kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кіріктірлген ашы? саба? "К?рделі эфирлер мен майлар, сабын ж?не синтетикалы? жу?ыш заттар".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Органикалы? химия п?нінен  ал?ан білімдерін еске т?сіру ар?ылы к?рделі эфирлер мен  майларды? жіктелуін,аталуын,я?ни оны? ??рамында?ы сабынны? сілтілігін  ж?не синтетикалы? жу?ыш заттарды?  жасауда?ы ма?ызын а?ылшын тілімен байланыстыра отырып,  кейбір   ?осылыстармен  алу жолдарын т?сіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кіріктірлген ашы? саба? "К?рделі эфирлер мен майлар, сабын ж?не синтетикалы? жу?ыш заттар". »


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «БАЛДӘУРЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ»

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ – САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ БЕРУ КЕШЕНІ



8 «А» сынып биология пәні ашық сабақ

Құрастырушы:

Қожахметова Г.К

химия және

биология пән мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: VI бөлім.Тірек –қимыл аппараты

1 слайд.

«Қаңқа бөлімдері».

Өткізілетін мерзімі : 29.11. 2012 ж.

Өткізілетін орны: химия кабинеті

Сабақтың мақсаты:

Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы жаңа анатоимиялық-физологиялық түсініктерді қалыптастыру, қаңқаның құрылысы мен қызметтері туралы білімдерін арттыру.

Міндеттері:

-қаңқа бөлімдерінің түрлерімен таныстыру; адам өмірінде тік жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған ерекшеліктерін анықтауға үйрету.

-сүйектің құрамы мен қасиеттерін салыстырып, ортақ қасиеттерін ажырата білуіне білімдерін толықтыру, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру, өздігінен білімге қызығуын тудыру және ойлау қабілетін дамыту;

- оқушыларды пәнге қызығушылыққа, іздемпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, алған білімдерін күнделікті тұрмыста өмір тәжірбиесінде пайдалана білуге тәрбиелеу;

- қауіпсіздік ережелерін әрдайым есте сақтау.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: эвристикалық түсіндіру, көрнекіліктер көрсетіп сұхбаттасу, дәріс беру, өзіндік жұмысын орындау.

Пән аралық байланыс: химия, медицина, өзін-өзі тану, биология.

Көрнекі құрал жабдықтар: интерактивтік тақта, проектор, компьютер, слайд, склет, муляж, бейнефильм.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу.

2.Сыныпты түгендеу.

ІІ.Жаңа материалды оқыту.

2 слайд.Тірек-қимыл мүшелер жүйесінің маңызы: тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бірімен-бірі берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді - жамбас белдеулері сүйектері корғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі - қимыл (қозғалу). Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан, минералды алмасуға қатысады.

3 слайд.Адам қаңқасының бөлімдері:Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар.

4слайд.

5,6 слайд.



7слайд. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.



Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан, түтікті сүйектер деп те атайды. Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бассүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері - жалпақ сүйектер.

1)Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.

2)Тұлға қаңқасы - омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.

3)Омыртқа жотасы - тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ омыртқалар.

8 слайд.

Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда - мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Иілімдер дененің тепетеңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бірімен-бірі жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл - қалыпты құбылыс. Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі бұзылғанда сколиоз (грекше - қисаю, иілу) ауруы пайда болады.

9слайд.

ІІІ.Білімдерін толықтыру (Бейнефильм)

10слайд.

ІҮ.Тапсымалар арқылы сабақты бекіту:





11слайд.

12слайд.

13слайд.



Адам ағзасына көрсететін алғашқы көмек.

Медицина кешенінің қызметкері: Роза


Ал ,балалар мына сөздердің мағынасын талқылап көрейік:

Ақ сүйек адам. (төре тұқымды, хан әулиетінен таралған адам)

Он екі мүше.( 12 жас мүше, сыйлық қонақтарға мүшелеп ет салу)

«Таяқ еттен өтеді,сөз сүйектен өтеді»

Қосымша мәлімет:


Сабақты қорытындылау:


1.Тірек – қимыл жүйесі деп неліктен атайды?

2.Қаңқа деген не?Неше бөліктен тұрады?

3.Тұлға қаңқасын құрайтын сүйектерді ата?

4.Омыртқа жотасы қанша жерден иіледі, нәрестелерде иілімдер бола ма? Иілімдердің қандай маңызы бар?

5.Кеуде торы қандай сүйектерден құралады?

6.Қысқа сүйектерді атаңыз?

7.Түтікті сүйектерге жататындар

8.Адамда омыртқаларының саны

9.Төссүйек қайда болады, саны қанша?

10.Арқа омыртқасының саны қанша?

Есте сақтау.

Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:

1.орындықта түзу отырмау;

2.жазу үстелі мен орындық биіктігінің сәйкессіздігі;

3.көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;

4.сүйектер мен бұлшықеттердің нашар дамуы және т. б.


ҮІІ.Бағалау.

ҮІІІ.Рефлексия.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Автор: Кожахметова Гульбаршин Кайратовна

Дата: 05.11.2014

Номер свидетельства: 126367


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства