kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алтын куз,жайдарлы жаркын куз" мерекелік ертеңгіліктің сценарийі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жүргізуші:Балалар, күз бізді өзіне саяхатқа шақырды. Ешқайсысымыздың кешікпеуімізді сұрады ғой. Баратын уақыт та келіпті. Жүріңдер, автобусымыз да келді, -деп музыка әуенімен жүргізуішнің қолында рульі бар залды бір айналып сыртқа шығып кетіп екінші есіктен келіп кіреді де, орындыққа барып отырады.Ой, балалар  мында қараңдаршы біздің ата – аналарымызда бізден бұрын жетіп алыпты қане олармен амандасайық, - деп барлығы бірге амандасады.

Қош келдіңіз бүгін бізге бәріңіз,

Қош келдіңіз көңіл – күйге  сеніңіз.

Қош келдіңіз шыққан күндей жарқырап.

Қызықты сәтті  бізбен бірге көріңіз.

Ой, балалар  күздің өзі қайда?  Мерекеге өзі шақырып алып жоқ болғаны қызық болды ғой. Мүмкін, ол біздің келгенімізді естімей жатқан болар. Қане, ендеше күз туралы әнімізді  шырқап оны ортаға шақырайық.

Ән: «Алтын күз»

(Ән аяқтала залға билеп күз кіреді)

Күз: Армысыңдар,  бармысыңдар кішкентай менің  балақайларым! Қош келдіңдер! Мен өздеріңнің әсем әндеріңді естіп келдім. Мені көп тосып қалған боларсыңдар? Кешірім сұраймын. Айналаны сары алтынға бояп, айналаны түрлендіріп, орталарыңа  келіп жеткенімше осынша уақыт болды.

Жүргізуші:Өзіңізбен ортамыз толсын. Біз де сізді көргенімізге қуаныштымыз.

(Осы кезде себелеп жаңбыр жауа бастайды.)

Күз: Ой балалар, тыңдаңдаршы! Бұл ненің дауысы?

Балалардың жауабы:

Күз:Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұл жаңбырдың дауысы. Қане, ендеше су болып қалмай тұрмағанда «Қолшатыр» ойынын ойнайық.

Жүргізуші: Әрине, әрине

Күз: Ойын «Қолшатыр»

Шарты: Сиқырлы қолшатырды айналдырып, сиқырлы сөз айтады. Ал балалар әннің сөзіне сәйкес қимыл жасаулары керек.

Қолшатырды сиқырлы,

Айналдырып кәдімгі.

Жапыраққа  мен қазір

Айналдырам бәріңді.

Қолшатырды сиқырлы,

Айналдырып кәдімгі.

Саңырауқұлаққа мен қазір

Айналдырам бәріңді.

Қолшатырды сиқырлы,

Айналдырып кәдімгі.

Әнгелектерге  мен қазір

Айналдырам бәріңді.

Қолшатырды сиқырлы,

Айналдырып кәдімгі.

Тырналарға мен қазір

Айналдырам бәріңді.

Қолшатырды сиқырлы,

Жабамын да қайтадан.

Барлығыңды  мен қазір,

Өз орныңа қайтарам.

Міне жаңбырда тоқтаған сияқты. Ойын ұнады ма сендерге?

Жүргізуші: Ойын өте қызықты болды. Рақмет сізге күз ханшайымы.

Күз бүгін біздің ортамызда болғаныңыз қандай тамаша. Енді балалардың өзіңізге арнап жаттаған тақпақтарын қабыл алыңыз.

Күз: Тақпақтарды да жақсы айта білдіңдер.

Жүргізуші: Енді мен сендерге өзімнің күзгі жапырақтарымды сыйға тартып. Жапырақтармен  ән айтып, би билеуге шақырамын. Қанекей, келіңдер деп, - балалардың қолдарына жапырақтарды ұсынады.

Би: «Сиқырлы жапырақтар». Қабыл алыңыз.

(Би аяқтала  музыка әуенімен залға Тоңғақ пен Шалшық кіреді)

Тоңғақ: Күз мезгілі келгенде бізді яғни Шалшық пен Тоңғақты ешкім құшақ жая қарсы алмайды.Керісінше, барлық адамдар дірілдеп тонып, батпақ шалшыққа түсіп кетпейік деп қорқып қашады. Адамдар күзді күткен сияқты бізді де неге күтпейді екен?! Соны мен білмеймін.

Шалшық: Мен де білмеймін, - деп екеуі бастарын түсіріп мұңаяды.

Тоңғақ: Балаларды байқағандай болып: Ой, Тоңғақ мында қара? Біз өзі қайда келгенміз? Мынау балалар ғой. Бізді де күтіп отырған балалар бар сияқты ғой, - деп орындарынан тұрады.

Шалшық: Тоңғақ сен не деп тұрсың? (Түшкіреді) Қанша өмір сүрсем де ешқашан да мені біреудің қонаққа күткенін көрмеппін – деп мұңаяды

Тоңғақ: Иә, шынымен де  мені де ешкім қонаққа күтіп көрмепті.

Шалшық: Қойшы,   досым мұңая бергеннен не шығады. Одан да  мына балақайлар мен көңілімізді көтерейік. Бірақ, бұлар бізді қонақ қылып күтпесе өкінетін болады, мерекелерінің сиқын бұзатын боламыз. Солай ғой досым.

Тоңғақ: Басын шұлғып ой, ой мынау кім ей өзі? – деп күзге қарай жақын барып. Мынау әлгі,  (балаларға қолын шошайтып) мына балалардың асыға күтетін мейірімді күздері ғой.

Шалшық: Жай күз емес Алтын күздері ғой. Өзіне қарашы, мәз болып қуанып тұр.

Тоңғақ: Әрине, қуанады. Өйткені барлығы оған әндерін айтып, билерін билеп, алтын күз деп тақпақтарын айтып оны мақтаса, ол қуанбаған да мен қуанамын ба?

Шалшық: Жылап тұрып: Бізді ешкім  де жақсы көрмейді

Тоңғақ: Шалшық несіне сонша жылайсың? Одан да мыналардың қалай сазайын тарту жолын ойластыр.

Шалшық: (Ойланғандай болып)Таптым,таптым алақай! Қазір біз күзді сиқырлап ұйықтатып тастайық, сол кезде күз ұйықтап қалады.Сосын екеуіміз мына жерді шалшыққа толтырсақ  «Алтын күз» мезгілі, жаңбырлы күзге айналады. Содан кейін   күзді барлығы жек көріп кетеді.

Тоңғақ: Егер сиқырдың күші жойылса ше?

Шалшық: Сен өзі не деп тұрсың? Сиқырдың күші егер күзді  барлық адамдардың  бәрі жақсы көріп, оны қонаққа шақырған кезде жойылады. Ал, ондай жағдай ешқашан болмайды. Өйткені, барлық жерде адамдар бірдей. Олар әрқашан да құрғақ және жылы болғанды қалайды.

Тоңғақ: Біз оны қалай сиқырлаймыз?

Шалшық: Мен қазір кесеге батпақты араластырып, сұлулық сусыны деп беремін. Қазір менің сйқырымды көресің.  Көрікті де сұлу күз ханшасы сен сондай әдемісің, бірақ одан да әдемі, сұлу болып, жасарғың келе ме? Егерде әдемілігіңді жоғалтқың келмесе менде бір тамаша жасаруға, сұлулыққа қарсы сусын бар, өзің ішіп  көрші, - деп күзге сусынды береді. Мен де осы сұлулық суынының арқасында әлі әдемілігімді жоғалтқан жоқпын. Өзің де байқаған боларсың?

Күз: Сұлулыққа қарсы дейсіңдер ме?  Қане, ішіп көрейінші,- деп ішіп алады.

