Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ тақырыбы: | Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы. | ||||||
Сабақтың түрі | Жаңа білімді меңгерту | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.2.8 перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын меңгеру; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын білу. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру, өз ойларын теореманы дәлелдеуде жеткізе білу | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар Перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын біледі. Перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын есеп шығару барысында қолдану. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - теоремаларды дәлелдеу мен есеп шығаруды түсіндіреді; - бөлімнің терминдері мен ұғымдарына сүйенеді; - сызбадағы берілгендерді суреттейді. Бөлім бойынша лексика және терминология - параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулер; - қиюшы; - ішкі айқыш бұрыштар, ішкі тұстас бұрыштар, сәйкес бұрыштар; - үшбұрыштың сыртқы бұрышы; - үшбұрыш теңсіздігі; - перпендикуляр, көлбеу, проекция. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - екі параллель түзулерді қиюшы арқылы қиғанда . пайда болады; - егер ішкі айқыш бұрыштар. ; - егер ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы. ; - егер сәйкес бұрыштар. ; - берілген бұрыш үшбұрыштың. төбесіндегі сыртқы бұрышы болып табылады, өйткені. ; - үшбұрыштың берілген бұрышы. қарсы жатқандықтан, үшбұрыштың ең үлкен бұрышы болады; - үшбұрыштың сыртқы бұрышы өзімен сыбайлас емес. қосындысына тең болады; - үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы.; - 300 - тық бұрышқа қарсы жатқан катетті табу үшін. ; - үшінші түзуге перпендикуляр екі түзу. ; -. перпендикулярын. түсіреміз. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, Activinspire | ||||||
Бастапқы білім | Тік бұрышты үшбұрыштың қасиеттері мен белгілері | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | |||||
Сабақтың ортасы 7 мин
| IV. Жаңа тақырыпты ашу: Мұғалім жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушыларға сұрақтар қойып, негізгі идеяларын бірлесе отырып ашып түсінеді. АВ және СД түзулері О нүктесінде қиылысып, бір-бірімен тікбұрыш жасасын. С СОВ=90º АОС=90º А о В ДОВ=90º Д АОД=90º Мұндайда бұл екі түзу перпендикуляр болады. Ендеше, мынадай анықтама аламыз. Тікбұрыш жасап қиылысқан екі түзу перпендикуляр түзулер деп аталады. “ “ таңбасымен белгілейміз және АВ СД ,, АВ түзуі СД түзуіне перпендикуляр дегенді білдіреді және солай оқимыз. Теорема 1. Бір түзуге перпендикуляр екі түзу өзара параллель болады. 2. Егер түзу параллель түзулердің біріне перпендикуляр болса, онда ол екіншісіне де перпендикуляр. 3. Түзудің әрбір нүктесі арқылы оған бір ғана перпендикуляр жүргізуге болады. 4. Түзуден тысқары жатқан нүкте арқылы осы түзуге бір ғана түзу жүргізуге болады. А АС а, АС-перпендикуляр. С - перпендикуляр табаны. АВ - а түзуіне перпендикуляр емес, АВ- көлбеу. С В В - көлбеудің табаны. СВ түзуі АВ көлбеуінің проекциясы. АС кесіндісінің ұзындығын А нүктесінен а түзуіне дейінгі қашықтық деп те атайды. Салдар. Параллель екі түзудің арақашықтығы олардың бірінің кез келген нүктесінен екіншісіне түсірілген перпендикулярдың ұзындығына тең. | Геометрия – 7 Ә.Н.Шыныбеков Л.С.Атанасян Геометрия 7-9 сынып | |||||
7 мин | |||||||
7 мин | Өздік жұмыс Оқушылар өзін-өзі бағалайды, ал мұғалім оқушы жұмысын тексеріп дұрыс немесе қате екендігін айтады. №1 Екі доғал бұрыштың ортақ қабырғасы бар, ал қалған екі қабырғасы өзара перпендикуляр. Егер доғал бұрыштар тең екендігі белгілі болса, доғал бұрыштың шамасын тап. Жауабы: ∠АОВ = ∠АОС ВО⟘ ОС, ∠ВОС = 90 2∠АОВ = 360 – 90 =270 ∠АОВ = 135 №2 Жазыңқы бұрыштың төбесінен екі сәуле жүргізілген, олар оны ұш тең бөлікке бөледі. Ортаңғы бұрыштың биссектрисасы жазыңқы бұрыштың қабырғаларына перпендикуляр екендігін дәлелдеу керек. Жауабы: ∠АОВ = ∠ВОС = ∠СОD=60, ОК – биссектриса, ∠СОК = ∠ВОК = 30 ∠DOK = 90 ∠АОК= 90 | ||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Үйге тапсырма: №166, №167 Шыныбеков Ә.Н Сабақты қорытындылау Рефлексия - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бір –біріне түсіндіруі, өздік жұмыс арқылы оқушылардың қабілеттерін анықтау | Шапалақтау, сабақ барысында қолдау,мадақтау. Жұпта бірін-бір, ал өздік жұмыста өзін-өзі бағалайды. | Коллаборативті атмосфера қалыптастыру. Көз жаттығуларын жасау. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||