Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі " Білім- жанып тұрған шырақ"атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки, кім шығады сайысуға,–дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын 8,9 және 10 сынып оқушыларынан құралған “Электрон ”,“Формула ” мен “Эврика” тобын ортаға шақырайық!
1-жүргізуші: Әділ баға беруге,
Шақырайық ортаға
Әділқазылар алқасын– дей отырып ортаға әділқазыларды шақырайық!
1.Математика пәнінің мұғалімі -Н.И.Касимова
2. Биология пәнінің мұғалімі - А.С.Урашева
3. 11-сынып оқушысы- Қ:Г.Сатыбалдина
2-жүргізуші: Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік, сайысымыз сегіз бөлімнен тұрады.
қол соғып қарсы алыңдар - дей келе сайысымыздың бірінші бағыты бойынша әр топ өз-өзін таныстырып өтсін.
2-жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда деп келесі 2-ші бөлімімізді бастайық!
2-бөлім “Білімді мыңды жығады”.
Бұл бөлімде топтарға 10 сұрақтан қойылады. Егер берілген жауап қате болған жағдайда басқа топтардың жауап беруіне мүмкіндік беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
“Формула ” тобына сұрақ:
1)Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу. (қаныққан бу)
2)Ядроның құрамын ата.(протон,нейтрон)
3) Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал (психрометр)
4)Химиялық таңбаның алдына қойылатын сан.(коэффициент)
5)Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгере ме? (Өзгермейді)
6)Авогадро тұрақтысының сан мәні нешеге тең?(6,02*1023)
7)Денеге басқа дене әсер етпесе өз жылдамдығын сақтау құбылысы?(инерция)
8)Химиялық элементтер қандай екі үлкен топқа бөлінеді?(металдар,бейметалдар)
1-жүргізуші: 3-бөлім: “Сөз шебері” бөлімі. Мақал-мәтелдер сайысы. Әрбір дұрыс толық жауапқа 5 ұпай беріледі.
“Формула ” тобына
1.қызыл,жасыл,сары,көк - алтын
2. От - шындық,өтірік,адалдық,әділдік
3.тас,ағаш,жапырақ,тау - күміс,
4.Түндік - жалын,түтін ,от,алау
“Электрон ” тобына
5.түйе,қой,ешкі,жылқы - қорғасын
6. Жел - адам,от, шөп,қол
7. темір - соқ,ұр,жар,бұз
8. көсеу - жанбайды,күймейді,сөнбейді,балқиды.
“Эврика ” тобына
9. күміс,алюминий,темір,алтын - бесік
10 Құмалақ - бас, қарын,бауыр,аяқ
11.ақыл -көміртегі,алтын,магний,кальций
12.от - жанады,балқиды,ериді,сөнеді
1-жүргізуші: 4-бөлім: “Ізденген жетер мұратқа ”.Формулалар сайысы.Қиып алынған таңбалардан формула құрастыру. Әрбір дұрыс жауап 5 баллдық жүйемен есептеледі
2-жүргізуші: 5-бөлім: “Есептер додасы ” . Әрбір дұрыс толық жауапқа 5 ұпай беріледі.
“Формула ” тобына
1. “Адамды жақын тану үшін онымен 1 пұт тұз жеу керек”-деген орыстың мақалы бар.Сондықтан қасыңдағы адамды жақын тану үшін қанша жыл қажет.Егер 1пұт-16 кг,1жылда 365 күн,күндік тұздың мөлшері 6 грамм болса,... (3,65 жыл )
2. Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 мин ұшқан, ал Астанадан Алматыға дейін 90 минут ұшқан. Неліктен? ( тең)
4. адамға қай кезде көзілдіріктің қажеті жоқ?(ұйықтап жатқанда)
“Электрон ” тобына
1. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағай)
2. Мұраттың асқазанының қышқылдығы төмен болғандықтан,дәрігер оған күнделікті қабылдаған астан соң 3% тұз қышқылын ішуді ұсынды.Күніне Мұрат ерітіндінің 10 грамын ішетін еді.Ол бірден 1 жылға жететін қышқылды сатып алады.Сонда Мұраттың жылына ішетін қышқылдың массасы қандай? (массасы НСI )
3. Қыз бала тамақ пісіріп жатқанда абайсызда массасы 15 г бір ас қасық қантты С12Н22 О11жерге шашып алды.ол қанттың қанша молекуласын шашып алғанын есепте.(4,695*1022)
4. . Кедергісі 20 Ом өткізгіштегі ток күші 0,4 А. Осы өткізгіштердің ұштарындағы кернеуді тап. (8 В )
“Эврика ” тобына
1. Массасы 49 г күкірт қышқылының зат мөлшерін тап.(0,5 моль)2.Ас үйде тамақ пісіргенде газ баллонынан 440 г пропан С3Н8 жағылды: С3Н8+5О2-3СО2+4Н2О. Реакция нәтижесінде көмірқышқыл газының қандай массасы түзілгенін тап. (1320)
3. Жер күнді айнала 30км/с жылдамдықпен қозғалады, 1сабақ өткенде яғни
жер қандай жол жүреді? (81000км )
4. Кір сабынның тығыздығын қалай табуға болады?
