kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химия ?лемінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Химия ?лемінде» та?ырыбы бойынша 9-сыныпта ?ткізілген интеллектуалды саба?ты? жоспары

Б?л ойын саба?ы теледидарда к?рсетіліп ж?рген «Не? ?ашан? ?айда?» интеллектуалды шоуды? ізімен ж?ргізіледі.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Ойын саба?ы ар?ылы о?ушыларды? білімін жина?тау, ?орытындылау, химия?а байланысты ішінара ізденуге талпындыру, химияны? негізгі ??ымдары жайында білімні? негізін беру ж?не оны? ?алыптасуын ба?ылау.

Дамытушылы?: Химиялы? заттармен ж?мыс істей білу да?дысын, логикалы? ойлауын дамыту, к?рген деректерді пайдалана білуіне ж?не химия п?ніне ?ызы?ушылы?ы мен таным ?рекетін арттыру. О?ушыны? жекелей дамуы, ?зін-?зі дамыту ж?не жетілдіру, дер кезіндегі ж?не обьектілі ба?ылау?а ?мтылу.

Т?рбиелік: Химия п?ніне ?атысты талаптарды? ??ыптылы?пен орындалуын, т?зімділік ?асиет пен ?йымшылды? ?асиеттерін ?алыптастыру, есте са?тау ?абілеттерін арттыра отырып жауапкершілікке т?рбиелеу.

Саба?ты? жабды?тары: Д.И. Менделеевті? периодты? ж?йесіні? кестесі, «Заттарды? суда ерігіштігі» кестесі, «Иондарды сапалы? аны?тау» кестесі, химиялы? реактивтер, интерактивті та?та.

Саба?ты? ?дісі: Сыни т?р?ыдан ойлау технологиясы  (о?ушы «Мен не білемін, жа?аша нені білдім, білімім ?алай ?згерді, мен осы біліміммен не істей аламын?» деген с?ра?тар ?ойып ?йренеді).

Саба?ты? ?раны:

Тап?ырсы?дар, білесі?дер, білімге сенесі?дер,

Химияны? тілін тауып, білімдіге ересі?дер.

Заманауи ?о?ам?а танымал, білгір болып,

Ізденумен, талапты оймен же?есі?дер!!!

Саба?ты? барысы:  С?леметсіздер ме, ??рметті ?она?тар, о?ушылар! Б?гінгі интеллектуалды ойын саба?ына ?ош келіпсіздер!

Орта?а (д??гелек стол?а) тап?ыр о?ушыларды ша?ырамын (музыка ойналады).

 М??алім б?гінгі саба?ты? ж?ргізілу т?ртібімен таныстырады.

Олар мынадай:

  1. Б?гінгі ?ойылатын с?ра?тарды? б?рі химия ?ылымына ?атысты болады
  2. С?ра? о?ыл?анда тыныш ты?дап ж?не жазып алу ?ажет
  3. К?рермендер де ?ойыл?ан с?ра? пен жауапты д?птерлеріне жазып отырады
  4. С?ра?ты тал?ыла?анда к?рермен о?ушылар тыныш отырады, к?мектеспейді
  5. Жауап д?рыс берілмесе, к?рермендерді? к?мектесуіне болады
  6. Жауап берушіні команда капитаны аны?тайды
  7. Ойынны? есебі арнайы таблода к?рсетіледі
  8. Барабан айналып, ?андай сектор?а т?ссе, сол секторды? с?ра?ы о?ылады
  9. Са?ат тілі ар?ылы с?ра?ты тал?ылау?а 1 минут уа?ыт беріледі
  10. Жауапты та?та?а шы?ып, реакция те?деуін жазу ар?ылы к?рсету ?ажет

Б?гінгі саба?ты? ?раны айтылып, саба??а с?ттілік тіленеді.

Ойынымызды бастаймыз.

  1.  ( музыка ойналады, барабан айналады)

С?ра?ты Жамбыл облысы ?ордай ауданыны? т?р?ыны Т?марбекова Динара ?ояды. Экран?а назар аудары?ыздар:

«Мен бейбітшілікті жа?тайтын, тіршілікті жан-т?німмен с?йетін жанмын. Мені? бес а?ам бар. Апамны? мінезі ?ткір. Аштай деген же?іл мінезді жігітке т?рмыс?а шы??ан. Екеуі медицина жа?ында-жедел ж?рдемде ж?мыс істейді. Бала-ша?асы к?п, б?рі ер жеткен, егін шаруашылы?ында, д?некерлеуші ?ызметінде ж?мыс істейді. Мені? мінезім ауыр, кісімен о?ай араласпайтын бойжеткенмін. Біра? Латиф деген татар жігітімен таныстым, оны ?натып, ?йленуге келісімімді бердім».

  • Мен кіммін, мені? туыстарым кім?

       1 минут уа?ыт беріледі, гонг со?ылады да 10секунд ?ал?анда а?ырын музыка ойналады. М??алім жауапты? д?рыс ?атесін айтады.

Жауабы:  ?ыз- азот, а?алары – бес т?рлі оксидтер, апасы – аммиак, жездесі – сутек, бала-ша?асы – ?олданылатын жерлері. ?зі ?алыпты жа?дайда тек Li-мен ?рекеттеседі. К?йеу жігіт – литий (Li).

2-раунд:  Б?л с?ра?ты Алматы облысыны? т?р?ыны Жа?сыбаев Жалел ?ояды:

Б?л иіссіз, т?ссіз газ. Онсыз ?мір жо?, ол б?кіл жер бетіндегі тіршілікті? тірегі. Оны лабораторияда бертолле т?зынан, калий пермаганатынан ?ыздыру ар?ылы алады. Оны? та?ы бір т?рі ?ыл?ан жапыра?ты ормандарда, жа?бырдан со? найза?ай жар?ылда?анда т?зіледі. Б?л затты? ?атысуынсыз жану процесі ж?рмейді.

С?ра?:  Б?л ?андай  газ? Жауабы?ды те?деумен к?рсет. Іске с?т!

Жауабы: Б?л оттек газы, озон газы

2KCI = 2KCI + 3O2 ↑

2KMnO4 = K2MnO4 + MnO2 + O2↑

3-раунд:  Бейне с?ра?. Б?л с?ра?ты Алматы технология университетіні? профессоры Кубеева Алия ?ойыпты. Экран?а назар аудары?ыздар:

Ертеде бір елді? айт?анынан ?айтпайтын, ?а?арлы патшасы болыпты. Бірде ол ?зіні? патша сарайын т?сі кетпейтін, б?лінбейтін а? бояумен боя?ысы келеді де, сарай шеберін ша?ырып тапсырма беріпті.Патшаны? тапсырмасын ты?да?ан шебер: «ондай бояуды ?айдан аламын?» депті. Ашулан?ан патша о?ан бір т?улік ?ана уа?ыт беретінін, орындамаса жазалайтынын айтады. Т?йы??а тірелген сарай шебері бір металл ?а?ылтырды алып, оны ?арын с?лі бар ыдыс?а салады. Ыдыста газ (Н2) б?лініп реакция ж?реді. Шебер алын?ан ерітіндіге к?йдіргіш сілті (NaOH) ?осады. Сол кезде аппа? ?ардай т?нба т?зіледі де, ?айтадан еріп кетеді. Бірде оны ерітіндіден б?ліп алып, пеште жо?ары температурада ?ыздырып, б?рімізге белгілі а? бояуды алыпты. Сол бояумен патшаны? б?кіл сарайын бояп, патшаны разы етіпті.

С?ра?: Бояу неден жасал?ан?

Жауабы:  Zn→ ZnCI2 → Zn(OH)2 → NaZnO2 → Zn(OH)2 → ZnO

4-раунд: Б?л с?ра? ?ызылорда ?аласыны? т?р?ыны М?хтарова ?зизадан келген екен. ??рметті тап?ырлар!

Мен сендерді? химиядан білімдері?ні? ?андай екенін бай?а?ым келеді, сонды?тан мына с?ра?ыма жауап бері?дерші: мені? алдымда ?ш с?йы?ты? т?р, егер о?ан индикатор ?оссам біріншісінде – ерітінді боялмайды, екіншісінде – к?гереді, ?шіншісінде – ?ызарады.

С?ра?: ?ш ерітінді ?андай заттарды? ерітінділері? Бір минутта жауабын айты?дар, іске с?т!

Жауап;  Бірінші ерітінді бейтарап, екіншісі –негіздік, ?шіншісі – ?ыш?ылды? т?здарды? ерітінділері (электронды? о?улы?тан к?рсету)

5-раунд:  С?ра?ты Алматы ?алалы? электр станциясыны? басты?ы Ша?иева Клара ?ояды:   Біз ?йде 5 а?айындымыз. ?лкеніміз Керімбай ?ара?андыда т?рады. ?йі ?лкен, екі баласы бар аттары: Алмас, Гау?ар. ?йіндегі ба?шасы ?лкен, неше т?рлі жеміс-жидек ?седі. Мен семьяда?ы екіншісімін, атым Клара. Алматыда?ы электр станциясыны? басты?ымын. ?шіншіміз Германияда т?рады, неміс жігітіне т?рмыс?а шы??ан. Т?ртіншіміз ер бала –?анат, консерві  ?албырларын жасайтын заводты? директоры. Е? кіші бауырым – ?али, ?те салма?ты, техниканы? тілін білетін адам. Ол былтыр Алматыда?ы политехникалы? университетті? металлургия факультетін ?ызыл дипломмен бітірді.

С?ра?:  Біз кімбіз?

Жауабы:  C. Si. Qe. Sn. Pb.

6-раунд:  Б?л с?ра? Талды?ор?аннан келіпті. С?ра?ты ?скери маман, полковник Са?молдин Руслан жіберіпті.  Бізді? ауылда жеті жылды? мектеп бар, онда бар-жо?ы 110 о?ушы о?иды,  89-ы ер бала да, ?ал?аны ?ыздар. Бір ?ызы?ы, мектепте тек 7 сынып бар да, сыныптар жо?арыла?ан сайын о?ушылар да артады. 1-сыныпта бар жо?ы 2 ?ыз ?ана о?иды, 2-сыныпта 8 о?ушы, оны? 6-ы ?ыз, 3-сыныпта 8 о?ушы, оны? 5-уі ?ыз, 4-сыныпта 18 о?ушы бар, оны? 4-уі ?ыз, 5-сыныпта 18 о?ушы бар, біреуі ?ыз, 6-сыныпта 32 о?ушы бар, оны? ішінде ?ыздар жо?, ал 7-сыныпта барлы?ы 24 о?ушы бар да, ?ыздар жо?. Б?л сынып?а 6 о?ушы жа?адан келген.

С?ра?: Бізді? мектептегі сыныптар, ?ыздар, жа?адан келген о?ушылар дегендер кімдер?

Жауабы: Жеті жылды? мектептегі сыныптар – Д.И.Менделеевті? периодты? ж?йесіні?   7 периоды, О?ушылар -110 элемент, ?ыздар – бейметалдар, жа?адан келген о?ушылар – кейіннен периодты? кестеге енген элементтер.

