Сыныптан тыс шарада оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін, білімдерін толықтыру дамыту мақсатында ұйымдастырылған. шарада топтар арасында сайыс ұйымдастырылады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Элементтер -химия негізі»
Тақырыбы: Элементтер –химия негізі
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыра отырып, дүниетанымдарын, ой-өрістерін , ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту, зейінділікке, ұйымшылдыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Сайыс сабақ
Көрнекіліктері: нақыл сөздер, слайдтар
Сабақтың жоспары:
Сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақыру
Сайыстың жоспарымен, ережелерімен таныстыру
Қазылар алқасымен таныстыру.
І -сайыс: «Ол кім? Бұл не?» Топтардың барлығына ортақ сұрақтар қойылады, бұрын жауап берген топқа, дұрыс болса, 10 ұпайдан беріліп отырады.
Ол кім?
1.“Химиялық элемент” ұғымын химияға алғаш енгізген ағылшын ғалымы және “химиялық элемент” деп заттың құрам бөлігін айтқан кім?
2.Сутектің жайзат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген француз ғалымы, ол кім?
3.Оттекті бос күйінде алып, оның ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеген ағылшын химигі мен швед ғалымы, ол кім?
4.Фтор мен хлордан кейінгі белсенді галоген- бром, оны 1826 жылы ашқан француз оқымыстысы , ол кім?
5.Бірдей жағдайда әртүрлі газдардың бірдей көлеміндегі молекулалар саны бірдей болады деп, 1881 жылы газдар жайлы заң ұсынған итальяндық ғалым, ол кім?
6.Инертті газдарды ашқан ағылшын оқымыстылары, олар кімдер?
7.Орыс ғалымы, ұлы химик Д.И. Менделеевтің есімімен аталатын № 101 элемент менделеевийді 1955 жылы ашқан американ физигі, ол кім?
8. 1875 жылы галлийді ашып, Д.И. Менделеевтің “экоалюминий” деп сипаттап жазғанын дәлелдеген француз оқымыстысы, ол кім?
9. Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын жасаған, Менделеевтің периодтық жүйесіндегі барлық химиялық элементтердің Қазақстан жерінде кездесетінін айтқан ғалым, академик, ол кім?
10.Хлор газын марганец оксидіне, бертолле тұзына, калий перманганатына концентрациялы тұз қышқылымен әсер етіп алады, хлорды осы әдіспен 1774 жылы швед оқымыстысы алған, ол кім?
Бұл не?
1.Реттік нөмірі, салыстырмалы атомдық массасы және өзіндік химиялық таңбасы бар, ол не?
2.Тұрмыста “марганцовка” деп аталатын, зертханада оттек алатын күрделі зат , бұл не?
3.Сұйық күйінде екі қабырғалы термостат-Дьюар ыдысында, газ күйінде болат баллонда сақталатын газ. Бұл не?
4. Сутек газын алу үшін қолданылатын қалың қабырғалы, шыны аспап , бұл не?
5. Табиғатта үш түрлі күйде болатын, еріткіш қасиеті бар күрделі қосылыс, ол не?
6. Қышқыл мен сілті ерітіндісінің әсерінен түсін өзгертетін зат, ол не?
Барлық қышқылдардың анасы, ол не?
7.Күрделі заттардың құрамында екі немесе одан да көп түрлері болуы мүмкін, заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі, бұл не?
8. Онымен тансыпайынша химиялық зертханаға кіру де, жұмыс істеу де мүмкін емес, ол тек зертханада немесе кабинетте қолданылып қоймайды, күнделікті тұрмыста жиі қажет болады, бұл не?
9. Су қайнап буға айналады, ұшады, суығанда қайтадан сұйық суға айналады, еріген заттардан тазарып, оны дәріханаларда дәрі жасағанда, зертханада ғылыми- зерттеу жұмыстары кезінде пайдаланады, бұл не?
10. Ядроларында протон сандары бірдей, бірақ массалары әр түрлі, белгілі элементті құрайтын атомдар түрі және грекше “бір орынға орналасушы” деген мағынаны білдіреді, бұл не?
ІІ- сайыс «Ойлы болсаң ,озып көр»
Бұл сайыста араласқан сөздерден мақал- мәтелді құрастыру керек.. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.
ІІІ- сайыс «Білгенге маржан»
Бұл сайыста элементтердің ашылу тарихынан сұрақтар қойылады. Оқушылар сол элементтерді табу қажет. Дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.
1.Неміс химигі Хенниг Бранд адамдардың 50шелек зәрін жинап, оны айлар бойы өзінің жерқоймасында сақтаған. Ол зәрді құммен және сумен бірге отқа қыздырғаннан кейін, бір түрлі таңғажайып оқиға болады: қоспа көз қарықтыратын аппақ жарық шығарады. Ол қандай ғажап затты ашты?
2. Ерлі- зайыпты Пьер мен Мария Кюрилерден тұратын команда ураниттің құрамында жаңа радиоактивті элементтің бар екеніне күмән келтірген жоқ. Ураниттің құрамында 30- ға жуық түрлі элементтер бар- сондықтан Кюрилердің осы әрекеті бір мая шөптің ішінен ине іздегенмен бірдей еді. Осы жұмысқа олар 4 жыл уақыт жұмсады. Көбіне олар лас, от жағылмаған, жұпыны ғана аядай тар қуыста жұмыс істеді- бірақ соның есесіне ерлі- зайыптылар жалғыз емес, екі бірдей жаңа элементті тапты. Оның біреуі Марияның Отаны Польша құрметіне аталса, екіншісі радиоактивтілігіне байланысты аталды. Бұл қандай элементтер еді?
3.1868 жылы Күн толық тұтылған кезде астроном Пьер Янссен Күннен шашырап жатқан сарғыш ирек сызықты көреді. Оған жаңа химиялық элемент деген атақ береді. Алдымен ғарыштан, содан кейін ғана жерден табылған жалғыз элемент еді.Ол элемент қалай аталады?
4. Ғаламшардағы ең ірі гүлдердің бірі- аморфофаллус, ол төрт жылда бір рет жайнап гүлдейді, бірақ .. Шіріген балықтың иісін шығарады. Бал аралардың кейбір түрлеріне осы “хош иіс” ұнайды.Сондықтан олар гүлге қонып, оны тозаңдырады. Бұл гүл неліктен жаман иіс шығарады? Ол қандай элементтің қосылысы болуы мүмкін?
5. Ерте замандардан бастап улы екенін біле тұра, осы элементті өнеркәсіпте, медицинада, ауыл шаруашылығында пайдаланған.қалпақ өнеркәсібіндегі жұмысшылар киіз өндірісінде пайдаланылатын осы элементтің қосылыстарынан уланған және елес көрінуден зардап шеккен. Тек 20-шы ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында ғана ғалымдар бұл элементті пайдалануға шек қоюды ұсынған. Ол қандай элемент еді?
6. Шотландиядағы бір ауылдың құрметіне аталған бұл элемент, телевизор және дисплей экрандарындағы шынының құрамына кіреді, сигналдық ракеталарға қан қызыл түс береді.Теңіз тереңінде мекендейтін кейбір тіршілік иелерінің қабыршақтарында кездеседі. Бұл қандай элемент?
IV-сайыс «Жұмбақталған элементтер»
Бұл сайыста химиялық элементтерге байланысты қойылған жұмбақтар шешуін табу керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.
1.Алақанда еритін,
Элементті білсеңіз.
Жұмсақтығым тағы бар,
Пышақпенен тілсеңіз.
2. Құйма мен қазба байлықпын,
Тоқ жүретін бір ағыс
Ыдыс- аяқ жағына,
Қосып жүрмін ұлан іс.
3. Бүлдіргіш деген атым бар,
Атыма сай затым бар.
Металдар көрсе қашады,
Дәрежем сонда асады,
Оттек атты көршім бар,
Қатар бірге аршындар.
4. Мақтансам мен қалмаңыздар таңданып,
Еңбегім зор болып тұр бұл таңда анық.
Болат, шойын құймаларым барында
Тұрайын мен жан- жағыма паңданып.
5. Қойдың сүтін мадақтап,
Теңейді халық біздерге,
Оқ жасайтын қасиетім,
Таныс бүгін сіздерге,
Сырым көп әлі ашпаған,
Жол табыңыз іздеуге.
6. Кино, сурет аулында,
Араласамын жарқылдап.
Органикалық синтезде,
Жүремін ылғи салқындап.
V-сайыс «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Бұл сайыста әрбір топ берілген үш тақырыптан біреуін таңдап, сол бойынша өз жобаларын ортаға салады. Бұл сайыста оқушылар өздерінің шешендік өнерлерін ортаға салады. Ең жоғары ұпай 30.
Химия және экология
Элементтер – химия негізі
Химия тұрмыста
Қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңіске жеткен топ марапатталады.
«Бекітемін» «Келісілді»
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ә/Б жетекшісі: Рысқалиева А.С.