Шалшық: Қане, енді  орныңда үш рет қана  айналсаң болды, сұлулығыңды жоғалтпайсың деп орынында айналдырады.

Күз: Ой, балалар мен шаршап қалған сияқтымын, мынау шынымен де сұлулық сусыны ма? - деп есінеп орындыққа отырып ұйықтап қалады.

Тоңғақ: Алақай, сиқырланды. Шалшық сен сондай сиқыршы екенсің досым. Жарайсың, әкелші бесті деп екеуі қуанады. Күз ханшалары ұйықтап жақан кезде, мына балақайлардың бәрін тоңдырап шалшық су шашып, ауыртып тастайық - деп балалардың жанында үлкен желпуішпен жүгіріп жүреді. Ал, Шалшық қолына жаңа жылдық жылтырлармен су шашқан сияқты кейіп танытады.

Жүргізуші: Тоқтаңдар,  сендер не істеп жүрсіңдер?  Күз ханшайымына не істедіңдер? Балалар  енді қалай күз ханшасын құтқарамыз? Тоңғақ, Шалшық  сендер мерекеге келдіңдер ғой. Мерекеміздің шырқын бұзғандарың не?

Шалшық: А, айтпақшы Тоңғақ біз мерекеге келіппіз ғой. Ендеше балаларға деп алып келген  сыйлықтарымызды табыстайық, - деп кәмпит алып шығады.

Тоңғақ: Кәмпитті Оқиды Баунти

Шалшық: Баунти емес – ол тмаути.

Тоңғақ: Келесі кәмпитті алып оқиды Сникерс

Шалшық: Өзіңсің сникерс. Бұл сникерс емес – жөтелетүс

Тоңғақ: А, солай болса солай шығар жүр мыналарға таратып берейік, - деп тарата бастайды. Ал, балалар түшкіре бастайды.

Жүргізуші: Балалар, мына кәмпиттерді жемеңдер. Бұны Шалшық пен Тоңғақ бізді ауырсын деп берді. Қане, балалар кәмпиттерді жинап өздеріне қайтарып берейік. Өздері жесін, - деп қайтарып береді.

Тоңғақ: Жемегендеріңе өкінетін боласыңдар, - деп екеуі кәмпиттерді  жинап алады.

Жүргізуші: сыбырлап Айтпақшы балалар бағана Шалшық пен Тоңғақ күздің сиқырын жою үшін оны жақсы көріп, қайтадан қонаққа шақыру керек деп еді ғой? Балалар, мүмкін күзді мақтап ән айтып  көреміз. Сол кезде күз оянар. Қане, ендеше «Күз келгенде» әнін  арнайық.

Ән: «Күз келгенде»

(Ән аяқтала күз оянады, бәрі қол соғып қарсы алады.)

Жүргізуіш: Байқаған боларсыңдар, Шалшық, Тоңғақ біздің балалардың қандай мықты екенін. Сиқырлап тастаған күзді де оятып, ортамызға шақырдық.  Ал, енді  тағы да қандай ойлаған ойларың бар? – деп мысқылдайды.

Тоңғақ: Ой, таңғалып тұрғанымды қарашы. Мына балалар қалай күзді жақсы көреді. Өздерінің әндерімен сиқырдың күшін жойып күзді оятты.

Шалшық: Жүр, Тоңғақ екеуімізден түк шықпайтын сияқты. Одан да ешкім байқамай тұрғанда қашып кетейік. Әйтпесе екеуімізді сиқырлап тастаулары мүмкін.

Тоңғақ: Жүр, жүр тез қашайық, - деп шығып кетеді.

Жүргізуші: Міне, балалар байқаған боларсыңдар біздің қандай екенімізді көрген Шалшық пен Тоңғақтың өздері ақ қашып кетті.

Күз: Балалар, сендерге рақмет. Әндеріңнің күшімен менің сиқырымды жойып мені оятқандарыңа. Балалар, менің сендерге алғысым шексіз.Осы алғысымды ойын арқылы білдіргім келеді.

