kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Асыл метал алтын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жоспары:

І.Кіріспе

Тарихи аны?тама

ІІ. Негізгі б?лім

а) Таби?атта алтынны? кездесуі

?) Алтынны? химиялы? ?асиеттері

б) Алтынды алу ?дістері

 в) Алтынны? адам ?міріндегі ма?ызы

ІІІ. ?орытынды:                                                                            Ел байлы?ы алтын ?орымен есептеледі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Асыл метал алтын »

“”  тақырыбындағы жобаға қатысушыларға жалынды сәлем! Сіздерге тек қана сәттілік тілеймін.  Сонымен бірге осы жобаны ұйымдастырушы ұстаздарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге: зор денсаулық мол бақыт және шығармашылық табыстарға жете берулеріңізге шын жүректен тілектеспін.

“” тақырыбындағы жобаға қатысушыларға жалынды сәлем! Сіздерге тек қана сәттілік тілеймін.

Сонымен бірге осы жобаны ұйымдастырушы ұстаздарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге: зор денсаулық мол бақыт және шығармашылық табыстарға жете берулеріңізге шын жүректен тілектеспін.

Асыл металл- алтын Қалмырза Гүлназ Бимағанбетқызы № 228 орта мектептің 11 - сынып оқушысы

Асыл металл- алтын

Қалмырза Гүлназ Бимағанбетқызы

228 орта мектептің 11 - сынып оқушысы

Жоспары: І.Кіріспе Тарихи анықтама ІІ. Негізгі бөлім а) Табиғатта алтынның кездесуі ә) Алтынның химиялық қасиеттері б) Алтынды алу әдістері   в) Алтынның адам өміріндегі маңызы ІІІ. Қорытынды: Ел байлығы алтын қорымен есептеледі

Жоспары:

І.Кіріспе

Тарихи анықтама

ІІ. Негізгі бөлім

а) Табиғатта алтынның кездесуі

ә) Алтынның химиялық қасиеттері

б) Алтынды алу әдістері

  в) Алтынның адам өміріндегі маңызы

ІІІ. Қорытынды: Ел байлығы алтын қорымен есептеледі

Алтын (латынша Aurum), Au – элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, әрі асыл метал­дардың бірі. Реттік нөмірі 79, атом массасы 196, 967, балқу температурасы 1063 ْ С болса, қайнау температурасы 2947 0С. Таза алтын сары түсті, созылғыш болып келеді. Ол сыртқы ортаның химиялық әсеріне төзімді. Оттек, сутек, азот, және көміртекпен тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер және жеке қышқылдар әсер етпейді. «Патша сұйығында» (1 көлем HNO3, 3 көлем HCl) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Алтын кен­тастарынан ұсақтау, байыту және циянды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алынатыны белгілі. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Алтынның, ұсақ түйірлері кварц ішінде, немесе кварц құмы арасында шашы­раңқы күйде болады. Алтынның табиғаттағы қосылысы алтын теллуриді (калаверит) AuTe2 құрамында және мыстың, қор­ғасынның сульфид кендерінде болады. Бүгінде алтынды ажыратып алу үшін әр түрлі әдіс қолданылатынын айтуға тиіспіз. Ең оңай, әрі көне әдіс – құмды ағын сумен жуып, алтынды бөліп алу. Екінші әдіс алтынды сынап амальгасына айналдыру. Сынап көпшілік металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Амальгамадағы алтынды шығарып алу үшін, амальгаманы қыздырса, сынап ұшып кетеді. Ал оның буын жинап, салқындатып қайтадан іске қосады. Бірақ бұл екі әдіспен де кұмдағы алтын түгел алынбайды, көп болса, 75 пайыз ғана алынады. Бұлардан гөрі тәуірірек әдіс цианид әдісі. Ішінде алтын қалған жынысты KCN тұзынын, 0,02 – 0,2 пайыз ерітіндісімен 2-3 рет қайталап шаймалап жуады.

Алтын (латынша Aurum), Au – элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, әрі асыл метал­дардың бірі. Реттік нөмірі 79, атом массасы 196, 967, балқу температурасы 1063 ْ С болса, қайнау температурасы 2947 0С. Таза алтын сары түсті, созылғыш болып келеді. Ол сыртқы ортаның химиялық әсеріне төзімді. Оттек, сутек, азот, және көміртекпен тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер және жеке қышқылдар әсер етпейді. «Патша сұйығында» (1 көлем HNO3, 3 көлем HCl) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Алтын кен­тастарынан ұсақтау, байыту және циянды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алынатыны белгілі. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Алтынның, ұсақ түйірлері кварц ішінде, немесе кварц құмы арасында шашыраңқы күйде болады. Алтынның табиғаттағы қосылысы алтын теллуриді (калаверит) AuTe2 құрамында және мыстың, қорғасынның сульфид кендерінде болады. Бүгінде алтынды ажыратып алу үшін әр түрлі әдіс қолданылатынын айтуға тиіспіз. Ең оңай, әрі көне әдіс – құмды ағын сумен жуып, алтынды бөліп алу. Екінші әдіс алтынды сынап амальгасына айналдыру. Сынап көпшілік металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Амальгамадағы алтынды шығарып алу үшін, амальгаманы қыздырса, сынап ұшып кетеді. Ал оның буын жинап, салқындатып қайтадан іске қосады. Бірақ бұл екі әдіспен де кұмдағы алтын түгел алынбайды, көп болса, 75 пайыз ғана алынады. Бұлардан гөрі тәуірірек әдіс цианид әдісі. Ішінде алтын қалған жынысты KCN тұзынын, 0,02 – 0,2 пайыз ерітіндісімен 2-3 рет қайталап шаймалап жуады.

Алтын  Қазақстанда 196 алтын кен орны бар.  Алтын  республиканың шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде, солтүстік-батысындағы  Жітіқара  өңірінде өндіріледі. Орталық Қазақстанның солтүстік аймағындағы алтын шығатын кен орындары: кварцты желі, кайталама  кварцит  пен  шашыранды алтын  (Степняк, Ақсу, Майқайың) кездеседі.  Қалба жотасында  да кварцты желі және шашыранды алтын кен орындары шоғырланған. Шағын кварцты-желілі кен орындары Жетісу және  Іле Алатауларында  да бар.

Алтын

Қазақстанда 196 алтын кен орны бар.  Алтын  республиканың шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде, солтүстік-батысындағы  Жітіқара  өңірінде өндіріледі. Орталық Қазақстанның солтүстік аймағындағы алтын шығатын кен орындары: кварцты желі, кайталама  кварцит  пен  шашыранды алтын  (Степняк, Ақсу, Майқайың) кездеседі.  Қалба жотасында  да кварцты желі және шашыранды алтын кен орындары шоғырланған. Шағын кварцты-желілі кен орындары Жетісу және  Іле Алатауларында  да бар.

Кен орны Алтын кені мол кездесетін ТМД аймақтары: Орал таулары, Қазақстан, Сібір. Алыс шетелдерде Аляскада, Колорадода (АҚШ), Африкада, Австралияда т. б. көп бар.

Кен орны

Алтын кені мол кездесетін ТМД аймақтары: Орал таулары, Қазақстан, Сібір. Алыс шетелдерде Аляскада, Колорадода (АҚШ), Африкада, Австралияда т. б. көп бар.

Алтынның табиғатта таралуы Жер қыртысында күміске қарағанда алтынның құрамы 20 есе жоғары, және сынапқа қарағанда 200 есе ас. Жер қыртысының әрбір бөлігінде алтынның орналасуы оның әртүрлі геохимиялық ерекшеліктерін зерттеуді қиындатады. Теңіздер мен мұхиттарда 10 млрд. астам алтын бар. Шамамен соншамасы су қоймалары мен өзен суларында кездеседі. Алтынның жоғарлаған мөлшері алтын өндіретін аудандардағы өзендер мен бұлақ суларында кездеседі. Табиғатта алтын ең алдымен жекелей түрінде кездеседі және минерал екенін көрсетеді. Одан да басқа алтын табиғи амальгам ретінде, сонымен қатар химиялық қосылыстар түрінде – соленидтер және теллуридтер түрінде кездеседінде – соленидтер және теллуридтер түрінде кездеседі. Бөлшектері бойынша кенді алтын жіңішке дисперсті (1-5 мкм), шаң тәріздес (5-50 мкм), ұсақ дисперсті (0,05-2 мм) және ірі (2 мм жоғары). 5 г-нан артық бөлшектер туындыларға жатады. Ең ірі туындылар – Австралияда табылған «Холтерман плитасы» (285 кг) және «Тартымды бейтаныс» (71 кг). Алтынның пайда болу аймағы түбірлі және жайылған деп екіге бөлінеді. Алтынның пайда болу аймағы әртүрлі геологиялық дәуірлерде әртүрлі тереңдікте пайда болған – жер бетінен ондаған метрлерден 4-5 км қашықтықта жатыр. Түбірлік пайда болу аймақтары арналармен, арналар жүйесімен көрсетілген.

Қасиеттері Таза алтын сары түсті, соғылғыш және созылғыш  металл ,  химиялық  инертті элемент. Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді.  Оттек ,  сутек ,  азот , және  көміртекпен  тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер және жеке  қышқылдар  әсер етпейді. “Патша сұйығында” (1 көлем HNO 3 , 3 көлем HCl) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарында алтын бір және үш валентті болып келеді. Табиғатта саф алтын түрінде,  тау жыныстарында  (5*10 -7 %), теңіз және  мұхит  суында (0.01-0.05 мг/т) кездеседі. Кентастардын алтынды ұсақтау, байыту және циянды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады.  250 кг алтын, Той музейі Жапония .

Қасиеттері

Таза алтын сары түсті, соғылғыш және созылғыш  металл ,  химиялық  инертті элемент. Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді.  Оттек ,  сутек ,  азот , және  көміртекпен  тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер және жеке  қышқылдар  әсер етпейді. “Патша сұйығында” (1 көлем HNO 3 , 3 көлем HCl) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарында алтын бір және үш валентті болып келеді. Табиғатта саф алтын түрінде,  тау жыныстарында  (5*10 -7 %), теңіз және  мұхит  суында (0.01-0.05 мг/т) кездеседі. Кентастардын алтынды ұсақтау, байыту және циянды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады.

250 кг алтын, Той музейі Жапония .

Химииялық қасиеті Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінде алтынның мыс пен күміспен бір топта орналасқанымен оның химиялық қасиеттері мүлдем ұқсамайды, оның химиялық қаситі платина тобындағы металлдарға ұқсас болып келеді. Жұптың электрондық потенциалы Au – Au (111) – 1,5 В тең. Химиялық қатынаста алтын – аз белсенді металл. Ол ауада өзгермейді, тіпті қатты қыздырған кезде де. Алтын хлорлы суда және негіздік маталлдардың цианидтерінің ерітінділерінде оңай ериді. Сонымен қатар сынап та алтынды ерітеді, нәтижесінде амальга түзеді, оның деңгейі 15% жеткенде алтын тығыздалынып қалады. +1 және +3 тотығудың деңгейлеріне жауап беретін алтынның қосылыстарының екі тізбегі белгілі. Сонымен, алтын оксидтің екі түрін түзеді – алтын оксиді (1), немесе алтынның тотығы, Айтарлықтай тұрақты болып келетін қосылыстар, олар алтынның тотығу дәрежесі +3 болып келетінер болып табылады. Алтынның қосылыстары металлға дейін еркін қайта қалпына келе алады. Алтынды қалпына келтіру үшін әртүрлі органикалық қосылыстарды да пайдаланады: құмырсқа қышқылын, гидрохинон, гидразин, метол, ацетил және т.б. Үш валентті алтын — өте күшті тотықтырғыш, ол көптеген тұрақты қосылыстарды түзеді. Алтын хлормен, фтормен, йодпен, оттегімен, теллурмен, күкіртпен және селенмен байланысады.

Алтын активтігі тіпті нашар металл, активтік қатарында ол ақырғы орында тұр. Оттекпен тікелей еш жағдайда да қосылмайды. Сұйық заттардан тек калий немесе натрийцианидының ерітіндісінде,  хлор  суында және «патша сұйығында» ериді. «Патша сұйығы» үш көлем тұз қышқылымен бір көлем азот қышқылының коспасы: 3HCl + HNO 3  = 2Cl+NOCl+2H 2 O,  Au + 2Cl + NOCI = AuCl 3  + NO,  АuСl 3  + НСl = Н[АuСl] 4 Алтын селен қышқылында да (күшті тотықтырғыш) ериді: 2Au + 6H 2 SeO 4  = Au 2 (SeO) 4  + 3SeO 2  + 6H 2 O

Алтын активтігі тіпті нашар металл, активтік қатарында ол ақырғы орында тұр. Оттекпен тікелей еш жағдайда да қосылмайды. Сұйық заттардан тек калий немесе натрийцианидының ерітіндісінде,  хлор  суында және «патша сұйығында» ериді.

«Патша сұйығы» үш көлем тұз қышқылымен бір көлем азот қышқылының коспасы:

3HCl + HNO 3  = 2Cl+NOCl+2H 2 O, Au + 2Cl + NOCI = AuCl 3  + NO, АuСl 3  + НСl = Н[АuСl] 4

Алтын селен қышқылында да (күшті тотықтырғыш) ериді:

2Au + 6H 2 SeO 4  = Au 2 (SeO) 4  + 3SeO 2  + 6H 2 O

Алтынның қосылыстары Алтынның үш валентті қосылыстары көбірек. Алтынның (III) оксиді Au 2 O 3  - қара қоңыр, Au 2 S 3  - қара, Au(ОН) 3  - күрең түсті барлығы қатты заттар, суда еритіні тек AuСl 3 . Алтынның (III) гидроксиді Au(ОН) 3  амфотерлі зат, сілтілерде және қышқылдарда еріп аниондық комплекстер түзеді: NaOH + Au(OH) 3  = Na[Au(OH) 4 ],  Au(OH) 3  + 4HCl = H[AuCl 4 ] +3H 2 O,  Au(OH) 3  + 4HNO 3  = H[Au(NO 3 ) 4 ] +3H 2 O Аниондық комплекс түзілуінен алтынның галогенидтері галогено-аураттарга айналғыш келеді: NaBr + AuBr 3  = Na[AuBr 4 ] AuCl 3  гидролизінде аквоқышқылдap түзіледі. AuCl 3  + H 2 O = H 2 [AuOCl 3 ] Алтынның оңайырақ алынатын қосылысы AuCl 3  өзге косылыстары осыдан алынады. Алтынның барлық қосылыстары айырылғанда металдық алтын бөлініп шығады.

Алтынның қосылыстары

Алтынның үш валентті қосылыстары көбірек. Алтынның (III) оксиді Au 2 O 3  - қара қоңыр, Au 2 S 3  - қара, Au(ОН) 3  - күрең түсті барлығы қатты заттар, суда еритіні тек AuСl 3 .

Алтынның (III) гидроксиді Au(ОН) 3  амфотерлі зат, сілтілерде және қышқылдарда еріп аниондық комплекстер түзеді:

NaOH + Au(OH) 3  = Na[Au(OH) 4 ], Au(OH) 3  + 4HCl = H[AuCl 4 ] +3H 2 O, Au(OH) 3  + 4HNO 3  = H[Au(NO 3 ) 4 ] +3H 2 O

Аниондық комплекс түзілуінен алтынның галогенидтері галогено-аураттарга айналғыш келеді:

NaBr + AuBr 3  = Na[AuBr 4 ]

AuCl 3  гидролизінде аквоқышқылдap түзіледі.

