(Т) Жаңа материалды меңгеру. Оқулықпен жұмыс. "Мозайка" әдісі: Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасайды. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылайды, идеялармен бөліседі, ынтымақтастықты дамытады.     (Ж) 1-тапсырма: «Тапсырма алмасу» әдісі жұпта оқушылардың тапсырманы талдай отырып бірлесе орындауына негізделген. Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар. Есеп | 30o және 60o бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі | Барлау бұрышы  камера биіктігі 30 метр болатын мұнараның төбесіне орнатылған. Мұнараның табанындағы камераның көру аймағына түспейтін кесіндінің ұзындығы d. Сурет бойынша пайда болған бұрыштардың мәндерін кестеге толтыр.  | | Бағалау критерийі: Дескриптор: ҚБ: «Жұлдызша» әдісімен жұптар бірін-бірі бағалайды. Жұптардың алған жұлдызшаларының көлеміне байланысты. (Т) 2-тапсырма  «Пікірталас» әдісі бойынша өз ойларымен топ мүшелерімен бөліседі,ортаға салады және есептің жалпы ортақ шешімін табады. «Астана-Бәйтерек» монументі-металдан,шыныдан және алтын жалатылған шары бар әдемі архитектуралық ғимарат-барлық әлемдік бірлестік үшін тәуелсіз Қазақстанның символы.Ғимарат биіктігі-97 м,оның үстіндегі шарды қоса алғанда биіктігі-105 м.Бәйтеректен 210 м қашықтықта тұрған адам оның жоғары ұшын және панорамалық залдағы адамдарды көреді.В және Д бұрыштарын қалай есептеуге болатынын табыңыз. Бағалау критерийлері: тікбұрышты үшбұрыштың берілген элементі бойынша қалған бұрыштары мен қабырғаларын табады. Дескриптор: ҚБ: «Бас бармақ» әдісі бойынша топтар бір-бірін бармақ көрсету арқылы бағалайды. (Т) 3-тапсырма. «Әткеншек» әдісі арқылы өздерінің ойларын айту немесе қаралып отырған тапсырма бойынша ұсыныс енгізу үшін оқушылар шағын топтарда жұмыс істейді.  Дескриптор: Бағалау критерийлері: тікбұрышты үшбұрыштың берілген элементі бойынша қалған бұрыштары мен қабырғаларын табады. Дескриптор: ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек». |