І.Ұйымдастыру II. Қызығушылықтарын ояту. Оқушыларды топқа бөлу \3 мин\ Жасыл, қызыл, сары түстер арқылы 3 топқа бөлінейік. Шағын топтарда топ ережесін құру. Әр топтың«Мінсіз бақылаушыны» сайлайық. Білімдерін жан - жақты тексеру. \8 мин\ « Даналық ағашында» өткен « Бір негізді қанықпаған қышқылдар» туралы сұрақтар ілінген. Төменнен жоғары қарай сұрақтар күрделене бастайды. 3 деңгейдің де сұрағына жауап берген, жоғары ұпай жинаған оқушы ағаш ұшындағы « Білім кілтін» ала алады. Сұрақтар: . 1.Карбон қышқылдары дегеніміз не? Жалпы формуласы қандай? 2.Карбон қышқылдары қалай жіктеледі? 3. Қанықпаған карбон қышқылы дегеніміз не? Мысал келтір 4. Қанықпаған карбон қашқылдарының қаныққан қышқылдрға ұқсас қандай химиялық қасиет тән? 5. Қанықпаған көмірсутектерге тән қандай реакциялар қанықпаған карбон қышқылдарында болады? Мысал келтір 1.Молекуласында 4 көміртек атомы болатын карбон қышқылының салыстырмалы молекулалық массасы 2. 2-метилбутен-2 қышқылының құрылымдық формуласын жаз 3. 2-этилпропан қышқылының формуласын жаз |