Ойын: «Есіңде сақта».

Шарты: Балалар шеңберге тұрады да музыка әуенімен билеп жүреді. Кенет музыка әуені тоқтаған кезде Күз ханшайымның бұйырығын тыңдап жел десе қолымен кеудесіне қарай желпиді,  жаңбыр десе отыра қалып еденді  тырнақтарымен тоқылдатады, найзағай десе біресе оң қолдарын, біресе сол қолдарын жоғары көтереді,  күн десе онда екі қолдарын жоғары көтереді, ал   қолшатыр десе екі қолдарын бастарына қойып отыра қалады.  Бұйрықты дұрыс тыңдап.  Қимылдарды шатаспай көрсете білулері керек. Кімде кім дұрыс көрсетпесе ойыннан шығады. Кім соңына дейін дұрыс ойнаса сол жеңімпаз атанады. Ойын осылай жалғасын табады.

Жүргізуіш: Рақмет күз саған. Балалардың көңілдерін бір көтердің. Ойын өте қызық болды. Біздің балаларға ұнады. Енді балақайлардың орындауындағы көңілді оркестрді  қабыл ал.

Би: «Көңілді оркестр»

Күз: Бәрекелді жарайсыңдар балалар!

Жүргізуіш: Күз бүгінгі сенімен өткізген мерекеміз  өте көңілді болды. Бізді қонаққа шақырғаныңа ризамыз. Біздің сізбен қоштасатын уақытымыз да келді. Ал, балалар тобымызға қайтайық.

Күз: Балалар күз мерекесіне келіп өнерлеріңді паш еткендеріңе рақмет. Мына  қолшатырды сыйға тартамын.

Жүргізуші:Қолшатыр дейсіз бе? – деп таңқалады. Күз ханшасы бұл  қолшатыр балалардың бәріне жетпейді, біздің топта балалар көп.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын куз,жайдарлы жаркын куз" мерекелік ертеңгіліктің сценарийі.»

Жүргізуші:

Балалар, күз бізді өзіне саяхатқа шақырды. Ешқайсысымыздың кешікпеуімізді сұрады ғой. Баратын уақыт та келіпті. Жүріңдер, автобусымыз да келді, -деп музыка әуенімен жүргізуішнің қолында рульі бар залды бір айналып сыртқа шығып кетіп екінші есіктен келіп кіреді де, орындыққа барып отырады.

Ой, балалар мында қараңдаршы біздің ата – аналарымызда бізден бұрын жетіп алыпты қане олармен амандасайық, - деп барлығы бірге амандасады.

Қош келдіңіз бүгін бізге бәріңіз,

Қош келдіңіз көңіл – күйге сеніңіз.

Қош келдіңіз шыққан күндей жарқырап.

Қызықты сәтті бізбен бірге көріңіз.

Ой, балалар күздің өзі қайда? Мерекеге өзі шақырып алып жоқ болғаны қызық болды ғой. Мүмкін, ол біздің келгенімізді естімей жатқан болар. Қане, ендеше күз туралы әнімізді шырқап оны ортаға шақырайық.

Ән: «Алтын күз»

(Ән аяқтала залға билеп күз кіреді)

Күз: Армысыңдар, бармысыңдар кішкентай менің балақайларым! Қош келдіңдер! Мен өздеріңнің әсем әндеріңді естіп келдім. Мені көп тосып қалған боларсыңдар? Кешірім сұраймын. Айналаны сары алтынға бояп, айналаны түрлендіріп, орталарыңа келіп жеткенімше осынша уақыт болды.

Жүргізуші:

Өзіңізбен ортамыз толсын. Біз де сізді көргенімізге қуаныштымыз.

(Осы кезде себелеп жаңбыр жауа бастайды.)

Күз: Ой балалар, тыңдаңдаршы! Бұл ненің дауысы?

Балалардың жауабы:

Күз:Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұл жаңбырдың дауысы. Қане, ендеше су болып қалмай тұрмағанда «Қолшатыр» ойынын ойнайық.

Жүргізуші: Әрине, әрине

Күз: Ойын «Қолшатыр»

Шарты: Сиқырлы қолшатырды айналдырып, сиқырлы сөз айтады. Ал балалар әннің сөзіне сәйкес қимыл жасаулары керек.

Қолшатырды сиқырлы,

Айналдырып кәдімгі.

Жапыраққа мен қазір

Айналдырам бәріңді.

Қолшатырды сиқырлы,

Айналдырып кәдімгі.

Саңырауқұлаққа мен қазір

Айналдырам бәріңді.

Қолшатырды сиқырлы,

Айналдырып кәдімгі.

Әнгелектерге мен қазір

Айналдырам бәріңді.

Қолшатырды сиқырлы,

Айналдырып кәдімгі.

Тырналарға мен қазір

Айналдырам бәріңді.

Қолшатырды сиқырлы,

Жабамын да қайтадан.

Барлығыңды мен қазір,

Өз орныңа қайтарам.

Міне жаңбырда тоқтаған сияқты. Ойын ұнады ма сендерге?

Жүргізуші: Ойын өте қызықты болды. Рақмет сізге күз ханшайымы.

Күз бүгін біздің ортамызда болғаныңыз қандай тамаша. Енді балалардың өзіңізге арнап жаттаған тақпақтарын қабыл алыңыз.

Тақпақтар

Күз: Тақпақтарды да жақсы айта білдіңдер.

Жүргізуші: Енді мен сендерге өзімнің күзгі жапырақтарымды сыйға тартып. Жапырақтармен ән айтып, би билеуге шақырамын. Қанекей, келіңдер деп, - балалардың қолдарына жапырақтарды ұсынады.

Би: «Сиқырлы жапырақтар». Қабыл алыңыз.

(Би аяқтала музыка әуенімен залға Тоңғақ пен Шалшық кіреді)

Тоңғақ: Күз мезгілі келгенде бізді яғни Шалшық пен Тоңғақты ешкім құшақ жая қарсы алмайды.Керісінше, барлық адамдар дірілдеп тонып, батпақ шалшыққа түсіп кетпейік деп қорқып қашады. Адамдар күзді күткен сияқты бізді де неге күтпейді екен?! Соны мен білмеймін.

Шалшық: Мен де білмеймін, - деп екеуі бастарын түсіріп мұңаяды.

Тоңғақ: Балаларды байқағандай болып: Ой, Тоңғақ мында қара? Біз өзі қайда келгенміз? Мынау балалар ғой. Бізді де күтіп отырған балалар бар сияқты ғой, - деп орындарынан тұрады.

Шалшық: Тоңғақ сен не деп тұрсың? (Түшкіреді) Қанша өмір сүрсем де ешқашан да мені біреудің қонаққа күткенін көрмеппін – деп мұңаяды

Тоңғақ: Иә, шынымен де мені де ешкім қонаққа күтіп көрмепті.

Шалшық: Қойшы, досым мұңая бергеннен не шығады. Одан да мына балақайлар мен көңілімізді көтерейік. Бірақ, бұлар бізді қонақ қылып күтпесе өкінетін болады, мерекелерінің сиқын бұзатын боламыз. Солай ғой досым.

Тоңғақ: Басын шұлғып ой, ой мынау кім ей өзі? – деп күзге қарай жақын барып. Мынау әлгі, (балаларға қолын шошайтып) мына балалардың асыға күтетін мейірімді күздері ғой.

Шалшық: Жай күз емес Алтын күздері ғой. Өзіне қарашы, мәз болып қуанып тұр.

Тоңғақ: Әрине, қуанады. Өйткені барлығы оған әндерін айтып, билерін билеп, алтын күз деп тақпақтарын айтып оны мақтаса, ол қуанбаған да мен қуанамын ба?