1-жүргізуші: 6-бөлім: “Сен білесің бе? ” бөлімі. Үй тапсырмасы. Әрбір дұрыс жауап 5 баллдық жүйемен есептеледі
2-жүргізуші: 7-бөлім: “Ғалымдар өмірінен ” Бұл бөлімде сұрақтар беріледі.Ең жоғарғы ұпай 5 ұпай.
“Формула ” тобына
1. Герон патшаның тәжінің таза алтын еместігін анықтаған ғалым. (Архимед)
2.Атом молекулалық ілімді ашқан ғалым.(Ломоносов)
3. И.Ньютонның заң ашуына себепкер болған не?(алма)
4. Атом құрылысының планетарлық моделін ұсынған ғалым.(Резерфорд)
“Электрон ” тобына
1. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. (Георг Ом)
2.Металдардың кернеу қатарын жасаған кім?(Бекетов)
3. Ең бірінші электр қыздырғыш шамын ойлап тапқан кім?(Лодыгин)
4. Д.И.Менделеев отбасындағы нешінші бала?(17)
“Эврика ” тобына
1. Атмосфералық қысымды алғаш анықтаған италяндық ғалым.(Торричелли)
2. “Өз жерінің қара тасын мақтай білмеген,бөгде жердің алтынын да мақтап жарытпас”қай ғалымның сөзі. (Қ.Сәтпаев)
3.Инерция заңын ашқан ғалым.(Галилей)
4. Чемодан жасау ісінің шебері.( Д.И.Менделеев)
1-жүргізуші: 8-бөлім: Физикалық,химиялық тілде құттықтау.
Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Қорытынды.
" Білім- жанып тұрған шырақ " атты интеллектуалды сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймын! Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымызды айтамыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
«Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі»КММ
“Білім жанып тұрған шырақ”
(Тәрбиелік шара)
Химия пәні
8-10 сыныптар
Пән иесі: А.У. Жапарова
2015-2016
Сабақтың тақырыбы:Сандық есептер(химиялық формулалар мен реакция теңдеулері бойынша зат массасын, зат мөлшерін, көлемін есептеу, атом,молекула санын анықтау)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға химиялық формулаларды пайдаланып зат массасын, зат мөлшерін, көлемді, атом, молекула санын есептеуді, реакция теңдеулері бойынша есептерді шығару жолдарын тереңірек түсінік беру, үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, есеп шығару дағдысын дамыту
Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс жасауға талпыну, топпен жұмыс істей білуге ,жауапкершілікті сезіне білуге баулу
Сабақ түрі: сандық есептер шығару
Сабақ әдісі: деңгейлік сұрақтар, тест жұмысы, деңгейлік есептер шығару
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, тест, бағалау парағы, Д.И.Менделеев кестесі
Пәнаралық байланыс: физика, математика
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
Деңгейлік сұрақтар «А» І Сұрақ жауап
топ. 1.Судың иондық көбейтіндісі деген не?
2.Тұздар қандай жолдармен жасалады?
3.Тұздар гидролизі дегеніміз не?
2-топ. 1.сутекті көрсеткіш деген не?
2.Гидролиздену дәрежесі қалай өрнектеледі?
3 Қандай кезде рН=7 .рН≥7 рН≥7
«В»ІІ Сәйкестікті тап.
1
Күшті негіз бен күшті қышқылдан құралған тұз
AI2S3
2
Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан құралған тұз
Na2CO3
3
Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден құралған тұз
ZnSO4
4
Әлсіз қышқыл мен күшті негізден құралған тұз
NaCI
«С» жаттығу орындау 1-топ.1- жатттығу «Дидактикалық материалдар»
2-топ 2-жаттығу
ІІІ.Жаңа сабақты қабылдауға дайындық кезеңі
1.Зат массасы қандай формуламен өрнектеледі? m=V/Vm m= ν*М
2.Зат мөлшері қандай формуламен өрнектеледі ν=m/М, ν=V/Vм , ν= N/ NА