AuCl 3  + H 2 O = H 2 [AuOCl 3 ]

Алтынның оңайырақ алынатын қосылысы AuCl 3  өзге косылыстары осыдан алынады. Алтынның барлық қосылыстары айырылғанда металдық алтын бөлініп шығады.

Ажырату әдістері

Құмда шашылған аз алтынды (тоннасына 2 – 4 г) ажыратып алу үшін әр түрлі әдіс қолданады. Ең оңай, көптен қолданылып келе жатқан әдіс – құмды ағын сумен жуу, сонда құм қиыршықтары суға ілесіп кете береді де, алтын ауыр болғандыктан қалып қояды. Екінші бір әдіс алтынды амальгамаға айналдыру. Сынап көпшілік металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Амальгамадағы алтынды шығарып алу үшін, амальгаманы қыздырса, сынап ұшып кетеді, оның буын жинап, салқындатып қайтадан іске қосады. Бірақ бұл екі әдіспен де кұмдағы алтын түгел алынбайды, көп болса, 75% ғана алынада. Бұлардан гөрі тәуірірек әдіс цианид әдісі. Ішінде алтын қалған жынысты KCN тұзынын, 0,02 – 0,2% ерітіндісімен 2 – 3 рет қайталап шаймалап жуады, сонда:

4Au + 8NaCN + 2H2O + O2 = 4Na[Au(CN)2] +4NaOH

Комплексті қосылыс құрамындағы алтынды мырыштың , жәрдемімен ығыстырып шығарады :

2Na[Au(CN)2] +Zn = Na2 [Zn (CN)4] +2Au

Бұл шыққан алтынды мырыштан тазалау үшін сұйық күкірт қышкылымен жуады , мырыш еріп кетеді . Күміс сияқты басқа қоспалардан тазалау үшін концентрленген ыстық күкірт қышқылымен жуады , онда күміс Ag2SO4- к e айналады . Кейде күмістен тазалау үшін электролиздеуді қолданады – анод – тазартылмаған алтын , катод – таза алтын , электролит ретінде Н [ А u С 14] ертіндісін қолданады сонда күміс анод шламы түрінде қалады .

Қолданылуы Алтын ақшалық күнды металл (валюта). Coнымен қатар ол әр түрлі әшекейлік-көркемдік істердс, зергерлік бұйымдарға қолданылады .  Күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.

Қолданылуы

Алтын ақшалық күнды металл (валюта). Coнымен қатар ол әр түрлі әшекейлік-көркемдік істердс, зергерлік бұйымдарға қолданылады .

Күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.

Алтынды адамдар қай кезден бастап қолдана бастады?

Өздеріңіз білесіздер, өте құнды, бағалы металл түрлері көп. Алайда олардың ішінде ең құндысы, бағалысы, сары түсті алтынды білетін боларсың. Алтын үшін тарихта талай соғыстар болғанынан да хабардар болуың керек. Ғасырлар бойы құнын жоғалтпай, адамзат тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігіне, байлық пен дәулеттің белгісіне айналған алтын жайлы не білеміз? Ендеше, оның тарихына көз жүгіртсек. Әңгімемізге арқау болған бағалы металдың тарихы тым тереңде жатыр. Адамзат алтын өндіруді біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда, яғни неолит дәуірінде бастаған. Адамның алтынмен таныстығына кем дегенде 6500 жылдай болғанын алға тартады зерттеушілер. Қазіргі Болгарияның Варна қаласының маңында қазба жұмыстарын жүргізген мамандар біздің дәуірімізге дейінгі 4600 жылдары әзірленген алтын бұйымдарды кездестірген. Б.з.д. IV ғасырда Мысыр жерінен сары алтыннан жасалған тас пышақ, сонымен бірге, алтын алқа табылған. Сондай-ақ, Месопотамияның ежелгі қаласы Урдағы қазба жұмыстары кезінде б.з.д. 3500 жылға жататын қол-аяғында алтын білезігі бар адам қаңқасы табылған. Ежелгі римдіктер Испания жеріндегі алтын жыныстарын қазу кезінде 1500 тонна алтын тапқан. Қазір сол алтын қалдықтар Еуропаның өзендерінен толығымен жойылған. XVIII-XIX ғасырларда Бразилия, АҚШ, Австралия және тағы басқа да елдерде өте бағалы саналатын алтын қалдықтары табылды.

Алтын қайдан табылған?  Ертедегі адамдар алтынды құмнан немесе өзен-сулардың түбінен тапқан. Жарқыраған сары түсті затты алғаш көргеннен-ақ олар алтынның ерекше қасиетті екенін түсінген. Алтынды отқа салып, қыздырмай-ақ түрліше майыстыруға болатындықтан ұста-шеберлер әшекей бұйымдарын жасай бастайды. Мемлекеттік тұрғыда маңыз беріп, алтынды жаппай өндіруді Мысыр елі бастаған екен. Мысырлықтар Қызыл теңіз бен Нілдің арасындағы Нуби елді мекенінде алтын өндіру ісін жүйелі түрде жүргізген. Осы кен орнының бір өзі әлемге 6 мың тоннадан астам өнім берген екен.

Алтын қайдан табылған? Ертедегі адамдар алтынды құмнан немесе өзен-сулардың түбінен тапқан. Жарқыраған сары түсті затты алғаш көргеннен-ақ олар алтынның ерекше қасиетті екенін түсінген. Алтынды отқа салып, қыздырмай-ақ түрліше майыстыруға болатындықтан ұста-шеберлер әшекей бұйымдарын жасай бастайды. Мемлекеттік тұрғыда маңыз беріп, алтынды жаппай өндіруді Мысыр елі бастаған екен. Мысырлықтар Қызыл теңіз бен Нілдің арасындағы Нуби елді мекенінде алтын өндіру ісін жүйелі түрде жүргізген. Осы кен орнының бір өзі әлемге 6 мың тоннадан астам өнім берген екен.

Елімізде алтын өндіру қашан басталған?   Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Қазақстандағы ең ірі алтын кен орны – Варваринск кеніші. 1979 жылдан бері өндіріле бастаған. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша – үшінші ондығына кіреді. Еліміздегі екінші ең ірі алтын өндіруші кен орны – Бақыршақ. Сондай-ақ, Ақсу, Жолымбет, Бестөбе кен орындары да өзінің қоры жөнінен тек Қазақстанда ғана емес, Орта Азия өңірі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Елімізде 190 алтын кен орны бар. Алтын республиканың шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде, солтүстік-батысындағы Жітіқара өңірінде өндіріледі.

Елімізде алтын өндіру қашан басталған?

Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Қазақстандағы ең ірі алтын кен орны – Варваринск кеніші. 1979 жылдан бері өндіріле бастаған. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша – үшінші ондығына кіреді. Еліміздегі екінші ең ірі алтын өндіруші кен орны – Бақыршақ. Сондай-ақ, Ақсу, Жолымбет, Бестөбе кен орындары да өзінің қоры жөнінен тек Қазақстанда ғана емес, Орта Азия өңірі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Елімізде 190 алтын кен орны бар. Алтын республиканың шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде, солтүстік-батысындағы Жітіқара өңірінде өндіріледі.

Оқыңыз, қызық!  Ежелде мысырлықтар күнге табынған. Сол кезде адамдар алтынның жарқылын күнге ұқсатқан, сондықтан да оны қасиетті деп санаған.  Ежелгі грек аңыздары бойынша, баяғы өткен заманда Мидас деген ерекше бай бір патша өмір сүріпті. Дионис деп аталатын құдай оған алғыс ретінде кез келген қалауын орындайтынын айтады. Сонда Мидас өзінің қолы тиген нәрсенің барлығының алтынға айналғанын қалайтынын білдіреді. Бірақ ол қолына ұстаған тамағы да алтынға айналып, аш қалатынын білмеген еді.

Оқыңыз, қызық! Ежелде мысырлықтар күнге табынған. Сол кезде адамдар алтынның жарқылын күнге ұқсатқан, сондықтан да оны қасиетті деп санаған. Ежелгі грек аңыздары бойынша, баяғы өткен заманда Мидас деген ерекше бай бір патша өмір сүріпті. Дионис деп аталатын құдай оған алғыс ретінде кез келген қалауын орындайтынын айтады. Сонда Мидас өзінің қолы тиген нәрсенің барлығының алтынға айналғанын қалайтынын білдіреді. Бірақ ол қолына ұстаған тамағы да алтынға айналып, аш қалатынын білмеген еді.

Бірде аяқ астынан ауылды тасқын суы басып, үй-жай, қора-қопсы жермен-жексен болыпты. Екі жұдырықтай алтынын қолтығына қысқан бір ауылдың байы ағаш басына өрмелеп шығып алыпты. Қараса, ағаштың келесі бір бұтағында қолында бір дорба пісірген картобы бар дихан отыр екен. Байекең күліп:  «Ей, ақымақ, андағы аз ғана картобың не, өте күлкілі ғой, мынаны қарашы» деп алтынын көрсетеді.  Дихан үнсіз отыра береді. Тасқын суы екі күн бойы қайтпай қояды. Ауыл байының қарны аша бастайды. Төртінші күн болғанда аштық меңдеткен байда әл-дәрмен қалмайды. Ал шаруа картоптарын сүйсініп жеп отыра береді. Шыдамы таусылған бай: «Алтынымның бірін берейін, картоптарыңды маған сатшы» деп жалына бастайды. Шаруа басын шайқайды. «Екі алтынды қоса берейін, картоптың қалғанын маған берші» дейді жыламсырап. Аптаға жалғасқан тасқын қайтқан соң ағаш басындағы алтыны бар бай аштан өліпті. Азығын жеп аман қалған шаруа байдан қалған алтынды алып жолына түсіпті.

Бірде аяқ астынан ауылды тасқын суы басып, үй-жай, қора-қопсы жермен-жексен болыпты. Екі жұдырықтай алтынын қолтығына қысқан бір ауылдың байы ағаш басына өрмелеп шығып алыпты. Қараса, ағаштың келесі бір бұтағында қолында бір дорба пісірген картобы бар дихан отыр екен. Байекең күліп:  «Ей, ақымақ, андағы аз ғана картобың не, өте күлкілі ғой, мынаны қарашы» деп алтынын көрсетеді.  Дихан үнсіз отыра береді. Тасқын суы екі күн бойы қайтпай қояды. Ауыл байының қарны аша бастайды. Төртінші күн болғанда аштық меңдеткен байда әл-дәрмен қалмайды. Ал шаруа картоптарын сүйсініп жеп отыра береді. Шыдамы таусылған бай: «Алтынымның бірін берейін, картоптарыңды маған сатшы» деп жалына бастайды. Шаруа басын шайқайды. «Екі алтынды қоса берейін, картоптың қалғанын маған берші» дейді жыламсырап. Аптаға жалғасқан тасқын қайтқан соң ағаш басындағы алтыны бар бай аштан өліпті. Азығын жеп аман қалған шаруа байдан қалған алтынды алып жолына түсіпті.

Алтын адам.

Алтын киімді сақ жауынгерін 1969 жылы Жетісу жерінде, Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. «Алтын адам» зерттеушілердің пікірі бойынша б. з. б. VII-III ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оның жасы 17–18 шамасында болған. Сақ көсемі мүрдесінің басы батысқа қаратылып жатқызылыпты. Есік қорғанындағы екі қорымның біреуі ертеректе тоналған екен, ал екіншісі аман қалған.

Есік қорғанының диаметрі 60 м, биіктігі 6 м, тас пен топырақ үйіндісінен тұрғызылған. Қабірдің оңтүстік және батысынан ыдыстар, зергерлік бұйымдар табылған. Қабірдің бетін ағаш қақпақпен жауып, темір құрсаулармен бекіткен, сақ көсемінің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Ондағы барыс, бұлан, таутеке, арқар, жылқы түрлі құстардың бейнелері аң стилінде үлкен шеберлікпен жасалған. Сонымен қатар алтын алқа, көз салған алтын сырға және қазіргі қазақтардың бас киімдеріне ұқсас шошақ төбелі, биіктігі 70 см-ге жететін бас киімі табылған. Сақ көсемінің қолында екі алтын жүзік, белінде құрастырмалы кісе белбеуі болған. Алтын пластиналар жапсырылған қынапқа салынған темір қанжар (акинак), қызыл қынапты ұзын семсері табылды. Сақ жауынгерінің шалбары да алтын тоғалармен әшекейленген. Бұл алтын адамды жерлеу дәстүріне, киім үлгісіне қарап, сол заманда Жетісу жерін мекендеген сақтардың жас көсемі, әскербасы болған десек күмән туғызбайды.

ЕЛ БАЙЛЫҒЫ АЛТЫН ҚОРЫМЕН ЕСЕПТЕЛЕДІ  Адамзат алтын өндіруді біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда, яғни неолит дәуірінде бастаған. Осы уақытқа дейін адамзат баласы жер қойнауынан 140 мың тонна алтын алса керек. Әлі де өндірілмеген және барланбаған жер астындағы бағалы металдың көлемі 100 мың тоннаны құрап отыр. Дүниежүзінде алтын өндіруде Қытай, ОАР, АҚШ, Аустралия, Ресей өзара топ бастап тұр. Ал әлемдік банктердің қорында 32 мың тонна алтын сақталуда. Бағалы металл құйма, «ақ», тамшы (сусальный) алтын және басқа түрлерге бөлінеді. Қазір алтын өндірісте кеңінен қолданылады. Электроникада алтынның мысқалдай бөлігінің мыңнан бір түйіршігі қолданылса, зергерлік бұйымдар жасау мен тіс қаптамаларында (коронка) жан жақты және кеңінен пайдаланылатыны белгілі.

ЕЛ БАЙЛЫҒЫ АЛТЫН ҚОРЫМЕН ЕСЕПТЕЛЕДІ

Адамзат алтын өндіруді біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда, яғни неолит дәуірінде бастаған. Осы уақытқа дейін адамзат баласы жер қойнауынан 140 мың тонна алтын алса керек. Әлі де өндірілмеген және барланбаған жер астындағы бағалы металдың көлемі 100 мың тоннаны құрап отыр. Дүниежүзінде алтын өндіруде Қытай, ОАР, АҚШ, Аустралия, Ресей өзара топ бастап тұр. Ал әлемдік банктердің қорында 32 мың тонна алтын сақталуда. Бағалы металл құйма, «ақ», тамшы (сусальный) алтын және басқа түрлерге бөлінеді. Қазір алтын өндірісте кеңінен қолданылады. Электроникада алтынның мысқалдай бөлігінің мыңнан бір түйіршігі қолданылса, зергерлік бұйымдар жасау мен тіс қаптамаларында (коронка) жан жақты және кеңінен пайдаланылатыны белгілі.

Қазақстан әлемде алтын қоры жөнінен 18 орында. Бүгінде елімізде 237 кен орны барланған болса, соның 60-қа жуығы игерілуде. Қазақ жерінде алтын сан ғасырлар бойы өндіріліп келгені белгілі. Еліміздің алтын қоры түгесіледі деуге әлі ертерек. Ең ірі деген кеніштердің бес-ақ пайыз игерілуінен қазыналы Қазақ жерінің алтынға қаншалықты бай екенін байқауға болады. Сондай-ақ, Кеңес заманынан келе жатқан кен байыту комбинаттары мен металлургиялық зауыттардың ауласында 9 млрд. тоннаға жуық қалдықтар тау-тау болып үйіліп жатыр. Шындап кіріскен адам, тау-кен өндірісі қалдығынан тонна-тонна алтын өндіруіне болады. Мәселен, қазақ ғалымдары Ақмола облы­сындағы Ақсу мен Бастөбе кеніштерінде жиналып қалған қалдықтардың әр тоннасында 2,5 грамм алтын бар екенін анықтағанды.

Қазақстан әлемде алтын қоры жөнінен 18 орында. Бүгінде елімізде 237 кен орны барланған болса, соның 60-қа жуығы игерілуде. Қазақ жерінде алтын сан ғасырлар бойы өндіріліп келгені белгілі. Еліміздің алтын қоры түгесіледі деуге әлі ертерек. Ең ірі деген кеніштердің бес-ақ пайыз игерілуінен қазыналы Қазақ жерінің алтынға қаншалықты бай екенін байқауға болады. Сондай-ақ, Кеңес заманынан келе жатқан кен байыту комбинаттары мен металлургиялық зауыттардың ауласында 9 млрд. тоннаға жуық қалдықтар тау-тау болып үйіліп жатыр. Шындап кіріскен адам, тау-кен өндірісі қалдығынан тонна-тонна алтын өндіруіне болады. Мәселен, қазақ ғалымдары Ақмола облы­сындағы Ақсу мен Бастөбе кеніштерінде жиналып қалған қалдықтардың әр тоннасында 2,5 грамм алтын бар екенін анықтағанды.

Кеңес Одағы кезінде елімізде екі балқыту цехы жұмыс істеп, онда жылына 60 тонна алтын балқытылған болатын. Жеке­шелендіруден кейін балқыту цехтары «Қазмырыш» пен «Қазақмыстың» құрамына берілген. Қос компания өз алтындарын балқытып, басқаларға өте жоғары баға қойған соң, басқа алтын өндірушілер өнімдерін Германия мен Голландияға апарып балқытуға мәжбүр болғаны белгілі. Алтынды сыртқа еркін алып шығу құқығын ТМД елдерінің ішінде алғаш рет Қазақстан ие болғаны белгілі. Дегенмен соңғы жылдары тау-кен саласының білікті мамандары алтынды өңдеуді өз елімізде дамытудың маңызы зор екенін айтып жүр. Солардың бірі, Қазақстанның кен өндiру және тау-кен кәсiпорындары қауым­дастығының директоры Николай Радостовец. Ол жақында «BNews.kz» порталы ұйымдастырған онлайн-конференцияда «Қазақстанда алтын өңдеуге жағдай жасау керек. «Қазмырыш», «Қазақмыс» компаниялары алтынды құрғату өндірісіне ие. Қазір еліміздің алтынының басым бөлігі Швейцарияда өң­деледі. Тұқымдық балқыманы онда ұшақпен тасиды, ал мұнда біз аз ғана көлеммен жұмыс істеп отырмыз», – деген болатын.

Қазақстан 2014 жылға дейін алтын өндірісіне жаңаша, заман талабына сай дамытуға бет бұрып отыр. Үкімет басшысының орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев өткен жылы еліміз 30 тоннадан астам бағалы металл өндіргенін, ал 2014 жылы оның мөлшерін 70 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отырғанын айтқан болатын. Жаңа жобаның шеңберінде жер қойнауын пайдалану және барлау жұмыстары жүргізіліп, жаңа комбинаттар мен аффинаждау зауытын салу, осы салада жұмыс істейтін әлемдегі ең үздік өндірушілермен бай­ланысты нығайту жоспарланған.

Соңғы уақыттары алтынға деген сұраныс артып, оған инвестиция тарту жақсара түскені белгілі. Халықаралық сарапшылардың дені болашақта да осы үрдіс сақталып, әлемде алтынның құны арта түсетіндігін айтуда. Ғаламдық дағдарыстан кейін дамыған елдердің дені бағалы металл қорларын, оның ішінде алтын құймаларына көшкені белгілі. Бұған дейін ұлттық өнімін, ұлттық қорын, қазыналық кіріс-шығыстарын, тіпті алған қарыз-несиесіне дейін доллармен бағалаған мемлекеттер алтынға көше бастады. Осы ретте Қытайдың алтын валюта қоры 2,273 трлн. доллардан асса, Жапон елі алтын валюта қорын 1,019 трлн. долларға жеткенінен көп жайтты аңғаруға болады. Алтынның басты қасиеті – тауар ретінде айналыстан ешқашан шықпайтындығы. Өндірілген алтын мұнай мен газ секілді жағылып кетпейді. Қазақстан нарығындағы алтын өндірісі сыртқа экспортқа бейімделген.. Себебі, ішкі нарықта сатылған алтын үшін салық төленеді. Ал, сыртқа сатылатын алтын салықтық алымнан босатылған. Бір қызығы, елімізде өндірілген ең жоғары сапалы (999, 9999 сынамалы) алтын Швейцарияда біздегіден 2,5 есеге дейін арзан. Сондықтан да жергілікті өнім өндірушілер жоғары сапалы саф алтын өндіруге құлшына қоймайды. Керісінше, құрамында күміс тәрізді бағалы металл түрі араласқан, бірақ 95 пайызы алтыннан тұратын «доре» деп аталатын қоспаны шикізат түрінде жеделдетіп өндіріп, тезірек пайда табуды жөн санайды.

Көршілес елдер ішінде алтын өндіру жөнінен біз Қытай мен Ресей және Өзбекстаннан кейінгі төртінші орындамыз. Бұл жағынан өздерінде алтын өндірмейтін, тек оны алып, сатумен ғана айналысатын Түркия мен Үндістан бізді шаң қаптырып отыр. Осы іспен 90-ы жылдардан бері ғана айналыса бастаған Түркия жыл сайын әлемдік нарыққа 120 тонна алтын шығарып отыр. Еліміздегі екінші бір ең ірі алтын өндіруші кен орны – Бақыршақ (оның қоры 326 тоннаны құрайды деседі).

Алтынға қатысты айтуға тиісті компанияның тағы бірі – «Алтын-Алмас», ол 1993 жылы құрылған. Бұл акционерлік қоғамның құрамына Ақбақай мен Свектинскоe кен орындары кіреді. Дегенмен, жекеменшік компания болғандықтан, оның қанша өнім өндіретіні мен өнімін қайда сататыны жайлы мәлімет алу мүмкін емес, оның бәрі – жеті қат жер астына жасырылған коммерциялық құпия. Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына үлес қосады-ау деген кен орындарының қатарына Карьер, Ақсақал, Бескемпір (қоры – 95 тонна), Орталық және Оңтүстік Қазақстандағы Үшшоқы, Мыңарал, Шашубай, «Пустынноe» кеніштерін де жатқызуға болады. Алтын өндірісіндегі осындай орасан зор мүмкіндіктерімізді сараптағанда еліміздің болашағы зор екенін аңғарасы ң .

Н.Ә.Назарбаев  Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында біздің экономикамызға қажетті сапалы да, озық технологиялармен қаруланған халықаралық білім стандарттарына сай мамандарды  дайындау қажет.

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге

барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру

стратегиясында біздің экономикамызға

қажетті сапалы да, озық технологиялармен

қаруланған халықаралық білім

стандарттарына сай мамандарды

дайындау қажет.

Осы тұрғыда ел Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауларында ел табысты болу үшін химия,биология, физика, химиялық технология салаларында жоғары білікті мамандар болуы тиіс екендігі, ал ол мәселені шешу үшін елімізде техникалық мамандар дайындауға арналған мектептерде математика, физика, химия, биология пәндерін жақсы оқу керектігі, сондай-ақ, осы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашу керектігі жөнінде баса көрсетіп айтқаны баршаға мәлім. 3

Осы тұрғыда ел Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауларында ел табысты болу үшін химия,биология, физика, химиялық технология салаларында жоғары білікті мамандар болуы тиіс екендігі, ал ол мәселені шешу үшін елімізде техникалық мамандар дайындауға арналған мектептерде математика, физика, химия, биология пәндерін жақсы оқу керектігі, сондай-ақ, осы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашу керектігі жөнінде баса көрсетіп айтқаны баршаға мәлім.

3

↑   a   b   Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:   Химия . Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. Алматы :
  • ↑   a   b   Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:   Химия . Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. Алматы : "Мектеп" баспасы,   2007 . — 336 бет.   ISBN 9965-36-416-8
  • ↑   Қазақстан балалар энциклопедиясы
  • ↑   Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2 — 9 — 3 254 — 69
  • ↑   Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2 — 9 — 3 254
Назар аударып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!!!

Назар аударып тыңдағандарыңызға

көп-көп рахмет!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Асыл метал алтын

Автор: Ниязбек Аруна Сейілбек?ызы

Дата: 28.01.2015

Номер свидетельства: 163198

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Металдар туралы м?лімет"
    ["seo_title"] => string(22) "mietaldarturalymlimiet"
    ["file_id"] => string(6) "299486"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456538763"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Тақырып: Ақша қаржы және несие"
    ["seo_title"] => string(38) "tak_yryp_ak_sha_k_arzhy_zh_nie_niesiie"
    ["file_id"] => string(6) "416174"
    ["category_seo"] => string(6) "corect"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1495004824"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Берекелі, мерекелі - Алтын күз!" (ертеңгілік)"
    ["seo_title"] => string(38) "berekeli_merekeli_altyn_kuz_ertengilik"
    ["file_id"] => string(6) "592291"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1637598912"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ашы? саба?: "Сыр санды?""
    ["seo_title"] => string(19) "ashyksabaksyrsandyk"
    ["file_id"] => string(6) "301221"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456890809"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) ""Алтын куз,жайдарлы жаркын куз" мерекелік ертеңгіліктің сценарийі."
    ["seo_title"] => string(74) "altyn_kuz_zhaidarly_zharkyn_kuz_mieriekielik_iertien_ghiliktin_stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "435489"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1509374577"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства