Білімділік міндеттері: Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; - оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету; - оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау. 1.Мұғалімнің түсіндіруі: Бұл кластың атауынан молекулада үш еселі байланысы бар екені белгілі. Қанықпаған көмірсутектердің тағы бір түрімен танысайық. Олар құрамында үш еселі байланысы бар көмірсутектер- алкиндер. Алкиндер- құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы болатын қанықпаған көмірсутектер. Жалпы формуласы арқылы алкиндердің сәйкес алкендерден де қанықпағандығы басым екенін байқауға болады. Бұған көз жеткізу үшін көміртек сандары бірдей көмірсутектердегі сутектерді салыстырайық: C2H6 этан C2H4 этен C2H2 этин Алкиндердің жалпы формуласы алкадиен көмірсутектермен бірдей:. Алкиндердің химиялық қасиеттері. Ацетилен және оның гомологтарына тән реакция: Қосылу , тотығу, полимерлену реакциялары. 1.Қосылу реакциялары 1) Ацетилен қатарындағы көмірсутектер галогендермен әрекеттеседі. Мысалы , ацетилен бром суын түссіздендіреді. Бромды қосып алу екі сатыда жүреді: НС ≡ СН + Br2 CHBr = CHBr 1,2-дибромэтен СHBr = CHBr + Br2 CHBr2 – CHBr2 1,1,2,2-тетрабромэтан 2) Жоғары температурада (катализатор қатысында) ацетилен сутекті қосып алады. Ацетиленді гидрлеу, қосып алу екі сатыда жүреді HC≡ CH + H2 катализатор H2C = CH2 этилен H2C = CH2 + H2катализатор CH3 – CH3 Этан 3) Ацетилен күрделі заттармен де әрекеттеседі. реагирует так же со сложными веществами. Сынап (II) сульфатының қатысында ацетилен суды қосып алады (гидратацияланады), ацетальдегид түзіледі(сірке альдегид) М.Г.Кучеров реакциясы : HgSO4 O H – C ≡ C – H + HOH CH3 - C H Ацетальдегид Егер ацетиленге хлорсутек қосылса, онда то образуется газ тәрізді зат винилхлорид, немесе хлорвинил түзіледі: HC≡ CH + HCI CH2 = CHCI Винилхлорид 2.Тотығу реакциясы. 1) Ацетилен калий перманганатын түссіздендіреді.Яғни, ацетилен (этилен сияқты) оңай тотығады: 2) Ацетилен ауада күйелі жалынмен жанады. C2H5 +O2 C+CO + H2O Егер қосымша оттек немесе ауа үрлесе , ацетилен толық жанады. 2C2H5 +5O2 4CO2 + 2H2O Ацетиленмен ауа немесе оттек қоспасы қопарылыс беруі мүмкін. Таза ацетилен қысымды 0,2 МПа(2 атм.) көтергенде қопарылыс береді,сондықтан оны ацетон ерітіндісі ретінде поралы металдармен көмірге сіңіріп (1,5-2,5 МПа қысымда) баллондарда сақтап, тасымалдайды 3. П о л и м е р л е н у р е а к ц и я с ы. Винилхлорид полимерленеді: CH2 = CH + CH2 = CH + …. ( - CH2 – CH - )n CI CI CI поливинилхлорид Мыс (ІІ)хлоридінің қатысында ацетилен димерленіп,тримерленеді HC≡ CH+HC≡ CH HC≡C-CH=CH2 Винилацетилен(бутен-1ин-3) 450-500 С –қа дейін қыздырылған көмірдің үстінен өткізгенде, ацетилен бензолға айналады. 3HC≡ CH C6H6 4.Орынбасу реакциялары HC≡ CH+Ag2O Ag C≡ C Ag +Н2О 11-В-1 көру Ацетиленнің қолданылуы Органикалық синтезде көп қолданылады. Ол синтетических каучук алуда , поливинилхлорид бастапқы өнім ретінде жұмсалады. Ацетиленнен сірке қышқылын, еріткіштер, (трихлорэтилен и 1,1,2-трихлорэтан)алады. Ацетиленді оттегінде жандырғанда өте көп мөлшерде 3150 С жылу бөледі,сондықтан металдарды дәнекерлеуде ,кесуде қолданады. |