Шалшық: Жылап тұрып: Бізді ешкім де жақсы көрмейді

Тоңғақ: Шалшық несіне сонша жылайсың? Одан да мыналардың қалай сазайын тарту жолын ойластыр.

Шалшық: (Ойланғандай болып)Таптым,таптым алақай! Қазір біз күзді сиқырлап ұйықтатып тастайық, сол кезде күз ұйықтап қалады.Сосын екеуіміз мына жерді шалшыққа толтырсақ «Алтын күз» мезгілі, жаңбырлы күзге айналады. Содан кейін күзді барлығы жек көріп кетеді.

Тоңғақ: Егер сиқырдың күші жойылса ше?

Шалшық: Сен өзі не деп тұрсың? Сиқырдың күші егер күзді барлық адамдардың бәрі жақсы көріп, оны қонаққа шақырған кезде жойылады. Ал, ондай жағдай ешқашан болмайды. Өйткені, барлық жерде адамдар бірдей. Олар әрқашан да құрғақ және жылы болғанды қалайды.

Тоңғақ: Біз оны қалай сиқырлаймыз?

Шалшық: Мен қазір кесеге батпақты араластырып, сұлулық сусыны деп беремін. Қазір менің сйқырымды көресің. Көрікті де сұлу күз ханшасы сен сондай әдемісің, бірақ одан да әдемі, сұлу болып, жасарғың келе ме? Егерде әдемілігіңді жоғалтқың келмесе менде бір тамаша жасаруға, сұлулыққа қарсы сусын бар, өзің ішіп көрші, - деп күзге сусынды береді. Мен де осы сұлулық суынының арқасында әлі әдемілігімді жоғалтқан жоқпын. Өзің де байқаған боларсың?

Күз: Сұлулыққа қарсы дейсіңдер ме? Қане, ішіп көрейінші,- деп ішіп алады.

Шалшық: Қане, енді орныңда үш рет қана айналсаң болды, сұлулығыңды жоғалтпайсың деп орынында айналдырады.

Күз: Ой, балалар мен шаршап қалған сияқтымын, мынау шынымен де сұлулық сусыны ма? - деп есінеп орындыққа отырып ұйықтап қалады.

Тоңғақ: Алақай, сиқырланды. Шалшық сен сондай сиқыршы екенсің досым. Жарайсың, әкелші бесті деп екеуі қуанады. Күз ханшалары ұйықтап жақан кезде, мына балақайлардың бәрін тоңдырап шалшық су шашып, ауыртып тастайық - деп балалардың жанында үлкен желпуішпен жүгіріп жүреді. Ал, Шалшық қолына жаңа жылдық жылтырлармен су шашқан сияқты кейіп танытады.

Жүргізуші: Тоқтаңдар, сендер не істеп жүрсіңдер? Күз ханшайымына не істедіңдер? Балалар енді қалай күз ханшасын құтқарамыз? Тоңғақ, Шалшық сендер мерекеге келдіңдер ғой. Мерекеміздің шырқын бұзғандарың не?

Шалшық: А, айтпақшы Тоңғақ біз мерекеге келіппіз ғой. Ендеше балаларға деп алып келген сыйлықтарымызды табыстайық, - деп кәмпит алып шығады.

Тоңғақ: Кәмпитті Оқиды Баунти

Шалшық: Баунти емес – ол тмаути.

Тоңғақ: Келесі кәмпитті алып оқиды Сникерс

Шалшық: Өзіңсің сникерс. Бұл сникерс емес – жөтелетүс

Тоңғақ: А, солай болса солай шығар жүр мыналарға таратып берейік, - деп тарата бастайды. Ал, балалар түшкіре бастайды.

Жүргізуші: Балалар, мына кәмпиттерді жемеңдер. Бұны Шалшық пен Тоңғақ бізді ауырсын деп берді. Қане, балалар кәмпиттерді жинап өздеріне қайтарып берейік. Өздері жесін, - деп қайтарып береді.

Тоңғақ: Жемегендеріңе өкінетін боласыңдар, - деп екеуі кәмпиттерді жинап алады.

Жүргізуші: сыбырлап Айтпақшы балалар бағана Шалшық пен Тоңғақ күздің сиқырын жою үшін оны жақсы көріп, қайтадан қонаққа шақыру керек деп еді ғой? Балалар, мүмкін күзді мақтап ән айтып көреміз. Сол кезде күз оянар. Қане, ендеше «Күз келгенде» әнін арнайық.

Ән: «Күз келгенде»

(Ән аяқтала күз оянады, бәрі қол соғып қарсы алады.)

Жүргізуіш: Байқаған боларсыңдар, Шалшық, Тоңғақ біздің балалардың қандай мықты екенін. Сиқырлап тастаған күзді де оятып, ортамызға шақырдық. Ал, енді тағы да қандай ойлаған ойларың бар? – деп мысқылдайды.

Тоңғақ: Ой, таңғалып тұрғанымды қарашы. Мына балалар қалай күзді жақсы көреді. Өздерінің әндерімен сиқырдың күшін жойып күзді оятты.

Шалшық: Жүр, Тоңғақ екеуімізден түк шықпайтын сияқты. Одан да ешкім байқамай тұрғанда қашып кетейік. Әйтпесе екеуімізді сиқырлап тастаулары мүмкін.

Тоңғақ: Жүр, жүр тез қашайық, - деп шығып кетеді.

Жүргізуші: Міне, балалар байқаған боларсыңдар біздің қандай екенімізді көрген Шалшық пен Тоңғақтың өздері ақ қашып кетті.

Күз: Балалар, сендерге рақмет. Әндеріңнің күшімен менің сиқырымды жойып мені оятқандарыңа. Балалар, менің сендерге алғысым шексіз.Осы алғысымды ойын арқылы білдіргім келеді.

Ойын: «Есіңде сақта».

Шарты: Балалар шеңберге тұрады да музыка әуенімен билеп жүреді. Кенет музыка әуені тоқтаған кезде Күз ханшайымның бұйырығын тыңдап жел десе қолымен кеудесіне қарай желпиді, жаңбыр десе отыра қалып еденді тырнақтарымен тоқылдатады, найзағай десе біресе оң қолдарын, біресе сол қолдарын жоғары көтереді, күн десе онда екі қолдарын жоғары көтереді, ал қолшатыр десе екі қолдарын бастарына қойып отыра қалады. Бұйрықты дұрыс тыңдап. Қимылдарды шатаспай көрсете білулері керек. Кімде кім дұрыс көрсетпесе ойыннан шығады. Кім соңына дейін дұрыс ойнаса сол жеңімпаз атанады. Ойын осылай жалғасын табады.

Жүргізуіш: Рақмет күз саған. Балалардың көңілдерін бір көтердің. Ойын өте қызық болды. Біздің балаларға ұнады. Енді балақайлардың орындауындағы көңілді оркестрді қабыл ал.

Би: «Көңілді оркестр»

Күз: Бәрекелді жарайсыңдар балалар!

Жүргізуіш: Күз бүгінгі сенімен өткізген мерекеміз өте көңілді болды. Бізді қонаққа шақырғаныңа ризамыз. Біздің сізбен қоштасатын уақытымыз да келді. Ал, балалар тобымызға қайтайық.

Күз: Балалар күз мерекесіне келіп өнерлеріңді паш еткендеріңе рақмет. Мына қолшатырды сыйға тартамын.

Жүргізуші:Қолшатыр дейсіз бе? – деп таңқалады. Күз ханшасы бұл қолшатыр балалалаардың бәріне жетпейді, біздің топта балалар көп.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Алтын куз,жайдарлы жаркын куз" мерекелік ертеңгіліктің сценарийі.

Автор: Джумагулова Арай Серікболовна

Дата: 30.10.2017

Номер свидетельства: 435489


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства