1.Лабараторияда ж?не кабинетте тек химия п?н?ні? м??алімі бар кезде ?рі оны? р??сатын алып ж?мыс істеу керек.
2.Алдымен ?рбір орындалатын ж?мыспен танысып,онда?ы ?олданатын заттарды? ?асиеттерімен, ??рал-жабды?тарды? на?ты ?здерімен ?рі не ?шін ?олданылатынын ай?ындап алу керек.
3.Химиялы? лаборатория мен кабинетте ж?мыс кезіндегі ?ауіпсіздікті ?амтамасыз ететін д?ниелерді?: бастап?ы к?мек к?рсететін д?ріханалы? ?обдишаны?,к?зді жуатын айдал?ан суды?, ?рт с?ндіргішті?, отты? бетін жауып кішігірім отты с?ндіретін жамыл?ыш пен ??м сал?ан ыдысты?, ?ан то?тат?ыш ?оспаны?, йод ерітіндісіні?, т.б.т?р?ан жерін д?л біліп алу керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?ауіпсіздік техникасыны? ережелері»
Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері
1.Лабараторияда және кабинетте тек химия пәнәнің мұғалімі бар кезде әрі оның рұқсатын алып жұмыс істеу керек. 2.Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып,ондағы қолданатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек. 3.Химиялық лаборатория мен кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның,көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім отты сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің, т.б.тұрған жерін дәл біліп алу керек. 4.Кез-келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп,қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тағып алғаны дұрыс.Аяқ киімнің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де,қажет болуы мүмкін. 5.Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып керек. 6.Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап алған жөн. 7.Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды.Егер газ күйіндегі заттың иесін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек. 8.Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды.Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек. 9.Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды.Лабораторияда және кабинетте тек таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн. 10.Тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл мөлшерде және аз етіп алындар. Реактивтерді үнемді қолдана білу керек..
Химиялық тәжірибелерді жасағанда есте сақтайтынталаптар
( І нұсқау)
1. Тәжірибені жасағанда нұсқауға қарап жаса.
2. Сырты жазылмаған ыдыстағы заттармен тәжірибе жасама.
3. Затты этикеткасыз тастама.
4. Тәжірибені жасағанда заттың этикеткасын оқы.
5. Заттың иісін анықтағанда ыдысты мұрынына жақын апаруға болмайды, өйткені бу немесе газдарды иіскеу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Иісті білу үшін ыдыстың аузынан мұрныңа қарай алақанмен желпу керек.
6. Сынауықтағы сұйықтықтарды бірден қыздырмай, алдымен сынауықтың бойын жылытып ал.
7. Заттардың қалдығын қайтадан таза заты бар ыдысқа салма және құйма.
8. Улы затпен жұмыс істегенде тартпа шкафын пайдалан.
9. Спиртшамды жанып тұрғанда тастап кетуге болмайды, өшіргенде қалпақшамен жауып өшіреді.
10 Химиялық стаканды екі қолмен ұстау керек, ішіндегі сұйықтықты төгіп алмау үшін.
Шыны ыдыстармен жұмыс істегенде ұстанатын ережелер
( ІІ нұсқау)
1. Ішінде ыстық сұйықтығы бар ыдысты суытпай тығынмен жабуға болмайды.
2. Ыстық сұйықтығы бар ыдысты екі қолмен ұста , бір қолмен түбін, бір қолмен жоғары бөлігін ұстау керек.
3. Сұйықтықты бір- біріне құйғанда кейбір жағдайда жылу бөлінетіндіктен, кәрден ыдысты пайдалану керек.
4. Шыны ыдыстың кетігі қолды кесіп кетпеу үшін шетін отқа балқыту керек.
5. Қалың қабырғалы ыдыстың аузын жабқанда ыдыстың жоғарғы бөлігін ұстап жабу керек.
6. Сынауықтағы, құтыдағы сұйықтықтарды қыздырған кезде ыдыстың аузын міндетті түрде алшақ ұста.
8. Аздаған шытынағаны бар ыдыспен жұмыс істеуге болмайды .
9. Шыны ыдысты приборларды резина түтікшелерді пайдаланып қосқанда орамаларды пайдалан.
Қышқылдар мен сілтілермен жұмыс істеу ережелері
(ІІІ нұсқау)
1. Күйдіргіш затпен жұмыс істегенде тек нұсқауда көрсетілген тәжірибені жасау керек.
2. Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережелерін қайтала.
3. Тәжірибе жасайтын ыдыстың тазалығын тексер.
4. Жұмысқа қажет емес заттарды алып таста.
5.Қышқылдарды сұйылтқанда мына ережелерді есте ұстандар: Суды шайқай отырып, оған қышқылды жайлап сыздықтатып құю керек, қышқылға су құюға болмайды!
6. Қышқылмен, сілтілермен жұмыс істегенде сақ болыңдар! Егер, байқамай қолына немесе киіміне тиіп кетсе, қолма – қол суды көбірек пайдаланып жуып жіберіңдер.
7. Раковинаға қышқыл қалдығын төгуге болмайды және тәжірибеден қалған ерітіндіні арнаулы ыдысқа құй.
8. Егер, қолына қышқыл тамызып алсаң, раковинадағы сумен жуып жібер және сода ерітіндісімен байтарапта.
Жеңіл тұтанатын затпен жмыс істеу (ІҮ нұсқа)
1. Жеңіл тұтанатын затпен жұмыс істегенде, спиртшам мен электроқыздырғышты өшіріп қою керек.
2. Спиртшамды жанып тұрғанда ашық тастап кетуге болмайды, қақпағын жабу арқылы өшіріледі.
3. Электроқыздырғыштан өрт шыққан жағдайда өрт сөндіргіш заттар: құм, от алмайтын маталар.
Тартпа шкаф астында жұмыс істегенде есте сақтайтынережелер (Ү нұсқа)
1. Улы затпен жұмыс істегенде тәжірибе тартпа шкафы астында жүргізіледі.
3. Жұмыс басталарда тартпа шкафын іске қос.
3. Тәжірибені жасап болған соң тартпа шкафын істен алуды ұмытпа.
Газ жанарғысымен жұмыс істеудегі қауіпсіздікережелері
(ІҮ нұсқа)
1. Газ жанарғысын жағу үшін жанған шырпыны жаңарғының тесігіне апарып, шүмегін жайлап ашындар.
2. Газ жанғанда жалының шалқуы байқалса, шүмекті тез жабыңдар, газ жаңарғысы салқындаған соң ауа реттегішті жауып, жанарғыны қайта жағындар.
3. Жұмыс аяқталған соң газ шүмегінің жабылғанын тексеруді ұмытпаңдар.
4. Бөлмеде газ иісі сезілсе, сіріңке жағуға болмайды, газдың иісі туралы мұғалімге хабарлау керек.