жүргізуші:
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті.
(Әділ қазылар алқасы таныстырылды)
Әр топ сәлемдесіп өздерін таныстырып өтеді.
«Сәлем сөздің анасы»
Дейтін қазақ данасы.
Сәлемдесіп, танысып,
Кеш бастайық жарысып.
Химиялық тілде құттықтау
Жақсылық әр кез тілейік,
Химияны оқып білейік.
Осы тілде құттықтап
Аман-есен жүрейік.
Алтындай ардақты, күмістей салмақты, қарсыластар! Бүгінгі кеште өздеріңізді суда жүзген балықтай жақсы сезініңіздер.Көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын, темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық тілейміз.Көмірдей қара көздеріңізбен, алмаздай өткір сөздеріңізбен жан жадыратып, өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпіз.
4. Үндемес ойыны. «Формула жаза білесің бе?»
Білмейтінін білем деп олжа қуар
Кейбіреудің әр заттан болжамы бар
Химияны болжаммен ұға алмайсың
Формуланың оң жағы, сол жағы бар.
Интерактивті тақтадан оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес заттардың формулаларын жазу тапсырмасы берілді.(Мұғалім формулаларды өз қалауынша бере алады).
8-сыныпқа
1.Дұрыс формуланы сәйкестендір
Сутегі - Ba
Оттегі - H
Барий - Al
Сынап - O
Темір - Ag
Мыс - Cr
Магний - Al
Күміс - Cu
1 .Дұрыс жауаптары:
Сутегі - H
Оттегі - O
Барий - Ba
Сынап - Hg
Темір - Fe
Мыс - Cu
Магний - Mg
Күміс - Ag
2. Формулаларын жаз
Тұз қышқылы -
Күкірт қышқылы -
Кальций хлориді -
Натрий гидроксиді -
Калий оксиді -
Мыс (ІІ ) сульфаты –
Темір (ІІІ) гидроксиді -
2. Жауаптары:
Тұз қышқылы - HCl
Күкірт қышқылы - H 2 SO 4
Кальций хлориді - CaCl 2
Натрий гидроксиді - NaOH
Калий оксиді - K 2 O
Мыс (ІІ ) сульфаты – CuSO 4
Темір (ІІІ) гидроксиді - Fe (OH) 3
9-сыныпқа Формулаларын жаз
1. Күкірт (І ) оксиді -
2. Кальций оксиді -
3. Магний гидроксиді -
4. Азот қышқылы -
5. Кальций силикаты -
6. Натрий дигидро фосфаты -
7. Магний гидрокарбонаты -
8. Аммиак -
9. Фосфин -
10. Метан -
11. Натрии бромиді -
12. Қант –
13. Аммоний сульфаты –
14. Күкіртсутек -
15. Бензол -
9-сыныпқа Жауаптары:
1. Күкірт (І ) оксиді - SO 2
2. Кальций оксиді - CaO
3. Магний гидроксиді - Mg(OH) 2
4. Азот қышқылы - HNO 3
5. Кальций силикаты - CaSiO 3
6. Натрий дигидро фосфаты - NaH 2 PO 4
7. Магний гидрокарбонаты - Ma(HСO 3 ) 2
8. Аммиак - NH 3
9. Фосфин - PH 3
10. Метан - CH 4
11. Натрии бромиді - NaBr
12. Қант– C12 H22 O11
13. Аммоний сульфаты – (NH 4 ) 2 SO 4
14. Күкіртсутек - H 2 S
15. Б e нзол – С6Н6
10-сыныпқа Формулаларын жаз.
1. Ацетилен -
2. Бензол -
3. Этанол -
4. Метил амин -
5. Этил спирті -
6. Сірке қышқылы -
7. Глюкоза -
8. Сахароза -
9.Ас содасы -
10. Ас тұзы -
11. Аммоний фосфаты -
12. Фосфор қышқылы -
13. Натрий гидроксиді -
14. Алюминий оксиді –
15. Метан -
10-сыныпқа Жауаптары:
1. Ацетилен - C 2 H 2
2. Бензол - C 6 H 6
3. Этанол - C 2 H 5 OH
4. Метил амин -СН 3NH2
5. Этил спитрі- С2Н5ОН
6. Сірке қышқылы - CH 3 COOH
7. Глюкоза - C 6 H 12 O 6
8. Сахароза - C 12 H 22 O 11
9. Ас содасы – NaHCO3
10. Ас тұзы– NaCl
11. Аммоний фосфаты - ( NH 4 ) 3 PO 4
12. Фосфор қышқылы - H 3 PO 4
13. Натрий гидроксиді - NaOH
14. Алюминий оксиді – Al 2 O 3
15. Метан - CH 4
5. Оқушылар формулаларды жазғанша жанкүйерлер өнері тамашаланды.
6. «Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар» дегендей ендігі кезекті сұрақтарға берейік.
7.Химиялық көрініс
Көріністің мазмұны және қою шеберлігі бағаланады.
8-сынып «Фтор» тобына:
1.Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент.Ол не?
2.Тұздар дегеніміз не? Мысал айт.
3.Қышқылдар деген не? Мысал айт.
4.Қандай заттар негіз деп аталады ?Мысал айт.
5.Оксид деген не? Мысал айт.
6.Бірінші бөлігі «Алда кел» деген бұйрық рай, екінші бөлігі сан есім, шипалы газ деп те есептеледі.
7. «Бөлінбейтін» кішкентай бөлшек.
8. «Арпа бидай ас екен .....» мақалды жалғастыр.
9.Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді.
10.Жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепірді «А» деген элемент. Бірақ ол біреудің отын үрлемесе, өзі еш уақытта жанып көрген емес. Ойлаңызшы бұл қай элемент?
9-сынып «Инерт» тобына
1.Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақ, екінші буыны сан есім, өзі химиялық элемент.
2.Диссоция деген не?
3.Реакцияның аяғына дейін жүру шарттары қандай?
4.Тұздар гидролизі деген не?
5.Тыңайтқыштар нешеге бөлінеді?Қандай?
6.Бірінші бөлігі тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын белгі,ал өзі химиялық элемент.Бұл қай элемент?
7.Ең қиын балқитын металл?
8. «Жылап жүріп құдық қазсаң......» мақалды жалғастыр.
9.Қыздырып соқсаң иленеді,
Балға мен төстен именеді.
10. «Б» деген элементтің мінезі тіпті өткір, салған жерден тіліп түседі.Осыншама өткірлік неге керек екен деп, шырт етіп, сынып кетті ондайды көтере алмайтын шыны.Ойлаңызшы мінезі өткір бұл қай элемент?
10-сынып «Алтын» тобына.
1.Өзі химиялық элемент, егер алғашқы әріпін алып тастасаңдар,шаруашылық заттар салатын ыдыстың аты шығады.Ойлаңызшы бұл қай элемент?
2.Орбиталь деген не?
3.Периодтық заңның тұжырымдамасын айт.
4. d деңгейшесінде қанша электрон болады?
5.Валенттілік деген не?
6.Өзі химиялық элемент, егер «ан» қосымшасын жалғасаң қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді.Бұл қай элемент?
7.Активтілік қатарын ашқан кім?
8.Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың.
9. «Аз сөз алтын.....» мақалды жалғастыр.
10 «Е» деген элемент ширатылып қайта құйса адам түгіл, шайтанның да төбе шашы тік тұрады.Жұрт алдындағы беделі де мығым оның.Шаш ал десе бас алар
Бір де бір қайсар оған төтеп бере алмайды.Ойлаңызшы, бұл қай элемент?