7-раунд:  Б?л с?ра?ты Ы.Алтынсарин атында?ы ?ылыми институтты? ?діскері Баянбек?ызы Камшат ?ояды. Экран?а назар аудары?ыздар:     Жазды? жан?а жайлы к?ндеріні? бірінде Алмас деген бала малшы атасыны? ?йіне дем алу?а барады. Атасы немересіні? келгеніне ?атты ?уанды. Бір к?ні Алмас ?ой жайып ж?ріп ?ап-?ара тас тауып алады. Онымен сурет салып к?ріп еді, ?ара із ?алдыратынын бай?ады. Алмас т?сте от жа?ып жылынады, маужырап ?й?ысы келеді де, ?олында?ы тасы сусып от?а т?сіп кетеді. Тас от алып т?тінденеді. Осы кезде жау?ан ?ткінші жа?быр т?тінді жерге сі?іреді. Одан ауыр ?кті су а?ады. Аз уа?ыттан со? жар?ырап к?н де шы?ады. К?н с?улесіні? жылуынан ?р жерден ?к тас пайда болады. Оян?ан Алмас жа?бырды? ?ара тасты а? тас?а айдалдыр?анын к?ріп, та?-тамаша болады. А? тасты алып жерге жазып к?реді, оны? да ?зіндік а? ізі бар екен.

С?ра?: ?ара тас не? А? тас ?алай пайда болды?

Жауабы: ?ара тас –к?мір С, а? тас –ізбес тас СаСО3

С → СО2 → Н2СО3 → Са(НСО3)2  → СаСО3

8-раунд:  Б?л сектор с?ра?ыны? иесі программист Ма?с?т Жанар (си?ырлы ж?шік ?келінеді). Б?л металл аса ж?мса?, созыл?ыш, жылу мен электр тогын жа?сы ?ткізеді. Ол тек «патша с?йы?ты?ында» ?ана ериді. Ол ?осылыстарында 2,3 валенттік к?рсетеді. Оны? 375, 500, 583, 585, 958 деген ?лгілері бар. Бір елді? хал?ы оны К?нге те?есе, та?ы біреулері-т?з?а, ?уаныш?а, с?улеге, жары??а, ?лемге те?ейді. Ал химиктер оны к?з тартатын с?лулы?ы мен химиялы? т?ра?тылы?ына с?йкес «металдар патшасы» деп ата?ан. Ол таби?атта саф (самород) т?рінде кездеседі.

С?ра?:  Си?ырлы ж?шікте  ?андай металл бар?

Жауабы: Алтын (си?ырлы ж?шіктен)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химия ?лемінде »


Құрмашева Бахыт Сыбанбаевна

Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты

Химия және биология пәнінің мұғалімі








«Химия әлемінде» тақырыбы бойынша 9-сыныпта өткізілген интеллектуалды сабақтың жоспары

Бұл ойын сабағы теледидарда көрсетіліп жүрген «Не? Қашан? Қайда?» интеллектуалды шоудың ізімен жүргізіледі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ойын сабағы арқылы оқушылардың білімін жинақтау, қорытындылау, химияға байланысты ішінара ізденуге талпындыру, химияның негізгі ұғымдары жайында білімнің негізін беру және оның қалыптасуын бақылау.

Дамытушылық: Химиялық заттармен жұмыс істей білу дағдысын, логикалық ойлауын дамыту, көрген деректерді пайдалана білуіне және химия пәніне қызығушылығы мен таным әрекетін арттыру. Оқушының жекелей дамуы, өзін-өзі дамыту және жетілдіру, дер кезіндегі және обьектілі бақылауға ұмтылу.

Тәрбиелік: Химия пәніне қатысты талаптардың ұқыптылықпен орындалуын, төзімділік қасиет пен ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың жабдықтары: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің кестесі, «Заттардың суда ерігіштігі» кестесі, «Иондарды сапалық анықтау» кестесі, химиялық реактивтер, интерактивті тақта.

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы (оқушы «Мен не білемін, жаңаша нені білдім, білімім қалай өзгерді, мен осы біліміммен не істей аламын?» деген сұрақтар қойып үйренеді).

Сабақтың ұраны:

Тапқырсыңдар, білесіңдер, білімге сенесіңдер,

Химияның тілін тауып, білімдіге ересіңдер.

Заманауи қоғамға танымал, білгір болып,

Ізденумен, талапты оймен жеңесіңдер!!!

Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі интеллектуалды ойын сабағына қош келіпсіздер!

Ортаға (дөңгелек столға) тапқыр оқушыларды шақырамын (музыка ойналады).

Мұғалім бүгінгі сабақтың жүргізілу тәртібімен таныстырады.

Олар мынадай:

  1. Бүгінгі қойылатын сұрақтардың бәрі химия ғылымына қатысты болады

  2. Сұрақ оқылғанда тыныш тыңдап және жазып алу қажет

  3. Көрермендер де қойылған сұрақ пен жауапты дәптерлеріне жазып отырады

  4. Сұрақты талқылағанда көрермен оқушылар тыныш отырады, көмектеспейді

  5. Жауап дұрыс берілмесе, көрермендердің көмектесуіне болады

  6. Жауап берушіні команда капитаны анықтайды

  7. Ойынның есебі арнайы таблода көрсетіледі

  8. Барабан айналып, қандай секторға түссе, сол сектордың сұрағы оқылады

  9. Сағат тілі арқылы сұрақты талқылауға 1 минут уақыт беріледі

  10. Жауапты тақтаға шығып, реакция теңдеуін жазу арқылы көрсету қажет

Бүгінгі сабақтың ұраны айтылып, сабаққа сәттілік тіленеді.

Ойынымызды бастаймыз.

1-раунд ( музыка ойналады, барабан айналады)

Сұрақты Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны Тұмарбекова Динара қояды. Экранға назар аударыңыздар:

«Мен бейбітшілікті жақтайтын, тіршілікті жан-тәніммен сүйетін жанмын. Менің бес ағам бар. Апамның мінезі өткір. Аштай деген жеңіл мінезді жігітке тұрмысқа шыққан. Екеуі медицина жағында-жедел жәрдемде жұмыс істейді. Бала-шағасы көп, бәрі ер жеткен, егін шаруашылығында, дәнекерлеуші қызметінде жұмыс істейді. Менің мінезім ауыр, кісімен оңай араласпайтын бойжеткенмін. Бірақ Латиф деген татар жігітімен таныстым, оны ұнатып, үйленуге келісімімді бердім».

Сұрақ: Мен кіммін, менің туыстарым кім?

1 минут уақыт беріледі, гонг соғылады да 10секунд қалғанда ақырын музыка ойналады. Мұғалім жауаптың дұрыс қатесін айтады.

Жауабы: Қыз- азот, ағалары – бес түрлі оксидтер, апасы – аммиак, жездесі – сутек, бала-шағасы – қолданылатын жерлері. Өзі қалыпты жағдайда тек Li-мен әрекеттеседі. Күйеу жігіт – литий (Li).

2-раунд: Бұл сұрақты Алматы облысының тұрғыны Жақсыбаев Жалел қояды:

Бұл иіссіз, түссіз газ. Онсыз өмір жоқ, ол бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің тірегі. Оны лабораторияда бертолле тұзынан, калий пермаганатынан қыздыру арқылы алады. Оның тағы бір түрі қылқан жапырақты ормандарда, жаңбырдан соң найзағай жарқылдағанда түзіледі. Бұл заттың қатысуынсыз жану процесі жүрмейді.

Сұрақ: Бұл қандай газ? Жауабыңды теңдеумен көрсет. Іске сәт!

Жауабы: Бұл оттек газы, озон газы

2KCI = 2KCI + 3O2

2KMnO4 = K2MnO4 + MnO2 + O2

3-раунд: Бейне сұрақ. Бұл сұрақты Алматы технология университетінің профессоры Кубеева Алия қойыпты. Экранға назар аударыңыздар:

Ертеде бір елдің айтқанынан қайтпайтын, қаһарлы патшасы болыпты. Бірде ол өзінің патша сарайын түсі кетпейтін, бүлінбейтін ақ бояумен бояғысы келеді де, сарай шеберін шақырып тапсырма беріпті.Патшаның тапсырмасын тыңдаған шебер: «ондай бояуды қайдан аламын?» депті. Ашуланған патша оған бір тәулік қана уақыт беретінін, орындамаса жазалайтынын айтады. Тұйыққа тірелген сарай шебері бір металл қаңылтырды алып, оны қарын сөлі бар ыдысқа салады. Ыдыста газ (Н2) бөлініп реакция жүреді. Шебер алынған ерітіндіге күйдіргіш сілті (NaOH) қосады. Сол кезде аппақ қардай тұнба түзіледі де, қайтадан еріп кетеді. Бірде оны ерітіндіден бөліп алып, пеште жоғары температурада қыздырып, бәрімізге белгілі ақ бояуды алыпты. Сол бояумен патшаның бүкіл сарайын бояп, патшаны разы етіпті.

Сұрақ: Бояу неден жасалған?

Жауабы: Zn→ ZnCI2 → Zn(OH)2 → NaZnO2 → Zn(OH)2 → ZnO

4-раунд: Бұл сұрақ Қызылорда қаласының тұрғыны Мұхтарова Әзизадан келген екен. Құрметті тапқырлар!

Мен сендердің химиядан білімдеріңнің қандай екенін байқағым келеді, сондықтан мына сұрағыма жауап беріңдерші: менің алдымда үш сұйықтық тұр, егер оған индикатор қоссам біріншісінде – ерітінді боялмайды, екіншісінде – көгереді, үшіншісінде – қызарады.

Сұрақ: Үш ерітінді қандай заттардың ерітінділері? Бір минутта жауабын айтыңдар, іске сәт!

Жауап; Бірінші ерітінді бейтарап, екіншісі –негіздік, үшіншісі – қышқылдық тұздардың ерітінділері (электрондық оқулықтан көрсету)

5-раунд: Сұрақты Алматы қалалық электр станциясының бастығы Шағиева Клара қояды: Біз үйде 5 ағайындымыз. Үлкеніміз Керімбай Қарағандыда тұрады. Үйі үлкен, екі баласы бар аттары: Алмас, Гауһар. Үйіндегі бақшасы үлкен, неше түрлі жеміс-жидек өседі. Мен семьядағы екіншісімін, атым Клара. Алматыдағы электр станциясының бастығымын. Үшіншіміз Германияда тұрады, неміс жігітіне тұрмысқа шыққан. Төртіншіміз ер бала –Қанат, консерві қалбырларын жасайтын заводтың директоры. Ең кіші бауырым – Қали, өте салмақты, техниканың тілін білетін адам. Ол былтыр Алматыдағы политехникалық университеттің металлургия факультетін қызыл дипломмен бітірді.

Сұрақ: Біз кімбіз?

Жауабы: C. Si. Qe. Sn. Pb.

6-раунд: Бұл сұрақ Талдықорғаннан келіпті. Сұрақты әскери маман, полковник Сақмолдин Руслан жіберіпті. Біздің ауылда жеті жылдық мектеп бар, онда бар-жоғы 110 оқушы оқиды, 89-ы ер бала да, қалғаны қыздар. Бір қызығы, мектепте тек 7 сынып бар да, сыныптар жоғарылаған сайын оқушылар да артады. 1-сыныпта бар жоғы 2 қыз ғана оқиды, 2-сыныпта 8 оқушы, оның 6-ы қыз, 3-сыныпта 8 оқушы, оның 5-уі қыз, 4-сыныпта 18 оқушы бар, оның 4-уі қыз, 5-сыныпта 18 оқушы бар, біреуі қыз, 6-сыныпта 32 оқушы бар, оның ішінде қыздар жоқ, ал 7-сыныпта барлығы 24 оқушы бар да, қыздар жоқ. Бұл сыныпқа 6 оқушы жаңадан келген.

Сұрақ: Біздің мектептегі сыныптар, қыздар, жаңадан келген оқушылар дегендер кімдер?

Жауабы: Жеті жылдық мектептегі сыныптар – Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің 7 периоды, Оқушылар -110 элемент, қыздар – бейметалдар, жаңадан келген оқушылар – кейіннен периодтық кестеге енген элементтер.

7-раунд: Бұл сұрақты Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми институттың әдіскері Баянбекқызы Камшат қояды. Экранға назар аударыңыздар: Жаздың жанға жайлы күндерінің бірінде Алмас деген бала малшы атасының үйіне дем алуға барады. Атасы немересінің келгеніне қатты қуанды. Бір күні Алмас қой жайып жүріп қап-қара тас тауып алады. Онымен сурет салып көріп еді, қара із қалдыратынын байқады. Алмас түсте от жағып жылынады, маужырап ұйқысы келеді де, қолындағы тасы сусып отқа түсіп кетеді. Тас от алып түтінденеді. Осы кезде жауған өткінші жаңбыр түтінді жерге сіңіреді. Одан ауыр әкті су ағады. Аз уақыттан соң жарқырап күн де шығады. Күн сәулесінің жылуынан әр жерден әк тас пайда болады. Оянған Алмас жаңбырдың қара тасты ақ тасқа айдалдырғанын көріп, таң-тамаша болады. Ақ тасты алып жерге жазып көреді, оның да өзіндік ақ ізі бар екен.

Сұрақ: Қара тас не? Ақ тас қалай пайда болды?

Жауабы: Қара тас –көмір С, ақ тас –ізбес тас СаСО3

С → СО2 → Н2СО3 → Са(НСО3)2 → СаСО3

8-раунд: Бұл сектор сұрағының иесі программист Мақсұт Жанар (сиқырлы жәшік әкелінеді). Бұл металл аса жұмсақ, созылғыш, жылу мен электр тогын жақсы өткізеді. Ол тек «патша сұйықтығында» ғана ериді. Ол қосылыстарында 2,3 валенттік көрсетеді. Оның 375, 500, 583, 585, 958 деген үлгілері бар. Бір елдің халқы оны Күнге теңесе, тағы біреулері-тұзға, қуанышқа, сәулеге, жарыққа, әлемге теңейді. Ал химиктер оны көз тартатын сұлулығы мен химиялық тұрақтылығына сәйкес «металдар патшасы» деп атаған. Ол табиғатта саф (самород) түрінде кездеседі.

Сұрақ: Сиқырлы жәшікте қандай металл бар?

Жауабы: Алтын (сиқырлы жәшіктен)

9-раунд: Бұл сұрақты Алматы қаласының тұрғыны технолог маман Ахмедов Төлепберген қояды: Біз ағайынды 5 жігітпіз, бесеуіміз де өте өткір, кез-келген адаммен оңай араласатын ашық-жарқын жігіттерміз. Бізді «көре алмаған» қызғаншақтар біз туралы «жүрген жерін бүлдіреді, тындырады» деп айтады. Мінезі тастай Латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ал Нартай деген ағамның істемеген жұмысы жоқ, аспаз да болды, шыны да жасады. Қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының директоры. Менің өзім ауыл-шаруашылығында, оның ішінде егін жағында жұмыс істеймін. Екі інім Рәбітай мен Сатай «жігітім» десе болды тұтана кетеді, қып-қызыл жынды. Бақтарына қарай жақсы жар кездессе болар еді.

Сұрақ: Мен және менің ағайындарым кім?

Жауабы: Li Na K Rb Cs

10-раунд: Бұл сұрақты №15 мектептің дәрігері Асылжанова Салтанат апайларың қойыпты. Назар аударыңдар:

Сұрақ: Тотияйынның, мыс хлоридінің құрамындағы мыс ионын қалай анықтауға болады?

Жауап: Мыс (Си+2) ионын гидроксид (ОН-) ионымен анықтауға болады, көк түсті Си(ОН)2 тұнба түзіледі (элкетрондық оқулықтан).

11-раунд: Бұл сұрақты мектептің психологы Жұмабекова Айгүл қойыпты.

Сұрақ: Құрметті достар, бір минут ішінде индикаторлардың қандай түрлері болатынын және олар негіздің ерітіндісінде қандай түстерге боялатындығын айтып беріңдерші, іске сәт!

Жауап: (электрондық оқулықтан)

Индикатор

Негіздің ерітіндісі

Лакмус

Көк

Фенолфталеин

Таңқурай түсті

Метилоранж

Сары


12-раунд: Бұл сұрақты Астана қаласының тұрғыны Алдабергенова Қарлығаш қойған екен, экранға назар аударыңдар:

Құрметті тапқырлар! Крахмал негізгі азығымыздың бірі екенін білесіңдер. Мен крахмалы бар тамақты жақсы көремін, ол асқазанда тез қорытылады, ағзаға пайдалы зат.

Сұрақ: Тағамның құрамында крахмал бар екенін қалай анықтауға болады?

Жауап: Крахмалдың маңызды қасиеттерінің бірі – йодпен әрекеттескенде көк түстің пайда болуы. Оны картоптың немесе ақ нанның кесіндісіне йод ерітіндісін тамызып көруге болады. Бұл реакцияны тағам өнімдерінде крахмалдың бар-жоғын анықтау үшін қолданады (электрондық оқулықтан).

Арнайы таблода бүгінгі күннің есебі шығады.

Бүгін, оқушылар, білімдеріңді жақсы көрсеттіңдер. Енді «инсерт» әдісі арқылы бүгін не білгендеріңді, не білуге тиіс екендеріңді жазыңдаршы.

Сабақ соңында қорытындысы шығарылып, оқушылардың көрсеткен білімдерінің нәтижесін мұғалім айтады. Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін insert әдісі бойынша қорытындылаймын.

Мен не білемін?

Мен не білдім?

Мен не білуім керек?





Химия пәнінің аясы кең екенін байқадыңдар, қоғамда қажет екенін білдіңдер. Енді болашағымызға болжау жасайық.

Міне балалар, бүгін интеллектуалды ойын көрсетіп, тамаша жетістіктерге жеттіңдер. Ойынымызды аяқтай отырып, жеңілмейтін жеңіс, таусылмайтын табыс тілеймін. Талаптарыңа нұр жаусын!

Қорытынды:

  1. Мұндай пәнаралық байланыста өткізілетін танымдық білім жарыстары оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастырады.

  2. Химияның күнделікті тұрмыстағы қолданысын біледі. Сайысқа дайындалу барысында оқушылар көптеген қызықты материалдар жинақтап, білім қорларын кеңейте түседі.

  3. Есте сақтау қабілеттері артып, логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Танымдық қызығушылығы қалыптасып, химиядан алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдануына мүмкіндік болады.

  4. Мұғалім мен оқушы арасында ынтымақты байланыс қалыптасып, жұртшылықпен жұмыс істеу дағдылары жетіледі.

  5. Сыни тұрғыдан талдауға бейімдеу, логикалық ойлау негізінде оқыту дағдылары жетіледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Химия ?лемінде

Автор: ??рмашева Бахыт Сыбанбаевна

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171481

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""Химия әлемінде " сыныптан тыс шара"
    ["seo_title"] => string(36) "khimiia_liemindie_synyptan_tys_shara"
    ["file_id"] => string(6) "414781"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494581754"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Химия әлемінде 8 сынып"
    ["seo_title"] => string(25) "khimiia_liemindie_8_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "408969"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1492081845"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Саба?тан тыс іс-шара "Химия - ?мір тынысы" "
    ["seo_title"] => string(42) "sabak-tan-tys-is-shara-khimiia-omir-tynysy"
    ["file_id"] => string(6) "157609"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421608393"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Химия ?ажайыптары ?лемінде "
    ["seo_title"] => string(31) "khimiia-g-azhaiyptary-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "151022"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420623830"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "Химия әлемінде"
    ["seo_title"] => string(17) "khimiia_liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "386060"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485867621"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства