kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Автомобильдерге техникалы? ?ызмет к?рсету ж?не ж?ндеудегі ?ауіпсіздік техникасыны? ережелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

АШЫ? САБА?  ТАЛДАУЫ

ТА?ЫРЫБЫ: Автомобильдерге техникалы? ?ызмет к?рсету ж?не ж?ндеудегі ?ауіпсіздік техникасыны? ережелері

Саба?ты? ма?саты: 

Білімділік: О?ушыларды? білімін шы?дау,  авток?ліктерге ж?ндеу жасау кезіндегі техникалы? ?ауіпсіздік ережелеріне  жалпы т?сінік беру, негізгі ??ымдарымен таныстырып, ??ындыру.

Дамытушылы?: о?ушыларды? танымды? ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін жан-жа?ты дамыту, толы? ж?не нанымды жауап беруге да?дыландыру, ойларын д?рыс т?жырымдап с?ра?тар?а ?орытынды жасай білуге ?йрету, ?з ойын еркін жеткізе білу да?дыларын ?алыптастыру, ой - ?рісі мен танымды? ?абілеттерін дамыту. 

Т?рбиелік: П?нге деген ?ызы?ушылы?ты арттыру, сыйласу, ?арым-?атынас жасай білу, ?жымды? сезімді ояту, рухани т?рбие негізін ?алыптастыру.

Саба?ты? к?рнекілігі: О?улы?, компьютер, интерактивті та?та, проектор, флипчарт, бейнеролик, жетон, тарату материалдары.                        

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Автомобильдерге техникалы? ?ызмет к?рсету ж?не ж?ндеудегі ?ауіпсіздік техникасыны? ережелері»



И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы

Мұсабекова Гүлдана Қалмұратқызының

«Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» пәні бойынша





АШЫҚ САБАҚ ТАЛДАУЫ

ТАҚЫРЫБЫ: Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеудегі қауіпсіздік техникасының ережелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімін шыңдау, автокөліктерге жөндеу жасау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелеріне жалпы түсінік беру, негізгі ұғымдарымен таныстырып, ұғындыру.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту, толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықты арттыру, сыйласу, қарым-қатынас жасай білу, ұжымдық сезімді ояту, рухани тәрбие негізін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, проектор, флипчарт, бейнеролик, жетон, тарату материалдары.

Оқыту технологиясы, әдістері: дамыта оқыту технологиясының элементтері, топтық, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, жалпылау, бекіту, , баяндау, әңгімелесу, лекция элементтері, пысықтап бекіту.

Пәнаралық байланыс: автомобильдердің құрылысы, автомобильдерді жөндеу .



САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқытушының оқушылармен сәлемдесуі;

ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

б) дәрісхананың тазалығына, сабаққа дайындығына назар аудару.

2. Өткен тақырып бойынша оқушылар білімін тексеру:

- Қазіргі таңда өзіне және өз біліміне сенімді, болашақта егеменді еліміздің қоғамыздың басты мақсаты – еңбекті адамның бірінші кезектегі өмірлік қажетіне айналдыруына, технологиялық және индустриялық дамуына ат салысатын жан-жақты тұлғаны қалыптастырудың маңызы зор. Алған білімдерімізді шыңдай түсіп өткен тақырыбымыз: Қауіпті жүктерді тасу қауіпсіздігі.

  1. Қауіпті жүктерді тасымалдаудың жалпы ережесі

  2. Қауіпті жүктерді автокөлікқұралдарымен тасымалдауды ұйымдастыру

  3. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарына қойылатын талаптар

Өткен тақырыбымыздың мақсатына жету үшін оқушыларды ІІІ топқа бөлінеді.

ІІІ топқа бөлінген оқушылар өткен тақырып бойынша тоқталып, түсінік беріп кетеді.

Өткен тақырыпты пысықтау үшін Бағдаршам ойыны ойнатылады. Бұл ойында үш блокта сұрақтар қойылады.

2 блок







3 блок



1 блок







  1. Қауіпті өндірістік факторлар деген не?

  2. Еңбек жағдайы қалай жіктеледі?

  3. Өндірістік жарақаттану деген не?

  4. Өндірістік санитария дегеніміз не?

  5. Жұмыс орнының микроклиматы дегеніміз не?

  6. Қауіпсіздік техникасының міндеті не?

  7. Жарақаттанудың себептері қандай топтарға бөлінеді?

  8. Қауіпсіздік белгілері қандай топтарға бөлінеді?

  9. Қазақстан Республикасында кәсіпорынның еңбек қорғау қызметі туралы ереже қай жылы бекітілген?

  10. Жұмыс уақытының бірқалыпты ұзақтығы аптасына неше сағаттан аспауы тиіс?

  11. Табиғи жарықтың нақты мөлшерін өлшейтін құралды атаңыз?

  12. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі неше санатқа бөлінген?

  13. Қауіпті жүктерді тасымалдау ержелері?

  14. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автомобильдерге қойылатын талаптар?

  15. Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге қойылатын талаптар?

Оқушыларды бағалап отыру үшін әр топтың лидеріне смайлктер таратамын. Әр оқушының берген жауаптарына байланысты оте коңілді, көңілді, коңілсіз смайлктер таратылады . Сабақ соңында барлық тапсырмаларға берген жауаптарын қорытындылай келе, әр оқушыға ортақ баға қойылады.

Тақырыбы: Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеудегі қауіпсіздік техникасының ережелері

Жоспар

1.Өндіріс үдересінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

2. Автомобильдерді жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсетудегі қауіпсіздік талаптары

3. Еңбекшілердің арнайы киімдері мен қорғану құралдары

Өндіріс үдересінің қауіпсіздігі МемСТ 12.3.002-75 және ОСТ 46.0.141-83-ке сәйкес ұйымдастырылады.

Өндірістік үдерестердің қауіпсіздігі төмендегідей жолдармен қамтамасыз етілуі тиіс:

  • Өндірістің озат технологиясын пайдалану арқылы және өндіріс жабдықтарының күтімін тәртіпке сәйкес сапалы жүргізу арқылы;

  • Жұмыс орындарын дұрыс жабдықтап жұмысшылардың денсаулығына, біліміне, қабілетіне қарай іріктеу арқылы;

  • Арнайы киімдер мен қорғану құралдарын пайдалану арқылы;

  • Қауіпсіздік талаптарын үнемі бақылауға алып отыру арқылы

Осылардың іске асырылуына бас мамандар мен бөлімше басшылары жауапты болып саналады.

Сондықтан олар төмендегідей жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті:

  • Әрбір жұмыс орнында қауіпсіздік техникасының ережесін іліп қоюға;

  • Өндірістік бөлмелердің тазалығын бақылап отыруға;

  • Өндіріс жабдықтарының, құралдардың, жарық пен желдеткіштердің жарамды болуын бақылауға алуға;

  • Жұмысшылардың арнайы киімдерін ілетін кабинасы болуына, шылым шегетін, тамақ ішетін орындарды белгілеуге;

  • Дәрігерлік байқаудан өткізуді ұйымдастыруға;

  • Науқас адамды, мас адамды, жұмыс білмейтін адамды, қауіпсіздік техникасының нұсқауын алмаған адамды жұмысқа қоспауға;

  • Адамдарға нормадан ауыр салмақты көтертпеуге;

Шаруашылық жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру барысында еңбек қауіпсіздігіне байланысты төмендегідей шаралар ескерілуі тиіс:

  • Жұмысты механикаландыру, автоматтандыру, қашықтан басқаруды енгізу;

  • Жабдықтарды дер кезінде жөндеп реттеу;

  • Жұмысшыларды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көздерінің тікелей әсеріне ұшыратпау;

  • Қауіпті немесе зиянды операцияларды алмастыру;



Технологиялық үдерістердің тәртібі төмендегідей жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс:

  • Машиналар мен механизмдердің жұмысын қауіпсіз етіп ұйымдастыру;

  • Машиналардың жүктелуі оның өнімділік дәрежесіне сәйкес болуы.

Жұмыс орындарын ұйымдастырудың талаптары:

  • Жабдықтардың арасында ені 1,1 м адам жүретін ашық жер қалдырылуы тиіс;

  • Технологиялық желілерді басқару пульті адамға ыңғайлы және қауіпсіз жерге орналастырылуы қажет;

  • Жұмыс орындары дәрі-дәрмектермен, ауыз сумен, қол жуғышпен, душпен қамтамасыз етілуі тиіс;

  • Электр тогы жүретін обьектілер изоляцияланған, адамға зақым келтірмейтін жерде орналастырылуы тиіс.

2. Автомобильдерге техникалық кутім жасау мен жөндеу жүргізу арнайы шеберханаларда, көтергіш құралдары бар қажетті аспаптармен, құралдармен жабдықталған орындарда атқарылуы тиіс. Стендтер, аспаптар, басқа да құралдар жарамды, қауіпсіз болуы қажет. Машиналардың жұмысшы мүшелерін ауыстырғанда олардың астына тіреу қойылуы тиіс.

Станокторда жұмыс жасағанда төмендегідей ережелер сақталуы тиіс:

  • Станоктар жерге жақсы бекітілген болуы керек;

  • Станоктарды орналастырғанда олардың арасынан адам еркін өте алатындай болуы тиіс;

  • Жұмыс орны таза болып, металл қалдықтары шашылмауы тиіс;

  • Станоктың қайысты, шынжырлы берілістері қоршалуы қажет;

  • Станоктар металл жанқаларының ұшуынан сақтайтын қорғану экрандарымен жабдықталуы тиіс;

  • Жұмыс алдында станоктың майы, суы, жерге тұйықталуы тексеріледі;

  • Станокты жүргізуші бас киіммен, арнайы киіммен жұмыс жасауы тиіс;

  • Автомашиналарға техникалық қызмет жасап, жөндеу кезінде әр машинаның арасында 1,2 м ашық жол болуы, тұрған орындарында астын көретін шұқыр және көтергіш құралдар болуы тиіс.

Автомобильдерді жөндеу алдында тазартып жуу керек. Қозғалтқыштың түтінін далаға шығару үшін құбырларымен жабдықталады.

Рессорларды, баллондарды ауыстарғанда машинаны көтеріп, тиянақты тіреуге қою керек. Автомобильдердің қорабын көтеріп, тіреуіш қою қажет.

Жөндеуді бітіріп, машинаны жүргізер кезде оның астын және жан-жағын жақсылап қарап, адам яки басқа заттардың болмауын қадағалау қажет.

Металдарды пісіргенде одан зиянды газ, бу, сәуле энергиясы және майда шаң бөлініп шығады. Мұның бәрі адамға зиян. Сондықтан пісірушілер қараңғы көзәйнекпен, брезент киімдермен, қолғаппен жұмыс істеуі тиіс.

Жұмыс істейтін барлық машиналар мен механизмдерді дыбысты сигналмен жабдықтау қажет.

3. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті бекіткен тізім бойынша қызметкерлерге тегін арнайы киімдер, арнайы аяқкиімдер және қорғану құралдары беріледі.

Арнайы киімдер екі топқа бөлінеді.

жұмыс киімдері

  1. өндірістік арнайы киімдер



салалық киімдер

технологиялық киімдер



  1. тұрмыстық



Жұмыс киімдері барлық мамандықтарға ластанудан және жарақаттанудан сақтану үшін беріледі.

Арнайы киімдер- суықтан, ылғалдан, шаңнан, майдан, ұшқыннан, судан, т.с.с қорғану үшін беріледі.

Салалық киімдер- әрбір минстрліктің өз жұмысшыларына арнап тіктірген формалы киімдері.

Технологиялық киімдер- жоғары дәлдікте жұмыс жасайтын өндірістің жұмысшыларына берілетін киімдер.

Өндірістік киімдер: кастьюмдер, күртешелер, шалбарлар, комбинезондар, плащтар, халаттар, бас киімдер.

Жеке қорғану құралдарына тыныс алу мүшелерін, қолды, басты, көзді, бетті қорғайтын құралдар және белдіктер жатады.

Майда ұшқындардың көзді зақымдауынан сақтау үшін түссіз әйнек салынған ашық көзілдірікті, ал ірі ұшқындардан қорғау үшін жабық көзілдірікті пайдаланылады.

Тыныс алу мүшелерін шаңнан және басқа улағыш заттардан қорғау үшін респираторлар мен противогаздар пайдаланылады.







Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жөндеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін пайдаланудағы бейнеролик көрсетіледі.

Агроөнеркәсіптік кәсіпорындарындағы еңбек қорғау тәжірибелерін жинақтай келіп, еңбек жағдайын жақсарту мен еңбекшілердің денсаулығын сақтау үшін төмендегідей шаралар іске асырылуы тиіс деген тұжырымға келуге болады:

  • автомобильдердің құрылымдарын қауіпсіздік стандарттарының талаптарына сай жетілдіру қажет;

  • автомобиль техникаларын пайдалануда, күтім жасағанда және жөндегенде сақталуға тиісті қауіпсіздік ережелерін ғылыми негізде жетілдіру қажет;

  • шудан, дірілден, шаңнан және газдан қорғайтын тиімді құрал – жабдықтар жасап шығару қажет;

  • өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажет (оқыту, нұсқау беру, т.с.)

  • өндірісте әлеметтік жағдайды жақсарту қажет.

  • Сабақты қорытындылау. Сабақты өткен тақырып пен байланыстыра отырып, жаңа сабағымызды сұрақ-жауап арқылы қортындылаймын. Блиц-турнир ойыны арқылы оқушылардың жаңа сабақты қалай түсініп, қабылдағанын бағалаймын.



  1. Қауіпті аймақ дегеніміз не?

Қауіпті аймақтар деп жұмыс орнындағы адамның жарақат алуына ыңғайлы жерлерді айтамыз.

2. Еңбек қорғау дегеніміз не?



Еңбекшілердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау шараларының жүйесі.

  1. Қауіпті жүк тасымалдайтын жүргізушіге тыйым салынатын жайлар?

Темекі шегу, ашық от жағу, қараусыз қалдыру.

  1. Қауіпті жүк тиеген көлік жүргізушісінде қандай құжаттар болуы тиіс?

“ҚЖ тасымалы” белгісі бар лицензия, нұсқаулық, жол қағазы, т.б.

  1. Неше нұсқау түрі бар? Кіріспе, жұмыс орнындағы, мерзімдік, қосымша

  2. Қауіпті жүк тасымалдаған көлік жанар жағар май құю станциясына неше метр алыста тұру керек? 25 метр

  • Оқушылар білімін бағалау.

  • Уйге тапсырма беру. Н.Жаданов, Н.Құдайбергенов. «Еңбек қорғау» П.Ж.Жүнісбеков «Автомобильдің құрылысы және пайдалануы»

«Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жөндеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Автор: М?сабекова Г?лдана ?алм?рат?ызы

Дата: 23.01.2016

Номер свидетельства: 281380


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства